Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Иммунопрофилактика

Читайте также:
  1. Иммунопрофилактика и иммунотерапия

Тапсырма(1): Бала бірінші жүктіліктен, асфиксиямен туылған, туғандағы салмағы 3800, нәрестелік кезеңі өзгеріссіз. 2 айлығында емхана да бірінші екпесі АКДС, Нів, ОПВ, ВГВ пен салынған. Екпеден кейін алғашқы екі сағатта балада қайталамалы клонико-тоникалық тырысулар қалыпты дене температурасы фонында байқалады. Тырыспалар өздігінен басылып, баланың жағдайы тез қалпына келді. Тәулік бойы тырыспалар қайталанбады.

 

  Кезеңдері: Іс әрекеттердің реттілігі
  Сіздің болжам диагнозыңыз?   Энцефалопатия
  Бала қосымша зерттеулерді қажетсінеді ме?   Невропатолог консультациясы, нейросонография, эхоэнцефалография.
  Егуден кейіңгі қалыпты реакция мен егуден кейіңгі асқынудың ерекшелігі неде?   Поствакцинациялық реакция өздігінен өтеді, емді қажетсінбейді.
  Бөлімшелік дәрігердің қателігін көрсетіңіз? Баланы міндетті түрде АДС препараты мен егу керек болатын, невропатологтың алдын ала кеңесі мен.  
  Болашаққа егу тактикасы? Көк жөтелдің қүрылымы кері көрсетілген, АДС екпесі мен егу қажет.  

 

Тапсырма (2): Бала бірінші жедел босанудан, анасы бронх демікпесінен зардап шегеді. Баланың 2 айлығында анасы сәбіз шырынын қабылдағаннан кейін нәрестеде атопиялық дерматит көрінісі байқалған (беттерінің қышынуы мен кейіннен қабыршақтануы және сулануы). Антигистаминді препараттар мен жергілікті фенистил гель мен емделген. Қазіргі уақытта балаға 3 ай, шағымы жоқ, тері жабындылары таза, ағзалар мен жүйелер бойынша патологиялар жоқ. Бала егуге шақырылды.

 

Кезеңдері: Іс әрекеттердің реттілігі
  Осы балаға қашан егуді жүргізуге болады? Келіп қаралғанға дейін 5 күннен кейін
  Атопиялық дерматит егулер кері көрсеткішіне енеді ме?   Ремиссия басталғанда вакцинациялау.
  Бұл баланы қандай егу мен еккен дұрыс?   Егу күн тізбесі бойынша егу. АКДС1+HIB1+ВГВ2+ОПВ1
  Уақытша кері көрсеткіштерге нелер жатады?   Жедел гломерулонефрит, нерв жүйесінің инфекциялық аурулары, жедел аурулар, созылмалы аурулардың өршу кезеңінде, стероидты препараттар мен иммуносупрессорларды қолдану.  
  Аллергиялық сырқаттары бар балаларды егу тактикасы?   Егуден кейін 5 күн және егуге дейін 5 күн бойы антигистаминдік препараттардың көмегі мен егуді жүргізу.

Тапсырма (3) Бөлімшелік педиатрдың үйге шақыруымен. Бала 12 айлығында ЖРВИ –мен ауырған, типті ағымды. Сауыққаннан соң екінші күнін де ККП екпесі жасалды. Екпені салғаннан кейін жетінші тәулікте баланың дене температурасы 38,0С жоғарылып, катаралды белгілер – мұрынның бітелуі, конъюнктивит, құрғақ жөтел, кешірек – қызылша тәріздес бөртпелер пайда болды, бірақ бөртудің кезеңділігі айтылмаған.

 

Кезеңдері: Іс әрекеттердің реттілігі
  Бұл жағдайға қандай диагноз дәлірек келеді?   Вакциноассоцирленген қызылша
  Диагноз қоюға қосымша қандай белгілердің көмегі бар? Катаральді кезең, Бельски-Филатов- Коплик дақтарының болуы, бөртпелердің кезеңді жоғалуы, гиперпигментация мен қабыршақтанудың болуы.  
  Науқасты жекелеу қажетпе?   Жоқ, науқас контагиозды емес, айналадағыларға қауіпті емес.
  Жедел хабарламаны (ф. 058у) жеткізу керекпе?   Жоқ.
  Болашаққа егу тактикасы? Егу күн тізбесі бойынша кәдімгі екпе мен вакцинациялау.

Тапсырма(4): 2 жасар балаға полиомиелитке қарсы НДИ шеңберінде иммунизация жасалды. ОПВ екпесін алғаннан кейінгі оныншы күні балада әлсіздік, селқостық, жылағыштық байқалған. Бөлімшелік педиатр шақырылды. Қарап тексергенде: баланың жалпы жағдайы орташа ауырлықта, араңы тыныш, ішкі ағзалары бойынша патологиялар жоқ, аяқтарының әлсіз парезі, сезімталдығының бұзылысы анықтады. Келесі екпелер асқынусыз өткен.

 

Кезеңдері: Іс әрекеттердің реттілігі
  Бұл жағдайға қандай диагноз дәлірек келеді?   Вакциноассоцирленген полиомиелит.
  Диагноз қоюға қосымша қандай белгілердің көмегі бар?   Жұлын сұйықтығынан бөлінген вакцинациялық штамм.
  Науқас госпитализациялануды және қандай бөлімді қажетсінеді?   Иә, жұқпалы бөлімге, себебі қорытынды диагноз вакцинациялық штаммды тапқан соң қойылады.
  Жедел хабарламаны (ф. 058у) жеткізу керекпе?   Иә. Өткені ол кеш жалпы асқыну деп есптеледі.
  Болашаққа егу тактикасы?   Екпе ОПВ.

 

Тапсырма (5): 6 жастағы бала, мектепке құжаттарын дайындап жатыр.

Анамнезінен: жасына сай өсіп, дамыған, диспансерлік тіркеуде тұрмайды, күнтізбе бойынша екпелер қабылдаған. 3 жасында қызылша, жиі ЖРВИ мен ауырған. Денсаулық тобы II-А.

 

Кезеңдері: Іс әрекеттердің реттілігі
  Балада осы уақытта қандай егулер болуы керек? АКДС+HIB, ВГВ, ВГА, ОПВ,мен вакцинациялау және ревакцинациялау, вакцинациялау БЦЖ и ККП  
  Осы балаға қандай егулер жүргізу қажет? АДС, ККП ревакцинациялау. БЦЖ бірінші сыныпта істелінеді.  
  Егулерге баланың қандай да бір кері көрсеткіштері бар ма?   Жоқ
  Осы балаға егуді қашан жасау қажет?   Барлық вакцинациялар 1 ші тамыздан кешіктірмей істелінуі керек, өткені қыркүйекте БЦЖ ревакцинациясы істелінеді.
  Баланы паротитке, қызамыққа қарсы қандай препаратпен егу қажет?   Паротит және қызамық моновакцинасы.

Тапсырма (6): Қайта көрінуге келген 3 жастағы бала. Ата-анасының салғырттығына байланысты баланың алған вакцинациясы туралы мәліметтер жоғалған. Осы мезетте бала денсаулығы сау, диспансерлік тіркеуде тұрмайды, дәрігер мамандармен тексерілген, бала бала бақшаға баруға құжаттарын дайындауда, денсаулық тобы I. Ата анасының айтуы бойынша барлық екпелері жасына сай, екпеге келіскен.

Кезеңдері: Іс әрекеттердің реттілігі
  Балада осы уақытта қандай егулер болуы керек? АКДС+HIB, ВГВ-3, ВГА-2, ОПВ-3 пен вакцинация және бірінші ревакцинация, БЦЖ және ККП мен вакцинация.  
  Ата анасының егу туралы келісімін нақтылау қажетпе? Антидене титрін анықтауды жүргізу. (РПГА), БЦЖ растау үшін ізін қарау керек.  
  Осы жастағы балаға қандай егудің мәні зор?   ККП мен вакцинациялау, өйткені бір жастан кейінгі балалар осы ауруға жиі шалдығады.  
  Дифтерияға қарсы баланы қандай препаратпен еккен дұрыс?   АДС препаратымен, себебі баланың жасы үштен асқан.  
  Баланы балалар бақшасына егуді дәлелдейтін құжатсыз, жолдама беруге болады ма?   Жоқ, себебі бала эпидемиялық қауіпсіздік жағдай бойынша қауіпті.

 

Тапсырма (7): Балаға 3 ай. Бірінші жүктіліктен, жүктілік және босану патологиясыз. Неонатальді кезең ағымы өзгеріссіз. Физикалық және нервті-психикалық дамуы жасына сай. Бірінші вакцинациялау 2 айында (АКДС, Hib, ВГВ-пентавакицна) асқынуларсыз. Емханада АКДС-тың екінші екпесін алғаннан кейін баланың жағдайы 6 сағат бойы нашарлап, тырыспалар мен есінің жоғалуы, гипертермия, құсу, қозғалмалы мазасыздану көрініп, әлсіреуге, аяқтарының парезіне алып келген..

 

Кезеңдері: Іс әрекеттердің реттілігі
  Болжамалы диагнозды қойыңыз? Поствакциналды энцефалит. Екпеге дамыған өте жоғары реакция
  Бұл патология қандай асқынуға жатады? Екпеге энцефалдық реакция. Жалпы ерте егуге еңгізілген.  
  Қай егуге жоғарыдағыдай жағымсыз әсерлер болуы мүмкін АКДС екпесінің көк жөтелдік құрылымына.  
  Науқас госпитализациялануды қажетсінеді ме?   Ия, жұқпалы ауруханаға госпитализациялау. ИНф аурухананың реанимациялық бөлімшесіне
  Болашақта баланы қандай препаратпен еккен дұрыс?   АДС препаратымен, себебі реакция көк жөтелдік құрылымына болған.

 

Тапсырма (8): 4 айлық балаға АКДС+Нів+ВГВ екпесі жасалды. Екінші күні терісінде 15 см-ге дейінгі гиперемия мен жергілікті температурасының жоғарлауы, қимылының шектелуі байқалды. Келесі күні көрініс күшейе түсіп, ісіну және гиперемия, дене қызуы 38С жоғарылап, интоксикация белгілері күшейген.

Анамнезінен: бала екінші жүктіліктен, бірінші жедел босанудан. Физикалық және нервті-психикалық дамуы жасына сай. Аллергоанамнезі өзгеріссіз.

 

Кезеңдері: Іс әрекеттердің реттілігі
  Болжам диагноз? Абсцесс (екпеге жергілікті асқынуы).  
  Бала госпитализациялауды қажетсінеді ме?   Хирургиялық бөлімге.
  Анасының мед.персоналға қарсылықтары дұрыс па?   Ия, мұндай асқыну жиі еңгізу техникасының бұзылуы кезінде, асептикада болады.
  Жедел хабарламаны (ф. 058у) жеткізу керекпе?   Иә.
  Болашаққа егу тактикасы?   Күн тізбе бойынша егуді жасау.

 

Тапсырма (9): 2 жасар балаға дене қызуының 37,3°С қа жоғарылауына және сол жақ құлағының ісінуіне шағымданып, бөлімшелік дәрігерге шақыру түсті. Балаға 9 күн бұрын паротитке қарсы егу жасалынды. Бір ай бұрын бала ЖРВИ мен ауырған. Анамнезінен баланың өмірінің бірінші жылында атопиялық дерматит белгілері байқалған. Бала жеке күн тізбесі бойынша егілген. АКДС, полимиелитке қарсы және ВГВ екпелерін асқынусыз қабылдаған.

Қарап тексергенде: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Терісі таза. Араңы аздап қызарған. Лимфо түйіндері ұлғаймаған. Сол жақ құлақ маңы бездері мен тері қатпары ісіңіп қалыңдаған. Ішкі ағзалар бойынша патологиясыз. Менингеальді белгілері анықталмаған.

 

Кезеңдері: Іс әрекеттердің реттілігі
  Болжам диагнозы?   Вакциноассоцирленген паротит.
  Науқас госпитализациялануды қажетсінеді ме?   Жоқ, қоршаған ортаға баланың қаупі жоқ
  СЭС ке жедел хабарлама беру қажет пе?   Жоқ
  Баладағы анықталған өзгерістерді қандай аурулардан ажырату қажет?   Лимфоденитпен: бездің үстіндегі терісі қызармаған, аймақаралық қызуы көтерілмеген, ісіудің шекаралары түзу емес. Вирусты паротитпен: біржақты өзгерістер, жалпы жағдайы өзгермеген.
  Болашаққа паротитке қарсы егу тактикасы?   Күн тізбе бойынша ККП егуді жасау.

 

Тапсырма (10): Бөлімшелік педиатрға егу мәселесі туралы 7 жасар баласымен анасы келді, себебі бала мектепке дайындалып жатыр. Анамнезінен – баланың өсуі мен дамуы жасына сай дамыған, диспансерлік тіркеуде тұрмайды, ата-анасы егуге рұқсат бермеуі себебінен жоспар бойынша балаға вакцинация жүргізілмеген. Бала екі жасында полиомиелитпен ауырған.Басынан өткен ауруының қалдық белгілері сол жақ балтыр бұлшық еттерінің аздаған атрофиясы, сол жақ аяғының сіңірлі рефлекстерінің болмауы байқалды.

 

 

Кезеңдері: Іс әрекеттердің реттілігі
  Осы баланы қандай егуден бастаймыз?   ККП, себебі бала мектепке дайындалып жатыр.  
  Паротитке, қызамыққы қарсы вакцианцияны қандай жоспар бойынша өткіземіз?   Вакцианциялау және 6 айдан соң ревакцинациялау. Белгіленген күнге дейін ревакицнация өткізіп үлгермесек, онда вакцинациядан соң бір айдан кейін.
  Дифтерияға қарсы баланы қандай препаратпен еккен дұрыс? АДС-М препаратымен, 2 рет 4 апта сайын және 6 алты айдан соң ревакцинация.  
  Баланы полиемиелитке қарсы қандай препаратпен еккен дұрыс?   ОПВ екпесімен, себебі моновалентті вакцина жоқ.  
  В гепатитіне қарсы баланы қандай жүйе бойынша егеміз?   0-1-6 (қаралған күні, бір айдан кейін, алты айдан кейін).

 

 


Дата добавления: 2015-10-29; просмотров: 255 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Lens optimization| ЧАСТЬ ВТОРАЯ 1 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)