Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

ЛеҢ деген. . .

Өлең деген – сезімдердің

сөзге айналған тұнығы,

Көңілдердің кілті ол –

ашылатын құлыбы.

Өлең деген – жан сарайы,

қымбат асыл жиһазы,

Сол сарайды жырға бөлеп,

құлпыратын сыр-үні.

 

 

Өлең деген – өмір нәрі,

таңдайыңа таматын,

Өлең деген – үміт-сәуле,

өзегіңде жанатын.

Көрінбейтін қиял құсы,

тілге ғана қонатын,

Содан оны іздеп өтер

әлемдегі бар ақын.

 

 

Жазылатын ғашықтардың

тілегінің «үкімі»,

Сезім қылын шертетұғын,

нүктесі де, үтірі.

Өлген соң да,

тірілермен бірге өмір сүретін,

Өлең деген – ақындардың

жүрегінің лүпілі.

 

 

***

Әркімнің тағдыр жолы бар,

Жолыммен жүріп келемін.

Жақсы да, жаман жолығар –

Ақылшым жалғыз өлеңім.

 

Түйсігім нені түйсінді,

Сезімім нені сезінді.

Бебеулеп тартқан күй сынды,

Өлеңмен айттым сөзімді.

 

Сұлу қыздарға сүйсіндім,

Оларға мәңгі ғашықпын!

Емірене сүйіп, исіндім –

Сырымды

жыр ғып шашыппын.

 

Қараулар қазған орына,

Сүріндім,

кейде жығылдым.

Қаламымды ұстап қолыма,

Мың өліп, қайта тірілдім.

 

Жалындап

жандым намыстан,

Біреуге жылу силадым.

Адамның бәрі данышпан –

Керегін іздеп, жинадым.

 

Пендеден алған соққыдан,

Жанымда қаяу, жарам көп.

Болашақ саған жоқ күмән,

Адам боп жетсем...

адам боп

 

 

КӨРГІМ КЕЛЕДІ

Мен сені көргім келеді,

Жүректің серті – сенері.

Сабырлық етейін десем –

Сағыныш дерті жеңеді.

 

Назыңды аңсадым айым,

Аңсаумен шаршадым айым.

Күн сайын бірге күтеді,

Арайлап таң-сағым дәйім.

 

Мен саған барғым келеді,

Құшаққа алғым кледі.

Тәп-тәтті исіңді жұтып,

От болып жанғым келеді.

 

Ойлаймын қиялдап кей күн –

«Келші» деп келтірсең деймін...

Аймалап мауқымды басып,

Содан соң... өлтірсең мейлің.

 

«ҚҰС ЖОЛЫ»

Соғатын кей сор дауылдан қалқалап,

Дүлдүл болып дүр сілкінді нар талап.

Нар талапты намысыммен қамшылап,

Шыңға ұмтылдым ащы терім тамшылап.

 

Шыңға ұмтылдым, көрейін деп алысты,

Алыстан да, алабұртып шаң ұшты.

Етектегі елегізген пенделер,

Сол шаңды да таң нұрымен тең көрер.

 

Бірін тақтан, бірін аттан құлатып,

Ұлылықты жасайтын да – уақыт!

Уақыттың басы да жоқ, соңы да,

Туылған соң шырмаласың торына.

 

Пенделерден жасап алып Данышпан,

Тарихтан да алашұбар шаң ұшқан.

Адамдарға, атақ үшін алысқан,

Құдай ғана көз салады ғарыштан.

 

Күнәларын жіпке тізіп жердегі,

Жазалайтын пендесі оның – ермегі.

Өлшеп берген өмір солай өтеді,

Уақытқа сіңіп бәрі кетеді.

 

Тарғыл-тарғыл

шаңдақ қалып соңымен,

Ғарышқа ұшып барады

«Құс жолымен»...

Қаратаудан Қараормандай көш көрем,

Шың басынан

бұлыт болып көшті өлең.

 

АРАОРМАН

Басқаларды кінәламан сорыма,

Бақыт әне, түспей кеткен қолыма.

Бар қазынам басымдағы мұнар мұң,

Мұнар қуған бір дәруіш шғармын.

 

Сағынышым сары күздей самсаған,

Мен бармын деп

барша жұртқа жар салам.

Сен деп туған сері көңіл бір Ақын,

Жонын төсеп жел өтінде тұратын.

 

Бар арманы – болу саған ықтасын,

Жанын оның ұқсын, мейлі, ұқпасын.

Түсінгісі келмегеннен түңілмей,

Қалса деді Қараорманым бүлінбей.

 

Сен бүлінбей,

сен сүрінбей жүрсін деп,

Табаныңа батқан шөңге,

маңдайыма кірсін деп.

Құрақ ұшқан Мәжнүнің мен едім,

Қасиетті Қараорманым сен едің.

 

О, туған ел, тұрымтайдай ұлың ем,

Қырға салсаң

«қың» демейтін «құлың» ем.

Өтсем деп ем азабыңды арқалап,

Өлтірсе де өгей Тағдыр балталап.

 

Қызық іздеп

құнықпадым құлшынып,

Шекпенімде тердің исі тұр сіңіп.

Қадіріңді қаймана жұрт білсін деп,

Жүрегің боп соғып едім дүрсілдеп...

 

Түсінбесе бәз біреулер, түңілмен,

Ертең қызық деп түсінгем бүгіннен.

Қараорманым, мен өзіңе жүгінгем –

Аялауға жаралғанмын жырыммен!

 

АНТОНИМ

Қытайды қытайсың деп менсінбедік,

Орысты «арақ ішкіш көршім» дедік.

Жатжұрттықты жақтырмай, жатып алып,

«Сен өзің қайдан жүрген елсің» дедік.

 

Жатжұрттың дәмі һарам, жирен дедік,

Кәрісті «ит жейді» деп сүйреңдедік.

«Өзің білме, білгеннің тілін алма»,

Дегендей жақсы жағын үйренбедік.

 

Осыдан кеңімеді өрісіміз,

Ақыл айтты «арақкеш» орысымыз.

«Бақа-шаян жейді» деп менсінбеген,

Қытайдан да қап қойды көп ісіміз.

 

Осылар озып кетті бүгін бізден,

Көбінен көтеретін жүгіміз кем.

«Бөрі аштығын білдірмес»

дегендей боп,

Не шықты күдірейткен түгімізден?

 

«Бай баласы болған соң байқады» деп,

«Кемістігін елінің айтады» деп.

Абайға да кезінде аларып ек,

Түсінудің орнына, қайта күндеп...

 

Саған айтам болашақ, пайымдасаң,

Ескіге ермей, жаңаша жалындасаң.

Өзі білмей, білгенді күндейтұғын,

Ит мінезден жас ұрпақ арылмасаң,

 

Басқаларға дайын тұр нәлетіміз,

Үйренген жоқ жаңаға әлі етіміз.

Үйренбейтін, бірақ та сүйреңдейтін,

Әлі қалмай келеді-ау, әдетіміз.

 

 

***

Уақыт өтер бұлттарман ілесіп,

Үміт-жұлдыз бір жанады, бір өшіп.

Ақын өтер аңғал-саңғал қалпында,

«Жүрегі жоқ» пенделермен күресіп.

 

Сыр іздесе ұлы тарих көшінен,

Ескі күндер есте қалар несімен?

Кеңдігіне кесапаты тиетін,

Жомырт далам кесірді де кешірген.

 

Қалта қалың, баста бірақ тапшы ой,

(ойсыздардың жағдайы да жақсы ғой).

Өз жоғы емес, елдің жоғын жоқтаған,

«Ақын да бір алаңғасар, бақсы ғой».

 

Дейді күліп «жүрегі жоқ» пенделер,

«Өлең емес, ақша адамға өң берер».

Түсінігі дүниеден аспайтын,

Тоғышармен ақын қалай тең келер?!

 

Өмір-майдан, өзегінен қан тамған,

Адастың деп қаға қоймас арқаңнан.

Екі бүктеп топыраққа тығады,

Алтын саулап тұрса-дағы қалтаңнан.

 

Сағынышпен сарғайғанда сана-мұң,

Табиғат та жаспен жуар жанарын.

Сансыз жүрек ақынды еске алады,

Жырларында рухы бар Даланың!

 

АҚ ӨЛІМ


Дата добавления: 2015-12-07; просмотров: 98 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.017 сек.)