Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дебиеттерге шолу

Азақстан Республикасының Білім және Ғылым

Министрлігі

Азақ Ұлттық Аграрлық Университеті

Агробиология және Фитосанитария» факультеті

Экология» кафедрасы

Ндірістік практика

ЕСЕБІ

Тақырыбы: Алманың зиянды организмдеріне қарсы қолданылатын пестицидтердің таралу динамикасын экологиялық тұрғыдан бақылау.

Орындаған: Абдрешбаев А.Б

Курс:4

Мамандық: 5В060800 - Экология

Алматы 2014

Мазмұны:

  КІРІСПЕ.......................................................................................  
1. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ...........................................................  
  3. 2.Зеттеу обьектілерінің климаттық жағдайы Пестицидтердің жіктелу ерекшеліктері.................................  
4. ЗЕРТТЕУ НЫСАНДАРЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ..........................  
  4.1. Зерттеу әдістері.............................  
  4.2. Алманың зиянды организмдеріне пайдаланылатын химиялық заттар.........................................................................  
5. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ..........................................................  
  5.1. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы жағдайында алманың зиянкестеріне қарсы қолданылатын пестицидтердің ыдырау ерекшеліктері 6. Қорытынды  
     
  ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................  
       

 

КІРІСПЕ

Өндірістік практика өткен жер: “Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты» ЖШС.

Өндірістік практика мақсаты:

· Пестицидтер токсикологиясы зертханасында білімімді жетілдіру;

· Өндірістік тәжірибеге байланысты керекті деректерді жинау.

Өндірістік практика міндеті:

· Білімді жетілдіру үшін ғылыми-зерттеу институтының білікті мамандарының көмегімен зертханалық талдаулармен танысып, үйрену;

· Хроматографиялық қондырғылармен танысу;

· Алманың құрамындағы пестицидтердің қалдық мөлшерін анықтап, үйрену.

Өндірістік практика өту барысы:

Практиканың алғашқы күндерінде пестицидтер токсикологиясы зертханасының зерттеу жұмыстарымен және керекті қондырғылармен таныстым. Өндірістік тәжірибенің тақырыбы: «Алманың зиянды организмдеріне қарсы қолданылатын пестицидтердің таралу динамикасын экологиялық тұрғыдан бақылау.

Одан кейінгі күндері Алматы облысы жағдайында алма пестицидтерін токсикологиялық зерттеулер үшін үлгілерді алу әдістерімен таныстым. Сол сияқты зертханада пестицидтердің қалдық мөлшерін анықтау үшін экстракциялау, аликвотаны тазалау және хроматографта талдау жұмыстары бірлесе жүргізілді.

Алынған зерттеу нәтижелерін қағаз бетіне жазып, кесте, диаграмма жасап, алдағы есебім үшін мәліметтерді дайындауды үйрендім. Сонымен бірге пестицидтердің қоршаған ортаның нысандары және адам ағзасына зияндылығы бойынша әр түрлі әдебиеттерді қарастырып, деректер жинадым.

 

ДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

Алма – республикамыздың негізгі жемістерінің болып табылады. Еліміздің ең ірі мегаполисі - Алматы қаласы атауының өзі айтып тұрғанындай, ежелден алманың отаны. Бұл жер сан ғасыр бұрын Алмалық атанып, мұнда алманың неше алуан түрі отырғызылып, өсірілген.

Осы күні көпшіліктің көз алдына салмағы бірнеше есе көп қып-қызыл, балдай тәтті, иісі керемет алма келетіні белгілі. Ал қазіргі кезде базарларда отандық алмаларға қарағанда, шетел алмалары өте көп. Бұл алманың адам баласы үшін берер пайдасы өте аз. Әрі ол адам денсаулығы үшін өте зиян болуы әбден мүмкін. Осыған орай, Алматы қаласы мен облыс тұрғындарын сапалы да табиғи отандық алма өнімімен жеткілікті түрде қамтамасыз етуді Елбасының қадап тапсырып, зор міндеттер жүктеуінің нәтижесінде алма өсіруге қолайлы өңірлерде бірқатар істер жүзеге асып жатыр [1].

Алма - адамға қажетті жемістің бірі болғандықтан, бау шаруашылығында агробиологиялық өзгешелігімен, құрамында нәрлі заттардың болуымен ерекшеленеді. Алма жемісінде қант құрамы, дәрумендер, органикалық қышқылдар және белсенді физиологиялық қосылыстар көп кездеседі, олар адам ағзасына өте қажетті заттар. Мамандардың айтуынша, таза алманың құрамында 83-88% су, 7,5-16% қант мөлшері, 0,2-0,8% қышқылдылық, 9,5-18,5 % құрғақ қалдықтар және А, В1, В2, В6, С, РР дәрумендерімен минералды заттар болады.

Алманың құрамындағы осы заттардың төмендеуіне зиянкестер мен аурулар көп әсер етеді. Жемісті осы зиянды организмдерден қорғау үшін пестицидтер қолданылады. Қазіргі кезде ауыл шаруашылық дақылдарын қорғаудың негізгі жолы химиялық тәсіл. Химиялық тәсілді қолдану - қоршаған ортаны ластауға және басқа да қолайсыз жағдайларға (пайдалы жәндіктерді құрту) әкелуі мүмкін [2]. Сондықтан осындай келеңсіздікті болдырмау үшін жемістерді үнемі тексеріп, пестицидтердің санитарлық-гигиеналық нормативтен асып кетпеуін қадағалау қажет.

Алма жемісінің зиянкестеріне, ауруларына қарсы қолданылатын қазіргі кездегі белсенділігі жоғары пестицидтер - аз жұмсалу мөлшерімен, жоғары тиімділігімен және зерттеу нысандарын іріктеп алу мақсаттылығымен ерекшеленеді. Пестицидтер деп (латын тілінен аударғанда рestis – жұқпалы, cide - өлтіру) – ауылшаруашылық өсімдіктерінің зиянды организмдеріне (зиянкестерге, ауруларға және арамшөптерге) қарсы қолданылатын химиялық заттарды айтады. Бұл пестицидтің өзі – барлық химиялық заттарды қамтитын жинақталған термин. Олар негізгі үш топқа бөлінеді: инсектицидтер (insectum - бунақденелілер) – бунақденелілерге қарсы; фунгицидтер (fungus - саңырауқұлақ) – саңырауқұлақ ауруларына қарсы; гербицидтер (herbum, herbi – шөп) – арамшөптер мен улы шөптерге қарсы қолданылады.

Пестицидтер химиялық құрамына қарай Г.С. Груздев [3] бойынша үш негізгі топқа бөлінеді:

1. Бейорганикалық қосылыстар (сынап, фтор, барий, күкірт, мыс және хлораттардың, бораттардың қосылыстары).

2. Өсімдіктердің бактериалды және саңырауқұлақты препараттары (пиретриндер, бактериалды және саңырауқұлақты препараттар, антибиотиктер және фитонцидтер).

3. Органикалық қосылыстар – физиологиялық белсенділігі жоғары пестицидтердің кең көлемді топтарына: хлорорганикалық қосылыстар (гекса-хлорциклогексан, полихлоркамфен, тиодан, дилор және тағы басқалары); фос-форорганикалық қосылыстар (гардон, хлорофос, метафос, метатион, трихлор-метафос-3, бромофос, карбофос, элсан, цидиал, фозалон, антио, актеллик, цианокс және басқалары); синтетикалық пиретроидтар – перметрин (амбуш, корсар), дельтаметрин (декаметрин, децис), циперметрин (рипкорд, цимбуш, арриво, кинмикс, фастак), сумицидин (фенвалерат) және басқалары; карбамин, тио-, дикарбамин қышқылдары (севин, пиримор, карбин, бетанал, эптам, тиллам, цинеб, поликарбацин, ТМТД және басқалары); фенолдардың нитро-қосылыстары – нитрофенолдар (акрекс, нитрафен, каратан, мороцид); фталимидтер (каптан, фталан); минералды майлар; сынаптың органикалық қосылыс-тары (гранозан, меркургексан); хинондар (дихлон); мочевина туындылары; симм-триазиндер және басқалары; хитин синтезінің ингибиторлары (димилин, номолт) және тағы басқалары қолданылады.

Қоршаған ортаға пестицидтер физико-химиялық (минералогиялық, грану-лометриялық және литологиялық) қасиеттерімен тәуелді. Сонымен пестицидтердің өсімдіктерде, топырақта, суда ыдырау динамикасы мен қалдық мөлшерінің ауылшаруашылық өнімдерінің сапасына әсері зерттелуі қажет.

Пестицидтер біріншіден, зиянды организмдерге қарсы қолданылып өнім сапасын арттыратын болса, екіншіден, табиғат пен адам өміріне зиянын тигізе-ді. Әсіресе, хлорорганикалық қосылыстардың ішінде полихлордифенилдер ана сүтінен табылғандықтан қазіргі уақытта қолданылмайды [4]. Сондықтан пестицидтердің неғұрлым әсері күшті, экономикалық жағынан пайдалы және уыты адамға да, малға да зиян келтірмейтін препараттарды таңдап алу қажет және тиімді қолдана білудің маңызы зор [5].

Химиялық препараттар ауыл шаруашылығында дақылдарды зиянкестерден, аурулардан және арамшөптерден қорғау үшін кеңінен қолданылады. Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша, біздің елде және шет елдерде химиялық препараттар баяу ыдырайды және өсімдікте, топырақта, суда, қоршаған ортаның басқа нысандарында улы заттардың жиналуына әкеледі.

Пестицидтерді қолданудың қауіпті жағдайлары әртүрлі факторлармен байланысты. Ең негізгісі, жеке препараттың физико-химиялық қасиеті, өңдеу мерзімі және мөлшері, қайталау, зиянды организмдерден қорғалатын дақыл-дардың ерекшеліктері, топырақ-климат жағдайлары болып табылады. Сонымен қатар әртүрлі топырақ-климат аймақтардың күн радиациясының қарқындылығымен байланысты. Яғни, ауа температурасы, топырақ, жауын-шашын және басқа факторлар пестицидтердің сыртқы ортадағы айырмашылықтарын көрсетеді, әртүрлі аймақтарда пестицидтерді қолдану регламентіне байланысты болады.

Пестицидтер өзінің химиялық табиғаты бойынша физиологиялық белсенді заттар болып табылады. Агроценозда оларды қолданғанда жыртылған жердің топырағы мен ағынды суларды ластайды [6]. Осыған байланысты пес-тицидтерді тәжірибеде қолдану негізінде қатаң экологиялық тәртіп орнату маңызды мәселелердің бірі болуда [7]. Қазақстан Республикасының территориясында қолданылуына рұқсат етілген пестицидтердің тізімінде, әртүрлі тамақ өнімдерінде пестицидтердің қалдық мөлшерін бақылайтын гигиеналық норматив бойынша ең жоғарғы рұқсат етілген препарат мөлшері (ЕЖРЕПМ) және ауа мен топырақ үшін пестицидтердің шекті рұқсат етілген концентрациясы (ШРК) әрбір жеке препарат үшін көрсетілген [8].

Химиялық препараттарды көпжылдар бойы кең көлемде қолдану, олардың өңделген жерлердің топырақтарында жиналуына, өнім сапасының өзгеруіне әкеп соғып, қоршаған ортаға тұрақты әсер етуші күшке айналады. Сондықтан пестицидтердің қоршаған ортаның негізгі нысандарындағы қалдықтарын, қозғалу жылдамдығын әрі өсімдік сапасына әсерін әрқашан айқындап отыру керек.

Пестицидтердің микромөлшерлерін анықтау тиімділігі жоғары сұйықты, газды-сұйықты және жұқа-қабатты хроматографиялық әдістермен анықталады.

 

Алматы облысының климаты негізінен континенттік. Қысы қоңыржай салқын. Қаңтар айындағы орташа темп-ра солт. жазық бөлігінде — 10-160С, оңтүстікте — 4-90С. Жазы ыстық және қуаң. Шілде айының орташа темп-расы солтүстігінде 250С, оңтүстігінде 270С. Бұл жазық өңірлерде жауын-шашынның орташа жылдық мөлш. 110-250 мм. Тау бөктерінің климаттық жағдайы жұмсақ. Қаңтар айының орташа темп-расы — 5-90С, жылымық жиі болып тұрады. Шілде айының орташа темп-расы тау бөктерінде 21-230С, тау аңғарларында 19-220С. Жауын-шашын тау бөктерінде 400-600 мм, тау аңғарларында 700-1000 мм. Облыс жерінде жауын-шашын негізінен көктем мен жаз айының басында жауады. Солт. өңірдің жазығы мен тау бөктерлерінде қар жамылғысының орташа қалыңд. 10-30 см, тау беткейлерінде 40-100 см. Балқаш және Алакөл жағалауларында бриз желі соғады.


Дата добавления: 2015-11-28; просмотров: 123 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)