Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жалпы ережелер

Читайте также:
  1. Ан жасау жүйесінің аурулары бар науқастарда жалпы бейспецификалық симптомдардың болуы неге байланысты?
  2. Ауыл шаруашылығында пайдаланылатын тракторлар мен автомобильдердің жалпы құрылысы
  3. Жалпы біліктілік
  4. Жалпы білім беру модульдері
  5. Жалпы мәліметтер
  6. ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР

1. Осы Ереже «Жас көшбасшылар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінде (бұдан әрі – қауымдастық) қауымдастыққа кіру және мүшелік жарналарды төлеу мен есепке алу тәртібін айқындайды.

2. Қауымдастыққа кіру және мүшелік жарналар (бұдан әрі - жарналар) қауымдастық қаражатының қалыптасу көздерінің бірі болып табылады және қауымдастық Жарғысында белгіленген мақсаттар мен міндеттерге сәйкес жұмсалады.

3. Қауымдастық жауапты хатшысы (бұдан әрі – жауапты хатшы) жарналарды жинауды жүзеге асырады.

4. Жарналарды жинаудың уақытылы және толық жүргізілуін, олардың үлестірілуі мен мақсаттарға сай пайдаланылуын қауымдастық Басқармасы қамтамасыз етеді.

5. Жарналарды жинаудан түскен қаражатты белгіленген тәртіпте сақтауды қауымдастықтың тиісті лауазымды тұлғалары қамтамасыз етеді.

6. Қауымдастыққа кіру жарнасы 1000 теңге. Белгіленген тәртіпте кіру жарнасын төлеген қауымдастық мүшесіне қауымдастық куәлігі беріледі.

7. Мүшелік жарналардың көлемі:

300 теңге және қауымдастық мүшесінің қалауы бойынша одан да жоғары – жалпы білім беретін орта мектептер, лицей оқушылары үшін;

500 теңге және қауымдастық мүшесінің қалауы бойынша одан да жоғары – жоғарғы оқу орындарының, орта-мамандандырылған оқу орындарының студенттері үшін;

1000 теңге және қауымдастық мүшесінің қалауы бойынша одан да жоғары – еңбекке жарамды жастағы жұмыс істейтін азаматтар үшін.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар, мектеп-интернат тәрбиеленушілері, жетім балалар кіру және мүшелік жарналарды төлеуден босатылады. Жұмыссыз азаматтар мүшелік жарналарды төлеуден босатылады.

 

2. Жарналарды есептеу және төлеу тәртібі

8. Қауымдастыққа кіру жарнасы қауымдастыққа кірген сәтінен бастап, белгіленген мүшелік жарналармен қатар төленеді.

Қауымдастық мүшелері ағымдағы айға ай сайын 25-інен кешіктірмей жарналарды төлейді. Қауымдастық мүшесінің қалауы бойынша жарналарды төлеген сәттен бастап күнтізбелік жылдың аяғына дейін алдын ала төлеуге рұқсат етіледі.

9. Ерекше жағдайда (Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге ұзақ мерзімді қызметтік іссапарға, оқуға кеткенде, бала (балалар) тууға, жаңа туған баланы (балалар) асырап алуға (қыз асырап алу) байланысты демалыс алғанда) қауымдастық мүшесі Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болған кезеңге немесе демалыс уақытына жарналарды төлеуге құқылы.

10. Қауымдастыққа айдың 26-сына дейін кірген жағдайда қауымдастық мүшесі жарналарды ағымдағы ай үшін төлейді. Қауымдастыққа айдың 26-сынан бастап кірген жағдайда жарналарды қауымдастыққа кіргеннен кейінгі келесі айдан төлейді.

11. Жарналарды қауымдастық мүшелері қауымдастық кассасына қолма-қол ақшамен төлей алады.

Аталған қаражат қауымдастық кассасына кассалық кіріс ордері (бұдан әрі - ККО) бойынша кіріске енгізіледі.

ККО тиісті кезеңдегі қауымдастық кассалық кітабына тігіледі. ККО түбіртектердің түпнұсқалары кассалық кітаптың үзбелі парағының көшірмесімен бірге жауапты хатшыда сақталады және есепті құжат болып табылады.

12. Жарналар қауымдастық мүшесінің ағымдағы немесе карточка есеп шоттарынан аударыла алады, қауымдастық мүшесінің жазбаша өтініші бойынша оның жалақасынан ұсталады, сондай-ақ қауымдастық мүшесінің жұмыс орны бойынша ұйым (жұмыс беруші) бухгалтері арқылы қолма-қол ақшасыз тәртіпте төленеді.

Бұл жағдайда жұмыс берушінің келісімі бойынша ол жарналары аударылатын қауымдастық мүшелерінің тізімі (бұдан әрі – тізім) көрсетілген қосымшамен төлем тапсырмасын ресімдейді. Жарналарды аударуға төлем жүргізуде төлем тапсырмасында келесі көрсетіледі: «Тізім бойынша Жас көшбасшылар қауымдастығы мүшелері үшін мүшелік жарналарды аудару».

Тізімде жарналары аударылған қауымдастық мүшелері туралы ақпарат, әр қауымдастық мүшесіне төленген жарна сомасы, сондай-ақ жарна төленген кезең көрсетілуі тиіс.

13. Жарналарды есептеу ай сайын жүргізіледі.

 

3. Жарналарды төлеуден түсетін ақшалай

қаражаттарды аудару тәртібі

14. Жарналарды есепке алу және бөлу үшін қауымдастықтың арнайы банкілік есеп шоты (бұдан әрі - банкілік есеп шоты) ашылады.

15. Жұмыс беруші жарналарды қауымдастық қызметкерлері - мүшелеріне жалақысымен бірге қауымдастықтың банкілік есеп шотына айына бір реттен жиі аудармайды.

16. Жауапты хатшы ағымдағы айдың 30-ынан кешіктірмей жарна түрінде келіп түскен қолма-қол ақшалай қаражатты банк бөлімшесі немесе «Қазпошта» АҚ арқылы қауымдастықтың банкілік есеп шотына аударады.

17. Жарналарды төлеуден түскен ақшалай қаражат банкілік есеп шотында жиналады.

 

4. Есепке алу және есептілік

18. Жарналар қолма-қол ақшасыз төлеген жағдайда қауымдастық мүшесі бес жұмыс күні ішінде жауапты хатшыға жарнаны төлегенін растайтын құжатты ұсынуға міндетті.

19. Жұмыс беруші тізім бойынша қауымдастық мүшелері үшін жарналарды қолма-қол ақшасыз төлегенде қауымдастық сұранымы негізінде жұмыс берушінің бухгалтериясы қауымдастық жарналарды төлегені туралы жиынтық ақпаратты ұсынады.

20. Жауапты хатшы Басқарма отырыстарында жылына бір рет қауымдастыққа кіру және мүшелік жарналарды төлеу бойынша есеп береді.

21. Қауымдастықтың қаржы құжаттарын есепке алуды және сақтауды тиісті лауазымды тұлғалар қамтамасыз етеді және белгіленген тәртіпте қауымдастық мұрағатына тапсырылады.

 

5. Жарналардың уақытылы төленуін және

есепке алынуын және есептелуін бақылау

22. Қауымдастықтың тексеру комиссиясы жарналардың уақытылы төленуіне және есепке алынуына, есептелуіне жалпы бақылауды жүзеге асырады.

 

 

_______________

 

 


Дата добавления: 2015-07-11; просмотров: 222 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Условия и порядок проведения конкурса| и распределении полученных средств

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)