Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

ПӘННІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН МАЗМҰНЫ

Л-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Шығыстану факультеті

Түркітану және үндітану кафедрасы

    Шығыстану факультеті Ғылыми кеңесінінің мәжілісінде бекітілді №____хаттама «____»________ 2013 ж. Факультет деканы __________Жұбатова Б.Н.

В020900- Шығыстану

СИЛЛАБУС

TRKS 3311. Азия және Африка елдерінің тарихы: жаңа және қазіргі заман

3 курс, қ/б, күзгі семестр, 3 кредит, міндетті

 

 

Дәріскер:

Жанатаева Гүлжан Бекенқызы, аға оқытушы телефондары: жұмыс: 2438926; +77073737073

e-mail:Guljan73@inbox.ru, каб.435

Оқытушы (практикалық, семинар, зертханалық сабақтар):

Жанатаева Гүлжан Бекенқызы, аға оқытушы телефондары: жұмыс: 2438926; +77073737073

e-mail:Guljan73@inbox.ru, каб.435

Пәннің мақсаттары мен міндеттері: Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы дүниежүзі елдері тарихының құрамдас бөлігі ретінде саналады.

Азия және Африка елдерінің жаңа заман тарихы әлем тарихы кезеңдеріне сәйкес

XVII ғ. ортасынан басталып, XX ғ. басына дейінгі кезеңді қамтиды. XVIII – XIX ғғ. афро-азиаттық континентте Еуропа елдерінің қуатты отарлық иеліктері қалыптасты.

Азия және Африка елдерінің қазіргі заман тарихы ұлт-азаттық қозғалыстың өршіген және ХХ ғ. ортасында империализмнің отарлық жүйесінің күйреуі, сондай-ақ ХХІ ғ. басындағы жаһандану үрдісі негізінде интеграциялау үдерісінің шарықтаған кезеңін қамтиды. Бұл кезде Шығыс елдері дамуы түбегейлі өзгерістермен сипатталады. Азия және Африка елдерінің қазіргі заман тарихы әр елдің даму процессіндегі негізгі көріністерді және оқиғаларды қарастырады.

Мақсаты: Пәнді оқытудың негізгң мақсаты студенттердің осы пән шеңберіндегі білім қорын молайтып, білім жинағын тұрақтатып, шеберлік, әдісшіл деңгейін түпкілікті нығайту. Азия және Африка елдерінің дүниежүзілік тарихтағы орны мен мәнін ашу. Студенттерді Азия және Африка елдері тарихының негізгі кезеңдерімен таныстыру.

Міндеттері: Тарихи дамудың көп жақты жолдарын түсіндіріп, оның диалектикалық құбылыстарының көп тармақты екенін студенттерге үйрету пәнді оқытудың басты міндеті. Сондай-ақ Шығыс елдерінің мәдени даму мәселесін айқындау және оның жалпы мәдени құндылықтарды дамытуда қосқан үлесін ашу.

Құзыреттері: Студент Шығыс елдерінің дамуына әсер ететін тарихи оқиғаларға баға беріп, сараптай алуы қажет. Студенттер жинаған білім қорын келешектегі іскерлік қызметінде кеңінен пайдалана білуі қажет. Шығыстағы халықаралық қатынастардың дамуы, қазіргі кезеңдегі бағытын түсініп, оның келешегіне болжау жасауға баулу. Студент саяси партиялар рөлі мен орнын, билеуші топтар және олардың саяси бағыттарын сараптай білуі тиіс.

Пререквизиттері: Оқытылатын елдің жаңа және қазіргі заман тарихы; оқытылатын елдің мәдениеті және діні.

Постреквизиттері: Оқытылатын елдің сыртқы саясаты, оқытылатын елдің қоғамдық-саяси ой-санасы, Шығыс елдерінің дипломатиясы.

ПӘННІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН МАЗМҰНЫ


Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 184 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)