Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Махаббаттан не бар тәтті шынында?

Екеумізше сүйісіпті ғашықтар

Бұл ғасырдан неше ғасыр бұрын да.

Түс көреміз ертегідей көгілдір,

Көктем кешіп, қуанады көңіл – гүл.

Қайта – қайта айналасың толғанып,

Айта айналып келмес, - дейсің - өмір бұл».

Сенің әрбәр қылықтарың ұнайды,

Арамасам, сұп – сұр болып мұңайдың.

Соның өзі сүйкімді де тамаша,

Шын сезімдер қай кезде де шырайлы!

Есіңде ме ұлы ақындар ғазалы,

Сүйген емес, сүйе алмаған – жазалы!

Бақта бұлбұл оянғанша отырып,

Мың сүйсең де, мың сүйсем де, аз әлі!

Жырға қоссам сезімдердің жаңбырын,

Алған екем өткен бізден сәл бұрын –

Ләйлісі мен Шырыны емес Шығыстың,

Зебунисса, Увайсийлер тағдырын!

Өзімнің де, өзгенің де атынан –

Өлеңдерім – кестелерім тоқыған,

Нақышынан әсер алып болған соң,

Былай деуі мүмкін мұны оқыған:

 

«Қалай туған мұнша нәзік асыл ән,

Сезімінің себебі не тасыған?

Жазды ма екен жастар үшін әдейі,

Кешкені ме әлде өзінің басынан?..»

 

«Кімге ғашық болып қалған бұл», - дейді,

Деген жандар бір нәрсені білмейді:

Бір түп алма ағашы да қанша рет

Көктем келсе сонша ма рет гүлдейді.

 

Сүйгендердің сөзі – сурет, үміті - ән,

Ыстық әнмен салқан бойды жылытам.

Сүйе білмеу – жамандардың үлесі,

Махаббатқа үлкен жүрек нұры тән.

 

Түсініңдер жүрек оты маздаса,

Көктем өтер, аялдамас жаз да аса.

Махаббаттың мәңгі жырын ажарлап

Кім жазады егер ақын жазбаса?!

 

 

Күләш Ахметова: «Күн шыққанда күліп оян» кітабынан

Кездеспе, жаным, кездеспе маған еш жерден,

Кездесіп қалма керуендей кезек кештерден.

Кеудеңде қалса сонау күндерден от егер,

Көрсеңде мені көрмеген болып өте бер.

Сенсіз де қанша көктермдер келіп, шықты гүл,

Көшеде көрсең көзіңді тайдыр тік бұрыл.

Кездеспе маған, бәрі де енді кеш, күнім,

Есіме салма өткен күндердің ешбірін.

Онсыз да, жаным, достардың айтқан өлеңі

Зіңді жиі есіме сала береді.

Жастық қызығы жаздағы бұлттай тез көшкен,

Тез көшкендіктен ұмытқан дұрыс, кездеспе!

Кездескенменен,

Алаңсыз сенген аңқау қалпымды таппас ең,

Сондықтан, жаным, сонау күндерді

Жадыңда ғана сақта сен.

Кездескенменен,

Балдырған жүз бен бала мүсінді таппас ең,

Сондықтан, жаным, сонау күндерді

Жадыңда ғана сақта сен.

Елдіңде, жаным, сөзіне сенбе, пенде – олар,

Мен жайлы тіпті, естімегенің жөн болар...

 

Кездесу

Ішілмеді шарап та,

Айтылмады тілек те.

Байқаусызда қарап қап,

Мұң толтырдық жүрекке.

 

Көңіл құсы көзімнен

Ұшты саған қарай тік.

Ортада от сезіммен

Тұрды біреу ән айтып.

 

Мазалайды бізді анық

Амалсыздық, күрсіну.

Екеумізге қызғанып

Қарап тұрды бір сұлу.

 

Сенің көзің көгілдір,

Менің көзім қара еді.

Жайлауында көңілдің

Жалғыз – ақ ой бар еді.

Түсінгенмен не етемін?

О, болмайды, болмайды.

Қиып, құйып кетемін

Көздеріңе мол қайғы.

 

Екеумізді қоспайтын

Жатыр алда жол бөлек.

Алдырып қой тост айтып,

Ай барады дөңгелеп.

 

Таңы мынау өңірдің

Атып кетпей тұрғанда,

Көздеріңе көгілдір

Батып кетепй тұрғанда,

 

Жібер мені. Неге тым

Қарап қалдың? Кеш, рас.

Жағдайды ұқпай келетін

Махаббат та есуас.

 

Бұл ақымақ сезімді

Жеңдірейік ақылға.

Көзіңдегі көзімді

Жоғалтпай жүр мақұл ма?

 

Шықпай ыстық демің де

Тек қолыңды ұсындың.

Есеңгіреп, дірілдеп

Кеткенімді түсіндім.

Қарап тұрып қысылдым.

 

Солқ еткендей жүрегім,

Белгісіз бір екпіннен

Гүлдей болып гүл өңім,

Үнсіз шығып кеттім мен.

 

Ақылдымыз,

Осы рас.

Ісіміздің –

Бәрі ізгі.

Тек махаббат есуас

Жылап қалған тәрізді.

Қандай бақыт тағы да таң атқаны,

Тамылжытып құс әнін таратқаны.

Қандай бақыт жанымда сен тұрғаның,

Бөлмемізді махаббат толтырғаны.

Қандай бақыт өріктер гүлдегені,

Қамығуды, ойлауды білмегені.

Қандай бақыт жылда жаз келетіні,

Қандай бақыт өзіңе сенетінім.

Қандай бақыт жапырақ билегені,

Қандай бақыт басқан сүймегенің

Сіз осы шыныменен білмейсіз бе?

Кезігіп қала берем неге бірдей сізге?


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 354 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)