|
18 жастағы жасөспірім ауыз қуысындағы ауру сезіміне, қызыл иегінің қанағыштығына, жалпы әлсіздікке, тәбетінің жоқтығына шағымданады. Ауру 3 күн бұрын жедел дамыған,жалпы әлсіздік және дене температурасы 37,8 С көтерілген. Қарап тексергенде: ұрттың кілегей қабатында, қатты таңдай мен ерінде көптеген майда пішіні тегіс емес,ақшыл-сұр түсті қақпен жабылған, сипап тексергенде ауыратын эрозия анықталды. Қызыл иек жиегінің кілегей қабаты ісінген,қызарған. Қызыл иек бүртіктерін шұқып тексергенде қанайды. Анамнезінде: науқастың айтуынша басында аздап қызарған,ісінген одан кейін майда көпіршіктер пайда болған. Мұндай бөрітпелер бірінші рет пайда болған.
Стоматолог диагноз қойып емдеу барысында бірнеше минут өткеннен кейін науқас ерніндегі кернеу сезіміне және жағымсыз әсерге шағымданды. Ерні көз алдында үлкейе бастады.
Терапиялық стоматология кафедрасының
Меңгерушісі м.ғ.д., профессор Баяхметова А.А.
ЭТАЛОН ЖАУАБЫ: № 20
Диагноз: Жедел герпестік стоматит, ангионевротикалық Квинке домбықпасы
Диагнозды негіздеу:шағымына байланысты,ананмнез және тексеруден және цитологиялық зерттеу әдістерінен
Салыстырмалы диагноз:
1. Басқада вирусты аурулармен (созылмалы қайталамалы герпес,герпангина,аусыл,жалпақ теміреткі)
2. Көптүрлі жалқықты қызарма
3. Аллергиялық құбылыстар
Шұғыл көмек:
4. Аллергенмен жанасуды тоқтату
5. Антигистаминді препараттар қолдану.
1. Қан тамырлардың өткізгіштігін төмендету мақсатында аскорутин қолдану
НАУҚАСТЫ ЖҮРГІЗУ ӘДІСІ:
Жергілікті ем:
1. Жансыздандыру(0,5-1 % анестетик ерітінділері тримекаин, дидокаин)
2. Зақымданған аймақты медикаментозды өңдеу (1 % сутегінің асқын тотығымен,0.002 % калии перманганатының ерітіндісімен, 0.06 % хлоргексидин ерітіндісін – 15 мин.ауызға ванночка қою)
3. Вирусқа қарсы препараттармен аппликация (0,1 % глицирризинді қышқылмен аэрозолді түрін күніне 6 реттен 5 күн)
4. кератопластитермен аппликация (кызыл май, шырғанақ майы А және Е витаминдері майлы ерітіндісі)
5. Физиоем:УФО, ИГНЛ
Жалпы емі:
1. Вирусқа қарсы препараттар (ацикловир 200 мг күніне 5 рет 5-7 күн аралығында)
2. Десенсибилизациялаушы препараттар (хлоропирамин 2% ерітіндісі 2 мл в/в,супрастин 0,025 г по 1 таб күніне 3 рет, тавегил 0,001 г 1 таб күніне 2 рет тамақтан кейін,,,кларитин 0,01 г-дозасы интокцикацияның айқындылығына байланысты)
3. Қабынуға қарсы препараттар (преднизалон 60-120 мг в/в тамшылы,дексазон 8-16 мг в/в,Солпафлекс (ибупрофен) 1-2 капсула (300 - 600 мг) күніне 2 рет, Теноктил (теноксикам), Ксефокам (Лорноксикам) 8 мг 1 – 2 рет күніне)
4. Поливитаминдер (Биовиталь,витрум,ревалид,триовит -1-2 рет күніне 2-3 апта аралығында)
КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ № 21
56 жастағы ер адам тағам қабылдауда, сөйлегенде пайда болған ауру сезіміне шағымданады. Бойындағы созылмалы ауруды жасырады. Ауыз қуысын қарап тексергенде: ауыз қуысы санацияланбаған,35-38 тістер аймағында сапасыз көпір тәрізді протез бар. Тілдің бүйір бөлігінде сол жағында пішіні дұрыс емес, беті некротикалық қақпен жабылған жара анықталды. Жараны сипап тексергенде ауырады, жиегі тығыздау. Анамнезінен: темекі тартады.
Диагноз қойғаннан кейін жараның бетін медикаментозды өңдегеннен кейін, 5 минуттан кейін тыныс алуы қиындап, тілінде кернеу сезімі пайда болып, тілдің көлемі үлкейді. Науқас тұншыға бастады.
Андай жедел жағдай орын алды.
Диагноз қойып, шұғыл жағдайға көмек көрсетіңіз. Стоматологиялық ауруды емдеу жоспарын құрыңыз және салыстырмалы диагностика жүргізіңіз.
Терапиялық стоматология кафедрасының
Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 68 | Нарушение авторских прав