Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

ТІС ҰЛПАСЫНЫҢ БИОХИМИЯСЫ

Тістің қатты ұлпасына эмаль (тістің өзінде болады) дентин және цемент (тіс тамырының бетінде болады) жатқызылады. Сүйек ұлпасының басқа түрлерінен айырмашылығы тіс ұлпасы олардан да жоғары минералденген. Тістің қатты ұлпасында біршама белгілі мөлшерде магний, натрий, калий, хлор (олар цементе пен эмальде көп болады) кездеседі.

Эмаль. Құрамында гидроксилапатит, фторапатит, кальций фториді болады. Эмальдегі кальций/фосфор қатынасы 1,75-ке тең, сондықтан сүйекпен салыстырғанда оданда артық минералденген болады. Жас ұлғайған сайын бұл қатынас 2,09-ға дейін жетеді. Эмальдің органикалық затын негізінен – амелогениндер құрайды. Бұл белоктардың негізгі қызметі – эмальдің ерімейтін матрицасын қалыптастыру, эмальдің ерекше кальций-байланыстырушы белогы көмегімен минералденеді. Эмальдің құрамына глюкозаминогликандар және цитраттар да кіреді. Эмальдің метаболизмінің ерекшеліктері бұл алмасудың өте төмен жылдамдығы. Иондармен алмасу ауыз қуысы жағынан сілекей арқылы жүруі мүмкін.

Дентин. Дентиннің эмальден айырмашылығы құрамында сиалопротеиндері (бұл коллаген емес белоктар болып табылады) көп болады. Минералдену дәрежесі бойынша дентин сүйектің компактілі затына ұқсас. Минералдық компоненті - гидроксилапатит, онда сүйекпен салыстырғанда магний жиірек болады. Фторлы тұздар да дентин құрамында кездеседі. Дентиннің органикалық құрамына коллаген, фосфатпен байытылған, хондроитинсульфаттар, гиалурон қышқылы кіреді. Зақымдалған дентинде кариестің дамуы кезінде оксипролин мен оксилизиннің мөлшері төмендейді және глюкозаминогликандардың мөлшері жоғарлайды. Жасушалық элементтері - одонтобластар.

Цемент. Цемент дентиннен төмен минералденген болады. Мұнда су мен протеогликандар көп болады. Жасушалық элементтері - цементобластар.

Пульпа. Бұл ерекше дәнекер ұлпа, эмбрионның дәнекер ұлпасына ұқсас. Пульпа біршама метаболиттік активті болғандықтан, онда ферменттер көп болады. Фибробластардан басқа, пульпада май жасушалары да кездеседі. Жасушаралық затта - гликопротеиндер, глюкозаминогликандар болады. Пульпаның талшықтық құрылымы – бұл жіңішке коллагендік талшықтар. Пульпаның қызметі: дентинді қалыптастыру және дентинде метаболиттік процестерді қамтамассыз ету.

Қышқылдық ортада тіс ұлпасы зақымдалуға түсіп өзінің қаттылығын жояды. Бұл кең таралған ауру - кариес тістің бетінде тіршілік ететін,анаэробтық гликолиз өнімі ретінде органикалық қышқылдарды бөлетін, тіс эмалінен Са2+ шайылдыратын микроағзалармен де дамиды. Қанттардың бактериалдық метаболизмінің басқа өнімдеріне – жасуша сыртылық декстрандар, ерімейтін полисахаридтержатқызылады. Олар бактериялар үшін қорғаныш ролін атқарады. Бактериялар және декстрандар тіс тасының негізгі массасын (тіс бляшкалары) құрайды. Олар нашар тазаланған тістерде түзіледі. Тісті кариестен қорғаудың профилактикалық шарасына тісті кезеңді тұрақты түрде тазалау (тіс тасын жою үшін), фтормен байытылған суды пайдалану (тіс эмалін фтор иондарымен қанықтыру үшін) және т.б. керек.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Қанның құрамының маңызы неде.

2. Қан ферменттері мен белоктарының маңызы.

 

Көрнектілік құрал:

Анимациялар

Әдебиет:

Е. С. Северин баспасы, Биохимия: оқулық; қазақ тіл. аударған және жауапты ред. А. Ж. Сейтембетова, 2014, ГЭОТАР-Медиа. - 752 б.

Әбдірақов Б.Қ. Биохимия: оқу құралы, 2014, Эверо. - 98 б

Сеитов З.С.,Биохимия: Оқулық / З. С. Сеитов. - Алматы: Эверо, 2012. - 570 б

 

 

 


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 1213 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)