Читайте также:
|
|
Дістемелік нұсқау
IF…THEN…ELSE инструкциясы
IF…THEN…ELSE инструкциясын қолданып программа құрған кезде, мынандай бөлімдерді есте сақтау керек:
· IF инструкциясын қолданып екі әрекеттің бірін таңдауға болады;
· программа жұмыс істеген кезде, берілген шарттың орындалуына байланысты инструкция тізбектеліп таңдалады;
· шарт – логикалық типті оператор, ол “TRUE” (ақиқат) немесе “FALSE” (жалған) мәндерін қабылдай алады.
· Логикалық операциялары AND (логикалық “И”) OR (логикалық “НЕМЕСЕ”) қолданған кезде бос операторлардан құрама операторларды құруға болады.
Кейде әрекетті берілген шарт сақталған кезде ғана орындау керек болады. Бұндай жағдайлары программалау үшін Паскаль тілінде екі кезең қарасытырылған, олар шартты орындаудың толық және қысқартылған формалары.
Шартты оператордың толық пішіні келесідей жазылады:
IF шарт THEN оператор1 ELSE оператор2
мұндағы оператор1, оператор2 бос немесе құрама операторлар, ал IF(егер), THEN(онда), ELSE(әйтпесе) – қызметтік сөздер.
Егер шарт ақиқат (TRUE) болса, онда оператор1, әйтпесе (егер шарт жалған (FALSE) болса) оператор2 орындалады.
Шартты оператордың қысқартылған пішіні келесідей жазылады:
IF шарт THEN оператор1
Егер шарт ақиқат (TRUE) болса, онда оператор1, әйтпесе (егер шарт жалған (FALSE) болса) шартты оператордан кейін орналасқан оператор орындалады.
Turbo Pascal- да алты салыстыру операторлары бар, олар төменде көрсетілген:
Оператор | ОРЫНДАЙТЫН ӘРЕКЕТі |
> | TRUE, егер 1-ші операнд 2-нен үлкен болса, әйтпесе FALSE |
< | TRUE, егер 1-ші операнд 2-нен кіші болса, әйтпесе FALSE |
= | TRUE, егер 1-і операнд 2-мен тең болса, әйтпесе FALSE |
<> | TRUE, егер 1-ші операнд 2-не тең болмаса, әйтпесе FALSE |
>= | TRUE, егер 1-ші операнд 2-нен үлкен немесе тең болса, әйтпесе FALSE |
<= | TRUE, егер 1-ші операнд 2-нен кіші немесе тең болса, әйтпесе FALSE |
Егер THEN және ELSE қызметші сөздерінен кейін орындалатын операторлар саны екі немесе екіден де көп болса, онда бұл операторларды BEGIN және END операторлар жақшасына аламыз. Яғни шартты көшу операторын құрама оператордың көмегімен жазамыз. Құрамында құрама операторы бар IF операторының жазылуы:
IF шарт THEN
Begin
оператор1
оператор2
….
оператор n
End
ELSE
Begin
оператор1
оператор2
….
оператор n
End;
Есептің күрделенуіне байланысты IF операторының құрамына екінші бір IF операторын кірістіруге болады. Шартты көшу орператорын мұндай түрде пайдаланудың темендегідей нұсқалары бар:
Нұсқа.
IF шарт 1 THEN
IF шарт 2 THEN оператор1 ELSE оператор2
ELSE оператор3;
Нұсқа.
IF шарт 1 THEN оператор1
ELSE IF шарт 2 THEN оператор2
ELSE оператор3;
Нұсқа.
IF шарт 1 THEN
IF шарт 2 THEN оператор1
ELSE оператор2;
IF операторының жоғарыдағы жазылу нұсқаларын программада қолданғанда 1-шарт және 2-шартты жазуда белгілі бір реттілік болуы керек. Яғни, мәні ақиқат (TRUE) болатын шарт бірінші тексеріліп, жалған (FALSE) мәнеге жақын шарт екінші программаның жылдам орындалуын қамтамасыз етеді.
Мысал 1: Екі сан берілген. Солардың кішісін тап.
program minim;
var x,y:integer; Min:real;
Begin
writeln (‘Екі бүтін сан енгізіңіз:’);
readln (x,y);
if (x<y) then Min:=x else Min:=y;
writeln (‘Кіші сан= ’, Min:2:5);
end.
Мысал 2: Y функциясының мәнін есептеу программасын құру:
Y=
program esep;
var x,y:real;
Begin
writeln (‘x=’);
readln (x);
if (x>=-3) and (x<=3) then y:=sqr(x)*x
else y:=sqr(x);
writeln (‘y= ’, y:0:3);
end.
Тапсырмалар
1. Үш сан берілген. Олардың қайсысының үлкен екенін тап.
2. Үш таңбалы сан берілген. Осы санның квадраты оның цифрларының кубының суммасына тең бола ма?
3. f функциясын мәнін есептеу программасын құрыңыз:
a) f= мұндағы k=
b) f= мұндағы k=
4. Клавиатурадан енгізілген сан (-5, 3) интервалдарының арасына жата ма?
5. a, b, c үш нақты сандары берілген. Тексеріңіз:
a) a<b<c теңсіздік орындала ма?
b) a>b>c теңсіздік орындала ма?
6. a, b, c үш нақты сандары берілген. Осы сандардың арасында кем дегенде екі бірдей сан бар ма екендігін анықтаңыз.
7. Төрт банктегі валютаның курсын анықтаңыз.
8. Әр түрлі елдардің астаналары туралы мәлімет алу программасын құрыңыз.
9. Светофор программасын құрыңыз.
10. Телефонмен сөйлескен уақыттың құнын анықтаңыз.
11. Сатып алынған заттың құнын есептеу программасын құру. Егер сатып алынған тауардың құны 1000 теңгеден асатын болса 10% түсірілген бағамен беріледі.
12. Сатып алынған заттың құнын есептеу программасын құру. Егер сатып алынған тауардың құны 1000 теңгеден асатын болса 3%, 5000 теңгеден асатын болса 5% түсірілген бағамен беріледі.
13. Келесі функцияны қолданып Y мәнін тап:
Y=
14. Берілген формулаларды қолданып, Y – ң мәнін тап.
Y =
Басқа жағдайда “шешімі жоқ” деген мәліметті шығаруы керек.
15. Келесі функцияны қолданып Y мәнін тап:
Y=
16. Берілген формулаларды қолданып, F–ң мәнін тап.
F =
17. Берілген формулаларды қолданып, F–ң мәнін тап.
F =
18. Қала аралық телефонмен сөйлескен уақытының құнын анықтаңыз. Сенбі және жексенбі күндері 10% түсірілген бағамен сөйлесу мүмкіндігі бар.
19. Пионер лагеріне келген балаларды келесі ретпен отрядқа бөлу керек:
6-дан 7 жасқа дейін – 5-і отряд
7-ден 9 жасқа дейін – 4-і отряд
9-дан 11 жасқа дейін – 3-і отряд
11-дан 13 жасқа дейін – 2-і отряд
13-дан 15 жасқа дейін – 1-і отряд
20. Кіріс параметрінің мәніне байланысты шығыс параметрінің мәнін келесі кестедегідей ретпен шығару программасын құрыңыз:
Кіріс параметрі (температура) | Шығыс параметрі (мәтіндік мәлімет) |
Температура <0 | Суық |
0≤ температура <15 | Салқын |
15≤ температура <25 | Жылы |
25≤ температура | Ыстық |
21. Қандай да бір өткізілген тесттің нәтижесіне байланысты алынған баллдары (0-ден 100-ге дейін) бойынша, алған бағасы туралы мәліметті шығатарын программаны құрыңыз:
Кіріс параметрі (балл) | Шығыс параметрі (бағасы) |
0≤ балдар <20 | Нашар |
20≤ балдар <50 | Қанағаттандырарлықсыз |
50≤ балдар <75 | Қанағаттандырарлық |
75≤ балдар <93 | Жақсы |
93≤ балдар <100 | Өте жақсы |
Бақылау сұрақтары
1. Шартты орындау үшін қандай оператор қолданылады?
2. Толық пішінде шартты оператор қалай орындалады?
3. Қысқартылған пішінде ше?
4. Құрамында құрама операторы бар IF операторының жазылуын көрсетіңіз.
5. Құрамына екінші IF операторын кірістірудің нұсқаларын көсетіңіз.
6. Салыстыру қатынастарын көрсетіңіз.
7. Егер 1-ші операнд 2-нен үлкен болса ол қандай мәнді қабылдайды?
8. Қысқы демалыс уақыты 29 желтоқсаннан 10 қаңтарға дейін. IF инструкциясын қолданып, «Демалыс күні!» деген сөзді экранға шығару программасын құрыңыз, егер енгізілген дата (күні және айы) осы аралыққа қатысты болса.
9. Клавиатурадан енгізілген санның қысқы айларды көретіп тұратын инструкцияны жазыңыз.
10. Клавиатурадан енгізілген санның жазғы айларды көретіп тұратын инструкцияны бірнеше вариантын көрсетіңіз.
Дата добавления: 2015-10-29; просмотров: 217 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Demographics-the Basic Picture | | | Приложение 1. Спецификация класса Calc. |