Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Факторлар әсерлерінің жалпы зандылықтары. Бейімделудің активтілік жолдары.

Читайте также:
  1. Дамушы математикалық ойлаудың жалпы сипаттамасы
  2. ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
  3. Жалпы ережелер
  4. Жалпы ережелер
  5. Жалпы ережелер
  6. Жалпы ережелер
  7. Жалпы ережелер

Тіршіліктің бейімдеушілік ырғақтығы – жануарлар мен өсімдіктердің өмірінде температура, ылғалдылық, жарық, қысым электромагнит өрісі, теңіздердің тартылуы мен қайтуы маңызды рөл атқарады. Аталған факторларға жердің өз өсінен және күнді айналуы, Айдың Жерге қатысты айналуы нәтижесінде туындайтын маусымдық және тәулік өзгергіштігі тән. Сонымен қатар бұл факторлар географиялық белдеулерге байланысты заңды түрде өзгереді. Ішкі ырғақтар тарихи қалыптасқан. Қалыпты өмір сүру үшін кез келген тірі ағза жоғары физиологиялық белсенділік жағдайынан физиологиялық тыныштық күйге өтеді. Анаболизм (түзілу) процестері катаболизм (ыдырау) процестерімен алмасады. Егер бұл процесс болмаса, онда ағзаның физиологиялық функциялары бұзылады.

Көптеген жануарларда тәуліктік периодтық өзгеріс физиологиялық функциялардың айтарлықтай ауытқуына алып келеді. Ол негізінен қозғалыс белсенділігінің өзгеруінен көрінеді. Бұл- сыртқы, экзогендік тәуліктік ырғақ. Тәуліктік периодтық күндіз, кеште, түнде тіршілік ететін жануарларға тән.

Көптеген зерттеулер күннің белсенділігінің циклі мен жануарлардың популяциялар, бірлестіктердің циклі мен жануарлардың сағаттың өзгеруі, эпидемиялардың пайда болуы және тағы басқа құбыластардың арасындағы заңдылықтардың бар екендігіннен анықталған.

Күн сәулесінің спектрінің әр түрлі бөліктері барлық тірі табиғатқа тікелей әсер етеді. Ол барлық биологиялық жүйелердің физико-химиялық өзгерістеріне, жануарлар, өсімдіктердің жүруіне әсер ете отырып, микроорганизмдердің белсенділігінің өзгеруінен көрінеді. Жарық маңызды сигнал болып табылады. Ол тірі ағзалардың белсенділігінің өзгеруіне және көбею, миграция, түлеу және де басқа биологиялық құбылыстардың периодын анықтайды. Мысалы, ауаның температурасы +130С-дан төмендеген кезде бал араларының қозғалыстық белсенділігі артады, ал бұл ұядағы температураны 25-300С-ға дейін көтереді. Бұл негізде факторлар үш топқа бөлінеді. Ең алдымен тірі ағзаларда периодты факторларға бейімделуі пайда болады. Жер шарының тікелей өз өсінен және Күнді айналуы немесе Ай фазаларының ауысуы.

Аталған факторлардың тұрақты түрде қайталану циклдері Жердегі тіршілікке дейін де болған, сондықтан да ағзалардың бұл бірінші ретті периодты факторларға бейімделуі олардың тұқым қуалау негізінде ертеден қалыптасқан. Температура, жарық, толысуы мен қайту факторлары көптеген мекен ету орталарында ерекше орын алды. Тек ең терең мұхит түбінде – абиссаль эонасында бұл бірінші ретті факторлардың өзгерісі болмашы ғана. Тәжірибелік зерттеулер жүргізгенде тұрақты температура немесе жарықта зертханадағы жануарлардың мінез-құлқы табиғи жағдайлардан өзгеше болатынын есепке алу қажет.

Екінші ретті периодтық факторлардың өзгеруі бірінші ретті факторлардың өзгеруінің нәтижесі болып табылады. Мысалы, ауаның ылғалдылығы – температураға тәуелді екінші реті фактор.

Периодты емес факторлар ағза мекен ететін ортада қалыпты жағдайда болмайды. Олар кездейсоқ әсер ететіндіктен, ағзаларда бейімделу белгілері пайда болып үлгере алмайды. Периодты емес факторларға мысал ретінде климаттық факторларды – дауылды желдер, найзағай өрттер, сонымен қатар адамның шаруашылық қызметін айтуға болады.

Иесінің паразитке тигізетін әсерін екінші ретті периодтық факторларға жатқызу керек. Себебі, паразит мекен ететін орта ретінде иесінің денесі оның қалыпты мекен ету ортасы болып табылады. Ал иесі үшін паразиттің болуы міндетті емес, бұл периодты емес фактор.

 


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 198 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)