Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тальдік жүйенің элементтері

Читайте также:
  1. Гаммалау әдісі. Құпия кілтті крипт-лық жүйе. Симм-қ крипт-қ жүйенің үлгісі.
  2. Тұрақты ток бойынша схема элементтерін есептеу.
  3. Тальдік жүйенің есептеулері

 

Мұнаралар мен мачталардың тальдік жүйесіне кронблок және тальдік блоктар кіреді. Кронблок (5.8-сурет) осьтан (1) және оған орнатылан роликті подшипниктер (2) мен шкивтен (3) тұрады. Шкивтер сырт жағынан кожухпен қапталған және ол канаттардың роликтің ойығынан шығып кетпеуін қамтамасыз етеді. Осьтер тұғырларға (5) орнатылып, ал ол өз кезегінде кронблоктың рамасына (6) бекітілген. Шкивтердің подшипниктері бүйір жақтарынан арнайы қақпақтармен жабылған, себебі жұмыс кезінде оларға әртүрлі лас заттар түспеуін және майының ағып шықпауын қамтамасыз етеді. Подшипниктерді майлау осьқа орналасқан каналдар арқылы жүргізіледі. Каналдарға арнайы май жіберетін майлағыштар бекітілген. Қою май әр подшипникке өзінің жеке каналы арқылы жіберіледі.

 

 

 

 

5.8-сурет. Кронблоктың сұлбасы 5.9-сурет. Тальдік блок

 

Тальдік блоктың құрылымы (5.9-сурет) кронблокқа ұқсайды. Оның бір айырмашылығы мынада: тальдік блок канаттарға ілініп тұрады, ал бүйір жақтарындағы металл парақтарға ось пен сырға ілініп, оларға күршек жалғанады. Кронблок пен тальдік блоктардағы роликтердің саны тальдік жүйенің жарақталуына байланысты болады. Әдетте, қабылданған жарақтану кронблок пен тальдік блоктардың шкивтерінің сандарының қатынастары мынадай: 3х2; 4х3 немесе 5х4 (5.4-кесте).

 

5.4-кесте

Тальдік жүйенің элементтерінің параметрлері

 

Параметрлері КБН3-15 БТН2-15 1КН-15 КБН4-25 БТН3-25 КН-25 1КБН5-50 БТН4-50 КН-50
Жүк көтергіштігі, т Жарақтану көрсеткіші Канаттардың тартылуы, т Шкивтердің диаметрі, мм Канаттың диаметрі, мм Массасы, кг Кронблок Тальдік блок Күршек 3х2 18,5   32,4 4х3 4,48 18,5   5х4 6,95  

 

Тальдік канаттар алты орамнан тұрады. Оның әр орамы өз кезегінде диаметрі 1,2-1,4 мм-ге тең 19 сымнан құралады. Алты орамның ішінде эластикалық материал бар және ол бір уақытта канаттарды майлап тұруға арналған. Канаттардың параметрлері төменде келтірілген.

Диаметрі, мм:

Канат..................................................................................................18,5; 22

Сымдар...............................................................................................1,2; 1,4

Массасы (100 м канаттың), кг.............................................................122; 166,3

Сымның шектік беріктігі, МПа....................................................................1500

Канаттың үзілу күші, кН......................................................................164; 223,5

Шектік жүктеме (қор коэффициенті 2,5), кН.....................................65,6; 89,4

 

5.10-суретте болат күршектің сұлбасы келтірілген. Мұнда болаттан жасалынған мүйіз тәрізді бөлшек траверса (5) және тірек подшипнигі (2) арқылы серіппеге (3) ілінген. Серіппе стаканға (4) орнатылады. Оның екі саусағына сырғаның (1) төменгі жағы кигізілген. Кілттің мүйізі ілінген серіппе тізбектен бұрап алынатын құбырды автоматты түрде көтереді. Ұңғыманың фланецінде тұрған элеваторға отырғызылған құбырлар тізбегіндегі жоғарғы құбырды бұрап алу процесін қарастырайық. Тальдік жүйе жоғарғы бұрап алынатын құбырды ұстап тұрады. Бұл кезде серіппе бір құбырдың салмағынан артық күшпен сығылады. Резьбаны бұрап ағыту кезінде құбыр серіппенің көмегімен көтеріледі де, конустық резьбаның босатылуы кезінде серіппе құбырды муфтадан суырып алады. Сонымен, құбырдың резьбалық бөлігі муфтаның бойымен жылжыған кезде, құбыр табиғи түрде жоғары қарай көтеріледі.

 

5.10-сурет

 

Ұңғыларды жерасты жөндеуге арналған кейбір агрегаттарда күршек тальдік блокпен құрылымдық түрде байланысқан. Мұндай байланысты күршекблок деп атайды. Негізінде күршекблоктың екі элементі де бөлек күршек және тальдік блок түрінде жасалынады. Күршекблоктың болат мүйізінің екі жағында қосымша мүйіздері болады. Оларға қосымша элеваторды ілуге қажетті штропаларды жалғайды.

Барлық күршектердің ауызғы жағына штропалар шығып кетпес үшін арнайы қыстырма орнатылады.

5.7 а -суретте көрсетілген 1КПШ-10 күршегі штангалық элеваторларды ілуге арналған болса, ал 1КН-15 күршегі (5.7 б -сурет) – құбырлы элеваторды көтеруге арналады. КН-25 және КУ-50 күршектері қосштропты құбырлы элеваторлар үшін қолданылады.

 


Дата добавления: 2015-10-23; просмотров: 362 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Ымаларды жерасты жөндеу (ҰЖАЖ) жабдықтары | Ымаларды іргелі жөндеу | Көтергіштер мен агрегаттар | бырлар мен штангаларды бұрап алу механизмдері |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жерасты жөндеу агрегаттарының параметрлерін есептеу| Тальдік жүйенің есептеулері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)