Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

ЕХС артықшылықтары мен кемшіліктері

Соңғы жылдар ішінде есепші кәсібінің мамандары экономикада болған елеулі өзгерістерге куә болып келеді, себебі осыдан он жыл бұрын әлемнің көптеген дамыған және дамушы елдеріқаржылық есептілікті ұсынуда бірыңғай қағидалар мен ережелер жиынтығы – халықаралық қаржы есепьілігінің стандарты енгізіле басталды.

Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты (ХҚЕС) – барлық коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарға қаржы есептілігін құруда және оны ұсыну кезінде бірдей талаптар қоятын, белгілі бір стандарттар мен қағидалар жиынтығы. Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты (ХҚЕС) 1973 жылы өзінің бастауын Лондон қаласындаорналасқан үкіметті емес орган – ХҚЕС бойынша кеңес (2001 жылға дейін – ХҚЕС бойынша комитет) құруымен бастауын алды. Ең бірінші стандарт 1974 жылы қабылданды және заңды күшке келесі жылы енгізілді. Қазіргі уақытта 29 стандарт бар, әрбір стандарт келесі элменттерді қосады:


- өздеріннің ұлттық стандарты ретінде, еш өзгеріссіз қабылдау;

- өздеріннің ұлттық стандарттарын халықаралық стандарт негізінде, қандай да бір өзгерістер қосу арқылы қабылдау;

- өздеріннің ұлттық стандарттарын халықаралық стандартқа сәйкестендіру.

ХҚЕС қоры сайтының (www.ifrs.org) 2013 жылы қаңтар айында алынған мәліметтеріне сүйенсек, сол уақытта халықаралық стандартты 120 мемлекет қолданады. Әр мемлекетте ХҚЕС қолдану дәрежесі әр түрлі. Мысалы:

- Австралия – 2005 жылдан бастап барлық жеке және мемлекеттік секторлары қаржылық есептілікті ұсынуда ХҚЕС негізге алуға міндетті.

- АҚШ – 2007 жылдан бастап ХҚЕС шетелдік эмитеттер үшін рұқсат берілген.

- Аргентина– 2012 жылдан бастап ХҚЕС қолдануға міндетті.

- Бразилия – 2011 жылдан бастап банктердің шоғырландырған қаржылық есеп беруінде, ал 2004 жылдан бастап барлық кәсіпоындар ХҚЕС қолдануға міндетті.

- Германия – 2005 жылдан бастап ХҚЕС қолдануға міндетті, себебі аталған мемлекет ЕО құрамына кіреді.

- Еуроодақ – 2005 жылдан бастап барлық ЕО құрамына кіретін мемлекеттер ХҚЕС қолдануға міндетті.

- Жапония – 2005 жылдан бастап ХҚЕС кейбір халықаралық кәсіпорындар үшін рұқсат етілген.

- Индонезия –ХҚЕС көшудің жоспары әлі жарияланбаған, бірақ жартылай ХҚЕС көшу қабылданған.

- Италия – 2005 жылдан бастап ХҚЕС қолдануға міндетті, себебі аталған мемлекет ЕО құрамына кіреді.

- Канада – 2011 жылдан бастап листингтік кәсіпорындар ХҚЕС қолдануға міндетті, сонымен қатар жеке кәсіпорындарға, соның ішінде коммерциялық емес ұйымдардардың қолдануына рұқсат берілген.

- Корея Республикасы–2011 жылдан бастап ХҚЕС қолдануға міндетті.

- Қытай – ХҚЕС негізінде ұлттық стандарт жасалынған.

- Мексика –2012 жылдан бастап ХҚЕС қолдануға міндетті.

- Оңтүстік Африка – 2005 жылдан бастап ХҚЕС листингтік кәсіпорындар үшін міндетті.

- Ресей – 2012 жылдан бастап ХҚЕС листингтік кәсіпорындарға, банктерге, сақтандыру кәсіпорындарына және басқа да ұйымдардың шоғырландырылған қаржылық есеп беруді құруда қолдануға міндетті.

- Сауд Арабиясы– ХҚЕС банктерге және сақтандыру кәсіпорындарына қолдануға міндетті, бірақ ХҚЕС толығымен көшу жоспары қарастырылуда.

- Түркия – 2008 жылдан бастап ХҚЕС листингтік кәсіпорындар үшін міндетті.

- Ұлыбритания – 2005 жылдан бастап ХҚЕС қолдануға міндетті, себебі аталған мемлекет ЕО құрамына кіреді.

- Үндістан– ХҚЕС кейбір кәсіпорындардың өз еріктерімен қолданылады. Қазіргі уақытта ХҚЕС көшудің нақты уақыты бекітілмеген.

Осындай көрсеткіштерке көз жүгіртетін болсақ, қазіргі уақытта халықаралық стандарттың әлемде қолдану аясының кеңейіп келе жатқанын көреміз. Бірақ та, барлық мемлекеттік осы аталған стандартты негізгі ала оытрып, бірыңғай талаптарды барлық мемлекеттің ұстануына өте жақсы нәрсе, себебі қаржылық есептілік тек сол мемлекетте ғана емес, барлық әлем елдерінің пайдаланушыларына түсінікті, қол жетімді, шынайы болып табылады. Бірақ, ХҚЕС өз заңнамамызға енгізбестен бұрын, мемлекеттің экономикалық жағдайына, мемлекеттің құрылымы мен басқа да көңіл бөлуге тиісті жақтарына қарай өзімізге сәйкестендіру тиіс.

 


Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 126 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)