Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Шығынның шығыстан айырмашылығын

Шығын – 1. белгілі бір мақсатта пайдаланылған ресурстардың ақшалай баламмен көрсетілген шамасы; бірлестіктердің кәсіпорындардың, ұйымдардың өнімді өндіруге (жұмыстарды орындауға‚ қызметтерді көрсетуге), айналысқа жіберуге және өткізуге ақшалай нысанда жұмсаған шығыстарының жиынтығы.

Экономикалық мазмұнына қарай былайша топтастырылады:

· материалдық шығын (қайтарылма қалдықтар шегеріп тасталады)

· еңбекақыға жұмсалатын шығын

· әлеуметтік мұқтаждарға аударым

· тозымпұл (амортизация)

Өндірілген өнімнің босалқы қорлары өзіндік құн бойынша бағаланады. Бұл орайда өнімнің өзіндік құнына кіретін шығын мен есепті кезеңнің шығыны айқындалады. Өнімнің өзіндік құнына негізгі материалдарға жұмсалған шығын, еңбекақы төлеуге жұмсалған шығын және өндірістік үстеме шығын енгізіледі. Негізгі материалдар – нақты өнім түрін өндіруге тікелей жұмсалған материалдар.

· Еңбек шығыны еңбекке ақы төлеуге жұмсалған шығыннан құралады, ол нақты өнімге жатқызылуы мүмкін.

· Өндірістік шығын – өнім өндіруге тікелей жұмсалған шығын, жұмсалған уақытына қарамастан есепті кезеңдегі өнімнің құ-нына енгізіледі.

· Бейөндірістік шығын – әкімшілікті ұстауға, өнімді өткізуге жұмсалатын шығын, есепті кезеңнің шығысына жатады және жұмсалған есепті айында көрсетіледі.

· Өндірістік үстеме шығынға тозымпұлдық аударым; жалға төленетін төлем жатады, бұл ресурстар өнімді сатудан кейінгі шығын қатарына көшіріледі.

· Өнімнің толық өзіндік құны – тікелей шығын (өнімді өндіруге, жұмыстарды орындауға‚ қызметтерді көрсетуге) байланысты жұмсалған шығыстар: шикізат‚ материалдар‚ өндірістік қызметкерлер құрамының жалақысы‚ т.б. мен оның үлесіне жатқызылатын жанама шығынының (өнімнің барлық номенклатурасын өндіруге, жұмыстарды орындауға‚ қызметтер көрсетуге байланысты жұмсалған және пайыздық арасалмақта бөлу арқылы өзіндік құнға енгізілетін шығыстар, ғыстар, жалпы цехтық шығыстар‚ жабдықты күтіп ұстауға және пайдалануға ұсталған шығыстар‚ т.б.) қосындысы.

· Тұрақты шығын – өндірістің көлеміне тәуелді емес жанама шығыстар (әкімшілік және басқару шығыстары‚ т.б.);

· ауыспалы шығын – шамасы өндірістің көлеміне тәуелді тікелей шығын Өзіндік құнға тек тікелей шығын мен ауыспалы үстеме шығын ғана енгізіледі‚ қалған шығын жалпы табысқа көшіріледі және өнімнің өзіндік құнына енгізілмейді;

2. өнімді өндіруге жұмсалатын ағымдағы шығындар (өзіндік құн, бұған қоса негізгі капиталдың тозымпұлы), өндіріске не оның айналысына ұсталған шығын (сауда, көлік шығындары мен басқа да шығындарды қоса), айналысқа ұсталған шығын. Экономика ғылымында шығынды жеке меншіктік шығынға (өндірушінің немесе тұтынушының белгілі бір игілікке немесе әрекет, қызметке жұмсаған шығыны) және қоғамдық шығынға (жалпы қоғамға жатқызылатын) бөлу қабылданған. Экономикалық қызметті талдау кезінде нақты шығынмен қатар жүктелме шығын (өндіріс, ресурс факторларын неғұрлым тиімді пайдалану мүмкіндігінен айрылып қалу) да ескерілуге тиіс. Шығын әдетте толық шығын, жиынтық (қосындылы) шығын (мысалы, бір тоқсандағы, бір жылғы), жеке-дара шығын (қаралып отырған өнімнің бір өлшеміне шағып есептегендегі) түрлеріне бөлінеді. Бұлардың әрқайсысы өндірістің көлеміне байланысты емес тұрақты шығынға (үймереттер мен жабдықтарды ұстауға жұмсалатын шығыс, басшы қызметкерлерге айлық ақы, сақтандыру жарналары көрсетілетін коммуналдық қызметтер, жалға төленетін төлемдер, т.б.) және өнімнің немесе сатудың көлеміне орай өзгеріп отыратын ауыспалы шығынға (материалдар мен шикізаттарды сатып алуға, кесімді ақыға істейтін жұмыскерлердің, қызметкерлердің жалақысы, сату алдындағы және сатудан кейінгі көрсетілетін қызметтер, кеден бажын төлеу, т.б.) ажыратылады. Тұрақты шығын, тіпті өнім шығарылмаса да төленіп тұрады. Әрбір қосымша өнім өлшемін өндіруге жұмсалатын қосымша шығынды шекті шығын деп атайды.[1][2]

Шығын көрсеткіштерінің халықараралық тұрғыда танылып, таңбаланған кейбір стандарттық көрсеткіштері қабылданған, олар:

· МС (margіnal cost) – шекті шығын;

· АС (average cost) – орташа шығын;

· FS (fіxed cost) – тұрақты шығын;

· VC (varіable cost) – ауыспалы шығын;

Тиісінше:

· AVC – орташа ауыспалы шығын

· SMC (short-run margіnal cost) – қысқа мерзімді ауыспалы шығын

· SAC – қысқа мерзімді орташа шығын

· LAC (long-run average cost) – ұзақ мерзімді шығын

· LMC – ұзақ мерзімді шекті шығын

Шығыс – кәсіпорынның шаруашылық қызмет барысында қаражатын (капиталын) азайтатын немесе міндеттемелерін көбейтетін жұмсаған немесе ұстағаншығыны, яғни есепті кезеңде азын-аулақ ақшалай қаражаттың жұмсалуы нысанына немесе активтердің тозуы мен істен шығуы немесе меншікті капиталдың азаюына апарып соқтыратын міндеттемелердің салдарынан пайда болады. Салықтардың бюджетке есепті салықтардан артық төленуі шығыс деп саналады‚ акционерлерге дивиденд төлеу шығысқа жатпайды. Ағымдағы және күрделі шығыс болып жіктеледі. Ағымдағы шығыстың құрамында өндірістік шығыс маңызды топты құрайды, ол өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өзіндік құнына ықпал етеді. Өндірістен тыс шығыс өндірілген өнімді сатумен байланысты. Өткізуден тыс шығыс тоқтатылған өндірістік қуаттар мен нысандарды ұстауға жұмсалған шығынды, неғайбыл дебиторлық берешекті есептен шығарудан тиген залал, дүлей апаттан болған шығасыны, күші жойылған өндірістік тапсырыстар бойынша шығынды; қысқа мерзімді жалға өткізілген негізгі құрал-жабдық бойынша тозымпұлдық аударымды қамтиды. Болжанбаған шығыс – өнімді өндірумен және өткізумен тікелей байланысты емес, оның мөлшерін қаржы жоспарын жасау кезінде есептеу мүмкін емес. Оған айыппұл мен тұрақсыздық айыбы жатады. Күрделі шығыс бейқаржылық активтерге салынған инвестицияны, ұзақ мерзімді қаржы жұмсалымын қамтиды.

 


Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 344 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)