Читайте также: |
|
Табиғи газдар
Тұтынушыларды газбен жабдықтау үшін табиғи газдар көптен қолданылады. Бұл газдар жер қабатынан өндіріледі. Олар метан қатарындағы көмірсутек қоспаларынан құралады. Табиғи газдар құрамында сутегі, көмірсутек оксиді және оттегі кездеспейді. Кейбір газ кендерінде аз мөлшерде күкіртсутек кездеседі.
Табиғи газдарды мынандай үш топқа бөлуге болады:
1. Таза газ кендерінен өндірілетін газдар. Олардың құрамында көбінесе метан кездеседі.
2. Мұнай кендерінен мұнаймен бірге өндірілетін газдар. Бұл газдарда метаннан басқа да көмірсутекті газдар кездеседі.
3.Шықтану кендерінен өндірілетін газдар. Бұлар құрғақ газдар мен қысымның төмендеуіне байланысты шықтардан түзелген бұлардың қосындысынан тұрады.
Мұнай-газды кеннің сұлбасы 2.1-суретте келтірілген.
1-газ скважинасы; 2-газ; 3-мұнай; 4-су; 5-газға төзімді материал
Сурет. Мұнай-газды кен
Кейбір газдардың құрамы мен қасиеттері 2.1-кестеде көрсетілген.
Газдар құрамына қарай ауадан жеңіл немесе ауыр болып келеді. Газбензинді зауыттарда мұнаймен бірге өндірілетін газдардан газды бензин, пропан-бутан қосындыларын ажыратып алады. Сонан соң оларды сұйытылған күйде тұтынушыларға таратады.
2.1-кесте
Техникалық сұйытылған газдар құрамына кіретін көмірсутектердің физико-химиялық қасиеттері
№ | Газ | Химиялық өрнегі | Шекті көрсеткіштер | Қаныққан буларының қысымы | Қайнау температурасы, °С | |
Температура, °С | Қысым, МПа | |||||
Метан | CH4 | -82,6 | 4,6 | - | -162,6 | |
Пропан | C3H8 | 95,7 | 4,0 | 0,47 | -42,1 | |
н-бутан | н-C4H10 | 152,8 | 3,66 | 0,12 | -0,5 | |
Изобутан | изо- C4H10 | 3,45 | 0,16 | -10,2 | ||
н-пентан | С5Н12 | 197,2 | 3,24 | - | 36,1 | |
Этилен | С2Н6 | 261,3 | 5,03 | 4,21 | -104 | |
Пропилен | С3Н6 | 91,94 | 4,52 | 0,57 | -47,7 |
Сұйытылған көмірсутекті газдар
Сұйытылған деп қоршаған ауа температурасы мен атмосфералық қысымда газ күйінде болып, ал сол температурада қысым жоғарыланған уақытта сұйық күйде енетін көмірсутек газдарын айтады.
Сұйытылған газдарды түзетін пропан және бутан алкандар қатарына жатады. Олар СnН2n+2 химиялық өрнекпен белгіленеді (n – көмірсутек сан). Алкандар түссіз, иісі мұнайға ұқсас және суда ерімейді.
Сұйытылған газдардың қолайлылығы оларды сұйық күйде сақтап, тасымалдап, газ күйінде қолданылады. Газ қысымын қаншама жоғарылатқанмен белгілі бір температура мөлшерінен асқан мерзімдегі сұйыққа айналуын сол газдың шекті температурасы деп айтады. Осы шекті температураға сәйкес келетін сұйытылған газ қысымы шекті қысым деп есептеледі. Қолданылатын сұйытылған газдарға ең басты пропан С3Н8, бутан С4Н10 және пентан С5Н12 жатады. Cұйытылған газдардың физико-химиялық қасиеттері (2.1-кестеде) келтірілген. Үй-жай, тұрмыстық тұтынушыларға сұйытылған газдың мынадай үш түрі жіберіледі: СПБТЗ (ҚТПБҚ) – қыстық техникалық пропан мен бутан қоспасы (пропан мөлшері 75%-дан кем болмауы керек); СПБТЛ (ЖТПБҚ) – жаздық техникалық пропан мен бутан қоспасы (бутан мөлшері 60%-дан аспауы керек); БТ (ТБ) – техникалық бутан (бутан мөлшері 60%-дан кем болмауы керек).
Сұйытылған пропанды (-35°С)-қа дейінгі температурада қолдануға болады. Онан төмен температурада пропан шықтанып, газ тоқтап қалады.
Техникалық бутан қысымы (-0,5°С) температурасында шықталады.
3 тарау. Қаладағы газ тарату желілері
Дата добавления: 2015-07-14; просмотров: 994 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
ГАЗ№4. Определение глубины заложения ГП. Продольные профили. | | | Сурет. Газды қалаларға дейінгі тасымалдау |