Читайте также: |
|
1 Саяси билік пен қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдер жиынтығы қалай атайды?
A) саяси мәдениет
B) саяси тәртіп
C) билеу формасы
D) саяси жүйе
E) саяси процесс
2 Төменде берілген белгілерінің демократиялық саяси тәртіпке қатысы жоғын көрсетіңіз:
A) баламалы және белгілі мерзімге өткізілетін ашық сайлаулар
B) үкімет сайлау нәтижесінде қалыптасады және көпшіліктің үкіметі болып табылады
C) жеке адамның құқығы мен еркіндігі заң жүзінде қорғалады
D) экономика мен саясаттың бірігуі
E) азшылық құқы жүзінде қорғалады
3 Демократиялық тәртіпте биліктің көзі кім немесе не болып табылады?
A) ақша
B) харизматикалық лидер
C) халық
D) күш
E) саяси партия
4 Демократиялық тәртіп кезінде қандай принцип басшылық етеді?
A) тыйым салынбаған нәрселердің бәріне рұқсат етіледі
B) саясаттан басқаның бәріне рұқсат
C) бұйырылмаған нәрселердің барлығына тыйым салынған
D) діннен басқаның бәріне рұқсат беріледі
E) барлығына рұқсат берілген
5 Төменде берілген белгілерінің антидемократиялық саяси тәртіпке қатысы жоғын көрсетіңіз:
A) мемлекеттік биліктің ел азаматтарынан толық тәуелсіз болу
B) заң орындарына атқару билігінің есеп бермеуі
C) жеке адамның мемлекеттік аппарат алдындағы дәрменсіздігі
D) жеке адам мен азшылық құқының аяқ асты болуы
E) баламалы және белгілі мерзімге өткізілетін сайлаулар
6 Тоталитарлық тәртіп дегеніміз:
A) орталықтандырудың, бірлестірудің, қоғамның барлық салаларын әкімшілік орталыққа бағындырудың шектен шыққан, экстремалды түрлерімен сипатталатын саяси және қоғамдық құрылымның ерекше түрі
B) мемлекеттік биліктің халық алдында есеп беру мен сайлау негізінде қалыптасқан саяси құрылым
C) біржақты билеу, басқарушылардың бағынушыларға жүргізетін үстемдігі
D) діндік элитаның абсолюттік билігі
E) әскери жоғарғы шендегілердің билігі
7 Төменде берілген белгілерінің тоталитарлық саяси тәртіпке қатысы жоғын көрсетіңіз:
A) азшылық құқы жүзінде қорғалады
B) бүкіл қоғамның саяси өміріне ықпал жүргізетін бірден-бір бұқаралық партияның болуы
C) қоғамдық өмірдің барлық саласын қамтып отырған идеологияға мемлекеттің қожалықтың болуы
D) адам өмірінің барлық саласына аппарат тарапынан жаппай бақылаудың болуы
E) жеке адамға террор мен зорлықтың қолдануы
8 Тоталитаризм алғаш рет қай кезде пайда болды?
A) б.з. 2 м.ж. соңында Месопотамияда
B) 20 ғ. 50 ж. соңында Қытайда
C) 20 ғ. 30-50 жж. КСРО
D) 20 ғ. 20 ж. Италияда
E) 1989-2002 жж. Ауғанстанда
9 Тоталитаризмнің тармақтары:
A) кеңестік социализм (сталинизм) мен консерватизм
B) неміс национал-социализмі (фашизм) мен либерализм
C) консерватизм мен либерализм
D) кеңестік социализм (сталинизм) мен неміс национал-социализмі (фашизм)
E) авторитарлық монархия мен солидаризм
10 Қандай саяси тәртіпке жылдам индустрияландыру мен ауыл шаруашылындағы күшпен ұжымдастыру, бюрократиялық жоспарлау, өндірісті басқарудан еңбекшілерді аластату тән?
A) фашизм
B) сталинизм
C) авторитарлық монархия
D) авторитаризм
E) әскери басқару
11 1919 ж. Италияда пайда болған саяси ағым, I дүниежүзілік соғыстан кейін социалистік қозғалыстың тармақталып, басқа елдерге, оның ішінде Германияға лезде таралып, национал-социализм аталуы:
A) фашизм
B) сталинизм
C) солидаризм
D) авторитаризм
E) консерватизм
12 Қандай саяси тәртіпке мемлекеттің диктаторлық функцияларының күшеюі, демократиялық еркіндіктермен күрес, адам құқының күрт шектелуі, шовинизм, нәсілшілдік, экстремистік ұлтшылдық, әскери агрессияға талпыну тән?
A) фашизм
B) сталинизм
C) солидаризм
D) авторитаризм
E) консерватизм
13 Национал-социалистік мемлекеттің мүдделері, нәсілшілдік, антисемиттік, антикоммунистік идеологиямен қаруланған неміс ұлтының этникалық үстемдігі туралы А.Гитлердің еңбегі:
A) Ескі тәртіп пен революция
B) Марксизм мен ұлттық сұрақ
C) Билеуші
D) Менің күресім
E) Капитал
14 Авторитарлық тәртіп дегеніміз:
A) орталықтандырудың, бірлестірудің, қоғамның барлық салаларын әкімшілік орталыққа бағындырудың шектен шыққан, экстремалды түрлерімен сипатталатын саяси және қоғамдық құрылымның ерекше түрі
B) мемлекеттік биліктің халық алдында есеп беру мен сайлау негізінде қалыптасқан саяси құрылым
C) біржақты билеу, басқарушылардың бағынушыларға жүргізетін үстемдігі
D) діндік элитаның абсолюттік билігі
E) әскери жоғарғы шендегілердің билігі
15 Төменде берілген белгілерінің авторитарлық саяси тәртіпке қатысы жоғын көрсетіңіз:
A) саяси және жеке тәртіпті бұзбау
B) үкіметке қарсы шықпау
C) көппартиялықтың болуы
D) адам өмірінің барлық саласына аппарат тарапынан жаппай бақылаудың болуы
E) диктатураның идеологиялық болмауы
16 Теократиялық саяси тәртіпке тән белгілері:
A) самодержавиенің монархтың түрі
B) жеке адамның билікті басып алып уысынан шығармауы
C) біржақты билеу, басқарушылардың бағынушыларға жүргізетін үстемдігі
D) діндік элитаның абсолюттік билігі
E) әскери жоғарғы шендегілердің билігі
17 Авторитарлық монархия дегеніміз:
A) самодержавиенің монархтың түрі
B) жеке адамның билікті басып алып уысынан шығармауы
C) біржақты билеу, басқарушылардың бағынушыларға жүргізетін үстемдігі
D) діндік элитаның абсолюттік билігі
E) әскери жоғарғы шендегілердің билігі
18 Чили, Аргентина елдеріне тән саяси режим:
A) теократиялық
B) әскери басқару
C) демократиялық
D) тирания
E) фашизм
19 Сауд Аравиясы, Иордания елдеріне тән саяси режим:
A) теократиялық
B) әскери басқару
C) авторитарлық монархия
D) тирания
E) фашизм
20 Қазіргі Қазақстанға тән саяси тәртіп:
A) теократиялық
B) әскери басқару
C) авторитарлық монархия
D) тирания
E) демократиялық
Дата добавления: 2015-07-12; просмотров: 446 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Саяси жүйе | | | Референдумға қатысу қай жылдан рұқсат етілген? |