Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

V.IV. Десмургия

5.16. «Бинтті таңғыш салу техникасы» стандарты

Мақсаты: гемостаза мақсатымен таңғыш материалды денеге бекіту, жарақат кезінде аяқ-қолдарды иммобилизациялау, жараны микробтық ластанулардан қорғау.

1. Емделушіні өзіне ыңғайлы қалыпта жатқызу немесе отырғызу.

2. Дәкелеуші науқасқа бетпе-бет тұрады.

3. Дәкелеуді сағат тіліне қарсы (кейбір бинтті таңғыштарды қоспағанда), перифериядан ортасына қарай (төменнен жоғары қарай) және солдан оңға қарай жүргізу керек.

4. Дәкелеуді әрқашанда бекітуші бинттен бастау керек.

5. Бинттің әрбір кейінгі айналымы алдыңғысын ½ немесе 2/3 жауып отыруы қажет.

6. Таңылатын жердің үстінен жыртып алмай бинтті жаю керек.

7. Дәкелеуді екі қолмен жасайды: бір қолмен бинттің бас жағын жайып, екінші қолыңызбен оны дұрыстап орау қажет.

8. Бинтті сол қолыңызда ұстап, оң қолыңызбен айналдыра отырып, дәкеленетін жердің үстінен оны жайыңыз.

9. Дәкеленетін жердің үстінен оның орамдары жылжып кетпес үшін және қалып қоймас үшін, бинтті біркелкі етіп тарту қажет.

10. Дененің дәкеленетін жері таңғыш байлағаннан кейінгі жағдайында, сол қалпында болуы керек.

11. Таңғыштың жақсы жатуы үшіндененің конус тәріздес бөлігіне таңғышты таңу кезінде бинттің әрбір 1-2 айналымынан кейін оны бүгіп отыру қажет.

12. Бинт өзінің атқаратын қызметін орындауы қажет.

13. Таңғыш эстетикалық орындалуы керек.

14. Таңғыш жараға қарама-қарсы бағытта байланады.

Ескерту: Дұрыс салынған таңғыш: келесі таңуға дейін таңу материалынмықтап бекіту; қан айналысын және лимфаны бұзбау; қозғалысқа кедергі келтірмеу; науқасты адам қарағысыз етпеу (таңғыш әдемі байлануы керек).

 

5.17. «Чепец» таңғышын салу техникасы» стандарты

Мақсаты: бастағы таңу материалын бекіту үшін.

Көрсетім: бастың желке тұсы мен маңдайдың жарақаттануы кезінде.

Қажетті құрал-жабдықтар: ені 10 см бинт, қайшылар.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Емделушіні өзіңізге қаратып отырғызып, тыныштандырыңыз, жүргізілетін іс-әрекеттердің барысын түсіндіріңіз.

2. Ұзындығы 80см - 1м бинттің кесіндісін дайындаңыз.

3. Бинт кесіндісінің ортасын бас төбесіне орналастырыңыз; бинттің ұштарын науқас немесе көмекші ұстайды.

4. Бинттің ұштарын төбе арқылы құлақ қалқандарының алдынан жіберіңіз.

5. Ені 10см болатын бинтті алып, бастың (1 айналым) – маңдайдың және желкенің айналасынан бекіткіш циркулярлы айналым жасаңыз.

6. Бинтті екі айналыммен байламға дейін жеткізіп, желкені және бас төбесін жаба отырып, оның айналасына қиғаш жүргізіп орау.

7. Байлам арқылы қарама-қарсы жаққа лақтырыңыз да маңдайды және бас төбесін (3айналым) жаба отырып қиғаш жүргіз.

8. Бас сүйегінің күмбезі жабылғанға дейін 2 және 3 айналымдарды қайталаңыз.

9. Циркулярлы айналыммен 1-2 рет бекітіңіз.

10. Таңғышты иектің астындағы тік ұштармен байланыстыра отырып ораңыз да бинттің ұштарын бір жиекке бекітіңіз.

 

5.18. «Уздечка» таңғышын салу техникасы» стандарты

Мақсаты: төменгі жақты қозғалтпау.

Көрсетім: беттің, төменгі жақтың бұзылуы.

Қажетті құрал-жабдықтар: ені 10 см бинт, қайшылар.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Емделушіні өзіңізге қаратып отырғызып, тыныштандырыңыз, жүргізілетін іс-әрекеттердің барысын түсіндіріңіз.

2. Бинттің бастапқы алдыңғы жағын сол қолыңызға, ал бинттің өзін оң қолыңызға ұстаңыз.

3. Маңдай және желке аумағы арқылы бастың айналасына – 1 айналым бекітуші циркулярлы айналым жасаңыз.

4. Бинтті желке арқылы иек астына жіберіңіз, ары қарай самай және бас төбесі аумақтарына екі жағынан тіктеп ауысыңыз да, 2ші-айналым бастапқы жағдайға оралыңыз.

5. 2ші -айналымды 3-4 рет қайталаңыз.

6. Бинтті сол жақтан желкеге қарай түсіріңіз де, ары қарай бекітуші айналымға ауысыңыз.

7. Дәкелеуді бастың айналасын бекіту айналымдарымен аяқтаңыз.

8. Бастың маңдай бөлігіндегі жарақаттың үстінен бинттің ұшын бекітіңіз.

 

5.19. «Екі көзге таңғыш салу техникасы» стандарты

Мақсаты: таңу материалын бекіту үшін.

Көрсетім: операциядан кейінгі жара,көз жарақаты.

Қажетті құрал-жабдықтар: 10-12 см жалпақ бинт, қайшылар.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Емделушіні өзіңізге қаратып отырғызып, тыныштандырыңыз.

2. Жүргізілетін іс-әрекеттердің барысын түсіндіріңіз.

3. Науқасты қарап, жарақаттың барына көз жеткізіңіз.

4. Ені 10-12 см бинтті алыңыз.

5. Бинттің бастапқы алдыңғы жағын сол қолыңызға, ал бинттің өзін оң қолыңызға ұстаңыз.

6. Бастың айналасына бекітуші циркулярлы айналым жасаңыз.

7. Бір жақ көзді жабатын (1 айналым), төменнен жоғары қарай қиғаш айналым жүргізе отырып, бинтті құлақтың артына желкеге қарай түсіріңіз.

8. Бастың айналасын циркулярлы айналымдармен бекіте отырып, 3-4 рет (1 айналым) қайталаңыз.

9. Екінші көзді жаба отырып (2 айналым), маңдай арқылы қиғаш жоғарыдан төменге қарай желке тұсының айналасын бинттеп ораңыз.

10. Бинтті құлақтан төмен желкеге қарай жүргізіңіз де және оны қарсы жақ бетке қарай шығарып, циркулярлы бекітуші айналымға ауысыңыз.

11. Бастың айналасын бекіте отырып, 3-4 рет (2 айналым) қайталаңыз.

12. Таңғышты көлденең айналмалы жүрістермен бекітіңіз.

 

 

5.20. «Перчатка» барлық саусақтарға шиыршықты таңғыш салу техникасы» стандарты

Мақсаты: таңу материалын бекіту.

Көрсетім: күйіктер,үсіктер, барлық саусақтардың жарақаты.

Қажетті құрал-жабдықтар: ені 5см бинт,қайшы.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Жарақаттанған қолдың білегін үстелдің үстіне қойып, білегін еркін салбыратып, емделушіні өзіңізге қаратып отырғызыңыз.

2. Тыныштандырыңыз, жүргізілетін іс-әрекеттердің барысын түсіндіріңіз.

3. Бинттің бастапқы алдыңғы жағын сол қолыңызға, ал бинттің өзін оң қолыңызға ұстаңыз.

4. Білектің айналасына бекітуші жүріс жасап өтіңіз.

5. Саусақтың ұшына қарай білектің арты арқылы қиғаш жүріс өткізіңіз (1 айналым).

Ескерту: оң жақ қол бірінші бас бармақтан бастап, ал сол жақ қол бесінші саусақтан бастап дәкеленеді.

1. Барлық саусақтарды соңғы саусақ бөліктерінен негізгісіне дейін (2 айналым) шиыршықты айналымдармен дәкелеңіз.

2. Бинтті білектегі білезік буындарының арты арқылы жүргізіп, циркулярлы айналым жасаңыз (3 айналым).

3. Әрбір келесі саусақты кезекпен, 1, 2, 3 айналымдарды қайталай отырып, дәкелеңіз.

4. Білектің айналасына айналма жүрістермен таңғышты бекітіңіз.

Ескерту: Осы қалыпта барлық саусақтарды дәкелеу; дұрыс салынған таңғышта алақан бос қалпында қалады.

 

5.21. «Дезо таңғышын салу техникасы» стандарты

Мақсаты: бұғана мен білек сынықтарында қолдарды бекіту.

Көрсетім: бұғана мен білектің зақымдалуы.

Қажетті құрал-жабдықтар: ені 20см бинт, қайшылар, түйреуіш.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Емделушіні өзіңізге қаратып отырғызып, тыныштандырыңыз, жүргізілетін іс-әрекеттердің барысын түсіндіріңіз.

2. Қолтық асты ойысына мәрлімен оралған, мақтадан жасалған белдікті салыңыз.

3. Науқастың зақымдалған оң қолын шынтақ буынынан түзу бұрышпен бүгіңіз. Білекті кеудеңізге қысыңыз.

4. Иықты кеудеге бекіте отырып (1 айналым), кеуде айналасына бекітуші айналым жасаңыз. Сау жағынан ауру жағына қарай дәкелеңіз.

5. Бинтті сау жақ қолтық асты аумағынан ауру қолының иығы үстіне дейін жүргізіңіз де, бинтті бірге ала (2 айналым) иықтың артқы жақ бетінен тіке төмен қарай шынтақ астына жіберіңіз.

6. Бинтті білек арқылы қиғаш, сау жақ қолтық асты ойысына қарай жүргізіңіз.

7. Бинтті бел арқылы қиғаш сау қолтық асты ойысына шынтақты алдынан артқа айнала, бел арқылы ауру иықтың үстінен және иықтың алдыңғы жағымен төмен жүргізіңіз.

8. Жақсы бекітілу үшін әрбір 2 және 3 айналымнан кейін 1 айналымды қайталаңыз.

Ескерту: оң қол зақымдалған кезде – бинтті солдан – оңға, егер сол қол болса, онда оңнан – солға қарай орайды. Егер таңғыш емдік мақсатта салынған болса, ұштары ілмектеліп байланады.

 

 

5.22. «Иық буынына «Масақ тәрізді таңғыш» салу техникасы» стандарты

Мақсаты: жарақаттану кезінде қолдарды қозғалтпау.

Көрсетім: таңу материалын, гипсті лонгетті, таңғыш қалақты бекіту үшін.

Қажетті құрал-жабдықтар: жалпақ бинт, қайшылар.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Иықтың сыртқы иінінің айналасынан (1 айналым) 1-2 бекітуші циркулярлы айналым жасаңыз.

2. Бинтті көкірек қуысының артқы бетінен жіберіңіз.

3. Көкірек қуысын қарама-қарсы жақ қолтық асты ойысы арқылы циркулярлы бүгіңіз.

4. Бинтті зақымдалған жақтан кеуде алдымен иыққа қарай жіберіңіз (3 айналым).

5. Иықты циркулярлы бүгіп, бинтті арқаның артымен, келесі айналымды ½ және 2/3 жаба отырып шығарыңыз.

6. Иық буындарының тұсы толығымен жабылғанша 1 және 2 айналымдарды қайталаңыз.

7. Бинтті иық буынынан төмен бекітіңіз.

 

 

5.23. «Тобық буынына таңғыш салу техникасы» стандарты

Мақсаты: тобық буынын қозғалтпау.

Көрсетім: сіңір созылу және тобық буынының шығуы.

Қажетті құрал-жабдықтар: бинт, қайшылар.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Бинтті алып, тобықтан жоғары бекітуші циркулярлы айналым жасаңыз.

2. Бинтті табанның сырт жақ бетіне жүргізіңіз.

3. Табан айналасынан циркулярлы айналым жасаңыз.

4. Бинтті табанның сырт жақ бетімен қиғаштап жоғары жіберіңіз.

5. Тобық буынын - циркулярлы айналдырыңыз.

6. Айналымдарды тобық тұсы толық жабылғанша қайталаңыз.

7. Бинтті тобық айналасында бекітіңіз.

Ескерту: Табанды дәкелеу үшін саусақтарды қапсырып алу таңғышы қолданылады.

 

 

5.24. «Қол буынына қайтушы «Биялай» таңғышын салу техникасы» стандарты

 

Мақсаты: қол буынында таңу материалын бекіту үшін.

Көрсетім: жарақаттар, күйіктер, үсіктер, қол буынының іріңді – қабыну процесі.

Қажетті құрал-жабдықтар: жіңішке бинт, қайшылар.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Білектің айналасына циркулярлы бекітуші айналма жасаңыз.

2. Бинтті қол буынының сырт жағынан соңғы саусақтарына қарай қиғаш жүргізіңіз.

3. Бинтті саусақтар арқылы асырып алыңыз да, оны білезік буынның алақан жақ бетінен білекке қарай жүргізіңіз.

4. Білезік буынын жаба отырып, бірнеше қайтушы айналымдарын жасаңыз.

5. Бинтті соңғы саусақтарға қарай қиғаш қаратыңыз да, бинттің бағытын өзгертіп – білекке қарай бірнеше көлденең циркулярлы айналымдар жасаңыз.

6. Қолдың бас бармағын бөлек дәкелеңіз.

7. Бинтті білектің айналасында бекітіңіз.

Ескерту: Бинтті таңғыш ампутацияланған сынық бөлшегіне салынады.

 

5.25. «Қолдарға үшкіл орамалды таңғыш салу техникасы» стандарты

Мақсаты: қолдарды қозғалтпау.

Көрсетім: бұғананың және қолдардың зақымдалуы.

Қажетті құрал-жабдықтар: мақта-мата кездемесінің үшбұрышты тілімі, түйреуіш.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Емделушінің зақымдалған қолын физиологиялық жағдайға келтіріңіз (шынтақ буынын бүгіп, кеудеге қарай әкеліңіз).

2.

3. Емделушінің зақымдалған қолының білегін, үшбұрыштың ұшы шынтақтан кейін болатындай қылып байлаңыз (зақымдалған қолдың қалпын бұзбай).

4. Үшкіл орамалдың бос ұштарын емделушінің мойнының артқы жақ аумағынан байлаңыз.

5. Үшкіл орамалдың бас жағын иықтың алдыңғы бетінің аумағында түйреуішпен бекітіңіз.

 

 

5.26. «Көкірек қуысына шиыршық таңғыш салу техникасы» стандарты

 

Мақсаты: көкірек қуысында таңу материалын бекіту үшін.

Көрсетім: таңғыш кеуде қуысы аумағындағы жарақаттарда қолданылады.

Қажетті құрал-жабдықтар: ұзындығы 100-120 см бинт кесіндісі, ені 15-20 см бинт, қайшылар, түйреуіш.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Ұзындығы 100-120 см бинтті алыңыз.

2. Иық арқылы жіберіңіз.

3. Бинтті семсер тәрізді өсіктен төмен, кеуде қуысы аумағында иыққа жіберілген кесіндіні орай жүріп, екі циркулярлы айналымдармен бекітіңіз.

4. Кеуде қуысын, алдыңғыларын 1/2 және 2/3 қолтық асты ойысына дейін жаба отырып, шиыршықты айналымдармен дәкелеңіз.

5. Бинтті түйреуішпен немесе лейкопластырмен бекітіңіз.

6. Бинттің еркін салбырап тұрған ұштарын қарсы екінші иыққа байлаңыз.

 

5.27. «Сүт бездеріне бинтті таңғыш салу техникасы» стандарты

Мақсаты: таңу материалын бекіту үшін.

Көрсетім: мастит жөніндегі операциялар, жарақаттар, сүт бездерінің күйіктерінде.

Қажетті құрал-жабдықтар: ені 20см бинт, қайшылар.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Емделушіні өзіңізге қаратып отырғызып, тыныштандырыңыз, жүргізілетін іс-әрекеттердің барысын түсіндіріңіз.

2. Бинттің бастапқы алдыңғы жағын сол қолыңызға, ал бинттің өзін оң қолыңызға ұстаңыз (егер де таңғыш оң жақ сүт бездеріне салынатын болса)

3. Сүт бездерінің астынан екі бекітуші айналым бинттерін жасаңыз.

4. Бинтті арқа бойымен қолтық асты ойысына қарай жүргізіңіз.

5. Сүт бездерін астынан қапсыра, бинтті қиғаш жоғары қарсы иықтың үстіне қарай бағыттаңыз.

6. Бинтті арттан арқа бойымен қолтық асты ойысына қарай жүргізіңіз (ауыратын сүт безі жағынан).

7. Сүт бездерін үстінен қапсыра, бинтті сау сүт безі жағынан қолтық асты ойысына қарай жүргізіңіз. 4,5,6 бөлімдерді қайталаңыз.

8. Барлық бездер таңғышпен тұтас жабылмай, дәкелеу айналымдарын жасауды тоқтатпаңыз.

9. Дәкелеуді екі бекітуші айналымдармен сүт бездерінің астынан аяқтаңыз. Таңғыш шетін қиыңыз да байлаңыз.

 

 

5.28. «Гиппократ телпегі» таңғышын салу техникасы» стандарты

Мақсаты: бастағы таңу материалын бекіту үшін.

Көрсетім: бас жарақаты кезінде.

Қажетті құрал-жабдықтар: ені 10 см болатын 2 бинт, лейкопластырь.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Емделушіні өзіңізге қаратып отырғызып, тыныштандырыңыз, жүргізілетін іс-әрекеттердің барысын түсіндіріңіз.

2. 15 см ұзындыққа жайылған 2 бинтті алыңыз.

3. Бір бинттің шетін екінші бинттің шетіне салыңыз (біреуін екіншісіне қарама-қарсы орау). Сонда 2 басты бинт пайда болады.

4. Екі басты бинтті сол және оң қолыңызға алыңыз.

5. Бинтті бастың маңдай бөлігіне қойыңыз да, бинттің екі басын желке тұсына қарай жүргізіңіз.

6. Желке тұсында қиылыс жасаңыз. №1 бинтті бас сүйек күмбезін жаба отырып, желкеден маңдайға қарай жүргізіңіз. Ал, №2 бинтті бас айналасына циркулярлы бағыттаңыз.

7. №1 бинтті №2 бинт басымен маңдай тұсында қиылыс жасай отырып, маңдай тұсынан желкеге қарай айналым жасаңыз. №2 бинтті бастың қарақұс тұсы арқылы жүргізіңіз (алдыңғы айналымдарды ½ жаба отырып), №1 бинтті бастың айналасында жүргізіңіз.

8. Бастың қарақұс аумағы жабылмайынша, дәкелеуді тоқтатпаңыз.

9. Бас сүйек күмбезі толық жабылмайынша, дәкелеу айналымдарын қайталай беріңіз.

 

5.29. «Желкеге крест тәрізді таңғыш салу техникасы» стандарты

Мақсаты: желкеде және мойынның артқы бетінде таңу материалын бекіту.

Көрсетім: мойын тұсындағы операциядан кейінгі кезең, желке тұсындағы жарақат.

Қажетті құрал-жабдықтар: ені 10-12см бинт.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Емделушіні өзіңізге қаратып отырғызып, тыныштандырыңыз.

2. Емделушіні қарап, жарақаттың барына көз жеткізіңіз.

3. Жүргізілетін іс-әрекеттердің барысын түсіндіріңіз.

4. Ені 10-12см болатын бинтті алыңыз.

5. Бинтті бастың маңдай бөлігіне салыңыз да, бастың айналасына екі бекітуші айналым жасаңыз.

6. Кейін мойынның алдыңғы жағына ауыса отырып, бинтті желкеге қарай түсіріңіз.

7. Қарама-қарсы беттен бинтті құлақтың астына жіберіп, бекітуші айналымға ауыса отырып, тағы да желкеге қарай және бастың айналасына жүргізіңіз.

8. Бастың айналасында бекітуші айналыммен таңғышты аяқтай отырып, бірнеше айналымдар жасаңыз.

 

 


Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 2695 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Роль преподавателей в студенческом самоуправлении.| V.VI. Травматология

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.029 сек.)