Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Алғазы Орта мектебі» бағдарламалық жабдықталуы

Читайте также:
  1. Алғазы Орта мектебі» желілік жүйесі

Мектептің компьютерлері Windows XP және Windows 7 операциялық жүйелерімен қамтамасыздандырылған:

Windows 7 - Microsoft корпорациясының отбасындағы, компьютерлерге арналған операциялық жүйесі.

Windows XP (жасалу кезіндегі кодтаулы аты — Whistler; ішкі нұсқасы — Windows NT 5.1) — Microsoft корпорациясының Windows NT отбасындағы 2001 жылдың 25 қазанында жарыққа шыққан, компьютерлерге арналған операциялық жүйесі. Бұл жүйе Windows 2000 Professional дамытылған түрі болып саналады. XP атауы ағылш. eXPerience сөзінен шыққан (тәжірибе).

Windows XP – бұл бұрыннан бар Windows нұсқаларының жаңартылуы болып табылатын Microsoft амалдық жүйесі. Windows XP екі нұсқасы бар: жеке пайдаланушыларға және шағын кәсіпорындар мен мекемелерге арналған Windows XP Home және неғұрлым күрделі есептеулерді жүргізуге арналған недәуір жетілдірілген Windows XP Professional.

Компьютерлерде тағыда қосымша Microsoft Office, Kaspersky, Adobe Photoshop, Google Chrome, Flipchart, Team Viewer, Skype, Turbo Pascal, Delphi, CorelDRAW және тағы да басқа бағдарламалар бар.

Microsoft Office - құрамында Word мәтіндік процессоры, Excel электрондық кестесі, Access мәліметтер базасы, PowerPoint графикалық презентация программалары және электрондық поштасы бар біріктірілген жүйе. Бұл жүйенің жалпы сомасы оның құрамындағы программалар құнының қосындысынан төмен болып келеді. Барлық программалар бірігіп, мәліметтер алмаса отырып жұмыс істей алады, олардың жұмысын үйлестіріп жеңілдетуге мүмкіндік беретін Microsoft Office Manadger утилиті де бар.

Касперский антивирусы (ағыл. Kaspersky Antivirus, KAV) - вирусқа қарсы программалық қамтамасыз ету, Касперский лабораториясында жасалынған. Қорғауды қолданушыға iлiгетін вирусқа қарсы, трояндық программаға, шпиондық программаға, руткитке, adware және белгісіз байбаламдарға қарсы проактив қорғау көмегімен өзіне қосатын компонент HIPS (тек қана делінетiн бас болжамдар үшiн "Kaspersky Internet Security 2009 +, қайда '+' - алдыңғы регистрдiң реттiк нөмiрi, жыл бойы жылдың нөмiрiмен сәйкес үлкейтiлетiн бiрлiкке, кезектiсi вирусқа қарсы программаның болжамының шығарылымы келесi жылда"). Бастапқы, басында 1990-шi, ат қойылды -V, содан кейін — AntiViral Toolkit Pro.

Adobe Photoshop - суреттерді, мәтіндерді өзгертуге, түрлендіруге, сақтауға арналған ең танымалы графикалық бағдарлама болып табылады. Adobe Photoshop графикалық бағдарламасы түстер палитрасымен жұмыс істеуге, суреттерді еңгізуге және шығаруға, контурларын ерекшелеуге, түс тандауға, сурет фильтрін тандауға, өлшемі мен кеңейтілімін өзгертуге, суреттерді түстендіруге және басып шығаруға мүмкіндік береді. Adobe Photoshop интерфейсі бағдарламамен өзара әрекеттесу әртүрлі деңгейдегі қолданушыларға арналып ойластырылған. Бағдарламамен жұмыс істеу: командаларды тышқанды басу арқылы жүзеге асыру және пернетақтада белгілі бір перне комбинацияларын басу арқылы операцияларды жүзеге асыру. Операцияларды жүзеге асырудың екі түрі де бір бірінен оңайлығымен және функцияны орындау жылдамдығымен ерекшеленеді. Әдеттегідей: бағдарламамен енді жұмыс ісеуді бастаған адам меню арқылы жұмыс істегенді таңдайды, ал маман пернетақта арқылы.

Google Chrome — бұл Google компаниясының Chromium еркін браузері мен веб-парақшаларды көрсететін WebKit жүргіртпесінің (қозғағыш) негізде жасалған браузер. Алғашқы beta-нұсқасы 2008 жылдың 2 қыркүйегінде Microsoft Windows-ке арналып шығарылды. Ал бірінші тұрақты нұсқасы - 2008 жылдың 11 желтоқсанында шықты.

StatCounter мен Net Applications мәліметтері бойынша браузер танымалдылығы жөнінен 3 орында, ал оның 2011 жылдың нарықтағы көрсеткіші 13,49% пен 22,14% аралығында.

Skype - дауыстық, видео қоңырау шалуға мүмкіндік беретін және интернет арқылы чат қызметін қамтыған бағдарламалық жабдық. Skype арқылы басқа қолданушыларға қоңырау шалу тегін, ал стационарлы телефон мен ұялы телефондарға қоңырау шалу қолданушының есеп шотын толтыру арқылы жүзеге асырылады. Skype жедел хат алмасу, файл жіберу және видеоконференция сияқты функцияларымен қолданушылар арасында кең танылды. 2011 жылдың қыркүйегінде Skype-қа тіркелгендердің саны 929 миллионға жетті. Желінің жұмыс кеңсесі Люксембургта орналасқан Skype Limited арқылы басқарылады. Құрастырушылардың басым бөлігі және барлық қызметкердердің 44% Эстониядағы Таллинде және Тарту қалаларында орналасқан.

Басқа VoIP қызметтерге қарағанда Skype client–server жүйесі емес, peer-to-peer жүйесі болып табылады. Негізгі атауы да Sky peer-to-peer-ден шыққан.

Turbo Pascal: Паскаль тiлiн 1968 - 1971 жылдары швейцариялық ғалым Никлаус Вирт оқып - үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. Бұл тілдің стандарты кейiнiрек бекiтiлдi, ол сол кездері кең таралған АЛГОЛ, ФОРТРАН, БЕЙСИК тiлдерiне қарағанда жетiлдiрiлген, жұмыс iстeyгe ыңғайлы тiл болды. Паскаль тiлi өзінің қарапайымдылығының және тиiмдiлiгiнің арқасында дүние жүзіне тез таралды. Қазiргi кезде барлық дербес компьютерлер осы тілде жұмыс iстей алады. Паскаль тiлiнде жазылған программаның дұрыстығын компьютерде тексеру және жiберiлген қатенi тузету оңай. Бұл тілде жазылған программа компьютерде орындалу барысында алдымен трансляцияланады (машина тiлiне аударылады), объектiк программаға түрлендіріледі де содан кейiн ғана орындалады. Осы сәтте компьютерде программаның екі нұсқacы болады, оның бiрiншiсi - алгоритмдiк тiлдегi алғашқы түпнұсқасы, ал екiншiсi - объектiк кодтағы жазылған программа. Есеп нәтижесін машиналық кодта жазылған программа арқылы аламыз, ал программаны түзету қажет болғанда, оның алгоритмдiк тiлде жазылған алғашқы нұcқacы өңделеді. Қазiргi кезде Паскаль кез келген күрдлі есептерді шығара алатын, кең таралған стандартты оқу тіліне айналды.

Delphi бағдарламалау тілі — Коринф бұғазының жағалауындағы ежелгі грек қаласы Дельфы атынан алынған. Дельфы қаласының аты өнер қамқоршысы және даналық құдайы Апалон атымен байланысты болған. Аңыз бойынша Апалонның үйі Дельфыда орналасқан екен. Оның абыздары, келгендерге күн ілгері не болатыны жайлы болжаулар айтумен айналысыпты. Қазіргі кезде қаланың орны ғана қалған. Осы ежелгі есркетркішке қарағанда Delphi- жүйесі бугінгі күнде бағдарламаларды жасауға арналған кең қолданылатын жүйелердің бірі болып табылады. Delphi жүйесін Borland фирмасының бағдарламалаушылары 19 жылы жасаған болатын. жүйесі бағдарламаларды жасаудың визуалды ортасы болып табылады. Оның құрамындағы саймандар мен компоненттердің көмегімен бағдарламалар жобалары құрастырылады. Сонымен қатар Delphi жүйесі Windows амалдық жүйесі үшін және арнайы серверлер үшін бағдарламаларды жасай алады.

CorelDRAW — Канадалық Corel корпорациясының векторлық графикалық редакторы.

Қазіргі нұсқасы — CorelDRAW Graphics Suite X5, тек қана Microsoft Windowsқа қолжетімді. Одан бұрынғы нұсқалары Apple Macintosh пен Linuxқа да арналып жасалатын. Linuxтың соңғы нұсқасы — 2000 жылы шыққан 9-шы нұсқа. 2002 жылы Macintoshқа арналған 11-ші нұсқасы шықты.

 


Дата добавления: 2015-12-07; просмотров: 194 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)