Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тапсырмалар

Читайте также:
  1. VII курс студенттерінің межелік бақылауына арналған тестік тапсырмалары №2 Жалпы дәрігерлік тәжірибе
  2. VII курс студенттерінің межелік бақылауына арналған тестік тапсырмалары №2 Жалпы дәрігерлік тәжірибе
  3. Азақ тілінен тест тапсырмалары
  4. Сұрақтар мен тапсырмалар
  5. Тақырып бойынша тапсырмалар
  6. Эндокринді жүйе» модулі бойынша тесттік тапсырмалар

Write(Summa);

2. Writeln(‘Келесі мәннің нәтижесі’);

3. Write(‘Теңдеудің түбірлері. x1=’,x1, ‘x2=’,x2);

Writeln;

Бұл келтірілген жазбалардың 1-сі экранға Summa айнымалысының мәнін шығарады.

2-сі апострафқа алынып тұрғандықтан, жазылған мәліметтің өзін шығарады, яғни, “Келесі мәннің нәтижесі”.

3-ші жазбаны орындағанда экранға келесі мәлімет бір жолға шығады:

Теңдеудің түбірлері. x1= x1 айнымалысының мәні x2= x2 айнымалысының мәні

4-ші жазбадағы Writeln инструкциясы бір жолды бос қалдырып, курсорды келесі жолға өткізеді.

Айнымалының атынан кейін қос нүкте қойып айнымалы мәнінің шығу өрісінің форматын көрсетуге болады.

INTEGER типті айнымалылар үшін формат – ол бүтін сан, шығару өрісінің енін анықтайды. Мысалы, write(d:5) инструкциясы d айнымалысының мәнін шығару үшін 5 орын қолданатынын көрсетеді. Егер де сан форматта көрсетілген орыннан аз орын алатын болса, онда қолданылмайтын орындар бос орындармен толтырылады, ал шығарылатын санның өзі өрістің оң жақ шектеуімен түзетіледі.

Мысалы, типі integer, Kol айнымалысының мәні 15-ке тең болса, онда келесі инструкция

Write(‘Бұйым саны:’,Kol:5);

орындалғаннан кейін экранға келесі мәлімет шығады:

Бұйым саны: 15

REAL типті айнымалылар үшін формат арасында қос нүктемен бөлінетін екі санды көрсетеді. Бірінші сан шығару өрісінің енін анықтайды, екіншісі – ондық үтірдің оң жағында орналасқан цифрдың санын көрсетеді.

Мысалы, real типті х1, х2 айнымалылары 13.25 және -0.3401 мәндеріне ие болса онда келесі инструкция

Write(‘x1=’,x1:5:2, ‘ x2=’,x2:12);

орындалғаннан кейін экранға келесі мәлімет шығады:

x1=13.25 x2=-3.40100E-01

Егер форматта көрсетілген өрістің ені, айнымалының мәнін шығаруға жеткіліксіз болса, онда үтірден кейін он сан шығады.

 

 

READ және READLN инструкциялары

Енгізу операторын қолданып, программа құрған кезде келесі әрекеттерді еске сақтау керек:

· raed немсе readln инструкциялары программаның орындалуы кезінде пернетақтадан мәнді енгізу үшін арналған;

· бір ғана raed немесе readln инструкцияларын қолданып бірнеше айнымалыған бірден мән беруге болады;

· программаның орындалу кезінде енгізілген деректер типі readln инструкциясында көрсетілген айнымалының типіне сәйкес келуі керек;

· егер енгізілген деректердің типі пернетақтадан енгізілген айнымалының типіне сәйкес келмесе, онда программа жұмысын аяқтап, экранға Error 106: Invalid numeric format немесе Run Time error 106 деген мәліметті шығарады.

Жалпы алғанда READ инструкциясы келесі түрдегідей жазылады:

Read(айнымалы1, айнымалы2,..., айнымалыN);

мұндағы айнымалыN – айнымалының аты, мәні программаның орындалу кезінде пернетақтадан енгізілуі тиіс.

Read(a);

Read(Cena, Kol);

Егер пернетақтадан енгізілген деректер типі read (readln) инструкциясында көрсетілген айнымалының типіне сәйкес келмейтін болса, программа жұмысты дұрыс аяқтамай қате туралы мәліметті экранға шығарады.

Мысал 1: Экранға мәліметтерді шығару.

program shar;

Begin

writeln (‘100 сомың болғанша,’);

writeln (‘100 досың болсын.’);

End.

 

Мысал 2: S=4*π*r2 формуласын қолданып шар бетінің ауданын табыңыз.

program shar;

const PI=3.14;

var S, r:real;

Begin

writeln (‘r-ге мән беріңіз’);

readln (r);

S:=4*PI*(r*r);

writeln (‘S=’, S:4:2);

End.

Мысал 3: Доллармен көрсетілген сумманы қазақстандық валютамен жазып шығару программасы.

program dollar;

const KursDoll=135.85;

var SumTenge,SunDoll:real;

Begin

writeln (‘Доллармен көрсетілген сумманы енгізіңіз’);

readln (SumDoll);

SumTenge:=SumDoll*KursDoll;

writeln (‘Енгізілген сумма теңгемен ’, SunTenge:6:2);

End.

Тапсырмалар

1. V= *π*r2*h формуласын қолданып конустың көлемін табыңыз.

2. V= π*h*r2 формуласын қолданып цилиндрдің көлемін табыңыз.

 

3. S=a*b*c формуласын қолданып үшбұрыштың ауданын табыңыз.

4. S= формуласын қолданып трапецияның ауданын табыңыз.

5. X= және Y= формулаларын қолданып X, Y-тің мәнін табыңыз.

6. Сатып алынған алманың құнын есептеу программасын құрыңыз.

7. Қолданушы географиялық картаның масштабын және екі пункттың арақашықтығын енгізеді. Ал, программа екі пункттың ара қашықтығын километрмен көрсетуі керек.

8. Дачаға барып келудің құнын анықтаңыз. Енгізілетін мәліметтер:

1. Дачаға дейінгі километрмен берілген арақашықтық;

2. 100 км кететін бензиннің мөлшері;

3. 1 литр бензиннің құны.

9. Салымның (вклад) табыс (доход) мөлшерін есептеу программасын құрыңыз.

Енгізілетін мәліметтер:

1. Салымның мөлшері (теңгемен);

2. Салымның мерзімі (күнмен);

3. Пайыздық көрсетім (жылына).

Шығарылатын мәліметтер:

1. Табыс

2. Салымның мерзімі аяқталғандағы сумма.

10. Сатылып алынған бірнеше қалам мен дәптердің құнын анықтау программасын құрыңыз.

11. Белгілі бір уақыттың ішінде жүріп өткен арақашықтықты анықтау.

12.

13.

14.

15.

16.

Бақылау сұрақтары

1. Мәліметтерді шығару үшін қолданылатын инструкцияларды атаңыз?

2. Write және writeln инструкцияларының айрмашылығы неде?

3. Апостафтар не үшін қолданылады?

4. Шығару өрісінің форматтары не үшін қолданылады?

5. Мәліметтерді енгізу үшін қолданылатын инструкцияларды атаңыз?

6. Read және readln инструкцияларының айрмашылығы неде?

7. Меншіктеу инструкциясы қай жағдайда қолданылады?

 


Дата добавления: 2015-10-29; просмотров: 127 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ГАРАНТИЯ на автомобили NISSAN, составляет 3(три) года или 100 000 км. пробега, в зависимости от того что наступит ранее.| Для студентов 3-5 курса дневной и заочной форм обучения всех специальностей

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)