Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

НАУҚАСҚА КӨМЕК КӨРСЕТУ

Мақсаты: емдік: жедел көмек көрсету, тыныс жолдарына құсық түспеудің алдын

алу

Дайындаңыз: сүлгіні, лотокты, шылапшынды, электросорғышты, алмұрт тәрізді баллонді, клеенканы, шпательді, қайнатылған суды, салфетканы, стаканды, қақпағы бар таза құрғақ қақпағы бар банканы.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Дәрігерді шақырыңыз.

2.Дәрігер келгенге дейін науқасты қырына жатқызыңыз, егерде бұл мүмкін болмаса, онда оның қалпын өзгертіңіз (құсық тыныс жолдарына түспеу үшін) басын кырына қарай бұрыңыз.

3.Жастықты алыңыз. Алмалы-салмалы тіс протездерін алып тастаңыз (егерде олар болса).

4.Науқастың мойнын және кеудесін сүлгімен жауып, ауыз бұрышына құсыққа арналған бүйрек тәрізді лотокті қойыңыз.

5.Ауыз және мұрын қуысынан құсықты электросорғышпен немесе алмұрт тәрізді баллоншамен сорыңыз.

6.Әрбір құсқаннан кейін, науқастың ауызын қайнатылған сумен шайып, салфеткамен сүртіңіз.

7.Құсықты қарап, зертханаға зерттеуге жіберіңіз, зерттеу мақсатын көрсетіңіз.

ТЫНЫС АЛУ ЖОЛДАРЫНЫҢ ӨТКІЗГІШТІГІН

НАУҚАСКА ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Бұл алғашқы реанимациялык шаралар, көбінесі барлық жүрек-өкпе реанимациясын жетістік қамтамасыз етеді.

Тілдің артқа қарай түсіп кетуі, бөгде заттармен бітелуі тыныс алу өткізгіштігінің бұзылу себептері болады. Ең жиі себеп - науқастың ес-түссіз жағдайына жұтқыншақтың артқы кабырғасына қарай тіл түсіп кетеді. Осы жағдайда төменгі жақ сүйек пен мойын бұлшық еттерінің жиырылу қабілеті жоғалып, жұтқыншақтың артқы қабырғасының тілдің түбірін көтереді. Тіл өзінің ауырлығымен жұтқыншақтың артқы қабырғасына түседі және дем алған уақытында қақпаша сияқты, дем алғанда ауаны өткізбеуі мүмкін.

Зардап шегушінің ауыз қуысын қарау

Ауыз қуысында бөгде заттар (қан, шырыш, құсық қоспасы, тамақ қалдықтары және т.б.) болса, онда ауыз қуысын және жұтқыншақты тазарту (босату) қажет:

- зардап шегушінің басын оң жақ қырына бұрыңыз, сол қолдың үлкен саусақпен төменгі алдыңғы тістерді, ал 2 (сұқ) саусақпен -жоғарғы тістерді басыңыз;

- ауызын ашыңыз;

- алмалы-салмалы тістерін алыңыз;

- оң қолдын 2 (сұқ) және 3 (ортаңғы) саусақтарын алдын ала орамалмен, сүрткілермен немесе басқа матамен орап алып (бұл жоғарғы тыныс жолдарының толық ашылуына себепкер болады) немесе электросорғыш көмегімен ауыз қуысын мұқият түрде тазартыңыз;

- зардап шегушінің өкпесіне 3-5 дем беруді жасап, кеуде торы экскурсиясы бойынша тыныс жолдарының өткізгіштігіне көзіңізді жеткізіңіз.

КПЕНІҢ ЖАСАНДЫ ВЕНТИЛЯЦИЯСЫН

АУЫЗДАН АУЫЗҒА» ЖАСАУ ӘДІСІ

Мақсаты: кұтқарушыдан (реаниматордан) деммен шығатын ауаны зардап шегушінің өкпесіне енгізу.

Қолдану көрсетілімдері: клиникалық өлім (П. Сафардың ұш қүрамды әдісін қараңыз).

Іс-әрекег алгоритмі:

- бір қолдың алақаны қырымен мандайын баса отырып, зардап шегушінің басын шалқайтылған қалыпта ұстаңыз;

- осы қолдың үлкен (I) және сұқ (II) саусақтарымен зардап шегушінің мұрнын қысыңыз;

- екінші қолыңызбен иекті басыңыз зардап шегушінің ауызы ашылады, ауызына орамалды немесе салфетканы жабыңыз;

- терең демді ішке алыңыз, өзіңіздің ерінінізбен зардап шегушінің еріндерін тығыз және саңылаусыз қамтып алыңыз, салфетка арқылы өз өкпеңіздегі барлық ауаны зардап шегушінің тыныс жолдарына жігерлі үрлеңіз, сонан соң өзінің басын қырына бұрады, ауызынан алғанда пассивті дем шығарылуы болады. Кеуде торы көтерілуі қажет. Келесі демді ішке алуды зардап шегушіге кеуде торы түскенде және алғашқы қалыпқа келгенде жасалады.


Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 178 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)