Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ақиданың маңыздылығы

АҚИДА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Ақида» ұғымы араб тілінен аударғанда (сөздік, яки грамматикалық мағынасы) «бір нәрсенің бөлек ұштарын бір жерге жинау», «топтау» мағынасын береді. Көпше түрі «ақайд». Терминдік мағынасы болса, дініміздегі басты тұжырымдарды құрайтын сенім жүйесі, дәлірегі, иман негіздері дегенді білдіреді.

Ислам дінінің сенім жүйесіне қатысты саласын зерттейтін ғылымды «кәлам» десе, тікелей сенімге байланысты айтқанда «итиқад» термині қолданылады. Сол секілді ақиданы да, көп жағдайда иман негіздері деп айтуымызға әбден болады. Яғни, бұл иман негіздеріне «әмәнту билләһ» дейміз. Иман шарттары: «Әмәнту билләһи уә мәләикәтиһи уә кутубиһи уә русулиһи уәл-яумил ахири уә бил-қадари хайриһи уә шарриһи миналлоһи тағала уәл-бағсу бағдәл-мәути хаққун. Әшһәду ән лә иләһә иллоллоһу уә әшһәду әннә Мухаммадан абдуһу уә расулуһу» болып айтылады.

Мағынасы: «Мен Аллаһқа, Оның періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, ақырет күніне, тағдырға, жақсылық пен жамандықтың Аллаһтың жаратуымен болатындығына иман еттім. Өлгеннен кейін қайта тірілу хақ. Аллаһтан басқа ешбір тәңірі жоқ, Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) Аллаһтың құлы және елшісі екендігіне куәлік етемін».

Таухид дегеніміз – тілдік мағынасы «Уаххада» бірлеу, жалғыздау сөзінен алынған, яғни бір заттың тек біреу, жалғыз екендігін білдіруді айтады.

Шариғи терминдік мағынасы – Айқын дәлелдер келтіре отырып, діндегі нанымдарды бекітетін ілім. Аллаһ Тағала жалғыз, Оның серігі жоқ және Оны ақыл, ойға елесі келетін барлық бейнелерден пәк деп иман келтіру, яғни санадағы қандай да бір елеспен, бейнемен Аллаһты сипаттауға болмайды, Ол барлық кемшіліктен пәк деп иман келтіру.

Таухид 3 тақырыпты қарастырады:

1) Илаһият – Аллаһқа не тиіс (уажиб), не қайшы, не мүмкін екендігін қарастыратын ілім.

2) Нубуат – Пайғамбарлардың хақына не нәрсе тиіс (уажиб), не қайшы, не рұқсат екендігін қарастыратын ілім.

3) Самғият – Пайғамбардан – есту арқылы жеткен ақыретке қатысты істерді қарастыратын ілім.

Ақиданың маңыздылығы

Жоғарыда да тілге тиек еткеніміздей, ақида діннің негізгі сенімін құрайды. Аллаһ Тағала тарапынан жіберілген елшілердің уағыздау жүйесі де – алдымен бір Жаратушыға, сонан соң ақырет күні мен пайғамбарларға деген сенімнен тұрады. Осыдан-ақ, сенімнің қаншалықты маңызды екенін пайымдауға болады. Құран Кәрімдегі, әсіресе, Меккеде түскен сүрелерді зерделеп қарағанда сенімге байланысты мәселелер басым болғандығы байқалады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) Меккеде 13 жыл бойы халықты бір Аллаһқа иман етуге шақырды. Бұл да сенімнің маңыздылығын көрсетеді.

Адамның өмірі мен тұрмыс-жайын, өмірге көзқарасы мен әрекеттерін жүрегіндегі сенімі белгілейді. Сондықтан да шынайы, кіршікшіз бір сенімге ие болмай Аллаһтың разылығын алатын амалдарды жасау нейғабыл нәрсеге айналады. Кәпір, мүшрік және мунафықтардың істеген амалдарының Аллаһ құзырында ешқандай да маңызы болмайтындығының басты себебі де осында жатыр.

Пенденің бұл пәни дүние мен о дүниедегі жағдайы оның ұстанған ақидасына (сенім жүйесіне) байланысты. Ақидасы дұрыс болса, пенде құлшылығының арқасында адал ниетінің жемісін көреді. Ал, ақидасы бұрыс болса, тура жолдан ауытқуына бірден-бір себеп болады. Адам әуелгіде иман етпестен, қанша амал, яки қайырлы іс жасағанымен ақыретте сол амал-істерінің ешқандай пайдасы болмайды. Жүрегінде иман болмаған соң амалдың не қажеті бар? Егер жүрегінде иманы болып, сол иман арқылы амал етпесе, онда ол кісі, кәпір болмайды, тек күнәһар болады. Ақыретте сол күнәлары үшін жазаланып, соңында пейішке барады. Амалдан бұрын ақиданың маңыздылығына мына аятты келтіруге болады: «(Мұхаммед (с.а.у.)) Сендерге амал тұрғысынан зиянға ұшырағандарды айтайын ба? – деп айт. Олар дүние өмірінде еңбектері, амалдары зая кеткендер. Олар жақсы іс істедік деп ойлайды. Негізінде олар Аллаһтың аяттарына әрі Раббыларына жолығуға сенбеген. Сондықтан олардың амалдары еш болады. Оларға қиямет күні еш мән бермейміз» ( 18. Кәһф, 103-105).

Иә, Қасиетті Құран Кәрімде: «Иннәл ләзинә әмәну уә амилус-солихат (Күмәнсіз иман еткен және ізгі амал істегендер) аятының жиі қайталанатыны белгілі. Аят мағынасы әуелі иман ету және сол иманға сай амал етудің маңыздылығын түсіндіреді. Иман негіздерін құрайтын жүйені ақида деуіміздің себебі де сондықтан. Асылында, ақидасы өзгерген кісі ислам діні бойынша адасқан жан ретінде саналады. Ислам тарихында адасқан мұсылмандарды көптеп кездестіруге болады. Олай болса ең алдымен ақидамызға ерекше мән бергеніміз абзал.

Адамзат тарихындағы барлық пайғамбарлардың иләһи дін жеткізудегі ортақ ұстанымдары: «Аллаһтың бар екендігіне, бір екендігіне иман ету. Оны нұқсан сипаттардан пәк етіп, кәміл сипаттарымен таныту. Ақырет күніне, есеп беруге, жәннат, жәһәннам және осыларға байланысты ұғымдарға кіршіксіз сену». Бұл жөнінде аят та: «(Мұхаммед (с.а.у.)) Сенен бұрын бір пайғамбар жіберсек; оған: «Күдіксіз Менен басқа тәңір жоқ. Онда Маған құлшылық қылыңдар» - деп қана уахи етіп жібердік» ( 21.Әнбия-25), - деп, бүкіл пайғамбарлардың айтқан сөздері мен насихаттары - тек адамзат пен ғаламды жаратқан Аллаһты тану мен Оған иман ету және құлшылық жасау қажеттігі жайында екенінен хабар береді.

ЖИБРИЛ ХАДИС (Жаттау арабша+қазақша ):

عَن عُمَر رَضِيَ الله عَنهُ قَالَ:

«بَينَمَا نَحنُ جُلوُسٌ عِندَ النَبِي صَلّى الله عليه وسلم إذ خَرج علينا رَجُلٌ شَديد بَيَاض الثِياب، شَدِيد سواد الشَعرِ، لا يَرَى عَلَيهِ أَثَرُ السَّفَر وَلا يَعرِفُهُ مِنّا أحد، حَتَى جَلَس إلى النبي صلى الله عليه وسلم فأَسنَدَ رَكبَتَيهِ إلى رُكبتيهِ وَوَضَعَ كَفّيه عَلى فخذيه وقال: يا محمد أخبرني عن الإسلام. فقال رسول الله: الإسلام أن تشهد أن لا إله إلا الله وأن محمداً رسول الله، وتقيم الصلاة وتؤتي الزكاة وتصوم رمضان وتحج البيت إن استطعت إليه سبيلاً. قال صدقت. فعجبنا له يسأله ويصدقه. قال: فأخبرني عن الإيمان. قال: أن تؤمن بالله وملائكته وكتبه ورسله واليوم الآخر وتؤمن بالقدر خيره وشره. فقال: صدقت. قال: فأخبرني عن الإحسان. قال: أن تعبد الله كأنك تراه فإن لم تكن تراه فإنه يراك. قال: فأخبرني عن الساعة. قال: ما المسؤول عنها بأعلم من السائل. قال: فأخبرني عن أماراتها، قال: أن تلد الأمة ربتها وأن ترى الحفاة العراة رعاء الشاء يتطاولون في البنيان، ثم انطلق، فلبثت ملياً، ثم قال لي: يا عمر أتدري من السائل؟ قلت: الله ورسوله أعلم، قال: فإنه جبريل أتاكم يعلمكم دينكم» أخرجه مسلم

Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.): «Бір күні Аллаһ елшісімен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бірге отырған едік. Кенет киімі сүттей аппақ, шашы көмірдей қап-қара, жолаушыға мүлде ұқсамайтын және (бір қызығы) бәрімізге бейтаныс бір кісі ортамызға келді. Келді де, Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қасына барып, екі тізесін оның тізелерімен түйістіре, екі қолын (өзінің) тізелерінің үстіне қойып отырды да: «Уа, Мұхаммед! Маған Ислам туралы айтып бер», – деді. Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Ислам – Аллаһтан басқа ешбір тәңірдің жоқ екеніне және Мұхаммедтің Аллаһтың елшісі екеніне куәлік етуің, намазды шарттарына сай толық оқуың, зекет беруің, Рамазан айында ораза ұстауың, шамаң жетсе, Аллаһтың үйін зиярат етіп, қажылық парызын өтеуің», – дегенде, әлгі адам: «Дұрыс айттың», – деді.

Біз оның өзі сұрақ қойып, өзі растағанына таңырқадық. Бейтаныс келесі сауалын қойды: «Маған иман жайлы айтып бер», – деді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Аллаһқа, періштелеріне, кітаптарына, елшілеріне, ақырет күніне және тағдырға, оның жақсылығы мен жамандығына иман келтіруің», – дегенде, әлгі кісі бұл жолы да: «Дұрыс айтасың», – деді. Сөйтті де: «Енді маған ихсан деген не, соны баяндап бер», – деді. Расулаллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Ихсан дегеніміз – сенің Аллаһты көріп тұрғаныңдай құлшылық етуің, өйткені сен Оны көрмесең де, Ол сені әрдайым көріп тұрады», – деп жауап берді. Содан бейтаныс адам сұрағын 39 жалғастырып: «Ал енді маған қияметтің қашан орнайтынын айт», – деді. Сонда Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Қияметтің қашан орнайтынын сұралған адам сұраушыдан артық білмейді», – деді. Сонда ол: «Ендеше, маған қияметтің белгілерін айтып бер», – деді.

Расулаллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Өз анасын күң санайтын ұрпақ дүниеге келеді10. Жалаң аяқ, жалаңаш сіңірі шыққан қойшылардың зәулім құрылыстар салып, бір-бірімен жаныға жарысып, көкірек кергенін көресің»,– деді. Сәлден соң әлгі адам мешіттен шығып кетті.

Содан, мен біраз уақыт тапжылмай отырдым. Кейін Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Уа, Омар! Сұрақ ойғанның кім екенін білемісің?» – деді. Мен: «Аллаһ пен елшісі жақсы біледі», – дедім. Расулаллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Шынында, ол сендерге діндеріңді үйрету үшін келген Жәбірейіл еді», – деп айтты», – деген (Муслим, иман).

Аллаһ Тағаланың ризалығын алып, жәннәтқа кіру, ақиданың шынайылығына байланысты болса, дәл сол секілді жәһәннамда мәңгі қалу да ақиданың бұзылуынан болады.


Дата добавления: 2015-10-29; просмотров: 249 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Организационная характеристика| Номер __ номер

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)