Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Пресс-релиз

Читайте также:
  1. Структура пресс-релиза

2014 жылғы 17 маусым Астана қ.

«NIF$50K» Республикалық инновациялық бизнес-жоспарлар байқауы басталады

 

19 маусымда Қазақстанда жас ғалымдар, талантты өнертапқыштарға идеядан бастап өз жобасын іске асыруға дейінгі қызықты жолды жүріп өтуге мүмкіндік беретін жылсайынғы «NIF$50K» Республикалық инновациялық бизнес-жоспарлар байқауы өтеді.

Байқаудың ұйымдастырушысы – ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қолдауымен «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ («ТДҰА» АҚ).

«NIF$50K» Республикалық байқауы жаңа технологиялар саласындағы әлеуметтік маңызы бар бастамаларды анықтауға және қолдауға, инновациялық жобалардың әзірлеушілерін бизнес-жоспарлауға оқытуға бағытталған.

23 маусымда Астанада ҚР Премьер-министрінің орынбасары – индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің қатысуымен «Инновациялық автобус» салтанатты түрде өңірлерге жолға шығады.

«ТДҰА» АҚ сарапшылар тобы мен Конкурстың шығармашылық командасы елдің түкпір-түкпірінен бірегей идеяларды іздеуге аттанады. Конкурс аясында инноваторлар байқауға қатысу үшін сол жерде өтініш беруге, инновациялар саласында мемлекеттік қолдау шаралары бойынша консультация алуға мүмкіндіктері бар.

Халықтың инновациялық белсенділігін ынталандыру мақсатында биылғы жылы конкусртың ұйымдастырушылары бірқатар жаңашылдықтар енгізіп отыр. Конкурсанттардан өтінім қабылдау процесін ыңғайлы, әрі жедел ұйымдастыру үшін «Инновациялық автобус» 3D-принтера, 3D-сканері бар мобильді техно-зертханамен жабдықталатын болады. Бұл өнертабыстарды сол жерде көрсетуге мүмкіндік береді.

Ақтау қаласына инновациялық автобус маусымның 26 келеді.

Бұдан басқа, облыс орталықтарында, Алматы және Астана қалаларында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары жанынан Фронт-кеңселер ұйымдастырылған.

Өнертапқыштардан өтініштерді аталған фронт-кеңселердің консультанттары қабылдайды, сондай-ақ, Агенттіктің www.natd.gov.kz сайтында онлайн және nif50k2014@mail.ru электронды мекен-жайы арқылы қабылданады.

Биылғы жылы іріктеу кезеңдері елдің барлық өңірлерінде өткізіледі. Іріктелген конкурсанттар ғана барлық Қазақстанға өзінің әзірлемесін көрсетіп, Астанада өтетін конкурстың финалды айналымына шығып, жүлделі орын үшін сайысқа түсуге мүмкіндікке ие болады.

Байқауға инновациялық жобалардың авторлары болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Өтінімдер осы жылдың 1 тамызына дейін қабылданады.

Конкурстың қатысушылары рейтингісі жоғары республикалық телеарналардың «Инновациялық форсаж» интеллектуалды реалити-шоуының кейіпкері болады. Конкурстың телевизиялық нұсқасы Қазақстанға иновациялық жобалардың даму перспективаларының нақты мысалдарын жария етеді. Байқау жеңімпазы - 7,5 млн. теңге, ал, 2 және 3 орын иегерлері – 2,5 және 1 млн теңге көлеміндегі грантқа ие болады.

Байқауға қатысушылар инновациялық және кәсіпкерлік шеберлік құпияларын ашатын мамандандырылған тренингтерден өтеді. Бинес-жоспарлаудың дағдыларына финалситерді «Үлкен төрттіктің» (Big four) қатарына кіретін «Deloitte» жетекші консальтингтік компаниясы үйретеді.

Жобаны қолдауға отандық өнер жұлдзыдары да қатысады.

Конкурс соңғы жылдары өңірлердің үлкен қызығушылығын тудырып отыр. Бұл инновациялық бизнес-жоспарлар байқауына келіп түсетін өтініштер санының артуынан аңғаруға болады, 2012 жылы конкурса 298 өнертапқыштан өтінім келіп түссе, 2013 жылы 376 өтінім қабылданған.

Өткен жылы NIF$50K республикалық инновациялық бизнес-жоспарлар байқауының бірінші жүлдесін және 7 500 000 теңге көлеміндегі қаржылай грантты Талдықорған қаласының тұрғыны, «Аймақтардағы су көтергіш құрал» жобасының авторы Мырзахмет Тюлеев жеңіп алды. Су көтергіш бұл құрал электр энергиясын тұтынбай-ақ, өзен жағалауындағы аймақтарды суаруға арналған.

2 500 000 теңге көлеміндегі қаржылай сыйақы мен жүлделі екінші орынға байқауға қатарынан екінші рет қатысқан Ақтөбе қаласының тұрғыны Нұрлан Жанбурин ие болды. Ол масадан қорғайтын терезе қабатының жұмыс істеу қағидатына сәйкес, үйді шаң мен түтіннен қорғайтын, қарапайым, әрі құны аса қымбат емес, тиімді ауа тазалау жүйесін ойлап тапты.

Үшінші орынға және 1 000 000 теңге көлеміндегі қаржылай сыйақыға Алматы қаласының тұрғыны, «Алдыңғы жеңіл модуль негізінде жаяу жүргіншіні қорғау жүйесі» жобасының авторы Максим Подлесных ие болды.

Ақпарат http://www.natd.gov.kz/ сайтында және и әлеуметтік желі парақшаларында https://www.facebook.com/profile.php?id=100004147172517&fref=ts

 

КҚО фронт-кеңсе мекен-жайы: Строитель даңғылы 4, кеңсе№ 304,

Консультант: АрыстановаЖазираМухамедиевиевна Тел. 87212559022

«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ

Баспасөз қызметі

тел/факс: +7(7172) 451615

8 707-996-53-41

nif50k2014@mail.ru

 


Дата добавления: 2015-07-11; просмотров: 58 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Июня 2014 года г. Астана| МИР ИЛЛЮЗИЙ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)