Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Менингиттердің антимикробты терапиясы

Нейроинфекциялардыңпатогенетикалық және симптоматикалық емі

 

ОЖЖ инфекциялары өмірге өте қауіпті, сондықтан этиотропты және патогенетикалық емді қажет етеді. Олар өздігінен дамитын аурулар немесе басқа бактериемиямен жүретін бактериальных инфекциялардың, немесе нейрохирургиялық операция, бас миының ашық жарақатынан болатын ми контаминация салдарынан дамуы мүмкін, сондықтан ОЖЖ инфекцияларды емдеуде ликворға енетін антимикробты терапияны қажет етеді.

Менингит – жұлын сүйықтығында лейкоциттердің жоғарлауымен жүретін ми қабытының қабынуы. Менингиттер: жедел, созылмалы, біріншілікті және екіншілікті болып бөлінеді.

1-5 жасар және үлкендерде менингиттің қоздырушысы болып Нейро- менингитис және Менингококк болып есептеледі. Пневмококты менингит көбінде үлкендерде кездеседі, мұнда пневмония, ортаңғы отит, мастоидтер тәрізді инфекцияның біріншілікті пневмококты ошақтары байқалады.

Аурудың клиникалықе сиптомдары

Қызба, бастың ауруы, жүрек айну, жеңілдікке әкелмейтін құсу, ошақты неврологиялық симптоматика, құрысу симптомы, естің бұзылуы, эритематозды тері бөртпелері.

 

Менингиттердің антимикробты терапиясы

Жасы 0-4 апта

ампициллин тәулігіне 200-300 мг/кг әр 6 сағат сайын

цефотаксим 200 мг/кг әр 6 сағт сайын

амикацин 20-30 мг/кг әр 8 сағт сайын

Эндолюмбально: Тобрамицин 4-8 мг әр 24 сағт сайы

Жасы 4-12 апта

ампициллин 200-300 мг/кг тәулік әр 6 сағат сайын

цефотаксим 200мг/кг әр 6 сағат сайын

Жасы 1-18 жыл

цефотаксим 200мг/кг әр 6 сағат сайынов

цефтриаксон 80-100 мг/кг тәулік

(14 жастан жоғары – 4г/тәулік әр 12 сағат сайын)

ампициллин 200-300 мг/кг тәулік әр 6 сағат сайын

хлорамфеникол 75-100 мг/кг/тәулігіне әр 6 сағат сайын

18 жатан жоғары

цефотаксим 8-12 г/тәулік әр 4- 6 сағат сайын

цефтриаксон 4 г/тәулік әр 12 сағат сайын

ампициллин к/т 12 г/тәулік әр 6 сағат сайын

 

ашық ми жарақаты салдарынан, нейрохирургиялық операциядан болатын менингиттерде:

Ванкомицин к/т2-3 г/тәулік әр 8-12 сағат сайын

Ванкомицин эндолюмбальді сағат сайын 5-20 мг/тәулік

Рифампицин к/т 0,6-0,9 г/тәулік әр12 сағат сайын

Көкіріңді таяқшамен зақымдалғанда

Цефтазидин к/т 6г/тәулік әр 8 сағат сайын

Ванкомицин к/т2-3 г/тәулік әр 8-12 сағат сайын

Ванкомицин эндолюмбально 5-20 мг/тәулік

Рифампицин к/т 0,6-0,9 г/тәулік әр12 сағат сайын

 

Қосымша ем Дексаметазон к/т0,15 мг/кг 4 тәулік бойы

МІҚ төмендету –гиперосмолярлы ерітінділер (манитол), глицеринді пероральді қабылдау

Қолданған әдістердің көмегі болмағанда – барбитураттар.

 

Менингитің алдын-алу:

Байланыс болған кезден кейін бір ай ішінде химиопрофилактика жасалмаған жағдайда инфекцияның туындау қауіпі жоғары болады. 2 жастан төмен балаларда даму қауіпі жоғары. Үлкендерде және 2 жастағы балалрға таңдау препараты болып рифампицин есептеледі (20 мг/кг 4 күн бойы)

Химиопрофилактиканы тағайындамайды 2 жәна одан жоғары жастағы баларда 60 күн ішінде аурудың 2 жағдайы тіркелген бала бақшада байланысса. 2 жастан төмен балалрда ол жеке қарастырылады.

Жүктілерге тағайындалмайды.

Химиопрофилактиканың альтернативті заттары:

Цефтриаксон 250мг б/е

Моксифлоксацин (тек қана үлкендерге 500 немесе 750 мг бір рет)

 

Нейропротекцияның фармакологиялық стратегиясы. Регенераторлы-репаративті процесстерінің жақсаруына бағытталған ем. Ишемиялық және геморрагиялық инсульттердің емі.

Бас миының қан-тамырлық аурулары әлуметтік-медициналық мәселелердің бірі болып табылады. Басынан инсультті өткізген науқастардың 80% мөгедек болып қалады олардың 10% - ауыр және басқа адамдардың көмегін қажет етеді. Тек қана инсульттің 10% бірінші аптада бұзылған қызметтерінің қалпына қалыптасуымен аяқталады.

Неврологиялық дефекттің пайда болуында инсульттан кейінгі пайда болған жедел ми қанайналымының бұзылысының 21 күнінен басталған қалыптастыру кезеңі маңызды болып есептеледі. Бұл жағдайда аурудың бірінші сағатында өткізіп жіберілген процесстердің оның ішінде жоспарланған клеткалық өлімнің (апоптоз), микроциркуляция және ГЭТ өткізгіштігінің бұзылыстары өз маңыздылығын жоғалтпаған.

Ишемиялық инсульттардың патогенетикалық емінің негізгі принциптері:

1. зақымдалу жерінде қанайналымын қалыптастыру,

2. ми қызметін қалыпқа жағдайда ұстап тұру және оларды құрлымдық зақымдалуларан сақтау.

Зақымдалу жерінде қанайналымын қалыптастыру үшін қолданатын заттар:

· антиагреганттар - аспирин, дипиридамол, пентоксифиллин,

· антикоагулянттар - фраксипарин, гепарин, фенилин, варфарин,

· ноотропты заттар - пирацетам, церебролизин, глицин, пикамилон,

· вазоактивті заттар - винпоцетин, кавинтон, ницерголин, инстенон, эуфиллин, циннаризин,

· ангиопротекторлар - пармидин, аскорутин, этамзилат, добезилат, вобензим,

Ми қызмет қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін қолданатын заттар:

· антиоксиданттар - эмоксипин, милдронат, витамин Е, аскорбин қышқылы,

· емдік энергетикалық метаболизмді жақсартатын препараттар - цитохром С, актовегин, рибоксин, аплегин.

· Қимыл қызметін қалыптастыруға арналған антихолинэстеразды заттар – прозерин, галантамин

Геморрагиялық инсультті емдеудің негізгі бағыты болыпқантамырларының өткізгіштігін төмендету және пайда болған тромбтың бұзылуын алдын-алу. Бұл үшін келесі топтар қолданылады:

· ангиопротекторлар - пармидин, продектин, аскорутин, троксевазин, этамзилат,

· вазоактивті препараттар - винпоцетин, кавинтон, ницерголин, инстенон, эуфиллин, циннаризин.

НООТРОПТЫ ЗАТТР: пирацетам, церебролизин, актовегин, аминалон, глиатилин және т.б.

Пирацетам (ноотропил) ГАМҚ циклді туындысы. Ноотроптар ми тінінің метаболизм жақсартады, оның ішінде глюкоза, оттегі метоболизімін, тіндердің гипоксияға тұрақталығын жоғарлатады, бас миының қан айналымын, жарты шарлар арсындағы байланыстарды жақсартады. Ноотроптар есте сақтау қаблетін жоғарлатып, шаршағыштықты төмендетеді. Бірақ, бұл әсерлер бірден есем жаймен көрінеді. Пирацетам қырысуға қарсы белсенділігі бар, соңғы жылдары оның иммуномодуляциялық, иммундыпотенциялық әсерлері анықталған.

Қолдану көрсеткіші:

- миыдның жарақатталу жағдайларында;

- әртүрлі олигофрения деңгейіндегі ойлау қабелеттілігі төмендеген жас балалларда; есте сақтау, зейін, сөйлеу қабілеті бұзылған балаларда;

- қарттарға, егде жастағы адамдарға, гериатрияда көңіл-күй мен есте сақтау қабілетін жақсарту үшін;

- наркомандар мен алкоголиктерді емдегенде;

- инсульт алған науқастарда;

- кіші балаларда болатын энурез.

Сонымен қатар иммуностимуляторлардың әсерін жоғарлату үшін тағайындайды.

АМИНАЛОН - ГАМҚ препараты. Синтетитикалық жолмен алынады. ГАМҚ – жүйке тінідегі зат алмасу процессінде маңызды рөлді атқаратын тежегіш медиатор. Препарат тіндік тыныс алуды, Кребс циклінің ферменттерін белсендіреді, нейрондардың глюкозаны пайдалануын жақсартады.

Қолдану көрсеткіші: бас миының қантамырлық аурулары, балалрдаесте сақтау қабілетінің төмендеуінде.

Нноотроптардың кері әсерлері: мидың белсенділігі тітіркендіргіштікке, ұйқының, көңіл-күйдің бұзылуына, балаларда мазасыздану, АҚ жоғарлауына, сексуальді қозуға әкеледі. Сондықтан оларды курспен тағайындайды (2-3 апта бойы).

 


Дата добавления: 2015-07-07; просмотров: 348 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Построение профиля кулачка| АХЭ кері және токсикалық әсерлері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)