Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жобалаудың мақсаты мен міндеттері.

Читайте также:
  1. Мақсаты: Әр түрлі реактивтердің қасиетін, оларды пайдалану және сақтау ережелерін білу.
  2. Тәжірибенің мақсаты

Азақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі

Орқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университеті

Рылыс» мамандығы студенттеріне арналған

Рылыс конструкциялары 111» пәні бойынша

«Өндірістік ғимараттың болат қаңқасын жобалау»

Тақырыбындағы курстық жұмысың орындауға арналған

Дістемелік нұсқау

Ызылорда қаласы, 2009ж.

Құрастырғандар:

Длимбетов Т. К.

Нурмаганбет К. Г.

Сыдыков К. С.

 

Өндірістік ғимараттың болат қаңқасын жобалау.

5В072900 «Құрылыс» мамандығы студенттері үшін курстық жұмысың орындауға арналған әдістемелік нұсқау

 

 

«Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасының отырысында бекітілген.

«___»______________2009ж. №____ Протокол

Политехникалық факультеттің оқу-әдістемелік Кеңесінде бекітілген.

«___»______________2009ж. №____ Протокол

 

Алғы сөз.

Тапсырмада 5В072900 «Құрылыс» мамандығы үшін арналған «Құрылыс конструкциялар 111» курсының бағдарламасымен «Бірқабатты өндірістік ғимараттардың конструкциялары» бөлімі бойынша қарастырылған сұрақтар келтірілген. Тапсырма «Металлические конструкции» под редакцией Е.И. Беленя кітабымен және СНиП «Стальные конструкции» бағдарламасымен өзіндік жұмыс жасау арқылы орындалады.

 

 

Жобалаудың мақсаты мен міндеттері.

«Өндірістік ғимараттың болат қаңқасын жобалау» курстық жұмысы 5В072900 «Құрылыс» мамандығындағы студенттермен «Құрылыс конструкциялары 111» курсын оқудың соңғы этапында орындалады.

Курстық жобалауды орындау кезінде студент өз бетінше инженерлік шешімдерді қабылдауды үйрену керек:

а) металл қаңқалы ғимараттың конструктивті және есепті схемасын таңдау;

б) есептеу әдістемесін және металл конструкциялар элементерін конструкциялауды меңгеру;

в) МК және МКБ кезеңдеріндегі МК сызбаларын жасау;

г) берілген пән бойынша нормативті, анықтамалық және арнайы әдебиеттермен танысу.

Жобалаудың негізгі міндеті - теориялық білімді бекіту және конструкторлық жұмыста практикалық тәжірибе алу мақсатында өнеркәсіптік ғимараттың металл конструкцияларын конструкциялау.

Жоба бойынша жұмыстың көлемі мен мазмұны студенттердің курстың белгілі бөлімдері бойынша: «Материалдар кедергісі», «Теориялық механика», «Құрылыс механикасы», «Өнеркәсіптік ғимараттың сәулеті» пәндерінен берік білімдерін қажет етеді.

Жобаны жасау жұмысына кірісер алдында, жобалаудың негізгі жағдайы жөнінде және бірқабатты өндірістік ғимараттың сәулетті-конструктивті шешімдері, олардың классификациясы және көлемді-жобалық параметрлері, колонналарды бөлгіш осьтерге байланыстырудың негізге ережелері жайлы анық түсініктеме болуы қажет; фермаларды, рамаларды есептей білу және құрама қималардың әр түрлі геометриялық мінездемелерін шығара білу қажет.

Одан бөлек, студенттер шектік жағдай бойынша металл конструкциялар есебі әдістемесінің сұрақтарымен толық танысу керек.

Жобалау үшін бастапқы мәліметтер болып табылады:

- ғимаратты белгілеу, негізгі өлшемдер;

- ғимарат ұзындығы, аралық, крандық рельстің басының белгісі;

- құрылғылар мінездемесі: крантар түрі, олардың саны, жүккөтергіштігі, жұмыс режимі;

- құрылыс ауданы (район);

- материалы: болат маркасы;

- қаңқаның көтергіш және қоршау конструкциялары.

 

1.1. КУРСТЫҚ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

 

Металл конструкциялар пәнінен курстық жұмысы 2 бөлімнен тұрады – техникалық және жұмысшы жоба.

Бұл бөлімдер ғимараттар мен үймереттерді жобалаудың жалпыға белгілі екі кезеңіне сәйкес келеді.

Техникалық жобаға негізгі көтергіш конструкциялардың конструктивті формаларын таңдау, сонымен қатар қаңқаның конструктивті схемасының таңдалған нұсқауын құрастыру (компоновка) кіреді. Материал (металл) шығынының ең аз кетуі, конструкцияларды дайындау және оларды құрастырудағы еңбек сыйымдылығының ең аз кетуі деген міндеттемелерге сәйкес қаңқаның және оның бөлек конструкцияларының оптимальды схемасын таңдауға қол жеткізу керек.

Бұл бөлімнің графикалық безендіруіне А4 форматты бірінші парақтың жартысы кетеді.

Қабылданған нұсқаудың жұмысшы жобасы екі кезеңнен тұрады: МК (металл конструкциялар) және МКБ (металл конструкциялар, бөлшектеу).

МК кезеңіндегі жұмысша жоба ғимараттың жобаланатын қаңқасының және оның бөлек элементтері мен түйіндерінің, ғимараттың толық және оның бөлек элементтері мен түйіндерінің беріктігін, тұрақтылығын және қаттылығын қамтамасыз ететін қажетті көтергіш және конструктивті элементтерді қоса алғандағы толық техникалық жұмысын қамту керек. МК графикалық жобасы А4 форматты парақтың екінші жартысына жазылады.

МКБ кезеңіндегі жұмысшы жоба МК жобасының негізінде жасалады. Ол бір жөнелтетін элементтің (ферманың немесе колоннаның) бөлшектеу сызбасын қамтиды, оны дайындауға керекті мәліметтермен бірге. Жобаның бұл бөлімінің графикалық безендірілуі А4 форматты бір параққа жазылады.

Курстық жұмысының нәтижесі қолмен жазылған 40-50 беттік есепті-түсініктемеден тұрады, ол қажетті эскиздермен, схемалармен, кестелермен және әдебиетке сілтемелермен […] қамтылған кіріспеден және есепті бөлімнен тұрады. Түсініктеменің жазба бөлімі сиямен, ал эскиздер мен схемалар сәйкес масштабта қаламмен орындалады. Түсініктеменің басында мазмұны, ал соңында қолданылған әдебиеттер тізімі жазылады. Сызбалар А4 форматты екі парақта орындалады.

 

1.2. КУРСТЫҚ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

 

Студенттердің курстық жұмысты өз уақытында орындауы жобаға берілген уақытты дұрыс бөлуіне байланысты. Жобаның бөлім бойынша орындалу реттілігі және жалпы уақыттың % мөлшері келесідей:

1. Техникалық жоба (15 %)

а) тапсырмамен, әдістемелік нұсқаумен және оның арнайы әдебиеттерімен танысу – 5 %;

б)өндірістік ғимараттың қаңқасының конструктивтік схемасын таңдау және құрастыру (компоновкалау). Байланыс жүйелерін жасау – 5 %;

в) техникалық жобаның және есепті-түсініктеменің сәйкес бөлімінің графикалық безендірілуі – 5 %.

2. МК жұмысшы жобасы (65 %):

а)қаңқаның көтергіш элементтерінің конструктивті шешімдерін жасау – 10 %;

б) негізгі көтергіш элементтердің есебі:

кранасты арқалықтың (немесе жазық, өтпелі сырғауылдың) – 5 %

көлденең раманың – 15 %

колоннаның – 10 %

беларқаның (ригельдің), раманың (ферманың) – 10 %

в) МК сызбасын және есепті - түсініктеменің сәйкес бөлімін орындау – 15%.

3. МКБ жұмысшы жобасы (20 %)

а) дайындауға қажетті мәліметтермен бірге ферма (колонна) жөнелтетін элементінің бөлшектеу сызбасын орындау – 20 %.

 


Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 337 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Ндірістік ғимараттың болат қаңқасын құрастыру | Байланыс жүйесін құрастыру | Көлденең раманың статикалық есебі. | Көлденең рамаға жүктемелерді жинау | Көлденең раманың статикалық есебінің ерекшеліктері | Колонна есебі және конструкциялау | Итарқалы ферманың есебі және конструкциялануы. | Кранасты арқалығын жобалау | МКБ кезеңіндегі жұмысшы жоба. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
I –ТАРАУ. АҚША – ЖАЛПЫҒА БIРДЕЙ ЭКВИВАЛЕНТ ТАУАР РЕТIНДЕ| ЖОБАЛАУ КӨЛЕМІНІҢ ҚЫСҚАША ТҮСІНІКТЕМЕСІ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)