Читайте также: |
|
Вариант II
1. Кеуде сарайының серпімділігі төмендеуінің негізгі себебі не?
A. ошақты пневмония
B. жедел бронхит
C. созылмалы бронхит
D. өкпе эмфиземасы
E. құрғақ плеврит
2. Қорап тәрізді перкуторлы дыбыс мынандай патологиялық жағдайға тән:
A. өкпе тіні тығыздалуына
B. өкпедегі ауа көбеюіне
C. өкпеде терең орналасқан кіші көлемді қуыс пайда болуына
D. бронх өткізгіштігі бұзылуына
E. плевра қуысына сұйықтық жиналуына
3. Кеуде сарайында ауырсыну сезімі қандай ауруға сипатты?
A. өкпе эмфиземасына
B. пневмосклерозға
C. бронхитке
D. крупозды пневмонияға
E. бронхтық демікпеге
4. Науқастың қақырығының иісі жағымсыз, саусақтары ²дабыл таяқшасы² тәрізді, бұл неге тән:
A. ошақты пневмонияға
B. жедел бронхитке
C. бронхоэктаз ауруына
D. экссудациялық плевритке
E. крупозды пневмонияға
5. Құрғақ сырылдар естіледі мына жағдайда:
A. өкпе тінінің тығыздалуында
B. плевра қуысында сұйықтық болғанда
C. плевра қуысында ауа болғанда
D. бронх өткізгіштігі бұзылғанда
E. өкпе алелектазында
6. Бронх демікпесінің ұстамасы кезінде аускультацияда қосымша тыныс шуы анықталады:
A. құрғақ сырылдар
B. майда көпіршікті дыбыссыз сырылдар
C. майда көпіршікті дауысты сырылдар
D. ірі көпіршікті сырылдар
E. плевра үйкеліс шуы
7. Құрғақ сырылдарға не сипатты:
A. дем алғанда, жөтелгенде, дем шығарғанда тұрақты
B. тыныс фазаларында, жөтелгенде өзгергіш
C. тек дем шығарғанда естіледі
D. тек дем алғанда естіледі
E. дыбысы қағаз сықырына ұқсайды
8. Аралас (бронхтық-везикулалық) тыныс негізінен мынадай жағдайда естіледі:
А. крупозды пневмонияда
B. компрессиялық ателектазда
C. өкпе тінінің ошақты қабынуында
D. обтурациялық ателектазда
E. өкпенің инфарктынан тығыздалуында
9. Компрессиялық ателектаздың негізгі себебі:
А. гидроторакс
В. эндобронхты рак
С. бас ми қан айналымының бұзылуы
D. крупозды пневмония
E. бөгде заттың бронх қуысына енуі
10. Крупозды пневмонияға қандай зертханалық өзгерістер тән?
А. эритроцитоз, эритроциттердің тұну жылдамдығының жоғарылауы
В.нейтрофильді лейкоцитоз, эритроциттердің тұну жылдамдығының жоғарылауы
С.лимфоцитті лейкоцитоз, эритроциттердің тұну жылдамдығының жоғарылауы
D. лейкопения, эритроцитоз
E. эозинофилия, эритроциттердің тұну жылдамдығының жоғарылауы
11. Жас балаларда ошақты пневмонияға күдік туғанда кеуде сарайының қай жерін мұқият тыңдау қажет?
А. қолтық астын
В. өкпенің ұшын
С. жауырын үстін
D. кеуде алдынан екінші қабырға аралықты
E. жауырын аралықты
12. Өкпеден қан кетудің белгілеріне кірмейді:
А. алқызыл түсті
В. көпіршікті
C. жөтелмен байланысты
D. қоңыр түсті
E. реакциясы сілтілі
13. Қақырықтың түсі таңқурай сілікпесі сияқты болуы қай ауруға тән?
А. өкпенің қатерлі ісігіне
В. өкпе шеменіне
C. пневмонияға
D. өкпе туберкулезіне
E. ларингитке
14. Қандағы оттегінің парциальды қысымының дәрежесі қаншаға төмендегенде тыныс жетіспеушілігінің клиникалық белгілері байқалады?
А. 90 ℅
B. 98 ℅
C. 95 ℅
D. 60 ℅
E. 80 ℅
15. Созылмалы тыныс жетіспеушілігінің зертханалық өзгерістері қандай болады?
А. полицетемия, гемоглобин көрсеткіші жоғары
В.лейкоцитоз, ЭТЖ↑
С. эритропения, ЭТЖ↓
D. тромбоцитопения
E. лимфоцитоз
Вариант III
1. Дауыс дірілі екі жақта бірдей қай кезде әлсірейді:
A. трахеитте
B. бронхитте
C. ателектазда
D. өкпе эмфиземасында
E. экссудациялық плевритте
2. Кеуде сарайы күбі тәрізді кеңейген, алдыңғы-артқы көлемі үлкейген, көлденең мөлшеріне жақындаған. Бұғана асты, бұғана үсті ойықтары тегістелген, эпигастрий бұрышы доғалданған. Бұл кеуде сарайының қандай түрі:
A. қалыпты
B. нормостениялық
C. гиперстениялық
D. астениялық
E. эмфизематоздық
3. Қандай патологияда жөтелдің күші және бөлінетін қақырықтың мөлшері науқастың белгілі бір қалпына байланысты?
A. крупозды пневмонияда, ошақты пневмонияда
B. бронхтық демікпеде, пневмосклерозда
C. жедел бронхитте, құрғақ плевритте
D. өкпе абсцесінде, бронхоэктаз ауруында
E. өкпе эмфиземасында, созылмалы бронхитте
4. Ұсақ бронхтар спазмында және жабысқақ қақырық болғанда болады:
A. тахипноэ
B. инспираторлы ентігу
C. стеноздық тыныс
D. экспираторлы ентігу
E. Куссмауль тынысы
5. Сыртқы тыныс қызметі обструкциялық типте бұзылғанда спирограммада қандай көрсеткіш өзгереді?
A. тыныстық көлем артады
B. өкпенің тіршілік сыйымдылығы төмендейді
C. тиффно индексі төмендейді
D. тыныс алудың резервтік көлемі төмендейді
E. тыныс алу сыйымдылығы артады
6. Өкпенің тіршілік сиымдылығын мынадан құралады:
A. тыныс алудың резертік көлемі
B. тыныс шығарудың резервтік көлемі
C. тыныс көлемі
D. тыныс көлемі+ тыныс алудың резертік көлемі+. тыныс шығарудың резервтік көлемі
E. өкпенің қалдық функциональдық көлемі
7. Бронхтық тыныс қалыпты жағдайда қай жерде естіледі?
А. бронхтардың бәрінде
B. ұсақ бронхтарда
C. өкпенің тек жоғарғы бөліктерінде
D. кеңірдек үстінде және оның тарамдалу жерінде
E. өкпенің тек төменгі бөліктерінде
8. Везикулалық тыныс анағұрлым әлсіреуімен қатар құрғақ “дискантты” сырылдарды қай кезде естуге болады?
А. өкпе абсцесінде
B. пневмонияда
C. жедел бронхитте
D. бронхтық демікпе ұстамасында
E. крупозды пневмонияда
9. Өкпенің тығыздалу синдромындаперкуссиялық дыбыс:
А. қорабтық
В. дабыл
С. тұйықталған
D. айқын өкпелік
E. тұйықталған-дабыл
10. Өкпе тінінің тығыздалу синдромына әкелетін аурулардың қайсына «тот басқан» түсті қақырық тән?
А. бөліктік пневмонияға
В. пневмосклерозға
С. өкпе шеменіне
D. ошақты пневмонияға
E. ателектазға
11. 2 жастағы баланы үріген тәрізді жөтел мен инспирациялық ентігу мазалайды. Қай патология деп ойлайлыз?
А. трахеит
В. бронхит
C. пневмония
D. ларингит
E. бронхиолит
12. Тыныс ағзасы ауруларымен ауыратын науқастардың негізгі шағымдары:
А. ентігу, тұншығу, жөтел, қакырық бөлу, кеуде сарайының ауырсынуы
В. жөтел, дене қызуының жоғарылауы, кеуде сарайының ауырсынуы
С. қакырық бөлу, жөтел, басының ауырсынуы
D. ентігу, тұншығу, жөтел, кеуде сарайының ауырсынуы, қызба
E. дене қызуының жоғарылауы, басының ауырсынуы, лоқсу
13. Плевра қуысына транссудаттың жиналуы қай ауруға сипатты?
А. пневмонияға
В. жүрек ауруларына
С. өкпе туберкулезіне
D. өкпе іріңдігіне
E. бронхитке
14. Плевра қуысына сұйықтық жиналу синдромында пункцияны қай жерге жасайды?
А. қолтық арты сызығымен VIII-ші қабырға аралықта
В. қолтық орта сызығымен VII-ші қабырға аралықта
С. қолтық орта сызығымен VIII-ші қабырға аралықта
D. жауырын сызығымен VII-ші қабырға аралықта
E. жауырын сызығымен VIII-ші қабырға аралықта
15. Өкпеде қуыс болу синдромының негізгі клиникалық көрінісі қандай?
А. жөтелден кейін, ауызын толтыра қақырық тастау
В. тот басқан түсті қақырықпен жөтелу
С. кеуде сарайында ауырсыну сезімі
D. тұншығу ұстамасы
E. ұстама тәрізді жөтел
Вариант IV
1. Балаларда оң жақ бұғана орта сызығының бойымен өкпенің төменгі шекарасы қай қабырға деңгейінде орналасады?
A. 6 қабырғада
B. 8 қабырғада
C. 9 қабырғада
D. 10 қабырғада
E. 7 қабырғада
2. Балаларда сол жақ қолтық асты сызығының бойымен өкпенің төменгі шекарасы қай қабырға деңгейінде орналасады?
A. 6 қабырғада
B. 8 қабырғада
C. 9 қабырғада
D. 10 қабырғада
E. 7 қабырғада
3.Экссудациялық плевритпен науқасты қараған кезде анықталады:
A. тыныс алғанда кеуденің зақымдалған бөлігі қалыңқы
B. қабырға аралықтары ішке кіріңкі
C. мойын веналары білеуленген
D. қосымша тыныс бұлшық еттері тыныс алуға қатысады
E. төменгі шекаралары төмен, жоғарғы шекаралары жоғары ығысқан
4. Қандай патологияда науқас таңғы уақытта көлемі 50 мл-ден 500 мл-ге дейін кілегейлі-іріңді қақырық бөлінуіне шағымданады?
A. ошақты пневмонияда
B. бронхтық демікпеде
C. экссудациялық плевритте
D. бронхоэктаз ауруында
E. жедел бронхитте
5. Әлсіреген дауыс дірілі, қораптық дыбыс, әлсіреген везикулалы тыныс және тыныс шығару фазасында басым естілетін құрғақ «ысқырықты» сырылдар қандай синдромға тән?
A. өкпе тығыздалу синдромына
B. өкпеде бос қуыс пайда болу синдромына
C. бронх өткізгіштігінің бұзылу синдромына
D. плевра қуысында сұйықтық жиналу синдромына
E. плевра қуысында ауа жиналу синдромына
6. Қандай патологияда қақырықта Шарко-Лейден кристалдары және Куршман серіппесі анықталады?
A. өкпе эмфиземасында
B. созылмалы бронхитте
C. бронхтық демікпеде
D. ошақты пневмонияда
E. крупозды пневмонияда
7. Крепитацияға не сипатты?
А. жөтелгенде өзгергіштік
B. дем алудың биік шыңында пайда болады
C. дем шығарғанда пайда болады
D. дем алғанда және дем шығарғанда пайда болады
E. дем алудың басында естіледі
8. Амфоралық тыныс деген не?
А. мойыны жіңішке құмыраға үрлегенде естілетін дыбысқа ұқсас
B. қардың сықырына ұқсас дыбыс
C. қағаздың сықырына
D. майда тамшының жарылысына ұқсайды
E. ысқырыққа ұқсайды
9. Крупозды пневмонияның қай сатысында крепитация естілмейді?
А. бастапқы (І сатысында)
В. крупозды пневмонияда құрғақ сырылдар естіледі
С. шарықтау сатысында (ІІ сатысында)
D. крупозды пневмонияда ірі көпіршікті сырылдар естіледі
E. шешілу сатысында (ІІІ сатысында)
10. Жас баланың өкпесінің шолу рентгенограммасында оң өкпенің төменгі бөлігінде, өкпе түбірінің кеңеюімен, өкпе суретінің күшеюімен қосарланған бірнеше ошақты қараюдың болуы неге сипатты?
А. бөліктік пневмонияға
В. пневмосклерозға
С. өкпе шеменіне
D. ошақты пневмонияға
E. ателектазға
11. Қай жағдайда инспирациялық ентігу болады?
А. тыныс жолдарына бөгде дене түскенде
B. бронх демікпесінде
C. өкпе эмфиземасының бастапқы сатысында
D. созылмалы обструкциялық бронхитте
E. созылмалы обструкциялық емес бронхитте
12. Қан түкірудің себептері қандай?
А. өкпенің қатерлі ісігі, бронхтың түйілуі
B. өкпе инфаркты, бронхтың түйілуі, митралды қақпақтың стенозы
C. өкпенің қатерлі ісігі, өкпенің қабынуы, өкпе эмфиземасы
D. өкпенің қабынуы, митралды қақпақтың стенозы
E. өкпенің қатерлі ісігі, өкпе абсцесі, өкпе артериясының тромбоэмболиясы
13.Сол жақ плевра қусына сұйықтық жиналғанда не анықталады?
А. аускультацияда құрғақ сырылдар
В. бронхофонияның күшеюі
С. плевра үйкеліс шуы
D перкуссияда қорабты дыбыс
E. Траубе кеңістігінің жойылуы
14. Плевра қуысында экссудаттың болуына тән емес белгіні көрсетіңіз:
А. меншікті салмағы 1025
В. фибриноген көп мөлшерде
С. Ривольт сынамасы теріс мәнді
D. белок 15г/л
E. Ривольт сынамасы оң мәнді
15. Плевра қуысында ауа болу синдромында рентгенде не анықтауға болады?
А. гомогенді қараюды
В. ішкі контуры тегіс, горизонтальді деңгейлі сұйықтығы бар қуыс
С. өкпе тінінің ағаруы, өкпе суреті әлсіреген, өкпе түбірі кеңейген
D. кеуде сарайының латеральді жағында ашық жолақтың болу және осы жақта өкпе суретінің жойылуы
E. шеттері қиғаштау, онша айқын емес, біртекті қараю
№ | 1-вариант | 2-вариант | 3-вариант | 4-вариант |
E | D | D | A | |
C | B | E | C | |
C | D | D | A | |
D | C | D | D | |
C | D | C | C | |
C | A | D | C | |
B | B | D | B | |
E | C | D | A | |
D | A | C | C | |
B | B | A | D | |
B | A | D | A | |
C | D | A | E | |
A | A | B | E | |
E | D | A | C | |
D | A | A | D |
I-вариант
1. Қай ауруда реноваскулярлық гипертензия болады?
A. гломерулонефритте
B. пиелонефритте
C. бүйрекке тас біту ауруында
D. бүйрек тамырларының атеросклерозында
E. амилоидозда
2. Үшінші дәрежелі нефроптозда мынадай өзгерістер анықталады:
A. бүйректің 1/3-1/2 бөлігін пальпация арқылы анықтауға болады
B. бүйректі пальпация жасап толық анықтауға болады, ол жақсы қозғалады,
бірақ омыртқаның екінші жағына ығыспайды
C. бүйрек құрсақ қуысында еркін қозғалып, омыртқа жотасынан асып, құрсақ қуысының екінші жағына ығысуы мүмкін
D. бүйрек пальпацияланбайды
E. бүйректің тығыздығы өте қатты болады, ол қозғалмайды
3. Бүйрек ауруында науқастың терісінің түсі бозаруы не себептен болады?
A. бүйректің концентрациялау қабілетінің төмендеуінен
B. анемия және артериолалардың спазмынан
C. артериялық қысымның төмендеуі және бас айналудан
D. бүйрек қызметінің жетіспеушілігінен және уремиядан
E. протеинурия мен онкотикалық қысымның төмендеуінен
4. 5-7 жастағы жас балаларда тәуліктік диурездің орташа мөлшері қандай болады?
А.390 мл
B.232 мл
C. 487 мл
D. 462 мл
E. 764 мл
5. Бүйректік протеинурияның механизмі қандай?
А.белокқа бай тағамдарды қабылдауымен байланысты
B. қанда онкотикалық қысымның жоғарылауы
C. сыртқы тітіркендіргіш әсерінен бүйрек шумақтары мембранасының өткізгіштігі жоғарылауы
D.бүйректің көлемі ұлғаюынан капсуласының керілуіне байланысты
E.бүйрек шумақтары мембранасының өткізгіштігі төмендеуі
6.Зәрде Штернгеймер-Мальбин жасушаларының болуы қай ауруға сипатты?
А.гломерулонефритке
B. пиелонефритке
C.бүйрек жетіспеушілігіне
D.циститке
E.уретритке
7. Зәр шығару жүйесінің патологиясындағы негізгі шағымдарға мынадан басқалары жатады:
A. бел аймағының ауырсынуы
B. зәр шығарудың бұзылуы
C. зәр түсінің өзгеруі
D. бас айналып, басы ауруы
E. дене температурасының жоғарылауы
8. Қай патологияға оксалатурия сипатты?
A. гломерулонефритке
B. пиелонефритке
C. бүйрек поликистозына
D. несептас ауруына
E. циститке
9. Санмен белгіленген терминдерді әріппен белгіленген анықтамалар-мен сәйкестендіріңіз:
1. изостенурия С 2. дизурия Д 3. поллакиурия А 4. странгурия Е 5. никтурия В | A. қуық, несеп жолы ауруларына байланысты кіші дәреттің жиілеуі B. зәрдің түнде көбірек бөлінуі C. несеп тығыздығының әр порцияда шамамен бірқалыпты болуы D. несеп шығару кезінде сыздап ауруына байланысты қиналу E. ауырсынып зәр бөлу |
10.Нефритикалық синдромда жүректің сол қарыншалық жетіспеушілігінің механизмі қандай?
А. артериялық қан қысымы мен айналымдағы қан көлемінің жоғарылауы
B. қанда онкотикалық қысымның жоғарылауы
C.бүйрек шумақтары мембранасының өткізгіштігі жоғарылауы
D. артериялық қан қысымының төмендеуі
E. бүйректің көлемі ұлғаюынан капсуласының керілуіне байланысты
11. Нефротикалық синдромның негізгі белгілері:
А.протеинурия, лейкоцитурия, гипоальбуминемия, ісіну
В. протеинурия, липидурия, гипоальбуминемия, гиперлипидемия, ісіну
С.гематурия, лейкоцитурия, цилиндрурия
D.протеинурия, билирубинурия, глюкозурия, ісіну
E. глюкозурия, кетонурия, оксалатурия, бактериурия
12. Қай ауруға нефротикалық синдром сипатты?
А. пилонефритке
B. циститке
C. гломерулонефритке
D. уретритке
E. бүйректе тас болу ауруына
13. Бүйректің созылмалы жетіспеушілігінің анағурлым тән белгісі:
A. артериялық гипертензия
B. гиперкалиемия
C. қанда креатинин деңгейінің жоғарылауы
D. олигурия
E. протеинурия
14. Бүйректің созылмалы жетіспеушілігінің даму себебіне қай ауру жатады?
A. жедел пиелонефрит
B. созылмалы гломерулонефрит
C. жедел гломерулонефрит
D. цистит
E. паранефрит
15. Бүйректің созылмалы жетіспеушілігінің бүркемелі (латентті) кезеңіне сәйкес келеді.
A. никтурия, шумақтық фильтрация 50 мл/мин дейін төмендейді, несептің салыстырмалы тығыздығы 1017 дейін төмендейді, гипоизостенурия
B. никтурия, изурия, несептің салыстырмалы тығыздығы 1009-1011 дейін төмендейді, шумақтық фильтрация 30 мл/мин дейін төмендейді
C. құсу мен лоқсу, іш өту, кахексия, шумақтық фильтрация 15 мл/мин дейін төмендейді
D. никтурия, шумақтық фильтрация 80 мл/мин дейін төмендейді, несептің салыстырмалы тығыздығы 1020 дейін төмендейді, гипоизостенурия
E. никтурия, шумақтық фильтрация 50 мл/мин дейін төмендейді, несептің салыстырмалы тығыздығы 1017 дейін төмендейді, гиперстенурия
II-вариант
1.Қандай жағдайда бүйректі пальпация әдісімен анықтауға болады:
A. тек қана бүйрек төмендегенде, патологиялық козғалғанда,
бүйрек үлкейгенде
B. 90% жағдайда пальпациямен анықтауға болады
C. бүйректің жедел ауруларында бүйректі пальпациямен анықтауға болады
D. бүйректің созылмалы ауруларында пальпациямен анықтауға болады
E. астениктерде ғана 100% бүйректі пальпациямен анықтайды
2. Бүйрек коликасындағы ауырсыну сипатталады:
A.бел аймағында күшті тұрақты ауырсынумен
B. бүйрек тұсынан басталып, несеп жолы бойымен төмен қуық маңына
тарайтын жедел ұстамалы ауырсынумен
C. қасағаның үстінен сыздап ауырсынумен
D.бел аймағында тұрақты түрде сыздап ауырсынумен
E. зәр бөлінгенде пайда болатын ауырсынумен
3. Странгурия дегеніміз не?
A. кіші дәретке жиі отыру
B. несеп бөлінуінің тоқтауы
C. бірдей уақыт аралығында несеп бөлу
D. несептің түнге қарай көп бөлінуі
E. ауырсынып зәр бөлу
4. Қай әдіспен зәрдің шөгіндісінде формалық элементтерді тексереді?
А. Зимницский әдісі
B. Нечипоренко әдісі
C. зәрдің жалпы анализі
D. Реберг-Тареев сынамасы
E. зәрдің бактериологиялық әдісі
5.Зәрде ауыспалы эпителий жасушаларының болуы қай жағдайға сипатты?
А. сыртқы жыныс мүшелердің қабынуына
B. пиелитке
C. гломерулонефритке
D. үрпінің қабынуына
E. бүйрек жетіспеушілігіне
6.Зәр шығару жүйесінің патологиясында қанның биохимиялық анализінен әсіресе неніанықтайды?
А. мочевина, креатинин, индикан, холестерин, жалпы белок және оның фракциялары
B. мочевина, билирубин, глюкоза, креатинин, инсулин
C. α амилаза, холестерин, мочевина
D.липопротеидтер, холестерин, глюкоза
E. жалпы белок және оның фракциялары, билирубин
7.Жедел гломерулонефритте ауырсыну неге байланысты?
A. зәр бөлінуінің бұзылысына
B. несепағардың қабынуға байланысты ісінуіне
C. бүйрек астаушасының керілуіне
D. несепағардың спазмдық түйілуіне
E. бүйрек паренхимасының қабыну салдарынан ісінуінен, фиброзды капсуласының керілуіне байланысты
8.Бактериурия, лейкоцитурия, дене қызыуның жоғарылауы, қалтырау, дизуриялық бұзылыстар қандай патологияға сипатты?
A. нефротикалық синдромға
В. жедел гломерулонефритке
С. бүйрек ісігіне
D. жедел пиелонефритке
E. созылмалы гломерулонефритке
9.Транзиторлы (өтпелі) протеинурия қандай жағдайда байқалады
A. жедел гломерулонефритте
B. созылмалы пиелонефритте
C. нефроангиосклерозда
D. интоксикацияда
E. созылмалы гломерулонефритте
10. Нефротикалық синдромда протеинограммада қандай өзгерістер болады?
А. гипопротеинемия, диспротеинемия, альбумин-глобулинді коэффиценттің төмендеуі, гипоальбуминемия, гипер α1, β-глобулинемия
B.гиперпротеинемия, альбумин-глобулинді коэффиценттің жоғарылауы, гипоальбуминемия, гипогаммаглобулинемия
C.диспротеинемия, гиперальбуминемия, гипоглобулинемия
D.гиперпротеинемия, гиперальбуминемия, гипер β- глобулинемия
E.диспротеинемия, альбумин-глобулинді коэффиценттің жоғарылауы, гиперальбуминемия
11.Нефротикалық синдромның клиникалық көрінісі қандай?
А. қабақтардың, беттің, бел аймағының тұрақты ісінуі
B. ісінудің аяқтан басталуы
C. қан қысымының жоғарылауы
D. сол қарыншаның гипертрофиясы
E. зәрдің ет жуындысына ұқсас болуы
12. Нефротикалық синдромда қанның жалпы анализінде жиі қандай өзгерістер болады?
А.лейкоцитоз, ЭТЖ ↑
B.лейкопения, ЭТЖ ↑
C. эритроцитоз, ЭТЖ ↓
D. панцитопения, ЭТЖ ↓
E. гемоглобин мөлшерінің және эритроциттер санының төмендеуі, ЭТЖ↑
13. Бүйректің созылмалы жетіспеушілігінің терминальді кезеңінде шумақшалық фильтрацияның деңгейі:
A. 80-120 мл/мин;
B. 50-60 мл/мин;
C. 30-40 мл/мин;
D. 30 мл/мин төмен
E. 15 мл/мин төмен
14. Бүйректің созылмалы жетіспеушілігі кезіндегі биохимиялық көрсеткіштердің өзгеруі:
A. гипербилирубинурия, гиперкреатининемия, азотемия, уробилинурия
B. гиперкреатининемия, азотемия, гипергликемия, уробилинурия
C. гиперкреатининемия, азотемия, гиперхолестеринемия
D. гипокреатининемия, гипопротеинурия, диспротеинемия
E. гиперкреатининемия, азотемия, гиперальбуминурия, уробилинурия
15. Бүйректің созылмалы жетіспеушілігісебептеріне жатады мынадан басқалары:
A.созылмалы гломерулонефрит
B. созылмалы пиелонефрит
C. жедел тамырішілік гемолиз
D. амилоидоз
E. дәнекер тіннің жүйелі аурулары
III-вариант
1."Fасіеs перһrіtіса" белгілерін атаныз:
A. цианоз, ерні, беті, мұрнының ұшы, кұлақтары көгерген
B. бозғылт, беті ісінген, кабақтары іскен, көздері сығырайған
C. азған, беті бозғылт, сарғыштанған
D. көзі ішіне кіріп, мұрны үшкірленген, терісі бозғылт, көгілдір тартқан
E. көзі жылтыр, бетінде қоркыныш белгісі
2. Полиурия келесі жағдайда байқалмайды:
A. созылмалы гломерулонефритте
B. қант диабетінде
C. созылмалы пиелонефритте
D. жедел гломерулонефритте
E. созылмалы бүйрек жетіспеушілігінде
3. Бел аймағында екі жақты сыздап ауырсыну қандай патологияда байқалады?
A. бүйрек инфарктында
B. нефроптозда
C. несептас ауруында
D. несепағардың деформациясында (бүгілуі)
E. жедел гомерулонефритте
4.Зәрдің түсі еттің жуындысына ұқсас болуы қай ауруға сипатты?
A. пиелонефрит
B. пиелит
C. гломерулонефрит
D. уретрит
E. цистит
5. Қай ауруда зәрде лимфоцитті лейкоциттер анықталады?
А. пиелонефритте
B. гломерулонефритте
C. бүйрек жетіспеушілігінде
D. пиелитте
E. уретритте
6. Бүйректің қызметтік жағдайын анықтау үшін қандай тәсілдің маңызы жоқ:
А. Зимницкий тәсілімен зәрді тексеру
B. креатининді анықтау
C. Аддис-Каковский тәсілімен зәрді тексеру
D. шумақтық фильтрациясын анықтау
E. Реберг-Тареев cынамасы
7. Ишурия дегеніміз не?
A. кіші дәретке жиі отыру
B. зәрден қуықты босата алмауы
C. жиі және ауырсынып зәр бөлу
D. несептің түнге қарай көп бөлінуі
E. несеп бөлінуінің азаюы
8. Созылмалы гломерулонефрит кезіндегі несептік синдромға сипатты:
A. протеинурия болмайды
B. лейкоцитурия
C. гематурия
D. несепте Штернгеймер-Мальбин жасушалары болады
E. бактериурия
9. Санмен белгіленген терминдерді әріппен белгіленген анықтамалармен сәйкестендіріңіз:
1. гиалинді цилиндрлер В 2. түйіршікті цилиндрлер С 3.балауыз цилиндрлер А | А. өткір контурлы, құрылысы гомогенді, сарғыш түсті, бүйректің созылмалы ауруларына тән; В. нәзік контурлы, беті кедір-бұдырлы белоктық заттар, физиологиялық протеинурияда, қалыпты жағдайда кездеседі; C. анық контурлы, ыдыраған бүйрек эпителий жасушаларынан тұрады |
10. Нефротикалық синдромның асқынуларына қайсысы кірмейді?
А.нефротикалық криз
B.инфекцияға бейімділік
C. гипертензиялық криз
D. бүйрек венасының тромбозы
E. қан тамырлардың атеросклерозды өзгеруі
11.Нефротикалық синдромда қан ұю жүйесінде қандай өзгерістер анықталады?
А.тромбоциттердің агрегациялық қасиетінің төмендеуі
B. фибриноген мөлшерінің жоғарылауы
C. қанның антикоагуляциялық қасиетінің жоғарылауы
D. фибринолиз ингибиторларының, I, V, VII, VIII, X қан ұю факторларының мөлшері жоғарылауы
E. фибринолиздің күшеюі, I, II, VIII қан ұю факторларының тапшылығы
12.Нефротикалық синдромға тән емес белгі?
А.гипопротеинемия
B.гиперлипидемия және липидурия
C.протеинурия
D. артериялық гипертензия
E.су-электролиттік алмасудың бұзылуы
13. Бүйректің созылмалы жетіспеушілігіне қандай симптом сипатты емес?
A. құсу, іш өту
B. терінің қышуы
C. қан түкіру
D. бас ауру
E. ұйқының бұзылуы
14. Несепте креатинин мөлшерін анықтаудың маңыздылығы:
A.бүйрек фильтрациясының деңгейі туралы мәлімет береді
B. аммиак алмасуының белсенділігін білдіреді
C. бұлшық ет ақуыздарының жаңару деңгейін білдіреді
D. бауырдың қызметі туралы мәлімет береді
E. бүйрек өзекшелеріндегі реабсорбция туралы мәлімет береді
15. Бүйректің созылмалы жетіспеушілігі кезінде қанның жалпы анализінде қандай өзгерістер анықталады?
A. уремиялық лейкоцитоз, анемия, ЭТЖ жоғарылайды.
B. уремиялық лейкоцитопения, анемия, ЭТЖ жоғарылайды.
C. уремиялық лейкоцитоз, анемия, ЭТЖ төмендейді.
D. уремиялық лейкоцитоз, эритроцитоз, ЭТЖ жоғарылайды.
E. уремиялық лейкоцитоз, анемия, ЭТЖ жоғарылайды, тромбоциттердің саны артады.
IV-вариант
1. Нефроптозға тән емес ауырсыну:
A. жәй, тұрақты ауырсыну
B. вертикальді жағдайда сыздап ауырсыну
C. бүйрек коликасы тәріздес
D. сыздап ауырсыну
E. ауырсыну сезілген тәріздес
2. Бүйрек ісігінде келесі өзгерістер анықталады:
A. бүйректің 1/3-1/2 бөлігін пальпацияда анықтауға болады
B. бүйректі пальпация жасап толық анықтауға болады, ол жақсы қозғалады,
бірақ омыртқаның екінші жағына ығыспайды
C. бүйрек құрсақ қуысында еркін қозғалып, омыртқа жотасынан асып, құрсақ қуысының екінші жағына ығысуы мүмкін
D. бүйрек пальпацияланбайды
E. бүйректің өте тығыз болады, ол қозғалмайды, беті тегіс болмайды
3. Зәрдің қандай көлемі полиурияға сәйкес келеді:
A. 0,5 литрден аз
B. 1,5 литр
C. 1 литр
D. 0,5 литр
E. 2 литрден көп
4.Зәрдің қышқылдылығы жоғарылауына әкелетін жағдайларға мынадан басқаның бәрі жатады:
А. бүйрек туберкулезі
B. ацидоз
C. тоқтаусыз құсу
D. қантты диабет
E. бүйрек жетіспеушілігі
5. Зәрді Нечипоренко әдісімен анықтағанда формалық элементтердің қалыпты қатынасы қандай?
А.эритроциттер–1000, лейкоциттер–2000, гиалинді цилиндрлер-220-дан аспайды
B.эритроциттер–1000, лейкоциттер–2000, балауызды цилиндрлер-220-дан аспайды
C.эритроциттер–2000, лейкоциттер–2000, гиалинді цилиндрлер-220-дан аса
D.эритроциттер–1000, лейкоциттер–4000, гиалинді цилиндрлер-320-дан аспайды
E.эритроциттер–1000, лейкоциттер–3000, түйіршікті цилиндрлер-220-дан аспайды
6. Зәрде түйіршікті цилиндрлердің пайда болу механизмі:
А. ыдыраған бүйрек эпителийінен түзіледі
B.эритроциттерден түзіледі
C.лейкоциттерден түзіледі
D.белоктардан түзіледі
E.аморфты тұздардан түзіледі
7. Созылмалы гломерулонефритте артериялық гипертензия дамуындағы негізгі механизм:
A. натриийдің және судың шумақшалық фильтрациясының төмендеуі
B. тамыр қабырғаларында кальцийдің жинақталуы
C. ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің белсенденуі
D. катехоламиндердің ағзада жинақталуы
E. бүйректің депрессорлық қызметінің жоғарылауы
8.Изурия дегеніміз не?
A. зәрдің тұрақты түрде белгілі бір уақыт аралығында, белгілі бір мөлшерде бөлінуі
B. несеп тығыздығының әр порцияда шамамен бірқалыпты болуы
C. несеп шығару кезінде сыздап ауруына байланысты қиналу
D. организм қатты уланғанда немесе қансырағанда зәр түзу қызметінің төмендеуі
E. несеп жолдары таспен немесе ісікпен бітеліп қалғанда зәр бөлінуінің бұзылуы
9. Экскреторлық анурияның себебі:
A. жедел гломерулонефрит
B. несептас ауруы
C. созылмалы пиелонефрит
D. коматозды жағдай
E. висмутпен улану
10. Нефротикалық синдромда зәрде мына өзгерістен басқаның бәрі болады:
А.протеинурия
B.липидурия
C.гиалинді цилиндрурия
D.гематурия
E. балауызды цилиндрурия
11. Нефротикалық синдромның даму механизмі қандай?
А. нефрондардың склероздануы
B. зәр бөлу жолдарында бөгде заттың кедергі болуы
C. ренин-ангеотензин-альдостерон жүйесінің белсенденуі
D.қанда мочевина мен креатинин мөлшерінің көбеюі
E. зақымданған шумақтардың өтгізгіштігі артуына байланысты белоктың көп мөлшерде жоғалуы
12. Нефротикалық синдромда болатын гиперлипидемияның негізгі себебі қандай?
A. эритропоэтин синтезінің азаюы
B. бауырда липидтер синтезінің төмендеуі
C. белок алмасуының бұзылуымен және гипопротеинемиямен байланысты
D. қан тамырлардың атеросклерозды өзгеруі
E. бүйрек өзекшелерімен су және натрий реабсорбциясының күшеюі
13. Бүйректің созылмалы жетіспеушілігі кезінде шумақшалық фильтрациясын анықтайтын сынама.
A.Нечипоренко сынамасы
B. Зимницкий сынамасы
C.Реберг сынамасы
D. Аддис-Каковский сынамасы
E. Амбурже сынамасы
14. Бүйректің созылмалы жетіспеушілігінің айқын кезеңіне сәйкес келеді:
A. никтурия, шумақтық фильтрация 50 мл/мин дейін төмендейді, несептің салыстырмалы тығыздығы 1017 дейін төмендейді, гипоизостенурия
B. никтурия, изурия, несептің салыстырмалы тығыздығы 1009-1011 дейін төмендейді, шумақтық фильтрация 30 мл/мин дейін төмендейді
C. құсу мен лоқсу, іш өту, кахексия, шумақтық фильтрация 15 мл/мин дейін төмендейді
D. никтурия, шумақтық фильтрация 80 мл/мин дейін төмендейді, несептің салыстырмалы тығыздығы 1020 дейін төмендейді, гипоизостенурия
E. никтурия, шумақтық фильтрация 50 мл/мин дейін төмендейді, несептің салыстырмалы тығыздығы 1017 дейін төмендейді, гиперстенурия
15. «Уремиктің қайғылы сазының» пайда болу себебі:
A. құрғақ плеврит
B. уремиялық перикардит
C. уремиялық ларингит, трахеит
D. уремиялық бронхит
E. уремиялық пневмония
Жауап эталондары
№ | 1-вариант | 2-вариант | 3-вариант | 4-вариант |
D | A | B | C | |
C | B | E | E | |
B | E | E | E | |
C | B | C | C | |
C | B | B | A | |
B | A | C | A | |
E | E | B | C | |
D | D | C | A | |
1-C, 2-D, 3-A, 4-E, 5-B | D | 1-B, 2-C, 3-A | B | |
A | A | C | D | |
B | A | D | E | |
C | E | D | C | |
C | E | C | C | |
C | C | A | B | |
A | C | A | B |
1. Дисфагия дегеніміз не?
А. іш өту
B. тағамның өңеш арқылы өтуінің бұзылуы
C. сілекейдің көп бөлінуі
D. ас қазанда жиналған ауаның ауыз арқылы шығуы
E. қара май тәрізді нәжістің болуы
2. Ас қорыту жүйесі ауруларында иық, мойын және кеуде сарайының сол жақ аймағына тарайтын тұрақты немесе ұстама тәрізді төс артындағы ауырсыну қандай ауруға тән?
А. онекіеліішектің жара ауруына
В. ас қазан қалтқысының жарасына
С. өңештің қабыну ауруына
D. ас қазан жарасының жарылуына
E. ас қазан қалтқысының тарылуына
3. Өңештен қан кетуге қай тұжырым сәйкес келмейді:
А. өңеш жарасы себебінен
B. өңеш көк тамырларының кеңеюі салдарынан
C. өңештің кілегей қабаты тамырларының бөгде денемен зақымдануынан
D.«кофе қойыртпағы» тәрізді құсығы
E. кеткен қанның түсі өзгеріссіз
4. Қышқыл дәммен кекіру қай ауруға тән емес?
А. созылмалы холециститке
В. ас қазан қалтқысының жарасына
С. эзофагитке
D. созылмалы гиперацидті гастритке
E. он екі елі ішектің жарасына
5.Анорексия мына жағдайға тән:
А. ас қазанның жара ауруына
B. ас қазан рагіне
C. он екі елі ішектің жара ауруына
D. гиперацидті гастритке
E. гипогликемиялық жағдайға
6. Іш қатудың функциялық себебіне қайсысы жатады?
А. ісік салдарынан ішектің тарылуы
B. ішектегі аномалиялар
C. ішек бұлшық еті тонусының төмендеуі
D. ішектің стриктурасы
E. ішекте жабысулардың болуы
7. Диареяға сипатты:
А. нәжістің цилиндр пішінді болуы
B. нәжістің 48 сағаттан астам уақытта бөлінуі
C. “қой құмалағы” пішінде бөлінуі
D. ішек бұлшық етінің тонусы төмендеуінен
E. сұйық немесе қоймалжың нәжіс, тәуілігіне 2-3 рет немесе оданда жиі
8. Ішектің дистензиялық ауырсынуының даму механизмі қандай?
А. ішектің тегіс бұлшық етінің қатты жиырылуы
B. ішектің газбен керілуі салдарынан
C. ішектің ашытқыш және шіріткіш флорасының тепе-теңдігінің бұзылуы
D. ішектің тегіс бұлшық еті тонусының төмендеуі
E.ішектің секрециялық қызметінің бұзылуы
9. Тамақ қабылдаған соң 10-15 минуттан кейін құсу қай ауруға сипатты?
А. онекіеліішектің жара ауруына
В. созылмалы дуоденитке
С. созылмалы колитке
D. ас қазан қалтқысының жарасына
E. ас қазанның кардия бөлігінің жарасына
10. Бір жасқа дейінгі балаларда аэрофагияның жиі болуы неге байланысты?
А. ішектің тегіс бұлшық еті тонусының төмен болуына
B. кардия сфинктрінің жетіспеушілігіне
C. ішектің қалыпты микрофлорасының толық жетілмеуіне
D. ас қазанның пилорикалық бөлігінің нашар дамуына
E.пилорикалық сфинктердің жетіспеушілігіне
11. Тәбеттің шектен тыс жоғарылауын не дейді?
А. булемия
В. мелена
С.диарея
D. анорексия
E. обстипация
12. Төс сүйегінің төменгі жағында қыжыл сезімінің болуы неге байланысты?
А. өңештегі Рh-тың сілтілі болуына
В. өңештің төменгі сфинктрінің тонусы жоғарылауына
С. он екі елі ішектегі химустың ас қазанға кері өтуіне
D. ас қазан сөлінің өңешке өтуіне
E. өттің өңешке өтуіне
13. Функциялық дисфагияға қандай белгі тән емес:
А. ұстама тәрізді басталады
B. психоэмоциональдық жағдай ықпал етеді
C. алдымен құрғақ-қою, сонан соң жартылай сұйық, соңында сұйық тағамның
өтуі қиындайды
D. сұйық тағамға қарағанда құрғақ астың өтуі жеңіл
E. седативті дәрілермен басылады
14. Түнгі және аш қарынға іштің ауырсынуы қай ауруға сипатты?
А. ас қазанның қатерлі ісігіне
В. созылмалы холециститке
С. эзофагитке
D. он екі ішектің жара ауруына
E. гипоацидті гастритке
15. Шіріген жұмыртқа иісімен кекіру қай жағдайға тән?
А. он екі елі ішектегі химустың ас қазанға кері өтуіне
В.пилоростеноздың нәтижесінде ас қазанда тағамның ұзақ уақыт тұрып қалуына
С.өттің өңешке өтуіне
D. асқазан сөлінің гиперсекрециясына
E.асқазан сөлінің өңешке өтуіне
16. Мелена дегеніміз не?
А. іштің кебуі
В. сілекейдің көп бөлінуі
С. қара май тәрізді нәжістің болуы
D. іш өту
E. іш қату
17. Өңештік құсықтың ерекшеліктері қандай?
А. лоқсымай құсады, тамақ өзгермеген
B. лоқсумен құсады, ауызда қышқыл дәм сезеді
C. ас жартылай қорытылған болады
D. қышқыл иісі болады
E. бірнеше күн бұрын жеген тамағын құсады
18.Асциттіанықтайтын белгілерге қайсысы жатпайды?
А. науқасты тікесінен тұрғызып қарағанда іш төмен қарай салбырайды
B. науқасты шалқасынан жатқызғанда іштің пішіні «бақа іші» сияқты болады
C. іштің алдыңғы іргесіндегі веналары білеуленеді
D.іш домалақ пішінді, кіндік ішіне түсіңкі
E. кіндік шығыңқы болады
19. Метеоризмнің пайда болу себебі қандай?
А. ішекте газдың көбеюі
B. ішектің тегіс бұлшық етінің тонусы жоғарылауы
C. ішек қабырғасымен ауа сіңірілуінің жоғарылауы
D. ішектің перистальтикасының күшеюі
E.ішектің секрециялық қызметінің бұзылуы
20. Нәрестеде «фонтан» тәрізді құсудың болуы нені дәлелдейді?
А. өт жолдарының дискинезиясын
B. пилоростенозды
C. гастродуоденитті
D. кардия сфинктрінің жетіспеушілігін
E. энтеритті
21. Өңеш эндоскопиясының мүмкіндігіне сәйкес келмейтін жағдай:
A. кілегей қабатын қарау және өзгерістерін анықтау
B. өзгеріске күмәнді аймақтан биоптат алу
C. варикозды кеңейген веналардан қан кетуді тоқтату
D. өңеш дивертикулдарын анықтау
E. өңештің бұлшық ет жағдайын зерттеу
22. Ас қазандағы сұйықтықты алу үшін қолданылатын зондтың ішкі диаметрі:
A. 1-2 мм
B. 4-5 мм
C. 6-8 мм
D. 2-3 мм
E. 8-10 мм
23. Көрсетілген тәсілдердің қайсысы асқазан функцияларын зерттеу үшін қолданылмайды?
A. фракциялық әдіспен секрецияны анықтау
B. ЭФГДС
C. асқазан сөлінің рН-метриясы
D. контрасттық рентгеноскопиясы
E. иррогоскопия
24. Helіcobacter pylorі дегеніміз не?
A. грамтеріс микроаэрофильді бактерия
B. грамоң таяқша
C. грамоң кокк
D. қарапайым
E. микоплазма
25. Нәжістің қалыпты түсі неге байланысты?
A. стеркобилинге
B. құрамында майлардың болуына
C. құрамында өсімдіктекті клетчатканың болуына
D. қорытылмаған астың болуына
E. құрамында крахмал болуына
26. Асқазанның секреторлық қызметі туралы қорытынды беріңіз: базальді секреция фазасында HCL-дың дебит-сағаты 8 мэкв/сағ., гистаминмен жасалған субмаксимальді стимуляциядан кейін - 26 мэкв/сағ.
A. қалыпты
B. төмен
C. күрт төмендеген
D. анацидті жағдай
E. жоғарылаған
27. Асқазанның секреторлы қызметі қандай? Егер базальді секреция фазасында HCL-дың дебит-сағаты 0,3 мэкв/сағ., гистаминмен субмаксимальді қоздырылғаннан кейін - 0,5 мэкв/сағ., бос HCL – 0, асқазан сөлінде пепсин жоқ.
A. жоғарылаған
B. қалыпты
C. төмендеген
D. ахилия
E. күрт жоғарылаған
28. Қай патологияда «оң» көлеңке, «теріс» тін («ниша» симптомы) рентгенологиялық белгісі анықталады?
A. жедел гастрит
B. созылмалы гастрит
C. асқазанның ойық жарасы
D. асқазан ісігі
E. колит
29. Тоқ ішектің төменгі бөлігінен қан кеткенде копрограммада қандай өзгерістер анықталады?
A. нәжістің түсі қою-коңыр
B. нәжісте алқызыл қан анықталады
C. қара май тәрізді нәжіс (melaena)
D. амилорея ++++
E. Стеаторея ++++
30. Асқазан сөлін зерттегенде қандай көрсеткіштер анықталады?
1. Бос тұз қышқылының мөлшері анықталады А. 1,2,3
2. Кілегейдің мөлшері анықталады В. 2,3,5
3. Жалпы қышқылдылық деңгейі С. 1,3,5
4. Эритроциттердің пішінін анықтайды D. 3,4,5
5. Байланысқан тұз қышқылының мөлшері анықталады Е. 1,4
31. Асқазанның ойық жара ауруында барынша анық мәлімет беретін диагностика әдісі:
A. ас қазан секрециясын зерттеу
B. клиникалық белгілер
C. копрограмма
D. асқазанды рентгенологиялық әдіспен тексеру
E. ФГДС зерттеу және кілегей қабатының биопсиясы
32. Асқазан секрециясын фракциялық әдіспен зерттегенде қолданыла-тын қоздырғыштардың қайсысы физиологиялық болып табылады?
A. алма шырыны
B. кофе ерітіндісі
C. капуста қайнатпасы
D. тәтті шай
E. тері астына инсулин егу
33. Асқазанның секреторлы қызметі қандай? Егер базальді секреция фазасында HCL-дың дебит-сағаты 1,2 мэкв/сағ., гистаминмен субмаксимальді қоздырылғаннан кейін кейін - 2 мэкв/сағ., бос HCL- дың дебит-сағаты – 0?
A. қалыпты
B. төмендеген
C. күрт төмендеген
D. ахилия
E. жоғарылаған
34. Асқазанның секреторлық қызметі туралы қорытынды беріңіз: базальді секреция фазасында HCL-дың дебит-сағаты 0,9 мэкв/сағ., гистаминмен жасалған субмаксимальді қоздырудан кейін 4,0 мэкв/сағ.
A. қалыпты
B. жоғарылаған
C. күрт жоғарылаған
D. төмен
E. күрт төмендеген
35.Асқазанның рентгеноскопиясында (графиясында) қай патологияның диагностикалық белгілері анықталады?
A. асқазан ойық жарасы, асқазан ісігінің
B. жедел гастриттің
C. созылмалы гастриттің
D. созылмалы панкреатиттің
E. эзофагиттің
36. Қай патологияда «толу дефекті» рентгенологиялық белгісі анықталады?
A. жедел гастрит
B. созылмалы гастрит
C. асқазан ісігі
D. асқазан ойық жарасы
E. колит
37. Асқазан-ішек жолдарының жоғарғы бөлігінен қан кеткенде копрограммада қандай өзгерістер анықталады?
A. нәжістің түсі алтын-сары
B. нәжісте алқызыл қан анықталады
C. қара май тәрізді нәжіс,Грегерсен реакциясы ++++
D. ахолиялық нәжіс
E. лейкоциттер көп мөлшерде
Дата добавления: 2015-12-07; просмотров: 81 | Нарушение авторских прав