Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Намаз уәжіптері

Читайте также:
  1. Намаз во время опасности
  2. Но если они раскаются и будут совершать намаз и выплачивать закят, то они станут вашими братьями по вере»[286].
  3. Порядок совершения намаза

Мазмұны

Кіріспе................................................................................................................4

І – тарау..............................................................................................................6

1.1 Намаздың маңыздылығы.............................................................................7

1.1.1 Намаздың парыздары................................................................................8

1.2 Намаздың шарттары.....................................................................................9

1.3 Намаздың рүкіндері...................................................................................16

1.4 Намаздың уәжіптері...................................................................................23

 

ІІ – тарау...........................................................................................................27

2.1 Азан.............................................................................................................28

2.2 Қамат...........................................................................................................35

2.3 Намаздың сүннеттері.................................................................................36

2.4 Намаздың әдептері.....................................................................................49

 

ІІІ – тарау.........................................................................................................50

3.1 Намаздың мәкруһтері................................................................................51

3.2 Намазды бұзатын істер..............................................................................58

 

Қорытынды.....................................................................................................65

Пайдаланған әдебиеттер...............................................................................66


Кіріспе

 

Зерттеу өзектілігі. Еліміз егемендік алығаннан бері халқымыз өзінің бұрынғы тарихына, дініне, әдет-ғұрпына қайтадан көңіл аудара бастады. Кеңестік тоталитарлық жүйенің құрсауында болған олар өздерінің дінінен, әдет-ғұрпынан, тілінен мүлде айырылуға шақ қалған еді. Кеңестік жүйе Коммунизм, атеизм, дарвинизм сияқты идеялармен адамдардың санасын улап, дінінен айыру үшін бар білгендерін істеп бақты. Соның салдарынан елімізде Кеңес үкіметіне дейінгі медреселер, діни оқу орындары жабылып, діни әдебиеттер жойылды.

Қазіргі таңда қазақ халқы тәуелсіздік алып, өзінің діни құндылықтарына қайтадан дек қойды. Елімізде мешіттер салынып, медреселер ашылып, діндар, намазхан адамдардың саны көбейді. Сол себепті діни әдебиеттерге, діни зерттеулерге деген қажеттілік туындап отыр. Елімізде қазақ тілінде жазылған діни кітаптар аз. Қазақ тілінде жазылған әдебиетттердің деңгейі Қазақстанда діннің даму деңгейіне сәйкес келмейді. Сондықтан араб тілінде, басқа тілдерде жазылған еңбектерді қазақ тіліне аударып, зерттеулер жүргізу бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Әсіресе фиқһ кітаптарына деген қажеттілік зор. Өйткені фиқһ мәселелері қарапайым адамның күнделікті тіршілігінде жиі кездеседі. Сонымен қатар фиқһ мәселелерінде қазақ халқының бұрыннан ұстанып келген жолы Имам Ағзам Әбу Ханифа мазхабы боынша жазылған еңбектерге көбірек көңіл аудару керек. Бұл басқа мазхабтарды кем санау немесе теріске шығару емес, халықтың діни көзқарастарын бір бағыттқа шоғырландыру арқылы елімізде мұсылмандардың бірлігін арттырып, діни араздықтан сақтану.

Бұл зерттеу фиқһ мәселесінің ғибадат бөліміндегі намаз тақырыбына арналады. Ұлы Жаратушысын таныған пенде оның ризашылығын іздейді. Оған сүйкімді болуға тырысады. Пенденің Жаратушысына жақын болуының бірден-бір жолы – құлшылық болса, құлшылықтың ұлысы – намаз. Ал намаздың Құран мен Сүннетке негізделген үкіәмдері, тәртіптері бар. Оларды әрбір мұсылман білуі тиіс.

 

Зерттеу нысанасы. Ханафи мазхабы бойынша ғибадат бөліміндегі намаз үкімдері және оған қатысты Құран мен Сүннетке дәлелдері.

 

Зерттеу мақсаты. Намаздың үкімдері мен оның шарғи дәлелдерін зерттеу. Қарастыралатын намаз үкімдері:

- Намаздың парыздары мен уәжіптері. Олардың дәлелдері.

- Намаздың сүннеттері мен әдетері. Олардың дәлелдері.

- Намаздың мәкрүһтері және намазды бұзатын істер. Олардың дәлелдері.

 

Зерттеу жаңалығы. Қазақ тілінде намаз тақырыбы бұдан бұрын Х. Алтайдың «Ғибадатул Ислам» кітабында, М. Исаұлы, Қ. Жолдыбайұлы «Ислам ғылымхалы» кітабында зерттеліп, мұсылман қауымға ұсынылды. Бірақ елімізде Ислам дінінің дамуы, халықтың діни сауатының көтерілуі деңгейіне сәйкес бұл тақырыпқа қайта-қайта оралып, әр ретте бұрынғыдан да тереңірек, ауқымдырақ, зерттеулер жүргізу қажет болады.

 

Зерттеу материалдары. Біздің зерттеуіміздің негізгі материалдары болып Фиқһ кітаптары, Құран, Хадис кітаптары саналады.

 

Зерттеу әдістері. Жұмыста салыстырмалы, сипаттама әдістері қолданылады.

 

Жұмыстың теориялық құндылығы. Қазақ тілінде жарық көретін фиқһ іліміне арналған ғылыми еңбектерге көптеген дәлеледер мен дәйектер қосып, намаз үкімдерін халыққа жан-жақты түсіндіруге үлес қосады.

 

Жұмыстың практикалық мәні. Жұмыста айтылған материалдарды медреселерде, діни дәрістерде, фиқһ сабақтарына пайдалануға болады.

 

Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланған әдеьиеттер тізімі жазылыды.

 

 


І – Т А Р А У

 

· Намаздың шарттары

· Намаздың рүкіндері

· Намаздың уәжіптері

 

 


Намаздың маңыздылығы

Барлық мадақ, мақтау әлемдердің Раббысы болған Аллаһ Тағалаға тән. Оның осы әлемге адамзат баласын қараңғылықтан жарыққа шығару үшін жіберген соңғы пайғамбары Мұхаммедке (с.а.с.), оның үй-ішіне және барша сахабаларына салауат, сәлем айтамыз.

Аллаһ Тағаланың барлығына, бірлігіне иман келтіру, оның кемшіліктен пәк Ұлы Жаратушы екендігін мойындап, оған бой ұсыну ең маңызды міндет. Бұдан кейінгі парыздың ең үлкені, ең маңыздысы – намаз. Намаз, иманның белгісі, жүректің нұры, рухтың қуаты, мүминнің миғражы. Мүмин бұл намаз арқылы рухани Ұлы Аллаһ Тағаланың құзырына көтеріледі. Ұлы Аллаһ Тағалаға жалбарынып, оған рухани жақындықта болады.

Құран Кәрімде және Хадис шәрифтерде намазға қатысты көп әмірлер мен үгіттер бар. Бұлардың бәрі, Ислам дінінде намазға үлкен маңыз берілгендігін көрсетеді.

 

Бір аятта Аллаһ Тағала:

» أًتْلُ ما أوحى إليك من الكتاب و أقيم الصلاة إن الصلاة تنهى عن الفحشاء و المنكر و لذكر الله أكبروالله يعلم ما تصنعون «[1]

«Ей Елшім! Кітаптан саған уахи етілгенді ғана оқы да намазды орында. Күдіксіз намаз арсыздықтан, жамандықтан тияды. Әрине Аллаһты еске алу, аса ірі нәрсе. Сондай-ақ Аллаһ не жасағандарыңды біледі.» [2]

 

Намаз ғибадаты ең үлкен зікір (Аллаһты еске алу). Бір хадис шәрифте Пайғамбар (с.а.с.): اصلاة عماد الدين «Намаз діннің тірегі» дейді. Бұл аят, хадистер намаздың Ұлы Аллаһтың жанында қандай жоғары ғибадат екендігін көрсетеді.

Намаз, ақыл – есі бүтін, балиғ шағына жеткен барлық мұсылман ерлер мен әйелдер үшін белгілі уақыттарда өтеуге міндетті болған – парыз. Намаздың парыздығына дәлел болатын аяттар мен хадистер өте көп. Намазды орындамау дүние мен ахирет азабына себеп болады. Егер біреу намаздың парыздығын теріске шығарса діннен шығады. Оған дәлел Пайғамбарымыздың хадисі:

»عن جابر رضي الله عنه قال: قال رسول الله صلى الله عليه وسلم:" بين الرجل وبين الكفر ترك الصلاة «

Жәбир (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.): «Мұсылман мен күпірдің арасы намазды тәрк ету» – деп айтты» – дейді. Ал намаздың парыз екендігін жоққа шығармай, тек немқұрайлықтан, жалқаулықтан намазды оқымай қойған адам күнәһәр, пасық болады. Бірақ діннен шықпайды.

Намаз – ұлы ғибадат. Оның артықшылықтары есепсіз. Намаз құл мен Ұлы Жаратушының арасындағы рухани байланыс. Сондықтан Аллаһқа иман келтірген бір мүмин құл үшін намазды немқұрайлы, қалай болса солай оқи салмай, шын ықыласпен, Аллаһқа бой ұсынған күйде барлық шарттарымен толық орындау – міндет.

«Салат» - намаз деген сөз. Тілдік мағынасы – дұға дегенді білдіреді. Ал шарғи мағынасы өзіне тән іс-әрекеттері, тәсбих, тәкбір және Құран оқудан туратын ғибадат.

Намаздың өзіне тән үкімдері бар. Олар өздерінің маңыздылық дәрежесіне қарай парыз, уәжіп, сүннет, мәндүб деп бөлінеді.

Намаздың парыздары.

Намаздың өзіне тән парыздары бар. Егер намазда олардың біреуі орындалмай қалса намаз дұрыс болмайды. Намазды қайта оқу керек. Егер парыздардың біреуі намазда кешіктірілсе, намаздың соңында «сәһу сәжде» (қателесу сәждесі) жасау керек. Төрт рәкаттық намаздардың алғашқы отырсында «тәшәһүдтен» кейін біраз отырып қалып, үшінші ракәттың парыз болған «қиямын» кешіктіру сияқты. Бұл парыздарды әдейі қалдырып кетсе де, қателесіп қалдырып кетседе үкімі бірдей. Намаз дұрыс емес. «Сәһу (қателесу) сәждемен» толтырылмайды.

Намаздың он екі парызы бар. Олардың алтауы ішінде, алтауы сыртында. Сыртындағылар «намаздың шарттары» деп саналады. Олар:

1. Хадастан тазалық;

2. Нәжәсаттан тазалық;

3. Әурат жерін жабу;

4. Құбылаға бет бұру;

5. Уақыт;

6. Ниет.

 

Ал ішіндегілер «намаздың рүкүндері»- деп аталады. Олар:

1. Ифтитах (ашу, бастау) тәкбірі;

2. Қиям (тұру);

3. Қырағат (оқу);

4. Рукуғ;

5. Сәжде;

6. Ақырғы отырыс.

Бұл парыздардың біреуі орындалмай қалса намаз дұрыс болмайды. Енді осы парыздардың әр қайсысына жеке-жеке тоқталалық.

 


Намаздың шарттары

1. Хадастан тазалық. (рухани тазалық)

Хадас халы дегеніміз – ғұсылсыз болу, дәретсіз болу, әйелдердің халез, нифас жағдайында болуы. Бұл хадастан тазару – ғұсыл алу, дәрет алу немесе тәиәммум алу арқылы жүзеге асырылады.

 

 

Құранда Аллаһ тағала былай дейді:

»يايها الذين آمنوا إذا قمتم إلى الصلاة فاغسلوا وجوهكم وأيديكم إلى المرافق, وامسحوا برؤوسكم وأرجلكم إلى الكعبين, وإن كنتم جنبا فاطهرو وإن كنتم مرضى او على سفر أوجآء أحد منكم من الغآئط أو لامستم النسآء فلم تجدوا مآءً فتيمموا صعيدا طيبا فامسحوا بوجوهكم وأيديكم منه ما يريد الله ليجعل عليكم من خرج ولكن يريد ليطهركم وليتمَّ نعمته عليكم لعلكم تشكرون «[3]

 

«Ей, иман еткендер! Намазға тұрарда жүздеріңді, қолдарыңды шынтаққа дейін жуыңдар. Бастарыңа мәсих тартыңдар, және екі тобыққа дейін аяқтарыңды жуыңдар. Егер жүніп болсаңдар, яғни сапарда болсаңдар, не болмаса біреу түзге отырып келсе, яки әйелге жақындассаңдар, сонда су таба алмасаңдар, таза жерге тәйәммум соғыңдар, онымен беті-қолдарыңды сипаңдар. Аллаһ сендерге салмақ түсіруді қалайды. Бірақ сендерді тазартуды сондай-ақ шүкіршілі етулерің үшін сендерге ниғмет, ырыс-берекесін толықтыруды қалайды.»[4]

 

Әбу-Хуруайра (р.а.)дан жеткен хадисте Пайғамбар (с.а.с.):

" لا يقبل الله صلاة احدكم إذا احدث حتى يتوضأ "

«Дәреттерің бұзылған кезде қайта дәрет алмайынша, Аллаһ намаздарыңды қабыл етпейді»- деді.[5]

 

Ибн Омар (р.а.)дан жеткен тағы бір хадисте Пайғамбарымыздың (с.а.с.):

" لا يقبل الله صلاة بغير طهور, ولا صدقة من غلول "

«Аллаһ тағала дәретсіз оқылған намазды және соғыстан түскен олжадан, ұрланған нәрседен берілген садақаны қабыл етпейді»- дегені айтылады.[6]

 

2. Нәжесаттан тазалану (заттық тазалану)

Намаз оқымастан бұрын денеде, киімде немесе намаз оқитын жердегі ластықтарды тазалау қажет. Денені тазалаудың қажеттігіне Анас (р.а.)дан жеткен хадис дәлел болады, Пайғамбар (с.а.с.):

" تنزهوا من البول, فان عامة عذاب القبر منه. "

«Кіші дәреттен тазаланыңдар, расында қабір азабының көбі содан болады».[7]

Аллаһ тағала Құран Кәримде:

" وثيابك فطهر "

«Киіміңді тазала»-деп бұйырады.[8] Бұл аят киімді тазалаудың қажеттігін білдіреді. Бұған дәлел болатын тағы бір хадис Әбу Сағидтен жеткен:

Quot;لم خلعتم"؟ قالوا: رأيناك خلعت فخلعنا, فقال: "إن جبرريل أتانى فأحبرنى أن بهما حبثا فإذا جاء أحدكم المسجد فليقلب نعليه ولينظر فيهما, فإن رأى حبثا فليمسحه بالارض ثم ليصلى فيهما".

 

«Пайғамбар (с.а.с.) намазда аяқ киімін шешті, артындағы адамдар да аяқ киімдерін шешті. Намаз аяқталғаннан кейін Пайғамбар (с.а.с.) олардан: «неге олай істедіңдер?»-деп сұрады. Олар: «Сенің шешкеніңді көрдік, сосын солай істедік»- деді. Пайғамбар (с.а.с.): «расында Жабраил маған келіп, аяқ киімімде ластықтың бар екендігін хабарлады. Сендерден біреу мешітке келсе аяқ киімдерін аударып қарасын. Егербір ластық көрсе, топыраққа сүртіп, тазаласын да сонан соң онымен намаз оқи берсін»- деді.» [9]

Ал Әбу Хурайрадан (р.а.) ластықтан тазалаудың қажеттілігіне дәлел бола алады.

" عن أبي هريرة قال: قام أعربي فبال فى المسجد فقام إليه الناس ليقعوا به. فقال النبي: دعوه وأريقوا على بوله سجلاً من ماء, أو ذنوبا من ماء فإنما بعثتم ميسرون ولم تبعثوا معسرين."

 

«Бір бәдәуи мешіттің ішінде тұрып дәрет сындырады. Адамдар оны жазаламақ болып тұра ұмтылады. Пайғамбар (с.а.с.): «Оған тимеңдер, оның дәретінің үстіне бір шелек су құйыңдар. Шынында сендер жеңілдетуші ретінде жіберілдіңдер, ауырлатушы ретінде жіберілмедіңдер»- деді.»[10]

 

«Намазға кедергі жасайтын нәжісаттар: ауыр нәжіс және жеңіл нәжіс болып екіге бөлінеді. Ауыр нәжіске саналатындар: егер қатты болса, төрт грамм салмағында, сұйық болса, алақан аясынан астам жерді қамтыған мөлшер киімде, денеде немесе намаз оқитын жерде болса, намазға кедергі жасайды. Жеңілге келсек, бұл дененің яки киімнің төрттен бірінен аз мөлшері намазға кедергі жасамайды».[11]

Барлық мазхабтарда киімнің, дененің, намаз оқитын жердің таза болуы намаздың шарты екендігіне келісілген.

 

Уретін жабу.

Әурет – қарауға жарам болған, бүркенуі парыз болған дене мүшелері. Адамдардың алдында әурет жердің жабық болуы парыз. Ал намазда тіпті жалғыз, оңаша жерде болса да әурет жердің жабылуы шарт. Оған дәлел Аллаһ тағаланың сөзі:

 

" يا بنى ادم خذوا زينتكم عند كل مسجد "

«Әй адам балалары! Әрбір құлшылық орынында зейнеттеріңді алыңдар. Киініңдер».[12]

Егер әурет саналған дене мүшелері жабық болмаса намаз дұрыс болмайды.

Ханафи мазхабы бойынша ер адамның әурет жері кіндік пен тізесімен қоса сол екеуінің арасы.

 

Оның дәлелі Амр ибн Шұғайыб (р.а.) тан жеткен хадис:

عن عمر بن شعيب أن النبى صلى الله عليه و سلم قال: "... فإن ما تحت السرة إلى الركبة عورة"

Пайғамбар (с.а.с.) айтты: «... расында кіндіктің астынан тізеге дейінгі жер - әурет»

(Шифағи, Ханбали мазхабтарында кіндік пен тізе әурет болып саналмайды, екеуінің аралығындағы жер ғана әурет).

Ал әйел адамның әурет жері беті мен алақандарынан басқа бүкіл денесі. Аллаһ тағала айтады:

 

" ولا يبدين زينتهن الا ما ظهر منها "

«зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ олардың өздігінен көргендері басқа».[13]

Бұл аятта «өздігінен көргендері» дегендегі мақсат әйелдің беті мен қолы. Бұған дәлел: Айша (р.а.)дан жеткен хадис шариф.

 

" أن أسماء بنت أبى بكر دخلت على رسول الله وعليها ثياب رقاق فأعرض عنهارسول الله وقال لها: "يا اسماء إن الامرة اذا بلغت المحص لم يصلح أيرى منها إلا هذا" وأشار الى وجهه وكفيه. "

Абу Бакрдің қызы Әсма Пайғамбар (с.а.с.) отырған жерге кірді. Оның үстіне киген киімі жұқа еді. Пайғамбар (с.а.с.) одан теріс айналды. Оған: «Әсма! Әйел балиғат жасына жеткен кезде оның мына мүшелерінен басқа жерлерінің көрінуі дұрыс болмайды. Аллаһ елшісі осы сөздерді айтқан кезде қолдары мен жүзіне ишарат еткен еді». [14]

Бұл намазға да қатысты. Пайғамбар (с.а.с.):

 

"لا يقبل الله صلاة حائض إلا بالخمار "

«Аллаһ балиғат жасына жеткен әйел затының намазын ормалсыз қабыл етпейді»- деді. [15]

Күң әйелдердің әурет жері еркектер сияқты және оған қосымша арқасы мен алды (іші).

Әйел адамының аяқтарының әурет болып болмағандығы жөнінде әр түрлі көзқарастар бар. Оның ішінде әйел адамның аяғы әурет емес деген көзқарас басымырақ. Бірақ мұндай ихтилафтан құтылу үшін мүмкіншілік болса, аяқты жабу абзал.

Егер намаз оқушы адамның әурет саналған жерінің төрттен бір бөлігі ашылса және бұл жағдай бір рүкін бойы жалғасса намаз бұзылады. Ал егер бұл жағдай бір рүкін бойы жалғаспаса, яғни намаз оқушы ашылып қалған жерін тез жауып алса намаз бұзылмайды. Бұл әурет саналған жердің кездейсоқ ашылып кеткен жағдайына қатысты. Егер намаз оқушы әурет жерін әдейі ашып жіберсе онда намаз сол бойда бұзылады.

Адамның терісінің түсін көрсетіп тұратындай жұқа киім кию әуретті жапқанға есептелмейді. Сондықтан адамның денесінің түсін яғни ақтығын, қызылдығын көрсетіп тұратын жұқа киіммен оқылған намаз дұрыс болмайды.

Әурет жерін жабатын еш нәрсе таба алмаған, жалаңаш болған адам отырған күйінде аяқтарын құбылаға қарай созып жіберіп намаз оқиды. Өйткені мұндай жағдайда әурет жерін барынша жабуға мүмкін болады. Ал егер әурет жерінің бір бөлігін жабатындай бір нәрсе тапса, онда ең алдымен алғы, артқы жыныс мүшелері жабылады. Одан соң еркектердің бұты, сосын тізелері жабылады. Ал әйелдерде бұттардан кейін қарыны, арқасы, сосын тізелері, одан әрі басқа мүшелері жабылады.

 

Былаға бет бұру.

Намазда құбылаға бет бұру намаздың дұрыс болуының шарты екеніне Құранмен, сүннетпен және ижмағпен келісілген. Мұсылмандардың құбыласы – Меккедегі Қағба. Намазды солай қарап оқуға себеп болған Аллаһ Тағаланың мына аяты:

" قد نرى تقلب وجهك فى السماء فلنولينّك قبلة ً ترضاها فول وجهك شطر المسجد الحرام وحيث ما كنتم فولوا وجوهكم شطره. " (سورة البقرة-١٤٤)

«(Мұхаммед с.а.с.) жүзіңнің көкке жөнелгенін көреміз. Сондықтан өзің разы болған қыбылаға айналдырамыз. Енді жүзіңді «Масжид Харам» жаққа бұр. (Мүминдер!) қай жерде болсаңдар да, жүздеріңді сол жаққа жөнелтіңдер.» [16]

Мұсылмандар Мәдинаға көшпестен бұрын Құддыстағы Ақса Мешітіне құбыла болған еді. Кейін Мәдинаға көшкен соң құбылы меккедегі Қағбаға ауыстырылды. (Аллаһтың бұйрығымен)

Бара (р.а.)-дан жеткен хадисте:

عن براء قال: صلينا مع النبى ستة عشر شهرا أو سبعة عشر شهرا نحو بيت المقدس ثم صرفنا نحو الكعبة. رواه مسلم.

«Біз Пайғамбар (с.а.с.) мен бірге он алты ай, әлде он жеті ай Бәйтүл Мақдұсқа қарап намаз оқыдық. Сосын Қағба қарай ауыстырылдық»- деп айтылады.[17] Құбыла Қағбаның өзі емес, оның тұрған жері. Оның үсті де, асты да құбыла болып саналады.Қғабаның жанында немесе ішінде болғандар оның әр тарапынан намаз оқи береді.

Құбылаға бет бұрудың намаздың шарты екендігіне мұсылмандар ижмағ (бір ауыздан келіскен) қылған. Құбыладан басқа жаққа қарап оылған парыз, нәпіл немесе жаназа намаздары, тилеует сәждесі дұрыс болмайды.

Қағбаны көзбен көріп тұрған адам жүзін сол Қағбаға қаратып намаз оқу керек. Ал егер қашық жерде болса, Қағбаны көрмейтіндей жердле болса, соның бағытына қарай жүзін бұруы жеткілікті. Құбыланың қай жақта екнін білмеген адам, егер сұрайтын адам болмаса өз ижтиһадымен табуы керек. Мұндай жағдайда күнге, айға немесе жұлдызға қарап, жобалап намазын оқиды. Ал егер Құбыланың бағытын білетін бір адамды тапса, ол адамның айтқанын қабылдауы керек. Өйткені басқа адамның берген хабары іздеуден қуаттырақ.

Мешіттердің михрабтары Қағбаның бағытын көрсетеді. Ескі заманнан қалған бір михраб болатын болса соған қарап намаз оқылады. Бұл жағдайда құбыланы өз бетімен іздеу дұрыс емес.

Намазда құбылаға бет бұрғанда «Жүзімді жөнелттім құбылаға» деп айтудың қажеті жоқ.

Егер ауыру адам болып, құбылаға бұрылуға күші жетпесе және оған көмектесетін адам болмаса немесе дұшпаннан, жыртқыш аңнан себебінен құбылаға бұрыла алмаса, онда күші жеткен бағытқа қарап намаз оқиды. Өйткені бұл мәжбүрлік болады. Сол сияқты пойызда, ұшақта немесе автобуста болған адам мүмкін болса құбылаға қарап оқиды. Ал оған шамасы келмесе, мүмкіншілігі жеткен бағытта оқиды. Егер тікелей құбылаға қарау мүмкін болмаса, құбылаға ең жақын бағытқа бұрылады. Ұшақта, пойызда, кемеде, автобуста болған адам намаздың уақыты өтпей тұрып, басқа ыңғайлы жерде намаз оқуға мүмкіндік болмайтын болса, онда бұл намазды көлікте оқымайды. Өйткені көлікте оқығанда құбылаға қарау, қиям сияқты намаздың парыздары орындалмай қалады.

Құбыладан 45 шамадан (градус) артық ауытқу – құбыланың шартын бұзады.

Намазда себепсіз құбыладан көкірегін бұру намазды бұзады. Ал жүзін құбыладан бұру намазды бұзбаса да харамға жақын макрух болады.

Бір адам құбыланың қай бағытта екенін білмесе және жанында құбыланы білетін адам бола тұра одан сұрамай намаз оқыса, егер оқыған жағы құбыла болмаса, онда намазы дұрыс емес және ол намазды қайта оқуы қажет болады.

Ал егер қасында сұрайтын адам болмаса, намаз оқып болғаннан кейін, оқыған бағыты құбыла болмағанын білсе де намазы дұрыс. Қайта оқу керек емес. Егер намаз оқып тұрған кезде оған құбыланың бағыты басқа екені білдірілсе, онда солай қарай бұрылады.

Намаз оқушы құбыла болғанына қанағат етпеген бағытта намаз оқуы дұрыс емес.

Құбыланың бағыты жөнінен әр түрлі пікірде болған адамдар намазды жеке-жеке өздері құбыла деп санаған бағытқа қарап оқиды. Егер имамға ұйушы имамның құбылаға қарап тұрғанына шүбаланса, намазы дұрыс болмайды.

Жабир бин Абдуллахтың айтуынша: Бірде Аллаһ елшісі бір топ адамды бір жаққа жібереді. Түнде аспан бұлтты болады да ешкім құбыланың бағытын біле алмайды. Сондықтан әркім өзі қанағаттанған бағытта намаз оқиды. Кейін бұл жағдай Аллаһ елшісіне жеткізіледі. Ол еш нәрсе айтпайды. Кейін көп ұзамай мына аят түседі.

" ولله المشرف والمغرب فأينما تولُّوا فثم وجه الله. "

«Шығыс та батыс та Аллаһтікі. Сондықтан жүздеріңді қай жаққа бұрсаңдар, Аллаһтың жүзі сол жақта». [18]

 

5. Уақыт.

Намаз – күннің арнайы белгілі уақыттарында орындалатын парыз. Аллаһ Тағала Құран Кәрімде:

" إن الصلوة كانت على المؤمنين كتبا موقوتا "

«Намаз мұсылмандарға арнайы белгіленген уақыттарда парыз етіледі». [19]

Парыз намаздарға уақыт шарт. Парыз намаздарының сүннеттері, жұма намазы және айт намаздары үшін де белгілі уақыт бар. Бұл намаздарды уақыты кірместен бұрын оқу дұрыс болмағандығы сияқты, уақытынан кешіктіру де дұрыс емес.

Бір намазды ешқандай себепсіз белгіленген уақытынан қалдыру үлкен күнә. Егер адам ұмыту немесе ұйықтап қалумен намазын қаза етсе, ол күнә емес. Бірақсол намаздың қазасын өтеуі тиіс. Пайғамбар (с.а.с.) хадис шәрифінде айтады:

" إنه ليس فى النوم تقريط انما التقريط فى اليقظة, فاذا نسى احد صلاة أو نام عنها فليصلها اذا ذكرها. "

«Ұйқыда немқұрайлылық жоқ. Немқұрайлылық ояу кезде. Егер біреу намазды ұмытса немесе ұйықтап қалса, есіне түскен бойда ол намазды өтесін».

Қазасын өтеуді қажет ететін намаздар бес уақыт парыз намаз бен үтір намазы. Әбу Сағид Әл-Хадари (р.а.)дан жеткен хадисте: Пайғамбар (с.а.с.):

 

" من نام عن وتره أو نسيه فليصله إذا ذكره. "

«Кім үтір намазына ұйықтап қалса немесе ұмытып ктсе, есіне түскен бойда оны өтесін».[20]

Жұма, Айт, сүннет намаздардың қазасы өтелмейді. Жұма намазын оқи алмаған адам сол күннің бесін намазын өтейді. Себепсіз намазын қаза еткендер ол намаздың қазасын өтемей тұрып, алдымен тәубе ету керек.

 

Ниет.

Ниет ету намаздың шарттарының бірі. Ниет – Аллаһ Тағалаға жақындау мақсатымен оған құлшылық етуді шын жүрегімен қалау. Намазға ниет ету- намаз оқушының тек Аллаһүшін намаз оқуды нақты қалауы. Ниеттің орыны- жүрек. Егер намазды жүрекпен ниет етпей тек тілмен айтатын болса, онда намаз дұрыс болмайды. Сондықтан біреу дүниелік мақсаттарда намаз оқитын болса, адамдарға көрсету үшін немесе мал табу үшін оқитын болса, оның намазы қабыл болмайды. Барлық намаз оқушы адамдар осыны жақсы түсінулері керек. Аллаһ Тағала Құран Кәримде айтады:

 

" وما أمروا إلا ليعبد والله مخلصين له الدين. "(سورة البينه-٥)

«Олар ғибадатты нағыз Аллаһқа шынайы ынтамен бір беткей түрде орындаулары үшін әмір етілген».[21] Сондықтан намаз оқушы намазда Аллаһ ризашылығын ниет етіп орындауы керек. Сонда ғана оның намазы қабыл болуға лайықты. Ниетіне қарай қабыл болады. Омар (р.а.) дан жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.):

" إنما الاعمال بالنيات ", رواه البخارى

«Іс-әрекеттер тек ниетке байланысты»-дейді.[22]

Намазды таза ниетпен оқымаған, тек Аллаһ үшін оқуды мақсат етпеген адам Аллаһ Тағаланың әміріне қайшы келген болады. Көзге көрсету үшін намаз оқу- күнә саналады.

Намазға кірерде қандай намаз оқығалы жатса, сол намазға нақты ниет ету парыз. Ал намаз ішінде ойына басқа дүние істері түсіп, ойы бөлінетін болса, одан намаз бұзылмайды. Бірақ, Раббысынан қорқушы намазхан бұл шайтанның азғыруына бар күшімен қарсы тұруы керек. Егер оған шамасы жетпесе оның сауабы кемімейді. Аллаһ Тағала адамға шамасы келмейтінді жүктемейді.

Жүрекпен ниет етумен қоса, тілменде ниет ету абзал. Айтылмаса оқасы жоқ. Парыз намаздарда, үтір, айт намаздарында, адақ намаздарда, тилеует сәждесінде арнайы ниеттің болуы шарт. Парыз намаздардың қазасы да солай.

Нәпіл намаздарда жеке ниет етумен қатар, жалпы ниет етсе де болады.

Егер біреу намаз оқып жатқан бір жамағатқа келсе, және бұл намаздың парыз немесе тарауих намазы екенін біле алмаса, парызға ниет етіп, имамға ұйыйды. Егер намаз парыз намазы болса, намазы дұрыс болады. Ал намаз тарауих намазы болса, онда оқыған намазы «нәпіл намаз» болып саналады. Тарауихқа есептелмейді. Өйткені құтпан намазының парызынан бұрын «тарауих» намазы оқылмайды.

Ниеттің ифтитах тәкбіріне жақын болуы абзал. Тәкбирден кейін ниет ету дұрыс емес.

Жамағатпен оқылған намазда имамға ұюға ниет ету керек. Ал имамның имамдыққа ниет етуі шарт емес. Бірақ жамағатқа әйелдер қатысса имамның оларға имам болуды ниет етуі керек. Олай болмаған жағдайда әйелдердің намаздары дұрыс болмайды.

 

Намаздың рүкүндері

Ифтитах (ашу, бастау) тәкбірі

Намаз оқушы кісінің тіке тұрып, өзі еститіндей дауыспен «Аллаһ әкбар» деуі «ифтитах тәкбірі» немесе «тахрим тәкбірі» деп аталады. Бұл тәкбір намаздың парызы болып саналады. Аллаһ Тағала Құран Кәрімде:

" وربك فكبر "

«Раббыңды ұлықта» [23] деп бұйырады.

Али (р.а.) дан жеткен хадисте Пайғамбар (с.а.с.):

 

" مفتاح الصلاة الطهور, وتحريمها التكربير, وتحليلها التسليم. "

«Намаздың кілті- тазалық, тахримі (намазға кіруі)- тәкбір, тахлилі (намаздан шығуы)- сәлем беру»- деп айтады.[24]

Имам болған адам жамағат етпеуі үшін тәкбірді дауыстап айтуы мұстахап. Намазда аяқта тұра алмаған адам отырып тәкбір алады. Тәкбір алғанда намаз оқушы тік тұрып қолдарын құлақтарының тұсына дейін апарып «Аллаһу әкбәр» дейді.

Әбу Хумайд (р.а.) хадисі:

елі Пайғамбарымыздың () тізесімен қоса сол екеуінің арасы. дан жеткен хадисте:

" أن النبى كان اذا قام الى الصلاة اعتدل قائما ورفع يديه ثم قال: "الله أكبر". رواه أبن ماجة وصححه. "

«Пайғамбар (с.а.с.) намазға тұрған кезде тік тұрып, қолдарын көтеріп, «Аллаһу Акбар» дейтін»- деп айтылады.

Ханафи мазхабы бойынша Құран Кәрімдегі «Раббыңды ұлықта» деген аятқа байланысты «Аллаху әкбар» сөзінен басқа да Аллаһ Тағаланың ұлықтық сипатын білдіретін сөздермен намазды бастаса намаз дұрыс саналады. Мысалы, «Аллаһу рахим», «Аллаһу азим», «Аллаху рахман» т.б. деген сияқты. Ал бұдан басқа «Астағфируллаһ», «Бисмилләх» сияқты сөздермен бастаса, бұлар Аллаһты ұлықтау емес, дұға сөздері болғандықтан намаз дұрыс болмайды. (Басқа үш мазхапта ифтитах тәкбірі тек қана «Аллаһу әкбар»сөзімен айтылуы керек. Жоғарыда келтірілген хадистегідей. Егер басқа сөздер айтылса намаз дұрыс емес болып саналады).

Имамға ұйыған адам ифтитах тәкбірін тік тұрып алуы керек. Рукуғ халіндегі имамға ұйыған адам «Аллаһ» сөзін тік тұрып айтып, «әкбар» сөзін рукуғта айтса, имамға ұйығанға есептелмейді. Қайт атұрып дұрыстап тәкбір алуы керек. Бұл уақытта рүкүғ өтіп кетсе, бұл ракағат қаза етіледі.

Ифтитах тәкбірі ниеттен кейін алынады және имамға ұйыған адамның тәкбірі имамның тәкбірінен кейін алынады.

 

2. Қиям (аяққа тұру)

Қиям – аяқта тік тұру деген мағынаны береді. Намазда Құраннан бір сүре оқылатындай уақыт тұру. Қиямның күші жеткен адамға парыз намаздардың әр ракатында парыз екендігіне барлық мазхабтар келіскен. Оған дәлел Аллаһ Тағаланың аяты:

 

" وقوموا لله قانتين, " (سورة البقرة- ٢٣٨)

 

«Аллаһқа бой ұсынған түрде аяқта тік тұрыңдар». [25]

Намазда тұрып оқуға шамасы жетпеген адам отырып оқуға, оған шамасы жетпеген адам жатып оқуға болады. Ғимран (р.а.) дан жеткен хадис, бұған дәлел:

عن عمران بن حصين قال: كانت بى بواسير, فسألت النبي عن الصلاة؟ فقال: " فان لم تستطيع فقاعدا, فان لمتستطيع فعلى جنب ", رواه البخارى.

Ғимран (р.а.)айтады: «Менде басур (геморрой) ауруы бар еді. Пайғамбардан (с.а.с.) қалай намаз оқитынымды сұрадым». «Аяқта тұрып оқы, егер оған күшің жетпесе отырып оқы, егер оғанда күшің жетпесе жаныңмен жатып оқы»- деп бұйырды. [26]

Ифтитах тәкбірін алуға күші жеткен адам тік тұрып тәкбір алып, одан әрі отырып оқуына болады.

Ал нәпіл намаздарды тұрып оқкға күші жете тұра отырып оқуға болады. Тек тұрып оқушының сауабы отырып оқушыдан артық болады. Сондықтан нәпіл намаздарды да тұрып оқу абзал. Абдуллаһ бин Омар (р.а.) дан жеткен хадисте Пайғамбар (с.а.с.) ның:

" صلاة الرجل قاعدا نصف االصلاة " رواه البخارى ومسلم.

«Отырып оқыған адамның намазы- намаздың жартысы» дегені айтылады. [27]

Ханафи мазхабы бойынша қиям бес уақыт парыз намаздарда парыз болғаны сияқты үтір намазы, нәзір намаз және таң намазының сүннеті үшін де парыз. Бұл намаздарды тіке тұрып оқуға күші жеткен адам отырып оқуға болмайды.

Қиям парыз болған намаздарда тұруға шамасы жетпеген адам, күші жеткен халінде намаз оқиды және оның сауабы тұрып оқыған адамнан кем болмайды. Оған дәлел Әбу Мұса (р.а.) дан жеткен хадис. Пайғамбар (с.а.с.) айтты:

Quot;اذا مرض العبد أو سافر كتب الله له ما كان يعمله وهو صحيح مقيم", رواه البخارى.

«Егер құл ауру болса немесе жолаушы болса Аллаһ Тағала оған сау және отырықшы халінде істеген амалының сауабындай сауап жазады».[28]

 

3. Қырағат (Құран оқу)

Намазда Құран оқу парыз. Ханафи мазхабы бойынша ең азы үш қысқа аят немесе үш аяттың көлеміндей бір аят оқу парыз. Қырағаттың парыз болуына дәлел Аллаһ Тағаланың сөзі:

"فاقرءُوا ما تيسر من القران". (المزمل ٢٠)

«Құраннан жеңіл келгенін оқыңдар» [29]

Және бір хадис шәрифте Пайғамбарымыз)с.а.с.(:

Quot;لا صلاة إلا بالقراءة"رواه مسلم.

«Қирағатсыз намаз жоқ»-дейді, хадистиі [30]

Екі немесе төрт рекет парыз намаздардың тек екі рекетінде қирағат парыз. Бірақ сол қирағатты алғашқы екі рекатта оқу уәжіп. Егер алғашқы екі рекатта оқылмаса онда соңғы екі рекатта оқылады. Ал нәпіл намаздармен үтір намазында қирағат барлық рекаттарында – парыз. Өйткені бұл намаздардың әр екі рекаты дербес намаз болып саналады. Намазда «Фатиха» сүресін оқу Ханафи мазхабында –уәжіп. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл жөнінде:

 

Quot;لا صلاة لمن يقرأ بفاتحة الكتاب, رواه جماعة.

«Құранның Фатихасын оқымағанның намазы жоқ»- деп айтқан. (Басқа мазхабтарда Фатиханы оқу парыз).

Парыз намаздардың алғашқы екі рекатында, нәпіл, үтір намазының әр ракатында Фатиханы оқу уәжіп. Егер жаңылып, қалдырылып кетсе сәһу сәждесін жасаумен толықтырылады. Ал төрт рәкәтті парыз намаздардың үшінші, төртінші рәкаттарында қалдырылса, сәһу сәждесі керек емес. Өйткені парыз намаздардың үшінші, төртінші рәкаттарында Фатиханы оқу сүннет.

Қирағат тек арабша мәтінде оқылады. Қирағатты намазда іштен оқыса, қирағат саналмайды. Сол себепті оны адамның өзі еститіндей немесе тілі әріптерді ақырын шығарып қимылдау керек.

Имамға ұйыған адам Имам Құран оқығанда тыныш тұрып оны тыңдайды. Өзі Құран оқымайды. Аллаһ Тағала Құран Кәрімде былай дейді:

",إذا قرئ القرآن فاستمعوا له وأنصتوا لعلكم ترحمون" (الاعراف, ٢٠٤)

«Құран оқылған кезде оны тыңдаңдар және үндемеңдер. Мүмкін миәрхамитке бөленерсіңдер».[31]

Және Пайғамбардың хадисі:

عن أبي هريرة رضى الله أن النبي صلى الله قال: "من كان له إمام فققراءة الامام له قراءة". رواه إبن ابي شيبة.

«Кім Имамға ұйыса, имамның қирағаты, ол үшін де қирағат болып саналады».[32]

Ханафи мазхабы бойынша жария оқылған намазда да, жасырын оқылған намазда да имамға имамға ұюшы қирағатты оқымайды. Имамның оқығаны ол үшін жеткілікті. (Басқа мазхабтарда айырмашылықтар бар).

 

Рүкүғ.

Рүкүғ – иілу дегенді білдіреді. Намаздың ішкі парыздарының бірі. Аллаһ Тағала Құран Кәримде:

"يأيها الذين امنوا اركعوا..." (سورة الحج-٧٧)

«Ей, имам етушілер! Рүкүғ етіңдер»-деп бұйырды.[33]

Ең жақсы жасалған рүкүғ қолдары тізеге қойып, арқа мен бас бір деңгейде болатындай етіп, иілу. Әбу Хумайд (р.а.): «Аллаһ Елшісінің рүкүғ еткен кезде қолдарын тізелерінің үстіне қойғанын көрдім. Арқасын да түзу ұстаған еді»- деп, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) рүкүғын сипаттаған. [34]

Егер рүкүғ қиямға жақын шықса дұрыс емес.

Рүкүғте бір сәт тұру- уәжіп. Пайғамбарымыз (с.а.с.):

"ثم اركع حتى تطمئن راكعا."

«Сосын иіл (рукуғ жаса) де, иілген күйіңде біраз тұр»- дейді.

Рүкүғтан тұрғанда қайта қиямға барып бойын тіктеп біраз тұрып барып, сәждеге кету уәжіп. Айша (р.а.)дан жеткен хадисте:

Quot;قالت عائشة عن النبي "فكان إذا رفع رأسه من الركع لم يسجد حتى يستوى قائما"رواه مسلم.

Пайғамбарымыз с.а.с. рүкүғтан басын көтерген кезде, бойын толық тіктеп тұрмайынша сәждеге бармағандығы айтылады. [35]

 

Сәжде.

Сәжде – намаздың ішкі парыздарының бірі. Сәжденің мағынасы – бағыну, мойын ұсыну, кішіпейіл


Дата добавления: 2015-10-28; просмотров: 472 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Причини виникнення опору| ТЕХНОЛОГИИ БУДУЩЕГО В САМОНАДУВАЮЩИХСЯ КОВРИКАХ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.067 сек.)