Читайте также: |
|
(лат. сотрозійо - құрастыру, шығарма) – Композиция - құрамдас бөліктері бірлікте ұштастырылған, бір-біріне және жалпы мүддеге бағындырылған мақсатты көркем құрылым. Композиция әдістері өнердің өзіндік ерекшеліктеріне, шығарманың идеясына, авторлық ойтүйсігіне сәйкес туындайды. Композиция шығарманың ішкі құрылымымен бірге оның сыртқы ортамен көрермендер арасындағы қатынасын белгілейді. Сондай-ақ, жарықтандыру сияқты, элементі маңызды болып табылады - әр уақытта, күндіз және түнгі, түрлі жағынан жанып тұрған шамдар керемет көрініс береді және көрінуі, кеңістікті өзгерту әсерін бере алады.
Көркем шығармашылық процесі мен өмірді эстеттану тұрғысында қалыптасқан композиция заңдары өнердің жалпылама заңдылықтарының, нақты өмір құбылыстарындағы өзара байланыстылықтардың белгілі мөлшеріндегі бейнесі әрі жиынтығы болып табылады.Сәулет өнерінде композиция идеялық-көркемдік принциптердің бірлігіне, құрылыстар мен ғимаратардың функциялық мақсатына, жобалық ерекшеліктеріне, олардың қала құрылысындағы мән-маңызына орай құрылады. Композиция қаланың жалпы келбеті мен құрылымын, архитектуралық үндестігін, жобадағы көлемдік, кеңістік түзілімін айқындайды. Бейнелеу өнеріндегі композиция шығарманың идеялық және сюжеттік-тақырыптық негізін нақтыландыру барысында заттар мен фигураларды кеңістікке орналастыру тәртібін, шығарма көлемін тиянақтау әрі жарық пен көлеңке ұстанымын қадағалау арқылы көрінеді. Композиция тектері "орнықты", "айнымалы", "ашық" және "жабық" болып бөлінеді. Композицияның орнықты және жабық тектері Қайта әрлеу дәуіріндегі өнерде басымырақ қолданылды, ал айнымалы және ашық тектері барокко стилінен айқын көрініс тапты.
Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 388 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Ландшафтный дизайн - Клумбы | | | Ландшафттық дизайндағы перспектива |