Читайте также: |
|
Жетісу Алатауы
Жетісу Алатауы - Қазақстандағы ірі, әрі құрылымы жағынан күрделі тау жүйелерінің бірі. Жетісу тау жүйесінің солтүстік және солтүстік-батыс жалғасы. Ол солтүстік-шығысында Алакөл қазаншұңқыры мен оңтүстік-батысында Іле өзені аңғары аралығында созыла орналасқан. Ұзындығы 450 км, ені 100-250 км. Жетісу Алатауын батыста Көксу, шығыста Боротола өзендері бөліп жатады. Осы екі бөлік Солтүстік және Оңтүстік Жетісу Алатауы болып, екі үлкен тау жотасын құрайды.
Геогрографиялық құрылысы
Оңтүстік Жетісу тау жүйесінің Сарышоқы мен Борохоро жоталары түгелдей дерлік Қытай жерінде жатыр. Қазақстан шекарасына таянған жерде Орқашар Барлық тауымен (3300 м) жалғаса отырып, Жайыр Майлы атты аласа жотаға ауысады. Осы жоталардың арасында кезінде тектоникалық козғалыстардан пайда болған үлкен аңғар бар. Ол кей жерлерде батпақты, қамысты, кей жерде құрғақ дала боп кетеді. Аңғар бойында үйінді тастар көп. Жергілікті халық оны қорым дейді. Осы аңғар аркылы Ебінұр көлінің қазаншұңқыры (Қытайда) Алакөл қазаншұңқырымен шектеседі. Осы алкап Жетісу (Жоңғар) қақпасыдеп аталады. Ерте замандардан бастап осы қақпа арқылы Шығыс Еуропа мен Азияны, Қазақстанды жалғастырған Жібек жолы өткен, онымен Шыңғыс хан жаулаушылары, Жоңғар шапқыншылары жүрген. Жетісу Алатауының қазақстандык бөлігі осы қақпаның батысынан басталады да, батыска қарай Боротола өзеніне дейін Қытай-Қазақстан шекарасы бойымен созылады. Осы жерде Жетісу Алатауы асимметриялық құрылымдағы алып таулы жотаға айналады.
Жер бедері
Көксу өзенінің екі жағын алып жатқан Жетісу Алатауының солтүстік, оңтүстік жоталарының да өзара ерекшеліктері бар. Солтүстік жотаның ең биік нүктесі Бесбақан (биіктігі 4622 м), оңтүстік жотаның биік нүктесі Мұзтау (4370). Солтүстік Жетісу жотасы сатылап, солтүстік-шығысқа қарай аласарып, кең жазыққа айналады. Оның алғашқы сатысы - Тастау, Ақан жайлау, Қотыртас, Мыңшұңқыр жоталары (2800-3000 м). Бұлардың араларында тау аралық қысқа аңғарлар мен қазаншұңқырлар орналасқан. Оның ең ірісі - Ойжайлау қазаншұңқыры. Екінші саты Ойжайлаудан солтүстікке қараған Күнгей, Ешкіөлмес, Суықтay, Қарашоқы, Желдіқарағай тaу жүйелері (2000 м). Үшінші саты Шыбынды, Қарасарық, Қырықкөл (1500-1600 м) тау алды алқаптары, олардың солтүстік шығысына Текелі мен Сайқан таулары (1100 м), Баянжүрек, Қойтас, Малайсары жоталары да кіреді.
Оңтүстік Жетісу жотасының жер бедері де сатылы келеді, бірақ солтүстік жотаға қарағанда күшті тілімделген. Оның батысы мен оңтүстік батысында Итшоқы, Қотырқайың, Алтынемел, Суаттау тау алды жоталары орналасқан. Бұлар Іле өзені аңғарына жақындап келеді.
Солтүстік беткейдің жер бедері жазық, көлбеу келеді, тау қыраттарының төбесі тегіс. Тау қыраттарын бөліп жататын алаптары тік беткейлі, тілімделген, оңтүстік беткейлері құламалы. Солтүстікке қарағанда тау төбелері жазық емес, көтеріңкі.
Геологиялық құрылымы
Жетісу Алатауының құрылымы кембрийге дейінгі жыныстар мен палеозой жыныстарынан тұрады. Оның жоталары кембрийге дейінгі граниттер мен кристалды тақтатастардан түзілген. Каледон қатпарлығында алғаш көтерілген Жетісу Алатауының солтүстік және солтүстік-батыс бөліктерінде силур мен девон құмтастары мен сазды тақтатастардан тұратын негізгі жыныстармен бірге палеозой шөгінділері де мол. Таудың оңтүстік және оңтүстік-батыс бөліктерінде жоғарғы палеозойдың жыныстары көп. Олар карбон мен пермьнің құмтастары мен тақтатастарынан, әктас пен конгломераттардан түзілген. Тау аралық аңғарлар мен қазаншұңқырларда, тау етектерінде палеоген мен неоген шөгінділері кездеседі.
Жетісу Алатауы каледон мен герциндегі тау түзілуі кезінде қатпарлы тауға айналса, ал мезозой мен төменгі кайнозойда сыртқы күштің әсерінен мүжіліп, аласарып тегістелсе, кейінгі Альпі қатпарлығының күшті болуына байланысты қатпарлы-жақпарлы биік таулы өлкеге айналған. Жер бедерінің қалыптасуына ертедегі және осы күнгі мұз басулар да ықпал жасаған. Мұз басудың ізі әр жерде-ақ байқалады. Ағысы қатты болғандықтан өзендердің табан эрозиялық әрекеті де күшті, сондықтан өзен аңғарлары шатқалды, құзды болып келеді.
Климаты
Жетісу Алатауы мұхиттардан алыс орналасқан. Оның климатына Арктиканың суық ауасы мен Тұранның ыстық ауасы әсер етеді. Тау етегінде неғұрлым кұрғақ, континентті климат болып келеді. Биік тау беткейлерінде климат қоңыржай: қысы суық, жазы қоңыр салқын, ауаның орташа температурасы қаңтарда -10°-11°С, шілдеде 18°-20°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 600-800 мм, оңтүстік-шығыста - 400 мм. Қыста қар көп түседі, тау бастарында мұздықтар калыптасқан.
Жетісу кақпасынан Ебі желі соғады. Ол Барлық, Майлы жоталарынан соғатын циклон мен Жетісу қақпасының оңтүстік-шығысы арқылы өтетін антициклонның түйісуінен болады. Ебі желі - жылы жел, жылдамдығы 60-80 м/сек. Көбіне 1-2, кейде 3-7 тәулік бойы соғады. Осы қақпа бойымен Сайқан тауы жағынан сәуір, қыркүйек айларында Сайқан суық желі соғады.
Дата добавления: 2015-10-29; просмотров: 636 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Паразитарные заболевания | | | Зен-көлдері |