Читайте также: |
|
Баға қою саясаты.
Жалпы баға курсқа қатысқаны үшін білімін бақылаудың мынадай құрамынан тұрады: жоғарыда айтылған түрлер, оған белсенді түрде қатысу, аудиториялық сабақтарға келу.
Курстың саясатына сабақ беруге қажеттілігі бар мынандай ұсыныстар тізімі енгізіледі:
1. Сабақтың барлық түрлеріне белсенді түрде қатысу;
2. Оқылатын проблемаға творчестволық түрде келу;
3. Ойлауды аналитикалық түрде дамыту.
4. Оқыту бағытына бұрыннан қалыптасқан стереотипті, идеологияны, кертартпалықты және кейін шегінушілік дәстүрлерді, көзқарасты әділдікпен қарап шешу;
5. Бүгінгі ғылыми және инструменталды әдістемені тәсілді қолдана білу;
6. Тәртіптілік, ұқыптылық, мұқияттылық.
Лекциялық конспектісі
Кіріспе
Қазақстан банкілері көп мөлшерде кредиттік-депозиттік, ал деңгейде есеп айырысу операцияларына бағытталған. Қазақстан банкілерінің таза пайыздық табысы комиссиялық табыстардан есе артық. Біздің банкілерге қарағанда ірі батыс банкілері кредиттік-депозиттік операциялардың пайыздық табыстарымен салыстырғанда есеп айырысу операциясынан түсетін комиссиялық табыстың көп бөлігін алады. Бұл банк бизнесінің табысын айтарлықтай арттырып, тәуекелді төмендететін, банкілерді біршама тұрақтандырады.
Тақырыптың өзектілігі. Банк жүйесі арқылы 60 % -дан астам көтерме ақша айналымы және 1% бөлшек айналымы жүргізілді. Банкілік есепшоттар бойынша анықталатын қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар міндетті түрде құжаттарды дайындауды талап етеді. Қолма-қол есеп айырысуға құжат дайындау объективті түрде тән емес, ол мемлекеттік нормалармен анықталған. Қолма-қол есеп айырысу басым болған жағдайда экономика біршама айқын, әрі оны басқару жеңіл болады. Сондықтан салық әкімшілігі мен бюджеттік қаржыны тиімді жұмсауда қолма-қол есеп айырысудың артықшылығы айқын байқалады.
Жеке ақша айналымынды төлем жүйелері тиімді болу үшін, қазіргі заманға сай электронды технологияларды пайдалануда шынайы экономикалық нәтижеге қол жеткізу үшін төлем жүйелерін ұйымдастыруды қайта қарастыру қажет.
Төлем жүйелерінің технологиясын, ақша айналымының тенденцияларын және клиенттердің мүдделерін ескере отырып, банкілердегі есеп айырысу қызметтерінің модельдерін жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстарды қарастыруға болады.
Қолма-қол ақшасыз ақша айналымы басым кәсіпорындар, әсіресе ірі ашық акционерлік қоғамдар тиімді жұмыс істейді. Соңғы жылдары Қазақстанның ірі кәсіпорындарында қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың маңыздылығы артып келеді. Бұған қолма-қол ақша айырысудың орнына жалақы беретін карточкалық жобалар мен офшорлық банкілердің кең танымалдығы айғақ болады. Ірі кәсіпорындар салық органдарының ашықтығына қарамастан, қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың үлесін арттыруда. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу электронды технологиялардың жаппай таралуына дейін пайда болады. Қағазды құжат айналымы мен төлем құжаттарын қолмен өңдеу басым болған жағдайда қолма-қол ақшасыз төлем жүргізудің тарифі өте жоғары болады. Қазіргі таңда электронды технология қолма-қол ақшасызтөлемдердің шығынын бірнеше есеге дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл жағдай кәсіпорындардың ірі төлемдері бойынша ғана емес, сондай-ақ халықтың орташа төлемдері бойынша да қолма-қол есеп айырысуға қарағанда қолма-қол ақшасыз есеп айырысу тиімді жасайды.
Ақша айналымында қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үлесінің артуы айналымдағы шығынның төмендеуі мен айналым құралдарына сұраныстың азаюы есебінде экономика Жалпы ішкі өнімнің 2% -ға дейін өсуін қамтамасыз етеді. Төлем жүйесі технологияларының жетілуіне байланысты бухгалтерлік есеп пен салық әкімшілігін автоматтандыру саласында, бюджеттік қаржыны жұмсауда, мемлекеттік статистикалық бақылауда, орташа топтың қор рыногына жаппайц шығуында электрондық коммерцияның инфрақұрылымы мен т.б. түбегейлі жаңа шешімдерге қол жеткізуге болады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының төлем нарығындағы жағдайы сандық сипаттамамен ашылып көрсетіледі. Мәліметтер Ұлттық банкінің жылдық есебі негізінде келтірілген. Сондай-ақ бүгінгі таңда орын алып отырған мәселелерге баса назар аударылған.
Қолма-қол ақшасыз есеп айрысудың ерекшелігі айқын, алайда тақырыптың өзектілігі тек осы ерекшеліктердің теориялық аспектісінде ғана қалып қоймайды. Қазақстан банкілері клиенттер арасында төлем қызметіне сұраныстың аздығынан немесе салық әкімшілігіне байланысты төлем қызметінен түскен табысты толығымен ала алмайды. Көп жағдайда төлем қызметіне деген сұраныстың аздығы төлем жүйелерінің технологиялық деңгейінің төмендігі және сапасының нашарлығымен түсіндіріледі.
Дата добавления: 2015-12-07; просмотров: 153 | Нарушение авторских прав