Читайте также: |
|
(екі адам орындайды, пациент көмектесе алады)
Келесі тасымалдау үшін пайдалану.
• Пациентке шаранын орындалуын түсіндіріп, айтылғанды оның түсінгеніне көз жеткізіңіз және орындауға келісімін алыңыз.
• Пациент жағдайын және айналадағы жәйттерді бағалаңыз.
• Кереует тежегішін бекітіңіз.
• Кресло-каталканы пациенттің аяғы тұсына қойыңыз.
• Мүмкіндігінше кереуетті кресло деңгейіне дейін төмендетіңіз.
• Бір медбике кресло-каталка артында тұрады да, оны аяқ тірегіші жерге тигенше еңкейтеді.
• Екініші медбике (көмекші) аяқтарын 30 см-дей алшақтатып, тізелерін бүгіп,
• кереуетте аяғын төмен түсіріп отырған пациентке қарсы тұрады.
• Пациенттен медбике белінен ұстап, иығынан сүйемелдеу ұсынылады.
• Пациент аяқтары жерге тигенше (аяқ киімі таймайтын) кереует шетіне қарай тарту керек (2.29 а-сурет).
Пациентті кереуетте аяғын төмен түсіріп отырған
қаппынан кресло-катапкаға ауыстыру
• Бір аяғы пациент тізелері арасына, екіншісі қимыл бағытына қойыңыз.
• Пациентті «құшақтау» қалпында қысып ұстап, жұлқымай және бұрылмай біртіндеп көтеру керек. Пациенттің қолтығынан қыспаңыз!
• Оны ескертіп, «үш» деп санағанда, оған тұруға көмек беріңіз.
• Санай отырып сәл теңселу керек.
• «Үш» деп санағанда пациентпен бірге кресло-каталка арқасы тұсына келгенше бұрылып, оны аяғынан тұрғызыңыз.
• Каталка шетіне тигенде пациент сізді ескертуін сұраңыз.
• Пациентті кресло-каталкаға отырғызып: өз тізеңізді бүгіп, онымен пациент тізесін тіреп; арқаны түзу ұстаңыз. Пациент кресло-каталканың шынтақтығына қолын қойып, сізге көмектесу тиіс.
• Креслоға отырғанына көз жеткізген соң, пациентті босатыңыз.
• Пациентті креслоға (отырғышқа) жайлы отырғызыңыз.
• Қажет болса, пациентті тасымалдауға тежегіштен шығарыңыз.
ПАЦИЕНТТІ КЕРЕУЕТТЕН ОТЫРҒЫШҚА (КРЕСЛО-КАТАЛКАҒА) АУЫСТЫРУ,
ЕКІ НЕ ОДАН ДА КӨП АДАМ «ИЫҚТАН КӨТЕРУ» ӘДІСІМЕН ОРЫНДАЙДЫ,
(пациент отыра алады, бірақ өздігінен жүре алмайды)
• Пациентке шаранын орындалуын түсіндіріп, айтылғанды оның түсінгеніне көз жеткізіңіз және орындауға келісімін алыңыз.
• Кереует қасына отырғыш қойыңыз, айналадағы жәйттерді бағалаңыз.
• Пациентке кереует шетіне таман аяғын төмен түсіріп отыруға
• көмектесіңіз.
• Пациент бетіне қарап екі жағынан түрегеп тұрыңыздар.
• Екі мейірбике де қолдарын пациент саны астына жіберіп, бірін-бірі «білезіктен ұстау» әдісімен /2.10 суретті қараңыз/ сандарды сүйемелдей ұстаңыз.
• Екі медбике де иықтарын пациент иығының астына тірейді, ал ол қолдарын медбикелердің арқасына қояды.
• Бос қолды шынтақтан бүгіп, онымен кереуетке тірейді.
• Аяқтары алшақ, тізеден бүгілген.
• Медбикенің бірі басқарады.
• «Үш» деп санағанда тізелерін және шынтақтарын жазып түрегелгенде, пациентті көтереді.
• Бос қолымен отырғышқа (кресло-каталкаға) жеткенше пациентті арқасынан сүйемелдеңіз.
• Медбикенің әрқайсысы сүйемелдеген қолдарын креслоның шынтақ тіреуішіне не отырғыш арқалығына қояды, тізесі мен шынтағынан бүгіп пациентті отырғышқа жайлы отырғызыңыз.
• Пациентті бірге бір сәтте отырғызғаныңызға көз жеткізіңіз.
• Отырғыш кері шалқаламауы керек: медбикенің біреуі отырғыш арқалығын сүйемелдейді.
• Пациентті отырғышқа қолайлы жайғастырыңыз.
ПАЦИЕНТТІ КЕРЕУЕТТЕН ШЫНТАҚ ТІРЕУІШІ, НЕ АРҚАЛЫҒЫ ЖОҚ
Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 186 | Нарушение авторских прав