Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

ЗӘР ҚАБЫЛДАҒЫШТЫ БЕРУ

Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, науқастың физиологиялық бөліп шығаруларын қамтамасыз ету, зәр бөліп шығаратын жолдардың төменнен жоғарыға көтерілетін жұқпалы ауруларының алдын алу.

Қолдану көрсетілімдері: қатаң төсек және төсек тәртіптерінде жатқан науқастарға қуықты босату кезінде колданылады.

Қажеттілерді дайындау: зарарсыздандырылған зәр қабылдағышты, клеенканы, жаялықты, дәке салфеткасын, резеңкі қолғаптарды, кермені, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

2.Науқас кереуетінің жанына кермені қойыңыз.

3. Науқастың жамбасының астына клеенканы, содан кейін жаялықты төсеңіз.

4.Гигиеналық деңгейде қолыңызды жуыңыз, қолғапты киіңіз.

5.Көрпені қайырып тастаңыз, науқастың аяқтарын тізесінен бүгіп, сандарын екі жақка алшақтатуын өтініңіз. Егер ол осыны өз бетімен істей алмайтын жағдайда болса, онда оған көмектесіңіз.

6.Оң қолыңызға зәр қабылдағышты алыңыз және оны науқастың аяқтарының арасына қойыңыз.

7.Сол қолыңызға дәке салфеткасын алыңыз,онымен науқастың жыныс мүшесін ораңыз.

8.Жыныс мүшесін зәр қабылдағыштың тесігіне енгізіңіз, дәке салфеткасын алып тастаңыз.

9.Науқасты көрпесімен жабыңыз және оны жалғыз қалдырыңыз.

10.Зәр қабылдағышты, жаялықты, клеенканы жинаңыз. Науқастың үстін жауып, кермені жинап алыңыз.

11.Зәр қабылдағышты зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

12. Қолданылған дәке салфеткасын, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

12.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

ДӘРЕТ ЫДЫСЫН, ЗӘР ҚАБЫЛДАҒЫШТЫ ЗАРАРСЫЗДАНДЫРУ

/ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУ/

Мақсаты: инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, санитарлық­-эпидемиологиялық режимді сақтау.

Қажеттілерді дайындау: қорғаныс киімді, қолданылған зәр қабылдағышты, дәрет ыдысын, ҚР рұқсат етілген дезинфекциялық ерітіндіні, белгі қойылған ыдыс қақпағымен, жуғыш ерітіндіні, қолды өңдейтін антисептик.

Міндетті жағдайлар: дәрет ыдысын және зәр қабылдағышты қолданғаннан кейін бірден зарарсыздандыру /дезинфекцияланады/.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Қорғаныс киімді киіңіз (халат, алжапқыш, бетперде).

2. Қолыңызға қолғапты киіңіз.

3. Дезинфекциялық ерітіндіге арналған қақпағы тығыз жабылатын және белгі қойып ыдыс дайындаңыз. Ыдыстың белгісінің дұрыс толтырылғанына көз жеткізіңіз: ерітіндінің атауына, құрамына, қолданылу мақсатын.

4. Ыдысқа қажетті көлемдегі ерітіндіні құйыңыз.

5. Белгіге дайындалған ерітіндінің атауын, концентрациясын, күнін, дайындалған уақытын, дайындаған қызметкер тегін жазыңыз.

6. Дәрет ыдысы мен зәр қабылдағыштағы бөліндіні дәретханаға төгіңіз, ыстық сумен шайыңыз.

7. Қолданыстан кейін бірден зәр қабылдағыш пен дәрет ыдысын дезинфекциялық ертінді құйылған ыдысқа батырыңыз, ерітінді көлемі 5-10 см жоғары болсын.

8. Алжапқышты зарарсыздандырңыз.

9. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

10. Дезинфекциялық ерітіндінің проценттік көрсеткіші мен экспозиция уақыты бойынша ұстаңыз.

11. Таза қолғапты, алжапқышты киіңіз.

12. Зәр қабылдағыш пен дәрет ыдысын шығарып, ыстық ағынды су астында шайыңыз.

13. Арнайы белгі қойылған сөреге қойып кептіріңіз, құрғақ жерде сақтаңыз.

14. Қорғаныс киіміңізді шешіп, қолыңызды жуып кептіріңіз.

Ескерту: ауыр халдегі науқастардың төсек жаныныда орындықта үнемі таза дәрет ыдыстары болуы тиіс.


Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 751 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)