Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сеппе (присыпка) дӘріні сыртҚа Қолдану

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: баздануда, тершеңдікте теріні құрғату.

Қажеттілерді дайындау: сеппені, сүлгіні немесе сүрткіні, суды, қолғапты.

Іс-әрекег алгоритмі:

1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

2. Дәрігердің тағайындауына сәйкес, сеппенің жарамдылығын тексеріңіз. (атын, сақталу мерзімін оқыңыз).

3. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Науқасқа ұнтақ дәрі туралы мәліметті айтыңыз.

4. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз.

5. Науқастың ұнтақ себетін терісі аймағын жылы сумен жуып, сүлгімен (сүрткімен) сүртіп құрғатыңыз.

6. Сеппесі бар ыдыстың түбін жоғары қаратып төңкеріп, сілкіген қозғалыспен бір қалыпта терінің қажетті бетіне ұнтақты себіңіз (теріге «опа» жаққандай).

7. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

ПЛАСТЫРЬДІ (ЖАБЫСҚАҚ ДӘРІЛІК ҚЫЗДЫРҒЫШТЫ) САЛУ

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: құяң, невралгия, миозит, бұлшық еттің қабынуы, тері мүйізгегі.

Қарсы көрсетілімдері: тері аурулары, аллергиялық дерматит.

Қажеттілерді дайындау: дәрілік пластырьді, қайшыны, мақта немесе дәке шариктерін, лотокті, пинцетті, антисептикалық ерітіндіні.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

2. Дәрігердің тағайындауына сәйкес, пластырьдің жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін оқыңыз, оның сыртқы түрін бағалаңыз).

3. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз. Науқасқа пластырь туралы қажетті мәліметті беріңіз.

4. Гигиеналық деңгейде қолға тазартуды жүргізіңіз. Қолғапты киіңіз.

5. Науқастың терісін антисептикалық ерітіндінің бірімен немесе сабынды сумен тазартыңыз оны құрғатып сүртіңіз, түкті шашы болса - қырыңыз.

6. Пластырьді қажетті көлемін қайшымен қиыңыз. Пластырьдегі қорғаныш жұқа қабықты ашыңыз.

7. Науқастың терісінің үстіне пластырьді салып, аздап қана басыңыз.

8. Пластырьді алар алдында шетін спиртпен сүртіңіз, оны шаштың өсу жолы бойымен ақырындап алып тастаңыз.

Ескерту:

- пластырьді 2 тәулік бойы алуға болмайды, егерде қатты тітіркендіруі сезілмесе;

- пластырь қатты күйдірсе, оны алып, сол жердегі теріге вазелин жағыңыз.

ЖЕКЕ ИНГАЛЯТОРДЫ ҚОЛДАНУ

Мақсаты: емдік, науқасқа өз-өзіне қолдануын үйрету.

Қолдану көрсетілімдері: қан айналу және тыныс алу органдары ауруларында дәрігердің тағайындауымен.

Қажеттілерді дайындау: аэрозольді ингаляторды, оның сақталу мерзімін тексеріңіз.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара жүргізу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

2. Науқасқа өз-өзіне ингаляторды қолдануын үйрету.

3. Науқасқа отыру немесе тұру қалпын жасаңыз.

4. Баллоншаның мундштугінен қорғаныш қалпағын ашыңыз.

5. Баллоншаны аэрозольмен жоғарғы жағын төмен қаратып бұрып, бірнеше рет жігерлі сілкілеңіз.

6. Науқасқа асықпай ауыз арқылы терең демді шығаруды сұраңыз.

7. Баллоншаны аэрозольмен қолыңызға алып, ауызға жақындатып, баллоншаның мундштугін еріндерімен қамтып ұстап, басын сәл артқа қарай шалқайтуын сұраңыз.

8. Науқастан терең дем алуын сұрап және бір мезетте баллоншаның түбін тығыз басыңыз - осы мезгілде ауыз қуысына дәрінің дозасы аэрозольді түрінде түседі.

9. Науқасқа аэрозольді ішке тартып, 10-12 секунд демін ұстауын сұраңыз. Ауызынан мундштукті шығарып, сосын науқас ақырын мұрын арқылы демін шығарады.

10.Баллоншаның мундштугіне қорғаныш қалпағын кигізіңіз.

Ескерту:

- аэрозольмен дем алғанда клапанның шашырататын басын 1 реттен артық басуға болмайды;

- аэрозольдің дозасын дәрігер анықтайды.


Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 480 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)