Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Олыңнан соның бәрі қалай келді?!

Читайте также:
  1. Бір елдің валютасын басқа елдің валютасымен айырбастау қалай аталады?
  2. З балаңыздың иммунитетін күшейтуге, жиі салқын тиюден, аллергия мен поллиноздан құтылдыруға қалай жәрдемдесуге болады?

Күләш Ахметова

Күләш Ахметова: «Арғымақтар Даласы» кітабынан

Май айында майысып өссін құрақ,

Ара жердің қатпарын сөксін бұлақ.

Бәрі болсын!

Сенде жүр аман есен.

Жақсы өмір кеш,

Мен үшін жоқсың бірақ!!!

Жек көре бер,

Айт тіпті өсек мейлің.

Қарсы емеспін жолыңды кесе өтпеймін,

Қатар өмір кешсемде, сөйлессемде,

Сағынсамда сен жоқ деп есептеймін!

Ұмытамын бұрыңғы естігенді,

Бұлттар бұзған әдемі кешкі реңді.

Сен бар деген ұғымды маған, әттең!

Мойындата алмайды ешкім енді!

Арап тұрсам, өмірде бәрі майдан

Жасымауды үйрендім жарық айдан.

Жаның қалмай күтетін сол кездегі

Болмысыңмен табамын сені қайдан?

 

Ақша бұлттың астында шие гүлдеп,

Гүл қауызын самал жел иеді үрлеп.

Гүл қауызы сияқты шөлдеп тұрып,

Бата алмадың айтуға сүйемін деп.

 

Ерте көктем рақат сый ақтарып,

Иығымды иығың сүйеп қалып...

Иіледі ағаштар ал қызыл боп,

Сакураның бұтақтары сияқтанып.

 

Махаббатқа мас болып жүрек керім,

Бас айналып, балқиды сүйектерім.

Алтын жіппен астарлап зердейлі күн,

Ақша бұлттың жұп – жұқа жиектерін.

 

Жабайы алма сияқты шыңға біткен

Жапырақ жайып, жаз келсе, ырғалып мен,

Жайнап, гүлдеп, тербелдім еш уақытта

Сезім кешіп көргем жоқ бір қалыппен.

 

Қайталанбас күндерім, күлкім дағы,

Алтын жазда сезім гүл құлпырғаны.

Күз келгені... Сарғайған жас жүректің

Ыстық жасы, ынтығы, ұмтылғаны.

 

Өкпе, назы, тілегі, тіл қатқаны,

Тату кезі, дауасы жұмбақтары –

Талайлардың ойына ортақ болар –

Бір ғана махаббаттың ырғақтары.

 

Кеудем толып бір сезімге алаулы,

Ашқандай бір аса қызық тарауды.

Өз ойыммен өзім болып жол бойы

Ұмытыппын жан – жағыма қарауды.

 

Қарамаймын, айналамда ісім не,

Өз бақытым – жүрегімде, ішімде.

Түк қайғым жоқ. Жез киіктей жеңілмін,

Түсінбеймін, өңім бе бұл түсім бе?!

 

Айтыңдаршы, мынау қай жер, қай тарап,

Ғашық адам қалай бәрін байқамақ?

Жымиямын өз сөзімнен ұялып,

Күбірлеймін оның сөзін қайталап.

 

От жүргендей тамырларда, денемде,

Айтқан сөзім айналады өлеңге.

Сену қиын бүгін мынау әлемде

Кішкентай бір жамандық бар дегенге.

 

Бәрі тәтті, Тәтті күлкі. Тәтті мұң.

Ойнақтайды кеудемде бір ақ құлын

Қуанғаны қандай жақсы адамның,

Аялдашы, айналайын шаттығым!

 

Бір үміт күтетін ем жасқана алдан,

Жоқ еді маған –

Одан асқан арман.

Ойымда өмір сүрдің,

Сол үшін де –

Алыстау болдым –

Саған басқалардан.

 

Жайымды

Сені ойлаған кезімдегі

Жан білмей,

Қорғап қалды төзім мені.

Түсінсең,

Махаббатым тілімде емес,

Тұңғиық жанымда еді,

Өзімде еді.

 

Қалайша

от сезімнен өртенбегем?

Кеудемде

бір бейне едің көркемделген.

Аңсаған көңіліме

ортақ еді –

Ақ гүлдер

Жапырағын жел тербеген.

 

Тербетіп гүл сабағын

Жел тұрады.

Сен десе,

Көңіл биік талпынады.

Күн нұры

Күллі әлемге төгілгендей

Кеудемді ыстық сезім

Толтырады!

 

Арналар албырт жырым өзіңе әлі,

Біреудің өзі ұнамай, сөзі ұнады.

Өзің де, көзің де ыстық болған соң да

Өзіңе менің қолым созылады.

 

Еске алсам, туған жердің кең даласын,

Бір шың боп тауларға да жалғанасың.

Мен үшін таудай биік, даладай кең

Жалғыз жан дүниеде сен ғанасың!

 

Жүзеді сұрша бұлттар көк төсінде,

Білемін бұлтқа қолым жетпесін де.

Мен бір жан ұмытатын сен дегенде,

Ашуын, реніш, өкпесін де.

 

Жүрекке қалдырыпсың талай белгі,

Араймын сен бе екен деп арайға енді.

Жүректен көкжиекке дейін сенсің,

олыңнан соның бәрі қалай келді?!

 

Өкініш – у,

Өткен күннің сол уы

Солғындатты шаттығымды, күлкімді.

Мүмкін еді бұдан жақсы болуы...

Бұдан жаман болуы да мүмкін-ді.

 

Өз уым – бал,

Басқаныкі жат енді,

Өзімдікі –

Бастан кешкен бар өмір.

Жөндер едім, әттең, кейбір қатемді,

Барлығы да қайталанса және бір.

 

Өмір бірақ, қайталанбас

Шынымен,

Қайталанар қайырмасы әндердің.

Өткен күнге өкінгенше күнімен

Келешекті түзетуді жөн көрдім.

 

Көп нәрсені болады кешіруге:

Кеткенді дүниеге есі мүлде,


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 184 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)