Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Эмиль Дюркгейм

Читайте также:
  1. Анри Валлон Педагогические и психологические идеи романа-трактата Ж.-Ж. Руссо «Эмиль, или О воспитании».
  2. Жан-Жак Руссо. Эмиль, или О воспитании 1 страница
  3. Жан-Жак Руссо. Эмиль, или О воспитании 10 страница
  4. Жан-Жак Руссо. Эмиль, или О воспитании 11 страница
  5. Жан-Жак Руссо. Эмиль, или О воспитании 12 страница
  6. Жан-Жак Руссо. Эмиль, или О воспитании 13 страница
  7. Жан-Жак Руссо. Эмиль, или О воспитании 14 страница

Бірінші дүние жүзілік соғысқа дейін батыстық социолгияда нөмірі бірінші тұлға Эмиль Дюркгейм (1858-1917) болды. Э. Дюркгейм қоғамды функционалистер үрдісімен зерттеуді жалғастырды (еске саламыз: қоғам — белгілі бір қызмет түрін ғана орындайтын өзара байланысты бөлімдердін жиынтығы). Э.Дюркгейм барлық адами түсініктер мінез -құлық үлгісінде құрылады: жалпы қабылдау, жалпы бағалау, жалпы сезімдер меп әрекеттер. Ол мұның бәрі ұжымдық сана деп есептеді. Бұдан шығатын қорытынды: қоғам - адамнан биік тұратын моральдік шынайылық, тұтастық.

Ол сондай-ақ әрбір индивидте сананың екі деңгейі болады деді: біріншісі - жеке тұлғалық, екіншісі - топтық не қоғамдық. Даралық деңгейі неғұрлым жоғары болған сайын, ұжымдық сананың деңгейі де соғұрлым жоғары.

Құндылықтардың ұжымдық типі - әлеуметтік ынтымақтастықтың тікелей бейнесі, ұжымдык сана деп аталатын құндылықтардың арнайы жүйесі. сананың жалпылығы. Ғалым әлеуметтік интеграцияның типтерін көрсетеді: механикалық жоне о р га н и к а л ы қ ынтымақтастық.

Механикалық ынтымақтастық қарапайым (аграрлық, дәстүрлі) қоғамға тән, онда барлык жағдайлар, нормалар, құндылықтар ұқсас, бірдей.

Органикалық құндылықтардың негізі: еңбек бөлінісі, ол топтық этика, индивидтің экономикалык оқшаулануы, азаматтық коғамның құрылуы сияқты құрылыстардың тууына себеп болады.

Органикалық ынтымақтастық (интеграция) бірдей элементтердің бір-біріне бағынышты болуымен сипатталады. Дюркгейм, Конт, Спенсер сияқты қоғамның тең салмақты үлгісіне сүйенеді.

Өзгерістер тең салмақтылықты бұзады. Механикалық интеграцияның құлдырау процесі әрқашан индивидтің мінез құлығының бағынбауына әкеп соғады, оны естен танатындай күйге ұшыратады. Қоғамның мұндай күйін зерттеуде маргиналды жеке тұлға, ауыл типінен топтық бақылауды алып тастаған кезде жастардың ауылдан бейімделуі сиякты мәселелер маңызды бола түседі.

Э. Дюркгейм ілімдерінің негізінде "социалогизм" деп аталатын тұжырымдама жатыр. Э. Дюркгейм пікірінше, қоғамнын негізінде айрықша шындық руханилық жатыр. Ол адамдарды бір тұтастыққа біріктіреді. олардын арасында айрықша ынтымақтастық орнатады, сондықтан өзінің жалпы және жеке заңдары бодады. Бұл заңдар қоғамдық құбылыстардың мәні мен сипатын ашады, сондықтан олар (зандар) - таза социологиялық зерттеу нысаны болып табылады ("социализм" осыдан шыққан).

Дюркгейм қоғамды құнды-нормативті жүйе ретінде түсінуге маңызды үлес қосты. Ол әлеуметгік мінез-құлыктын бір мезгілде міндетті және тартымды, тиісті және қалаулы болып саналатын ережелер жиынтығымен реттелетіндігін айтты.

Ғалым социологияға өте маңыздьі аномия (сөзбе сөз: ретсіздік) ұғымын енгізе отырып, қоғамның құқыктық-нормативгі жүйесіндегі құлдыраулар, ақаулар мен бостықтардын маңызын көрсетті.

Дюркгеймнің пікірі бойынша, аномия - бұрынғы құндылықтар мен нормалардың әрекеті тоқтап, жаңалары әлі тұрақталмай тұрған кездегі қоғам дамуындағы өтпелі және тоқырау кезеңі мен күйіне тән құндылықты-нормативті вакуум.

Аномия дегеніміз - индивидтің әлеуметтік нормалар, соның ішінде құрметтеуі және сақтауы тиіс нормалары мен өз сұранысының арасындағы ара қашықтықты сезіне отырып, байқайтын қынжылысты және мазасыз сезім. Осыдан келіп құқық бұзушылық шығады.

Аномия тұжырымдамасына сүйене отырып, Дюркгейм өзін-өзі өлтіруге зерттеу жүргізді. Ол тоқырау және радикалды өзгерістер кезінде өзін-өзі өлтіру әдеттегіден көбейіп кететіндігіне мән берді. Бұл кезде адамдардың мінез-құлкын басқаратын әлеуметтік нормалар бұзылады да, ол девиантты мінез-құлыққа, соның ішінде өзін-өзі өлтіруге әсер етеді. Ғалым өзін-өзі өлтірудің үш типін керсетеді: аномикалық (адамдар өмірлік бағдарын жоғалтқандықтан, өз-өзіне қол жұмсайды); альтуристік (адамдар борыш сезімінен өз өмірін қияды: сарбаздар амбразураға ұмтылады, самурай харакири жасайды және т.б); эгоистік (индивид өз әлеуметтік өмірімен байланысын үзеді, өмірдін қиын сәттерінде қалай етуді өзі шешеді).

Макс Вебер

ХІХ-ХХ ғасыр аралығы К.Маркске неғұрлым күшті оппонент ретінде неміс социологы Макс Вебердің (1864-1920) шығуымен ерекшеленеді. Маркс сияқты Вебердің де ғылыми ізденістерінің басты тақырыбы - капитализм болды. XIX ғасырда дүниеге келген Вебер капитализмді тура Маркс білгендей көрді, оның даму эволюциясының куәсі бола отырып, социализмнің алғашқы қадамдарына бақылау жасады. Бұл социологтың көрген әлеуметгік жылжуының нәтижесі казір шындыққа айналып отыр.

Вебер ғылыми айналысқа "рационализм", "оңды типтер" деген категорияларды енгізді. Вебердің пікірінше, рациналділік-дәуірдің не оңды типтің қоғамдық мүддесін білдіретін әлдебір үлгіге "әлеуметтік әрекеттердің" сәйкес келуі. Социология адамдардың әлеуметтік әрекеттерін реттейтін оңды типтер (оңды үлгілер) туралы ғылым болады. Әлеуметтік әрекеттер негізінде индивид тән және тиісті (басқаша айтканда: «жақсы» деген не, «жаман» деген не) түсініктеріне басшылық жасай отырып, өзіндік "Менін" білдіреді. Міне бұл - социологияның негізгі нысаны.

Біздің заманымыздың ең қатерлі күші деп бағалаған капитализмнің табиғаты мен олан арғы тағдырын түсінуге тырысқан Вебер өзінің "Протестандық этика және капитализм рухы" атты еңбегінде оның шығу тарихына талдау жасайды.

Экономиканың тарихи дамуының шешуші кілті ретінде бағалай отырып, маркстік методологияның мәнін жоққа шығармаған Вебер саналы түрде «кері себептік байланысты» - идеологияның экономикага әсерін жоққа шығармайды.

Ол феодолизмнен капитализмге етудегі жетекші роль атқаратын идеологиялық форма екендігіне тоқтала келіп, ол дін ойлаудың өзіне тән стилінің - рационалділіктің қалыптасуына әсер етеді деген қорытындыға келеді. Вебердің пікірі бойынша, рационалділік өз мақсаты мен оған жетудің жолын айқын анықтайтын қожайын субъектінің дұрыс байламын іске асырады. Әлемдік діндер белгілейтін этикалық ережелерді салыстыра отырып, Вебер батысевропалык рационализм генезисінде анықтау этикасы мен аскетизмге сүйенген протестантизм үлкен роль атқаратындығын айтады. Протестандық этика рационализмі ғана экономикалық өмірді тікелей рационалдауға әсер етеді, адамдарды пайда табуға, рационалды еңбек тәртібіне ұмтылдырады. Протестанизмнің мәнін 1647 жылғы «Вестминстерлік дін жолы» мәтінінен үзінді келтіре отырып төмендегі пункттерде баяндайды: «Әлемді жасаған және оны билейтін Тәңірі, құдай бар, бірақ оған адам баласының санасы жетпейді; бұл құүдіретті күшті әрі құпиясы мол құдай алдын ала біздін әрқайсысымызды құтқару мен өлген жағдайда қалай айыптауды белгілеп қойған, ал біз өз күшімізбен құдайдың белгілегенін өзгертуге дәрменсізбіз; Құдай әлемді өзі үшін жаратты; адам Құдайдың құдіретін арттыру және жер бетінде Құдай патшалығын орнату үшін қызмет етуі керек: әлемдегі істер, адам табиғаты бәрі күнә мен өлім категориясына жатады, одан құтқарылу - адамға жоғарыдан берілетін Тәңір сыйы".

Сенушінің құтқарылу мәселесі діни - салт жораларынан не құткарушынын көмегінен емес, «Құдайдың құдіретін арттыратын еңбектен» көрінеді. Протестанттық этика әлемдік кәсіби еңбекке мән береді, «өз тандауына деген сенім білдіреді».

М. Вебер протестандық этиканың көптеген талаптарының туып келе жатқан капитализм рухымен кейбір сәйкестіктерін көрсетеді: пайда алу үшін шаршамай еңбектеніп, аскетикалық мінез-құлықка бой ұсынуы керек. Осылайша, пайда тұрмыста рахаттану үшін ғана емес, неғұрлым көбірек өндіруге деген кажеттілігін қанағаттандыру және тұрақты түрде реинвестициялау үшін де маңызды. Вебер адамның мінез-құлығы оның дүниетанымынан, белгілі бір әрекетке деген қызығушылығы адам басқаратын құндылықтар жүйесімен шарттас келеді деген қорытындыға келеді.

Вебердің пікірінше, рационализация - бүкіл әлемдік тарихи процесс. Шаруашылықты жүргізу, экономика мен саясатты басқару әдісі оңтайланады.

Оңтайлану, Вебердің пікірінше, басқару құрылымдарында, әсіресе бюрократияда неғұрлым қатаң түрде жүзеге асады. Капитализм; оны дүниеге әкелмесе де, «оның дамуын жеделдетуші дөңгелек" болып табылады, бюрократия ертеде де болған. Протесті оңтайлану - бюрократияны ығыстырып шығарады, бұл дегеніміз - "Батыс тағдыры" және оның капитализмі. Бюрократия адамды "иесіз құлдық бұғауынан», «көнгіштік пен таңдағыштық құтысына» әкеліп тығады (М.Вебер). Вебер бюрократияның кең тарайтындығы туралы қорытынды жасады, өйткені ол ұйымдасудың басқа формаларымен салыстырғанда таза техникалық жағынан артық еді. Ол бюрократияны ұйымдасудың ең оңды формасы деп санады. Оның әрекеті белгіленген ережелер негізінде «адам факторын есепке алмастан» табысты түрде жүзеге асуы мүмкін. Оның үстіне, өз «машинасының» әр жұмысшысының еңбек көлемін дәл анықтай отырып, бюрократия бейберекетсіздікке соққы береді. Бұдан шығатыны, еңбек өнімділігінің айтарлықтай артуы бюрократияның үстемдік етуінің себептерінің бірі болып саналады.

Бюрократияның қызметтеріне талдау жасай отырып, Вебер ол әлеуметтік өмірдің шынайы мәселелерін өзі шеше алмайды, өйткені ол стандартармен, нұскаулармен және т.б. шырмалған деген қорытындыға келді. Ол алғашқылардың бірі болып бюрократия мен демократияның арасында кикілжің болатындығына назар аударады. Вебердің плебисцитарлы теориясында демократия мақсат ретіңде емес, әдіс және құрал ретінде қарастырылады. Бұл – лидерлерді таңдау тәсілі, бұл оның басқаруға заңдылық беру, сондай ақ жұртшылықты саяси істерге, яғни сайлауға қатысуға тарту тәсілі. (Бұл, Вебердің пікірінше, жұртшылықты саяси істерге қатыстырудың бірден -бір жолы).

Вебер теориясында басты тұлға харизматикалық лидер болып саналады, оны тікелей дауыс беру арқылы халық сайлайды және халықтың алдында жауапкершілікте болады. Мұндай лидер бюрократиядан жоғары тұрады, ол бір өзі (жоғарыдан) бюкрократияға халықсыз (төменнен) бақылау жасайды. Бұл қызметті (бақылауды) азаматтар харизматикалық лидерге делегат жіберу арқылы аткарады.

Вебердің пікірінше, таптан, мәртебе мен демаготтік саясаттан тыс тұрған харизматикалық лидер бюрократияға тәуелсіз өз үкіметін заңды деп танитындай, бюрократиялық иерархиялық құрылымға етене араласпағандықтан, өз маңына ұлтты біріктіріп, индивидті бюрократия мен «кеңестік ұжымдасудан» қорғай алар еді.

Вебер үшін плебисциттің басты маңызы — барлық халықтың дауыс беруге тікелей қатысуының арқасында харизматикалык бедел жинауында. Парламентке плебисцитарлық мүдделерді тәрбиелеу құқығы беріледі.

Макс Вебер XX ғасырдың басында бюрократия туралы жазғанда, әлемнің кейбір бөліктерінде капитализмге қарсы кеңестік қозғалыстар бастаған еді. Олар жеке меншікке мемлекеттік бақылау және өндіріске жұмысшылар бақылауын қоюға шақырды. Вебер социализм кезінде бәрі түбірімен өзгере ме дегенді түсінуге тырысты. Ол бюрократия үкіметі сақталатынын және онын бүкіл әлемді жаулап алғандығына сеңді. Қазіргі әлемде жұмысшылардың емес, шенеуніктердің диктатурасы тұрғандығына оның көзі жетті.

Батыс социологтарының М. Вебердің болжамы шындыққа айналды деген тұжырымына қарсы дау айту қиын. Бюрократия бүкіл әлемге кеңінен тарады.

М. Вебердін замандасы австриялық атақты психиатр-дәрігер және философ Зигмунд Фрейд (1856-1939) адамның мінез-құлығындағы. "либидті бастама" туралы идеяны үсынушы болып табылады. жыныстық кодлеизияны шешу мәселесі- әсіресе өте ерте кезеңде - Фрейдтің пікірінше, тек әр адамның жеке дамуының ғана емес, тарихи процесте де шешуші роль атқарады. Мұнда Фрейд жыныстық энергияны өзгерту, алып тастайтын әлуметтік шиеленістер мен агрессивті энергияның дамуына шектеу қоятын моральдің, діннін мемлекет пен басқа да әлеуметгік бақылау жасау инстанциялардың шығуы бүтіндей алғанда қоғам үшін кауіпті деп қарайды.

Фрейд әлеуметтік құрылымды "көсем - элита - копшілік" сипатындағы стратификациялық сызба ретінде есептейді. Фрейд көпшілік әрқашан көсем іздейді, оған табынады, өз дербестігі мен жауапкершілігінен бас тартады дейді. Көсемнің идеалдануы мен онымен бірлесу - топ іші ынтымақтастығы мен әлеуметтік үстемдіктің негізгі механизмдерінің бірі.

Фрейдтің психоаналитикалык тұжырымдамасынын басты мекемелердің тұрақты есуі, бұл әлеуметтік әрекеттердің шағаландауына алып келеді.

Көрнекті орыс оқымыстысы М.М.Ковалевский (1851-1916) қоғамды зерттеуде көп факторлы әдісті қолдануға назар аударды. Ковалевский Маркспен таныс болды, Маркс оған қоғамның экономикалық дамуына талдау жасауға ықлал етті. Бірақ ол К.Маркстің таптық күрестің әлеуметтік мәселслерді шешу құралы екендігі туралы идеясын қабылдамады. Ковалевскийгс еңбек пен капиталдьгң үндесуі, мемлекеттің барлық кикілжіндерді бейбіт жолмен шешуге қабілеттілігі туралы идеясы жақын еді. Сондықтан да Ковалевский үшін әлеуметгік прогресс ұғымы ынтымақтастықты кеңейтумен байланысты еді.

Ғалым қоғамдык кұбылыстарды оның шығу тегіне талдау жасау жолымен түсіндіруге тырысты. Ковалевский өз әдісін "генетикалык, социология" деп атады. Ол осы тұрғыдан от басының, жеке меншік пен мемлекеттің шығу тегін карастырды. Ол үшін мемлекет пеп таптардың шығу процесі әртүрлі қабатқа жатады және біріне-бірі байланыссыз. Әлеуметтік диффсренция оз кезегінде халық тығыздығының өсуіне қарай еңбек бөлінісіне байланысты болады. Таптардың, әлеуметтік топтардың, ұлыстарлын пайда болу себебі -экономикалык жәке биологиялық факторлар, ал мемлекеттің пайда болуының басты себебі психологиялыкқ факторга негізделеді.

Ковалевский адамдардың ынтымақтастығын норма, ал таптық күрес одан ауытқу деп есептеді. Таптық күрестің қатыгездігінің орнына аламдардың үндестігі мен достығы келеді. Онын ойыншы, тіпті енбек пен капиталдың арасында "бытыраңкылық өспейді, кемиді". Қоғамның прогресі заңды. ал төңкеріс – тарихи қажеттілік емес, үкіметтін кателігінін салдары.

 

2. XX гасырдағы батыс социологиялық мектептерінің басты бағыттары: эмпирикалық және теориялық социология

Қазіргі батыс социологиясы шартты түрде екі тең емес бөліктерге - эмпирикалык және теориялық деп болінеді. Кәсіби социогтардың көп бөлігі біріншісімен айналысады. Бұл бөліктердің әрқайсысының табиғаты, тарихи динамикасы бар.

Эмпирикалық сошюлогияның негізін салушылар - Уильям Томас (1863-1947) пен Флориан Знанецкий ( 1882-1938). Олар тұңғыш рсет нақты материалдар, жеке құжатгар, өмірбаяндар, интервью, сауалнамалар, бақылаулар негізінде толық талдау өткізіл, сандық әдісті қолданды. Бұл эмпирикалық зерттеудің нәтижелерін олар бірлесіп жазған "Европа мен Америкадағы поляк шаруасы" (1818-1920) еңбегінде баяндады. Оқымыстылар социологияда эмпирикалық мәліметтерден шығатын адам коэффициентін ескеру қажетгтігін көрсетті. Жеке құжаттар (хаттар, өмірбаяндар, күнделіктер, естеліктер және т.б.) зертгеліп отырғандар туралы субьективті көзқарас пен құзырлы зерттеушілерге объективтілікті, яғни олардың интерпретациясын (лат. interpretatio – түсіндіру, баяндау) қамтамасыз етеді. Олардын жобасында шаруалар хаттарын зерттеу, Польша эмиграциялық ұйымдарының 10 мың данадан астам газеттерін, олардың мүұрағаттарын, сондай-ақ, Польша эмитранттарының сот істерін зерттеу карастырылды. Жиналған, талданған көп материалдар поляк эмигрантын жерсіндіру ісінің азабын коөрсетуге мүмкіндік берді.

У.Томас пен Ф.Знанецкий "Европа мен Америкадағы поляк шаруасы" атты бес томдықк еңбегінде материалдарды іріктеу, орналастыру жүйесі арқылы индивид психикасының, оның көзкқарастарының ролін, сондай-ақ әлеуметтік ортаның өзгеруімен байланысты олардың эволюциясын дәлелдеді. Оқымыстылар әр индивидке балалық, және жастық шақты қалыптасып, өмірдегі экономикалық, әлеуметтік және ғұмыры бойында сакталып қалатын тұракты әлеуметтік мінез-құлық үлгісінің тән екендігін көрсетеді.

Осылайша түп негізінде тұрактылық, индивидуум ұмтылысындағы өзгермеушілік жататын "әлеуметтік мінез-күқұлыктынң тұрақты үлгісі" тұжырымдамасы жасалды. Б^ұл "әлеуметтік мінез-құлықтың тұрақты бейнесі" тұжырымдамасы АҚШ-та қылмыс, нашақорлық, ішімдікке салыну сияқты құбылыстарды түсіндіру үшін кеңінен қолданылады.

Эмпирикалық социологияның Чикаго мектебінің ізденушілері "шоғырлану аймағының" болатындығы туралы гипотеза ұсынды { Э.Берджес (1886-1966). Эмпирикалық зерттеулердегі мұндай "аймақты" анықтау үшін ғалым картографиялау әдісін қолданды. Яғни әрбір мұндай "аймақ" белгілі бір әлеуметтік топқа тиесілі болады. Чикаго қаласындағы жекеленген әлеуметтік топтардың өмірі мен олардың өзара байланысын зерттей отырып, Э.Берджес өзі жасаган "Чикаго қаласындағы әлеуметтік зерттеулер картасын" қолданып, осындай 75 "аймақты" тапты. "Шоғырлану аймағы" мен "шектелуі кауымдастықтарды" талдау барысында зертгелушілерлен интервью алу, бақылауға алу (яғни бақылаушы барлық жағдайға тікелей қатысады), әр түрлі құжаттар кодданылды.

Эмпирикалық зерттеулерді жүзеге асыра отырьш, Э.Берджес әлеуметтік топтар арасындағы күштер қатынасыньң өзгеруі қала аумағының шеңберінде өтетіндігіне көз жеткізді. Жаңа әлеуметгік-аумақтық қауымдардың түзілуі адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастың жаңа нормаларьш жасау, зандылықтарды жетілдіру қажеттігін көрсетіп, кейде антиәлеуметтік әрекеттердің артуына әкеп соқты.

Эмпирикалык, социологияга социометрия да (лат.-socium-жолдас metrum-өлшеу) жақын, оның негізгі әдісі - шағын топтарды, ұжымдар мен ұйымдарды оның мүшелері арасындағы тұлга-аралық қатынастар жүйесін сипаттау көмегі арқылы зерттеу әдісі.

Социаметрияны зерттеу әдісі ретінде ұсынған американдық әлеуметтік психолог Якоб Морено (1892-1974) болды. Оның ойынша, адамның психикалық денсаулығы, мінез-құлығы шағын топтағы ішкі ресми емес құрылымдардағы қатынас жағдайына байналысты болады. Ұнатуының жетіспеуінен өмірлік қиыңдықтарға ұшырайды,-дейді ол.

Топ мүшелерін өз таңдаулары бойынша орналастыру жолымен тәжірибе жүргізе отырып, Морено адамдарды тұрғын үйде, асханада, оқу сыныптарында, жұмыс орындарында әр адам өзіне ұнамды адаммен бірге болатындай етіп орналастыру керектігін айтады. Ұнамдылыққа негізделген мұндай қатынастар еңбек өнімділігін арттырып, оқу үлгерімінің жақсаруына және т.б.әснер етеді.

Эмпирикалык социологияның практикалык мақсаты – басқару, болжау, ақпарат. Батыста ол институттар, зертханалар, сондай-ақ саяси партияларда үкмет мекемелері мен армияда бөлімдер жүйесі бар тұтас организм ретінде қызмет етеді. Белгілі Гэллап институты 1934 жылы сайлау алды компаниясына бакылау жасау мақсатында құрылды. Бірақ ол партия кандидаттарының жағдайын толық анықтап қана қоймай, "қоғамдық пікірді" ұйымдастыруға, яғни сайлаушылар ұстанымына әсер етуте де катысты. Саяси социологияда он жылдан астам уақыт бойы қызмет етіп келе жатқан Институт даңқын өз ісіндегі дәлдік пен шапшаңдық әрекеттері арттыра түсті. Институт бөлімшелері әлемнін барлық дамыған елдерінде құрылып, әр түрлі мәселелер бойынша зерттеулер жүргізуде. Германия, АҚШ. Франция, сол сияқты халықаралық зерттеу орталықтары мен ЮНЕСКО-дағы социолог-эмпириктердің шұғыл топтары ұйымдар мен елдердіц тапсырысы бойынша іргелі әлеуметтік зерттеулер жүргізеді.

Зерттеу жүргізетін ұйымдарынын саны жағьшан да, қолданбалы салаға бағытталған студенттерінің саны жағынан да эмпирикалық социология негізінен университеттер мен академиялық институтгарда шоғырланған теориялығ социологиядан асып түсті. Бірақ дүниені түсінудегі маңызы, саяси және басқа да бағдарламалардың теориялық негіздемелерін қалыптастыруда теориялық социологияныц әсері эмпирикалық социологияға қарағанда әлдеқайда жоғары.

XX ғасырдағы батыс теориялық социологиясы бағыттарының ішінде мыналарды атап өткен жөн: функционализм, құрылымдық функционализм, конфликтология және "орта деңгей" теориясы. Бұл парадигмалардың бірде біреуі сан қырлы әлеуметтік өмірге әмбебап түсінік бере алмайды, бірак өз әдістері призмасының арасынан қоғамды түсінудің негізгі мәселелерін көруге мүмкіндік береді.

Герберт Спенсердің идеялары (қоғам тұтас организм тәрізді, оның әрбір жүйесі (құрылымы) бүтіннің бөлшегі сиякқты және өзіне тән қызмет атқарады) өзгеріске түсіп, структурализм мен құрылымдык структурализмге өтті.

Осылайша, бұл бағыттың өкілдері қоғамды осылайша бағамдау зерттеу обьектісінің құдрамдас бөліктерің (құрылымын) анықтауға мүмкіндік береді деп есептейді. Бұл мағынада алғанда, қоғам әлеуметтік инсгитуттардан, топтардан, таптардан, рольдерден, нормалардан, шаралар, белгілерден және т.б тұрады деп айтуға болады. Құрылымдардын мұндай көп түрлілігі мәселсні кешенді түрде зерттеуге мүмкіндік береді.

"Функция" ұғымы сөзбе-сөз аударғанда "әрекет» дегенді білдіреді. Бірақ социологияда ол неғүрлым кең мағынаға ие, Спенсер оны өз мағынасында қолданады. У.Дюркгейм бұл ұгымды кең мағынада түсіндіреді: функция - бақыланатын зерттеулер, яғни әререкеттің артынан жүріп отырады. "Еңбек бөлішсінің функциясы қандай деп сұрау дегеніміз оның қандай қажеттілікке сәйкес келетінін зерттеу" (Э. Дюркгейм).

Осылайша объект құрылысының (бүтіннін бөліп) фұнкциясы одан кеңірек бүтіннің қажеттілік мәнінен келіп шығады. Бұдан функционализм - қоғамдық бүтінге қатысты мәліметті іздестіру. Біртұтас функцияның болуы дегеніміз айналасында барлық құрамдас бөліктерінін қызмет ету жүйесінің бір тұтас әрекеті шоғырланатын (келісім) негіз. Функциялар жиынтығын зерттей отырып, ғалым иеархиялық ұйымдасқан жүйе туралы ұғым алуға болады. Функцияның мазмұны туралы мұндай түсінікті американ социологы - қазіргі құрылымдық функционализмнің өкілі Роберт Мертон (1910) береді.

Бұдан басқа Р.Мертон өзінің алдыңғы функционалистердің функция қоғамының жеке бөліктері арасындағы байланысты нығайтып олардың өзара әсерін қамтамасыз етеді деген тұжырымдамасына өзгертулер енгізеді.Қысөаша айтсақ төмендегідей:

1)Бір құбылыстың әр түрлі функциялары болатын сияқты,бір функцияда әр түрлі құбылыстармен орындалуы мүмкін

2)Мертон негізгі мындай 3 пастулатты берді:

А)функционалды бірлік пастулатты(жоғарыда айтылғандай)

Б)әмбебап функционализм пастулатты(функционалдық барлық әлеуметтік құбылыстардың пайдалылығы)

В)функционалды қажеттілік,шарасыздық пастулатты

3)Мертон «эуфункция» және «дисфункция» ұғымдарын енгізді.Оның түсінігінше,эуфункция жүйенің тіршілік етуіне,оның қоршаған ортаға бейімделуіне ықпал етеді.

Бір ғана элементтер бір жүйеге қатысты алғанда функционалды және басқаларға қатысты алғанда дисфуеционалды болуы деп нақтылайды.Мысалы:заң шығарушының өнері функция мен дисфункцияны үйлестіре алуында.Мысалы, Францияда, Директория кезінде терезелер мен есіктерге де салық салынды(!). Заңның функциясы мемлекеттік кірістерді көбейтуге бағытталса, сонымен бір кезде заңнын дисфункциясы келіп шықты: адамдар үйлерді терезесіз сала бастады! Бұдан басқа да көптеген мысалдар келтіруге болады. Мысалы, салықтың көбеюі қазір өндірісті қысқартуда, себебі мұндай салықтар бар кезінде өндірісті дамыту тіпті пайдасыз.

4)Мертон әр түрлі мақсатта әрекет ететін адамдардың қылықтары функционалды болатынына өзінше түсініктеме берді. Бұл үшін ол анық және латентті (жасырын) функциялардың айырмашылығын енгізді.

Анық функция дегеніміз алдын ала ойластырылған әрекеттің нәтижесі және содан сиатта мойындалады (ойша түрткінің обьективті нәтижесімен сәйкес келуі).

Латентті функция дегеніміз – әрекет етушінің ойында жоқ әрекет нәтижесі, әрі ол оның (нәтиженің) неден болғанын да білмейді:оның үстіне мұндай нәтижені күтпейді.Нәтиже кейбір қауым үшін функционалды (пайдалы),кейбіреуі үщін дисфуекционалды болуы мүмкін.

Қылмыстық қудалаудың анық функциолары мыналар болуы мүмкін(дәуір мен нақты жағдайда байланысты):әділеттілік сезімінің қанағаттандыру,түзету,жою(жалпы не жеке).Бірақ қудалаудың латентті функциясы –оның көмегімен қоғамда болуы мүмкін.Латентті функция – саналы түрде жасалаты функция.

Мұндай нақтылаулар Р.Мертонға қоғамдағы дисфункционалды құбылыстарды аномияны зерттеуге мүмкіндік береді.Аномия қоғамдағы әлеуметтік құрылымдардың қайшылығы мен зорлыққа ұшырау нәтижесінде туады.Э.Дюргейм сияқты Мертон да бұл тұжырымдаға (аномия теориясына) өз үлесін қосты.

Мертонның пікірінше ,аномия – қоғамдағы құндылықты нормативтік жүйелердің әр түрлері элементтері арасындағы,жалпыға ортақ мақсатқа мәдениетті түрде жазылғандар мен оған жетудің заңды құрылдарының (мысалы,АҚШ-та ақша –материалдық табыс-«түлдену» қоғамның мақсаты) арасындағы келіспеушіліктің,кикілжіндерінің нәтижесі.Қоғам «қалыпты» деп белгіленген мақсатқа адамдар қол жеткізе алмағанда аномаия туады.Аномия жағдайында,жалпы мақсаттарды түсінген кезде де,осы мақсаттарға жетелейтін әрекеттердің құқықтық және моральдік тәсілдерді толық мойындалмауы мүмкін.Адамдар аномия күйіне әр түрлі әдістер арқылы бейімделеді:не конфоризм (бағынушылықпен) немесе не мақсатқа,не құралдарға.Кейде екеуінде жоққа шығаратын мінез-құлық (девиация) көрсетеді.Р.Мертонның тұжырымдамасы қоғамдағы мүделері бөлінісіне қатысты туатын кикілжіңдерге түсініктеме беруге кең мүмкіндіктер ашты.Оны құқық социялогиямында қолдананады.

Американдық ғалым Талкот Парсонс (1902-1979) құрылғандардың структализм деген атқа ие болған жалпы социялогиялық теорияның негізін салушы.

Бұл теорияның іргетасы – «әлеуметтік әрекет» тұжырымдамасын болды.Қоғамдық өмір –адамдар (индивиттер) қарым –қатынасының шексіз көптігі мен шырмауы, ал қоғамға –адамдардың дәлелді бірлескен әрекет және ол белгілі бір ортада әрекет ететін индивидтерден тұрады.Парсонстың пікірінше,кез келген әлеуметтік құбылысты адам мінез-құлығын (жеке әлеуметтік әрекетін)зеттеу арқылы түсіндіруге болады.Парсонста әлуметтік әрекетінің субьектісі моральдік индивид болып саналады.

Әлеуметік әреттің белгілі бір құрылым бар;әрекет етуші тұлға,мақсат,ситуация(жағдай);нормативті бағдар,әрекет затының (басқа тұлғаның) реакциясы.

Осының бәрі индивид неге осылай әрекет еткеніне түсінік беруі тиіс.Ең алдымен,адамның мінез-құлығының мазмұнымен байланысты.Осылайша адам әлеуметтік саладағы «актерге»(әрекет етуші) айналады.

Адам «актер» ғана емес,шынай әлеуметтік әрекетінің «архитекторы» да.Өз таңдауын,өз мақсатын ол қоғамның мәдениеті(қоғамға құндылықтары жуйесі)(қоғамда өмірде сүріп,одан еркін болуға –болмайды!) және өз тұлғасының мәдениеті негізінде жасайды.Егер рольде кутілетін нәтиже анық және ол дұрыс орындалатын болса,қоғамға тепе-теңдікте болады.Сондықтан әлеуметтік әрекеттердің табыстылғы,яғни күтілетін міндеттердің дұрыс орындалуы әрекетке сай құралдар мен әдістерді дұрыс таңдай бөлуге байланысты(позитивті көз жеткізу, негативті мәжбүрлеу, эгоистік компромисс).

Бірақ қоғам өз мүшелерінің әлеуметтік ролді орындауға мәжбүр ету,рольдік ауытқулар болған жағдайда оны түзетіп отыруы керек.

Т.Парсоныстың жалпы социялогиялық теориясында құрылымдық талдау мәселесі маңызды орын алады.Бұл жерде ол әлеуметтік жүйені (құрылымды) қызмет ету тұрғысынан ғана емес,даму тұргысынан да құрауды ұсынады.Бұл үшін ол тең дәрежелі интеграция идеяларына, «тәртіп», «әрекет», «құрылым», «талап» түсініктеріне назар аударды(ғалым оны «айнымалылар»деп атайды,бұл эмпирикалық социялогия термині,ұғымы). Әлеуметтік жүйе несіз өмір сүре аламайды?Ненің көмегісіз табысты қызмет ете алмайды?

Парсонс төрт негізгі қызмет ететін мәселені көрсетеді.


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 713 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.02 сек.)