Читайте также: |
|
Кафедра: Ішкі аурулар
Курациялық парақ
Орындаған: Сағынов Нұрлыбек
Факультет: Жалпы Медицина
Курс: 4
Тобы: ЖМ11-
Тексерген:
Алматы 2015 жыл
Төлқұжат бөлімі:
Науқастың аты - жөні: Дуненов Мухан Сарсенбаевич
Туған жылы:01.11.1957 ж, 57 жаста
Жынысы: ер
Мекен жайы: Алматы облысы, Алмалы районы, Боткин көшесі 14
Жұмыс орны: II топтағы мүгедек
Ауыруханаға түскен күн: 29.04.2015 ж.
Қорытынды клиникалық диагнозы: ЖИА, Күштемелі стенокардия. Артериальная гипертензия III дәрежелі
Түскен кездегі шағымдары
100 м жүрген кездегі және 2 қабатқа көтерілген кездегі иррадиациясыз, ұзақтығы 10 мин-қа созылатын жүрек тұсындағы басып ауру сезімі, физикалық жүктеме кезіндегі ентігу,
жалпы әлсіздік.
Anamnesis morbi (Аурудың даму тарихы.)
Науқас 5 жылдан бері күштемелі стенокардиямен ауырады. 01.14.2014 жылы Миокард инфарктын бастан кешірген. ЖИА және 3 дәрежелі күштемелі стенокардия бойынша Д есепте тұрады. Стационарда бірнеше рет емделген. Үнемі ко плавикс күніне 1 рет 100\75 мг, конкор 2,5 мг күніне қабылдайды. Бұл жағдайының нашарлауын науқас 3 ай бұрын стресстік жағдайға байланысты деп санайды. Амбулаторлы емделудің нәтижесіз болуына байланысты № 1 ҚКА жоспарлы түрде госпитализацияланды.
Anamnesis vitae (Өмір тарихы)
Туберкулез, тері аурулары, вирусты гепатитпен ауырмаған. Дәрілік препараттарға және тағамдарға аллергиясы жоқ. Бірнеше жылдан бері артериалдық гипертензиямен ауырады. Ең максимальдық көтерілуі 160\100 мм.сын.бағ, бейімделген қан қысымы 120\80 мм.сын.бағ. Күніне 5 мг хартил, 0,4мг физиотенз қабылдайды. Қан тамырлық генездік дисциркуляторлық энцефалопатия. Орташа ауыр дәрежелі қант диабеті. Күніне 1 рет Икандра 50 мг және метформин 1000 мг қабылдайды. Созылмалы гастрит. Созылмалы бронхит. Әкесінде тұқымқуалайтын ЖИА. Гемотрансфузия болмаған.
Status praesens (Науқасты жалпы қарау)
Жалпы жағдайы: Орташа ауыр дәрежеде
Ақыл есі: анық
Төсектегі қалпы: белсенді
Дене температурасы: 36,5 С
Дене бітімі: нормостеник
Денесінің терісі: терісі таза түсі қалыпты
Тыныс алу жүйесі: Мұрынмен тыныс алуы қиындықсыз, біркелкі. ТАЖ минутына 17рет. Тыныс алу типі кеуделік, тыныста тыныс алу бұлшық еттері бірдей симетриялы қатысады. Аускультацияда өкпе үстінен қалыпты везикулярлы дыбыс естіледі, патологиялық дыбыстар жоқ.
Пальпация:
а) кеуде серпіміділігі сақталған.
б) дауыс дірілі симметриялық аймақтарда әлсіздеген.
Перкуссия:
Салыстырмалы перкуссия: екі өкпенің де беткей жақтарында тұйықталған перкуторлық дыбыс естіледі
Топографиялық перкуссия.
1. Өкпе ұштарының биіктігі:
Оң жақта | Сол жақта | |
Алдынан | Бұғана үстінен 4 см. | |
Артынан | 7-ші мойын омыртқасы деңгейінде |
2.Крениг алаңы:
Оң және сол жақта - 5 см
3. Оң өкпенің төменгі шекаралары:
Төс маңы сызығы бойымен | 6 – шы қабырғаның жоғарғы қыры |
Бұғана ортаңғы сызығы бойымен | 6 – шы қабырғаның төменгі қыры |
Алдыңғы қолтық асты сызығы | 6 – шы кабырға аралық |
Ортаңғы қолтық асты сызығы | 7 – ші қабырға |
Артқы қолтық асты сызығы | 8 – ші қабырға |
Жауырын сызығы бойымен | 9 – шы қабырға |
Жота маңы сызығы бойымен | 10 – шы кеуде омыртқаның өстік өсіндісінің деңгейі. |
4. Сол өкпенің төменгі шекаралары:
Алдыңғы қолтық асты сызығы | 6 – шы қабырға аралық |
Ортаңғы қолтық асты сызығы | 7- ші қабырға |
Артқы қолтық асты сызығы | 8 – ші қабырға |
Жауырын сызығы бойымен | 9 – шы қабырға |
Жота маңы сызығы бойымен | 10 – шы кеуде омыртқаның өстік өсіндісі деңгейінде |
Жүрек – қан тамыр жүйесі:
Шағымдары: жүрек аймағындағы сыздаған тәрізді өзінен –өзі басылатын ауыру сезімі.
Қарап-тексергенде: мойынды қарау кезінде көк тамырлардың және артериялардың жағдайы қалыпты,дерттік соғуы жоқ. Жүрек тұсын қарау және пальпация:
а) жүрек аймағында дөңестік жоқ.
б) жүрек ұшының түрткісі анықталады
в) жүрек аймағында діріл байқалмайды.
Перкуссия:
Салыстырмалы тұйықтық шекаралары.
1. Оң шекарасы - оң – 4 – қабырға аралықта төстің оң қырынан 1,5 см сыртқа.
2. Жоғарғы - 3 – қабырға деңгейінде (төс сызығы мен төс маңы сызығының ортасында)
3. Сол шекарасы – сол – 5 қабырғада сол бұғана ортаңғы сызығынан 1,2 см сыртқа.
Абсолюттік тұйықтық шекаралары.
1. Оң - төстің сол қыры 4 қабырға аралықта.
2. Сол - салыстырмалы тұйықтығының сол жақ шекарасынан 1 см ішке қарай 6 қабырғада
3. Жоғарғы – төстің сол қыры 4 қабырға.
Аускультация:
а) жүрек тондары – әлсіреген,ырғақсыз. Аортада II тон акценті. Систолалы шу,шоқырақ ырғағы естілмейді.Мойын тамырлары мен қолтық асты аймағына берілмейді.
б) Артериялық қысым – 140/90 мм с.б.б.
в) Ірі артериялардың аускультациясында шулар байқалмады. Пульс жоғары және төменгі аймақтарда,және де самай және ұйқы артерияларында пальпацияланады. Пульс:72рет/мин. АҚ 140/90мм.с.б
Асқорыту жүйесі: Тілі ылғалды, ақ жабындымен жабылған. Ауыз қуысында жағымсыз иіс жок. Беткей пальпацияда іші жұмсақ, эпигастральды аймақта ауыру сезімі жоқ. Бауыр және көкбауыр ұлғаймаған.
Эндокриндік жүйе: Пальпацияда қалқанша безі қалыпты.
Лимфа түйіндері: түйіндер көлемі өзгермеген, біркелкі таралған, ауырсынусыз, айналасындағы тінмен жанаспаған.
Бұлшық еттері: жетілу деңгейі өте жақсы, тонусы қалыпты, ауырсыну сезімі жоқ.
Сүйектері буын жүйесі: буындардың үйлесімі, қозғалған кезде
ауырсыну сезімі жоқ.
Несеп бөлу жүйесі: Зәр шығару қалыпты. Бел аймағында ауру сезімі жоқ. Бүйректер пальпация әдісімен анықталады. Ұрғылау симптомы екі жақта да теріс.
Жүйке жүйесі және психикалық жағдайы: Есі анық, сөзі өзгермеген.Сезгішітігі сақталған. Жүрісі қалыпты. Көз алмасының, қарашықтардың жағдайы қалыпты және жарыққа сезгіштігі сақталған.
Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 620 | Нарушение авторских прав