Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Социал-демократиялық идеология.

Читайте также:
  1. Либералдық идеология.
  2. Политическая идеология.
  3. Проблема социальной обусловленности познания. Познание и идеология. Знание и власть

Социал-демократия идеологиясы "демократиялық социализм" идеясын алға тартты. Оның басты құндылыктары — еркіндік, теңдік, әділеттілік және ынтымақтастық. Бұл құндылықтарды, олардың ойынша, экономикалық, саяси және рухани демократия арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Ол аралас экономиканы, мемлекеттік әлеуметтік-реттеу рөлін, саяси өмірді демократиялық түрде ұйымдастыруды талап етеді.

Саяси демократияға мынадай негізгі принциптер кіруге тиіс: адам құқықтары, сөз, ой-пікір, баспасөз, білім алу, ұйымдар құру, дінге сену бостандығы, өзін-өзі басқару және т.с.с. Сонымен бірге мұнда халықтың өз еркімен көңіл білдіруі арқылы бөгетсіз үкіметті бейбіт жолмен алмастыру мүмкіндігі де кіреді.

Қазір социал-демократтар экологиялық қауіпсіздікке, адамды қоршаған ортаны жаңартуға, жандандыруға көп көңіл бөлуде. Олар Еуропадағы әлеуметтік және экологиялық түлеген индустриалды өркениеттілік орнатпақ.

Социал-демократияның Социалистік интернационал деп аталатын халықаралық ұйымы бар. Оған барлық континенттен 70-ке жуық партиялар кіреді. "Социалистік интернационалдың принциптер Декларациясында" (1989) әлемдік мәселелерді шешуге зор көңіл бөлінген. Оларға кіретін басым бағыттар: бейбітшілікті және халықаралық қауіпсіздікті камтамасыз ету, Батыс пен Шығыстың арасындағы қатынастарды жақсарту, колониализм мен нәсілшілдікті жою, жаңа халықаралық экономикалық тәртіпті жасау, қоршаған ортаны сақтау және т.б.

"Демократиялық социализм" тұжырымдамасы Швеция, Австрия, Швейцария, Норвегия және т.б. Еуропа елдерінде табысты іске асуда. Социал-демократиялық партиялар Латын Америкасында, Азияда, Таяу Шығыс елдерінің бірқатарында мықты позицияға ие болып отыр.

64. Тәуке хан заңдары. «Жеті жарғы»- маңызды саяси-құқұқтық құжат. Тәуке хан заңдары – 1684 – 1685 жылдары Тәуке ханның реформашылдық қызметінің нәтижесінде қабылданған құқықтық нормалар жиынтығы. Тәукехан заңдарының құрамына “Жеті жарғы”, билер сотының тәжірибесі (түйінді биліктер, шежірелер), би-батырлардың ынтымағын арттыруға және көршілес елдермен дипломатиялық және сауда-саттық қатынасты нығайтуға бағытталған жазба құжаттар кіреді. Тәуке хан заңдарындағы қылмыстық жәненеке нормалары шариғат негізінде түзілді. Тәуке хан заңдары елеулі өзгерістер әкелді. Хан кеңесі, билер кеңесі, жыл сайын үш жүз батыр-билерінің жиынын шақыру қалыптасты. Рулар арасындағы маңызды дау-шарлар үш жүзге танымал билердің қатысуымен шешілетін болды. Билер тобы хандықты басқаруға, заң шығаруға және соттық қызметке араласты.Барлық ру, тайпалардың ұрандары мен мал-мүлікке арналған таңбалары белгіленді.

Жеті жарғы – Тәуке хан (1678 – 1718) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы. 17-ғасырда қазақ хандығының ыдырау қаупінің тууына байланысты Тәуке хан елдің ауызбірлігін арттыратын шаралар қарастырып, хандық билікті нығайтуға күш салды. Қазақ қоғамының дамуы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет етті. Осы ретте Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолын” одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты. Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бар, Күлтөбенің басында “Тәуке ханның Жеті жарғысы” деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады. Жеті жарғыға сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды. Жаңа заң жүйесі қазақ халқының өмірлік мәселелерін барлық жағынан қамтыды, соның нәтижесінде Тәуке ханның билік еткен тұсы Қазақ хандығының барынша күшейіп, дәуірлеген кезі болды. Жеті жарғыдан кейін арнайы атаулы заң жүйесі жасалмағандықтан және Жеті жарғының өзі талап, тілекті қанағаттандырарлық деңгейде болғандықтан, оның көптеген жол-жобалары мен қағидалары 20-ғасырдың басына дейін қолданылып келді. (Мысалы, бұл қағидаларға Абай да үлкен мән бергені және кезінде өзі жасаған заң жобасында ескергені белгілі.) Жеті жарғы, қазақтың ұлттық шешендік өнеріне сай, негізінен,афоризмдерден, мақал-мәтелдерден, қанатты сөздерден құралған. Бұл жүйені мазмұндық-кезеңдік жағынан “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолына” негізделген және Тәуке ханның өз дәуіріне, саясатына сай енгізілген өзгерістер деп үшке бөлуге болады. Жеті жарғының толық нұсқасы сақталмаған. Кейбір үзінділері К.Шүкірәлиевтің (1804), Я.Гавердовскийдің (1806), А.Левшиннің (1832) жазбаларында кезігеді. Олардан басқа Н.Гродеков, Л.А. Словохотов, А.П. Чулошников тәрізді орыс ғалымдарының зерттеулері мен айтқан ой-пікірлері шежіреші Ә.Қайнарбайұлынан алынған нұсқаға жақын келеді. Аталған нұсқада Жеті жарғының аталуы Тәуке хан енгізген жеті өзгеріске байланысты деген тұжырым жасалынған. Бұл өзгерістерде төрелер мен қожаларға ерекше құқық беру арқылы билікті нығайту мақсаты көзделгені айқын байқалады.

65.Саяси сананың мәні. Саяси сана - өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығы. Яғни, адамдардың саяси өмірді түсініп, сезінуі. Оған ең алдымен қоғамдағы саяси идеяларды, көзқарастарды, мақсат-мүдделерді ұғынуы, саяси билікке қатынасуы жатады. Олар адамның іс-әрекетіне, әр түрлі жағдайда өзін-өзі ұстауына тікелей әсер етеді.

66. ХІХ- ғасырдағы қазақ ағартушылардың саяси көзқарастары (Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев). Өз заманының керемет саясаткерлері, этногроф-ғалым ш.Уалиханов қазақ елінің саяси өміріндегі кейбір мәселелерінің шешімі ұлттық-этникалық жетілуде екенін пайымдаған. Ш.Уалиханов “Сот реформасы жайында хат” атты саяси тұрғыда жазылған еңбегінде қазақтың ел билеу тәжірибесінде маңыздылықтар қатарына мыналарды жатқызады: қазақтың әдет-ғұрып заңын; билеу институтын;халықтық сайлауды әділетті өткізу. Жетілмеген саяси жүйенің қозғаушы күші сол халықтың белсенділігін,білімділігін арттыруда екеніне де баса назар аударды. Бұл идеяны өзінің шығармашылығы арқылы дәлелдеуге тырысады.

Шоқан Азия мен Қазақстан жағдайында халықты аяусыз қанап соның нәтижесінде билеп-төстеушілердің орынсыз баюына жол ашатын нәрсе- олардың қолындағы шексіз билік деп ұқты.Сондықтан халықты қанаудан құтқару үшін байлардың билігін жою немесе тым болмаса олардың саяси үстемдігін шектеп,бұқара халықтың демократиялық құқығы мен бостандығын кеңейтпек болды.Жалпы ол билікті халықтың еркімен шектеуді дұрыс деп санады.
Ғалым сол кездегі қазақ еліндегі тәртіпті өзгертпек болып, қоғамдық құрылысты жаңартудың жолдарын іздеді. Бұл ретте ол революциялық емес, реформалық жолды қалады. Ал реформа жасау үшін халықтың талап-тілегін, мақсат -мүддесін, ұлттық мінез-құлқын жете зерттеу керек деп есептеді.

Ы.Алтынсарин көтерген бастама өз заманындағы ұлттық идеямен парапар болатын.Өйткені саяси күреске,тәуелсіздік алуға дайын емес халықты алдымен сауаттандыру керек екендігін түсінген іс-әрекет еді.Ол адамдарды ойындағы бос қиялдардан арылтып, дүниенің ақиқатына көздерін ашып,шын мәнәнде алға жылжитын,прогрестік жолға түсіруге тырысты.Ыбырай “Қазақ даласындағы жұт жөнінде” деген еңбегіндехалқының болашағы отырықшылыққа көшу және егін шаруашылығымен айналысуда деп атап көрсетті.Бірақ оны өз ықтиярымен біртіндеп істеуге тиіс. Сондықтан көшпелі қазақтарды күшпен отырықшылыққа айналдыруға болмайды деп оған қарсы шықты.

А. Құнанбаевтың “Қара сөздері” түркі халықтарының даналығының бір биігі болатын. Өз халқының әлеуметтік, саяси жағдайына жаны ашыған көрге ақын өз шығармашылығында көп мәселені шешуді мәдениеттен, руханилықтан бастауды тұжырымдайды.Еркіндіктің қайнар көзі халықтың дүниетанымында екеніне назар аударды.
А. Құнанбаев 41-қара сөзінде ұлттың ішкі бірлігін, тұтастығын нығайту үшін мықты үкімет халықты білімге, ғалымға, өнерге, еңбекке тартуға міндетті екенін айтады.Сонымен қатар, үкімет билік басындағы адамның материялдық жағдайының жақсы болғанын қалады.Өйткені, бұл тұжырым биліктегі адам күнделікті күйкі тірліктің мәселелері деңгейінде алаңдамауы қажет деген ойдан туындаса керек.

 

67) Фашистік идеология. Фашизм - [ лат. fascismo, fascio - диктаторлық шыбық будасы, билік белгісі ] - 1919 жылы Италияда пайда болған саяси ағым, I дүниежүзілік соғыстан кейін социалистік қозғалыстың тармақталып, басқа елдерге, оның ішінде Германияға лезде таралып, национал-социализм аталуы.

Фашизмге тән белгілер билікті сакрализациялау, мемлекеттің, оның диктаторлық функцияларының қызметінің күшеюі,демократиялық еркіндіктермен күрес,адам құқының кұрт шектелуі,шовинизм,расизм,экстремистік ұлтшылдық,элитаризм, әскери агрессияға талпыну.

Италияда фашистік партия Б. Муссолинидің басшьшығымен билікке 1922 жылда келді, Германияда ҮСДЖП (ұлтшыл-социалистік жүмысшы партиясы) 1933 жылы сайлауда жеңіп шықты. Елде қанды қырғынмен лаңкестік диктатура орнатқан А.Гитлер Рейхсканцлер болды. Фашизмнің германдық түрі шектен шыққан ұлтшылдығы мен расизмге орай, нацизм деп аталады. Кейінірек фашистік немесе квазифашистік тәртіптер әлемнің басқа да елдерінде пайда болды.

Германияда агрессивті фашизмнің салтанат құруы (нацизмнің), сондай-ақ Ресейдегі (КСРО) агрессивті "социалистік" ("коммунистік") тәртіптің орнығуы Еуропаны және бүкіл әлемді соғысқа жетеледі. Соғыс 1939 жылы күзде басталды, 1945 жылы күзінде антифашистік коалиции күштерінің жеңісімен аяқталды. Фашизм мемлекеттік және әскери күш ретінде талқандалды. Герман фашизмінің (нацизмінің) аса қасіретті қылмысының бірі 6 млн. еуропалық еврейлерді қырғынға ұшыратуы болды (холокост).

Фашистік идеология өміршең болып шықты, оның жаңғырығы бүгінгі XXI ғасырда да әлемнің әртүрлі елдері мен аймақтарында қылаң беруде. Бірқатар елдерде заңдастырылған немесе жартылай занды азшылық, бірақ едәуір елеулі ұлтшылдық, фашистік немесе квазифашистік тұрғыдағы жастар бірлестіктері байқалуда. Бүл қозғалыстардың бір идеологтары "уақыт сынынан әткен" ұлтшылдық, этникалық артықшылық, ксенофобия идеяларына сүйенсе, енді біреулері этникалық геосаясаттың күні әткен идеяларымен қаруланған, үшіншілері күн әткен сайын үдеп келе жатқан жаһандануға қар- сылар қатарын толықтыруға дайын.

 

68. Саяси мәдениетті қалыптастырудың субъектілері және факторлары. Саяси мәдениеттің субъектісі ретіндегі жеке түлға: топ, партия, аймақ, ел, халқы бола алады. Оның бағдары бағытталған объектілер арасында толығымен саяси жүйені, саяси режимді, берілген саяси үрдісті, жеке партияларды, саяси көшбасшыларды, ақырында, субъектінің өзін бөлу қабылданған.
Саяси мәдениеттің нақты қоғамға қатысты басты сипаттамасы болып оның гомогендік дәрежесі болып табылады.Біртексіздік субмәдениеттер және тіпті контрмәдениеттердің басты саяси мәдениет шегінде болуына рұқсат береді. Біртектілік бұған қарсы болып тоталитаризмнің негізгі болады.Саяси мәдениет – динамикалық және сол сәтте жеткілікті интернациялық феномен. Ол өзінің ұстаушылары, жеке тұлғалар және саяси қоғамдастықтармен бірге дамиды. Саяси тәжірибе ұрпақтан-ұрпаққа берілгенде сыртқы өзгерістерге ұшырайды, олардың саяси мәдениеттің қалыптасқан негіздерін күшейтіп немесе оны өзгертеді. Осындай өзгерістерге бірқатар сәттер енеді. Біріншіден, бұл өндіру және тұтыну саласындағы қатынастар динамикасы әлеуметтік құрымының өзгерісіне және әлеуметтік топтардың қажеттіліктерімен қызығушылықтарының өзгерісіне әкеледі. Екіншіден, жаңа тарихи тәжірбиеге ие болу. Саяси мәдениетті түзетін факторларға елдің немесе қоғамның сыртқы шеңбері және олардың ішкі өмірінің белгілі жағдайлары енеді.Басқа факторлар арасында дәстүрлерге мен салттар және бар саяси институттарды бөліп шығарайық. Соңғыларына мемлекет, әскер, шіркеу, іскер шеңберлер, университеттер,бұқаралық ақпарат құралдары кіреді.
70. Демократия ұғымы. Демократия – сөзі (гр. demos – халық және гр. kratos – билік) деген сөздерінен шыққан, яғни халық билігі деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:1.Мемлекет түрі.2.Тендік, сайлау, көпшілік дауыспен шешім қабылдау принциптеріне негізделген ұйымның ұйымдастырылу түрі.3.Қоғамдық құрылымның мұраты.

Әр жерде демократия әртүрлі рең алған. Олар мынандай мемлекетті демократиялық деп түсінген. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік билікті басқаруы. Мұнда конституция билік халықтың қолында екендігіне дәлел болады. Халық жоғары билікке өз өкілдерін сайлау арқылы тағайындап, өзгертіп отырады.Демократия' теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада – заң шығару, оны орындауда, т.с.с. теңдік болады. Демократияда әділеттілік болуы керек. Мұнда да қоғамның барлық саласында әділеттілік болуы тиіс. Демократияда сонымен қатар бостандық,еркіндік болуы керек.Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндікпринциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады.Демократия - алғашында классикалық либерализммен ұқсастырылатын мүдделер, қатынастар, құндылықтар, ережелер, идеялар мен концепциялардың кешеніне негізделетін қазіргі кездегі қоғамның өзін-өзі саяси ұйымдастыруының негізгі түрлерінің бірі, халық билігі. Демократия теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада – заң шығару, оны орындауда, т.с.с. теңдік болады. Демократияда әділеттілік болуы керек. Мұнда да қоғамның барлық саласында әділеттілік болуы тиіс. Демократияда сонымен қатар бостандық, еркіндік болуы керек. Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады.

71.Саяси мәдениет функциялары:реттеушілік,ықпалдастық,танымдық, коммуникативтік,тәрбиелік және т.б. Саяси мәдениет қоғамның саяси практикасына айтарлықтай ықпалын тигізеді. Шынайы саяси практика саяси қатынастар субъектілерінің өзара әрекетімен сипатталынады, онда соңғысы белгілі бір рөлдер мен функциялар атқарады.

Ықпалдастық– 1) жүйенің жекелеген сараланған бөліктері мен атқарымдарының байланыстылық қалпын, күйін, организмнің тұтас нәрсеге айналуын білдіретін ұғым; сондай-ақ осындай күйге жеткізетін үдеріс немесе әрекет; 2) ғылымдардың саралану үдерісімен қатар жүретін жақынд

Танымдық — (таным әрекеті, танырлық, танылатын, танып білерлік) танылатын үрдіс; танымдық қызығушылық — ғылым жаңалықтарын; қоғамда болып жатқан өзгерістерді танып білуге деген қызығушылық. Танымдық есеп — жаңа білім іздеуге, оқудағы байланыс, дәлелдерді белсенді пайдалануға түрткі болатын оқу тапсырмасы. Танымдық есеп жүйесі бүкіл оқыту процесінде оқудың мазмұны мен іс-әрекет амалдарын біртіндеп күрделілендіре беретін бірізділікке негізделеді. Сондықтан мұғалім оқушының білімді меңгеруімен қатар, оның оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру жағына да баса назар аударуы керек.

72.ХХ-ғасыр басындағы Қазақстандағы саяси ойлар.(Ә.Бөкейхановтың, А.Байтұрсыновтың, М.Дулатовтың, М.Шоқайовтың, М.Тынышпаевтың, Х.Досмухамедовтың,Т.Рыскуловтың саяси ойлары). Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақтың өкпесі» атты мақаласында мынадай жолдар бар: «…Ата жолдасы надандық, өнерсіздік қазір қазақтан айырылатын емес. Надандықтың кесепаты әр жерден-ақ маңдайымызға тисе де, ата жолдасымыз болған соң, біз де қиып айрылмай келеміз…Жоқты барға теңгерген ғылым мен өнерді керек қылатын қазақ аз…». Осы ғылым мен өнерді керек қылатын «қазақтардың» көбеюі Ахмет Байтұрсынұлының ойынша, халықты тығырықтан шығаратын сара жол болып табылады. А.Байтұрсынұлы РКП(б) қатарына өтерінде: «…азат етілген қазақ халқы қаналған адамзаттың бүкіл басқа бөлігімен бірге ғана, яғни дүниежүзілік революция, дүниежүзілік федерация арқасында ғана бақытқа жете алады» деп жазды.А. Байтұрсынұлының көрегендікпен айтқан тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құру арқылы ғана бақытқа жететіндігі туралы саяси-құқықтық идеясы бүгінгі таңда шындыққа айналып отыр. Өздерінің өмірі мен іс әрекеттерін халқына арнаған осындай ұлтжанды азаматтарды ешқандай да саяси режимнің тетіктері тоқтата алмады. 1924 жылдың 5-10 қаңтар аралығында өткен Кеңестердің Бүкілқазақтық IV съезінде Н.Нұрмақов ҚАКСР Конституциясының жобасы жайлы баяндама жасады.Саяси-құқықтық ойларын бір жүйеге тұжырымдап, талдап мемлекеттің нығайып дамуын болжап, қандай саяси шешімдер қабылдау керегін түсініп айқындаған.Осы кезеңде идеялар алмасудың алғашқы түрлері пайда болып, төменнен партия немесе саяси қозғалыс құру қажеттігі туралы ортақ көзқарастар жинақталды. Ресейдегі саяси жағдайдың күрделеніп көп партиялардың қалыптасуының әсерінен, қазақ елінде де «Кадеттер мен эсерлер» партиясы, «Алаш» партиясы және «Үш жүз» партиясы құрылды. Тәуелсіздік алған жылдарында Қазақстанның Социалистік партиясы, Қазақстанның Халық конгресі партиясы, Қазақстанның Коммунистік партиясы, Қазақстанның Республикалық партиясы, Қазақстанның Республикалық Еңбек саяси партиясы, Қазақстанның Халық бірлігі партиясы, Республикалық социал демократиялық «Отан» партиясы, Қазақстанның Республикалық Халықтық партиясы т.б. партиялар құрылып тәуелсіздіктің нығайуына ықпал жасады.


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 1039 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)