Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

дістері.

Читайте также:
  1. Дәріс №3. Зерттеудің физикалық әдістері. Әдістердің жалпы классификациясы және сипаттамасы.

 

Мұнайдың құрамында парафиннің, асфальтендердің және шайырдың көп болуынан қабаттың түп аймағында сүзілу сипаты нашарлайды. Зерттеулер көрсеткендей, көптеген өндірістік үлгілер бойынша асфальтенді-шайырлы-парафин шөгінділері (АСПО) келесі орташа топтық құрамнан тұрады: парафин 20-30%, шайыр 10-15%, асфальтендер 30-45%. Мұнайды көтерудің тиімді әдістерінің бірі, ұңғының түп аймағына термогазохимиялық әсер ету әдісі болып табылады, ол 1975 жылдан бері қолданып келеді.

Термогазохимиялық әсер ету әдісін енгізу, жарғыш зарядын АДС (аккумулятор давления для скважин) және оның жануы үшін 220В кернеу беру арқылы қолданумен байланысты.

Өндірісте ұңғының түп аймағына термогазохимиялық әсер ету кезінде еңбек қауіпсіздігі көбіне берілген технологияның жаңартылуына және ұңғыларды жерасты және күрделі жөндеу бригадаларының техникамен қамтамасыз етілу дәрежесіне және сондай-ақ осы жұмыстар кезінде жұмыскерлерді қауіпсіздендіру әдістерінің ережелерін оқытылуына байланысты Термогазохимиялық әсер ету әдістері күндіз өткізілуі тиіс. Сағаның жанында АДС жинаудың бастау мезгілінде ұңғы өшіру сұйығымен толтырылуы қажет, газдың жоғары және жинау операцияларының аймағына шығуын алдын алу үшін, ондағы гидростатикалық қысым 3 МПа болу керек.

АДС зарядтарын иницирлеу үшін электрлық импульсті беруді геофизикалық партияның лабораториясының типтік автомобилінің панелінен жүргізіледі.

Өнімді қабаттардың бір метрін өңдеу үшін, есептеу негізінде және тәжірибе бойынша 20 кг жарғыш қолдану қажет. 10 және 91 метрдегі өнімді қабаттардың қуаты өзгеруі кезінде, өңделетін ұңғылардың жанында біруақытта 150-300 кг-ға дейін жарғыш болуы мүмкін, сол үшін осындай жағдайда міндетті түрде өз жұмыс орнын тастап, қауіпсіз жерге баруы қажет.

Термогазохимиялық әсер етуді жүргізу алдында орнатылатын ЗП – 350 – 120 – 240 түріндегі задвижка (БПО – да)өндірістік қызмет ету базасында престеледі.

Өзен кен орнындағы орташа қысымы 22,О МПа (220атм) ұңғының максимальды тереңдігі 2400 м, яғни орташа қысымы: 22,0 x 1,5 = 33,ОМПа (330 атм). Тығыздығы р = 1,0 т/м3 МПа болатын, 2400 м тереңдіктегі ұңғыны сумен толтыру кезіндегі, қабатқа сұйық оқпанының гидростатикалық қысымын аламыз.

Ргидр = 2400х 1,0 = 24, ОМПа (240 ат)

Бұл өлшем Ргидр ұңғының түп аймағына термогазохимиялық әсер етуді жүргізу үшін аз болады, яғни асфальтты – шайырлы – парафинді шөгінділердің, осылардың әсерінен қабаттың сұйықты жұту және де оның жоғары температурада жану және ұңғы қабырғаларының жылу әсерінен тез жойылуы есебінен АДС зарядының жануынан қабаттың түп аймағының өткізгіштігі жоғарлайды.

Осының әсерінен ұңғыдағы сұйық төмендейді, гидростатикалық қысым қабат қысымынан төмен болады, онда су, газ және қабат энергиясы әсерінен лақтыру болады.

Сондықтан басу сұйығын ауырлату қажет, ол үшін мына формуланы қолданамыз:

Sсұй = ;

Мұнда: Sсұй - сұйық тығыздығы

Р – жартылай қабат қысымы

Н – Ұңғы тереңдігі – 1,375 т/м3 аламыз.

Яғни, мұнай, газ шығуын алдын – алу үшін және жартылай қысым тудыру үшін, тығыздығы 1,375 т/м3 болатын өндіру сұйығын қолдану керек.

Ауырлату үшін әртүрлі минералдарды қолданады. Ауырлатқыштар түрінде көбінесе барит (тығыздығы 4,5 т/м3) және гематит (тығыздығы 5,19 – 5,28 т/м3).

 

4.3 ӨРТ СӨНДІРУ ҚҰРАЛДАРЫНА ТАЛАП

 

Әрбір мекеме мен аймақта жергілікті өрт қорғанысымен келісілген және мекеме басшысымен бекітілген осы күнге ережелер негізінде өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулар шығарылуы тиіс.

Өрт қауіпсіздігі бойынша ереже талаптарының сақталуын бақылау мекеме мен аймақтың әкімшілігіне жүктеледі.

Аймақтың әрбір жұмысшысы мен оған кіріп - шығатын адамдар өрт қауіпсіздік ережелерін міндетті түрде біліп, оларды қатал орындау қажет, ал өрт пайда болған жағдайда өртті сөндіріп, адамдарды құтқаруға барлық шараларды қабылдау керек.

Өрт қауіпсіздік ережелерін бұзған айыпты адамдар Қазақстан – Республикасының әрекетті заңдылықтары бойынша тәртіптік әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Өрт сөндіру құралдарын таңдау және сөндіру кезінде жабдықтардың, материалдардың, заттардың бүлінуіне әкелетін өрт сөндіру құралдарының ерекшеліктері ескерілуі тиіс.

Аймақта өрт сөндіргіштерді, өрт сөндіру құралдарын және өрттік дабыл беру жүйесін орналастыру «Аймақтардды қорғау үшін өрт техникасы» ГОСТ - ССБТ - ға сәйкес көрсетілеі.

Біріншілік өрт сөндіру құралдарды бөлмелерден кіріс - шығыс жерлерде, сондай - ақ өрт ошағы пайда болуы мүмкін өрт қауіпті жерлерде орналастыру қажет. Оларды орналастыру үшін келесідей ұсынылатын инвентарь жинағы бар арнайы өрт щиттері орнатылуы тиіс:

- көмірқышқылды өрт сөндіргіштер 1

- құмы бар жәшік 1

- тығыз жанбайтын мата 1

- күректер 2

- ломдар 2

- балта 1

- өрт шелектері 2

Мекеме территориялары бір щит есебінен 5000м - қа дейінгі ауданға

өрт щиттерімен қамтамасыз етіледі.

Біріншілік өрт сөндіргіштер құралдарының қажетті мөлшері әрбір қабат пен ғимарат бойынша бөлек есептеледі.

Қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар үшін мүмкін ошақтан өрт сөндіргішті орнату орнына дейінгі қашықтық 20м - ден, А, Б және В категориядағы бөлмелер үшін 30м - ден, В, Г бөлмелері үшін 40м - ден, Д категориядағы бөлмелер үшін 70м - ден аспауы тиіс.

Өрт сөндіргіштердің орны «Дабылдық түстер және қауіпсіздік белгілері» ГОСТ - қа сәйкес еден деңгейінен 2 - 2,5м биіктікте көрінетін жерлерде орналасқан көрсету белгілері бойынша анықталады.

Өрт сөндіргіштерді пайдалану және техникалық қызмет көрсету дайындаушы заводтың құжатына сәйкес жүзеге асырылады.

Аймақтарда өрт инвентарінің мөлшері және оны дұрыс күйде сақтауға жауапты адамар көрсетілген кестелер орнатылуы тиіс, кезекшілікті тапсыру кезінде журналда өрт сөндіру құралдарының ұрыстылығы мен толықтылығы туралы белгі қойылады.

Пайдалану бойынша құжаттар мен нұсқаулар жауапты адаммен белгілі бір жерде сақталады.

Өрт сөндіргіштерді беріктілікке сынау және зарядтау дайындаушының нұсқауларына сәйкес мамандырылған ұйымдармен жүргізіледі.

Мекемелерде көбікті, көмірқышқылды, көмірқышқыл - бромэтилді, аэрозольді және ұнтақты өрт сөндіргіштерді қолдану ұсынылады.

Көбікті және көмірқышқыл - бромэтилді өрт сөндіргіштер жану және жарылыс қаупін күшейте отырып, барлық жанғыш қатты және сұйық заттардың тұтануы кезінде жаңадан басталып жатқан өрт ошақтарын өшіру үшін арналған. Көбікті өрт сөндіргіштер кернеу астында тұрған электр жабдықтарын өшіру кезінде қолданылмауы тиіс.

Көбікті сөндіру қондырғыларына жарты жылда бір рет көбік түзейтін құрлдардың сапасын тексеру қажет.

Көбік түзейтін құралдарды қолдану, сақтау және сапасын тексеру жағдайлары «Көбік түзеушілерді пайдалану, сақтау, тасымалдау және оның сапасын тексеру бойынша нұсқауларда» баяндалады.

Көбік түзеушілер сақталатын резервуарлар мен сыйымдылықтары жөндеу және қызмет көрсету кезінде мұнай және мұнай өнімдері бар резервуалар мен сыйымылықтарды жөндеу және қызмет көрсету кезіндегі сияқты өрт қауіпсіздік шаралары сақталуы тиіс.

Көбікті сөндіру қондырғылары мен құралдарына көбік түзейтін қондырғылар - көбік араластырғыштар, әуе - көбікті бағаналар, жоғары еселі көбік генераторлары, генераторлары бар көбік көтергіштер, көбік түзеушілер жатады. Оларды айына бір рет тексеру қажет. Бұл кезде жалпы аппараттар мен қондырғылардың бөлек бөлшектерінің жағдайы тексеріледі, аппаратты тазалау, қажалатын беттерді майлау жүргізіліп, формуляр журналда сәйкесінше жазу жасалады.

Аэрозольді және көмірқышқылды өрт сөндіргіштер әртүрлі материалдар мен заттардың аз ғана жануын, сонымен қатар 330В- тан жоғары емес кернеу астында тұрған электр қондырғылардың жануын өшіру үшін арналған.

Ұнтақты өрт сөндіргіштер сілтілі металдарды, мұнай өнімдерін, ерекшеліктерді, қатты заттарды және 380В - тан жоғары емес кернеу астында тұрған электр қондырғыларды өшіру үшін арналған. СИ - Д ұнтақты құрамы бар СИ - 120 өрт сөндіргіші - алюминий органикалық қосылысты және СИ - ВК заряды бар өрт сөндіргіші - кремний органикалық қосылыстарды өшіру үшін арналған.

Мұнай - газ өндіру аймағының кәсіпшіліктері БППБ - 93, СН және П жобасымен және талаптарына сәйкес стационарлы өрт сөніру кешендерімен жабдықталады, олар өз кезегінде тапсырыс берушінің, жобалық ұйымның, өрт бақылау органдарының шешімі бойынша толықтандырылуы мүмкін.

Төмендетілетін аймақтардың қызметкерлері автоматты өрт сөндіру құралдарының бар екендігі туралы мәлімет алып, жұмыс принциптері мен техника қауіпсіздігінің ережелері туралы инструктажан өтуі тиіс.

Стационарлы өрт сөндіру құралдарының техникалық жағдайын бақылау үшін бұйрықпен мекеменің техникалық қызметкерлерінің ішінен жауапты адам, ал қонырғыға тәуліктік қызмет көрсету үшін – арнайы айындықтан өткен жұмысшылар санынан бригаа белгіленеді. Стационарлы қондырғының жұмысына жауапты адам оның жағдайын жүйелі бақылап, журналды ұрыс жүргізуі тиіс.

Қызмет көрсету бригадасы кезекшілік кезінде өрт сөндіру заттары қорының сақталуын, құбырдағы қысымның шамасын, тіректі арматураның дұрыс орналасуын, автоматты және дистанционды жіберу атчиктері мен тарату құбырларының, желілерінің жағдайын бақылауы тиіс.

Газбен сөндіру құралдарын бақылама өлшеуді әрбір 3 айда жүргізу қажет. Тексеруі жүргізу күндері мен олардың нәтижелері арнайы журналға енгізілуі тиіс.

Автоматты өрт сөндіру құралдарының жүйесіндегі қысым әр ай сайын тексерілуі тиіс. Қысымның төмендеуі 0,02МПа - дан аспауы тиіс.

Жылына бір рет автоматты өрт сөндірудің барлық жүйесінің жұмысын тексеруүшін өрт сөндіру қондырғыларының аппараттары мен құбырларға гидравликалық сынамалар жүргізіледі.

Өрт сөндіру құралдарын бұйрықпен белгіленген адам өрт қорғау органдарының жұмысшыларымен бірге тексеріп, сынауы тиіс.Тексеру және сынау нәтижелерін актпен реттеу қажет.

Қондырғыларды тексеру кезінде қондырғының бөлек аймақтарын жылыту құрылғылары мен жылу оқшаулағыштарға ерекше назар аудару қажет.

Стационарлы өрт сөндіру қондырғыларымен жабдықталған аймақтарда техникалық жағайларға сәйкес өрт сөндіру қондырғыларынан сұйықты құю деңгейіне дейінгі қашықтықты бақылау қажет.

Өрт құбырларындағы тіректі құрылғыларды жеңіл алынатын жерлерден орналастыру қажет. Әрбір тіректі құрылғыда қымет көрсету аймағы көрсетілген нақты белгі болуы тиіс. Түнгі мезгілде басқарудың әрбір торабы жарықтандырылған болуы тиіс.

Автоматты өрт сөндіру жүйесі мен өрттік дабыл беру жүйесін пайдалануды «Өрт автоматикасы құралдарын техникалық сақтаудың типтік ережелері» мен «Өрт сөндіру қондырғыларына техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу бойынша нұсқаулармен» сәйкес жүзеге асыру қажет.

Жылжымалы өрт сөндіргіштердің типі мен мөлшері жобамен, ал жобалық құжат болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының жергілікті органдарының келісімі бойынша мекеменің басшысымен анықталады.

Жылжымалы өрт техникасының аймақтарын іріктеп сайлау норма бойынша жүргізіледі.

Жылжымалы қондырғылар мен өрт сөндіру құралдарының мөлшері аймақ бойынша бір өрт есебінен анықталады.

Өрт техникасы мен өрт жабдықтары үнемі дұрыс күйде болуы тиіс. Оларды сақтау үшін арнайы қыздыру қамқорлығы қамтамасыз етілуі тиіс.

 

 

5. ЭКОЛОГИЯ БӨЛІМІ

 

 

5.1 МҰНАЙ-ГАЗ ӨНДІРУ КӘСІПШІЛІГІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ

ҚАУІПСІЗДІГІ

 

 

Өнеркәсіптік игеру барысында мұнай кенорындарын тұрғызу жобасы, ондағы мұнай газын жинау және тиімді пайдалану мәселелері өз шешімін тапқан жағдайда ғана бекітілуге жіберіледі.

Ауаны ластайтын негізгі көздерге кен орындарында қолданылатын технологиялық жабдықтар жатады:

- мұнайды қыздыру пештері (өртеу өнімдері);

-резервуарлар (булану);

- аппараттар (буферлік сыцымдылықта, сораптарда, айырғыштарда, жалғасқан құбырларда булану);

- газотурбиналы қозғалтқыштар (өртеу өнімдері);

- қазандық ошақтарында (өртеу өнімдері);

- факелік жүйелер(өртеу өнімері).

Құрамында күкіртсутегі бар атмосфераға жағусыз немесе бейтараптандырусыз шығаруға тыйым салынады. Технологиялық аппараттар мен сыйымдылықтардың жұмысшы және резервті сақтандырушы клапандарынан шыққан газ факелдік жүйе арқылы жағылады.

Газды күкіртсутек пен меркаптандардан тазарту бойынша тиімді іс шаралар жүзеге асырылуы қажет.

Қондырғыларда, ғимараттарда, жұмыс аймағының ауасында күкіртсутектің бөлініп шығуы мүмкін жерлерге автоматты тұрақты газосигнализаторларды орнатады, сондай-ақ күкіртсутектің жиналуы мүмкін жерлерінде алып жүретін газосигнализаторлар мен газосигнализаторлар арқылы ауа кеңістігіне бақылау жүргізеді.

Мұнай мен газ өндіру аудандарында зиянды қалдықтардың қоршаған ортаға шығуының жалпы мөлшерін, технологиялық процестерді жетілдіру арқылы және газды толық пайдаға асыру мен оны тазалаудың әр түрлі әдістерін кеңінен енгізу негізінде төмендетуге болады.

Олардың едәуір тиімдісіне мыналарды жатқызуға болады:

- магистралдық газ құбырларында атмосфераның газбен, конденсатпен, мұнайдың буланған өнімдермен ластануын болдырмас үшін конденсат жинаушы және дренаждау желілерін орнату керек;

- мұнай құбырларын, лақтырма желілерін, ағынды суды таситын коллекторларды және жинау коллекторларын өз уақытында жөндеп отыру қажет;

- сұйық көмірсутекткрді сақтау үшін артық қысымда немесе изотермиялық жағдайларда жұмыс істейтін резервуарларды, яғни буланудан үсті қорғалған резервуарларды қолдану;

- құрамындағы жеңіл компоненттері буланып атмосфераға шығуына жол бермес үшін шығын ыдыстар мен аппараттарды сүзгі - жұтқыштармен жабдықтау;

- кен орнынан тауарлы өнімді алу барысында газды утилизациялайтын арнайы қондырғыларды енгізу;

- шығарылған газды пайдаға жарату мен қайтару мүмкін болмаған немесе тиімсіз боған жағдайда оларды жағып жіберуге факелге бағыттау;

- газдарды жағуға арналған факелдер бар болған кезде,олардың биіктігі мен орналасуы стандарттарда қарастырылған концентрацияға дейін атмосфераның жер үсті қабатында зиянды заттардың ыдырап таралып кетуін қамтамасыз ету қажет.

Күкіртсутегі бар ортада қауіпсіз жұмыс жағдайын қамтамасыз ету үшін, технологиялық жабдықтар, құбырлық арматуралар және құбырлар күкіртсутегіне төзімді, берік, арнайы болат маркаларынан жасалуы керек.

Күкіртсутекті ортада жұмыс жасайтын жабдықтардың сенімділігі және апатсыз пайдаланылуы арнайы ингибиторларды енгізу есебінен қамтамасыз етіледі. Ингибиторларды - сыйымдылықты аппараттан, мөлшерлік сораптан және құбырларға жалғанған жіңішке түтікше арқылы береді.

Газды күкіртсутегінен тазалап алу, оны тасымалдау барысында құбырлардың коррозияға ұшырауына жол бермейді және атмосфераға шығарылатын зиянды заттардың жалпы мөлшерін азайтады.

Сыз (грунттық) сулары ластанудан және оларды сарқылта пайдаланудан қорғалады. Су объектілеріне (су қоймаларына, тоғандарға, көлдерге, өзендерге) өндірістік, тұрмыстық және басқа да қалықтарды тастауға тыйым салынады. Ағынды суларды белгіленген тәртіппен, қадағалауорындарымен келісілген жекелеген технологиялық шешім бойынша зиянды заттардың құрамы рұқсат етілген нормадан артық болмаған жағдайда ғана төгуге болады.

Қоршаған ортаны қорғау үшін оларды қайта пайдалану, тазарту жұмыстары жүргізіліп және ағынды суды одан әрі қабат қысымын ұстау жүйесінде қолданады.

Ағынды сулардағы мұнай өнімдерінің болу нормасы 40мг/л құрайды.

Мұнаймен бірге өндірілген қабат суы, ондағы қатты түйіршік заттар мен мұнайдың құрамының нормасына сәйкес тазаланады да, одан әрі ҚҚҰ жүйесінде немесе көму мақсатында арнайы жұту ұңғылары арқылы қабатқа кері айдалады. Қабат суын жер үстіндегі су көздеріне тастауға, жер асты суларының ластануына алып келетін жер асты қабаттарына қайта айдауға, сондай-ақ құрамына күкіртсутекті бар сұйықтарды бейтараптандырмай канализацияның ашық жүйесіне ағызуға тыйым салынады. Құрамында күкіртсутегі бар қабат сулары өңделуі және саңылаусыз сыйымдылықтарда сақталуы тиіс.

Өндірістік ағынды суларды жер астындағы арнайы жұту қабаттарына айдауға тек ерекше жағдайда ғана жол береді.

- су айдау әісін қолданбай кенішті игерген жағдайа;

- су айдау жүйесінің құрылысы аяқталғанға дейін, игерудің бастапқы

кезеңінде өндірістік ағынды сулардың аз мөлшерін алған кезде;

- жобаға қарағанда өндірістік ағынды сулардың мөлшері артық болып және оларды басқа кен орындарына тасымалдау тиімсіз болғанда;

- мұнайды дайындау қондырғысында жинақталған кейбір өндірістік ағынды суларды тазартудың технологиясы тым күрделі болғанда.

Топырақты қорғаудың негізгі шаралары:

- мұнайды жинау, айыру, дайындау және тасымалдау жүйелерін саңылаусыздандыру;

- скважиналарды апат кезінде ажыратқыштар көмегімен автоматты түрде ажырату;

- скважина сағасына төгілген мұнайды топырақпен көму;

- жер бетіне төгіліп, ластамас үшін қабаттық және кәсіпшіліктік ағынды суларды қабат қысымын ұстау жүйесінде толықтай қолдану;

- құбырларды 1,2-1,8 м аралығындағы тереңдікте көміп, жер асты арқылы төсеу;

- жерге сапалы техникалық қайта қалпына келтіру (рекультивация) шараларын жүргізу.

Жердің ракультивациясы - бұзылған және ластанған жерлердің өнімділігін және құнарлылығын қалпына келтіруге, сонымен қатар, қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған шаралар кешені. Топырақта микроорганизмдердің өздігінен тазаруы және сол жерге бейімделу механизмі жүреді. Рекультивацияны жүргізу әістері микроорганизмдердің өзігінен тазаруы және сол жерге бейімделінуінің табиғи механизмдері үшін қалыпты жағдайда туғызады, сонымен қатар бұл процесті жеделдетеді.

Кәсіпшілік территориясында мұнай шламы сақтайтын қоймаларды (амбарларды) орналастыруға тыйым салынады. Қолданыстағы шлам жинақтағыштар өңделіп немесе пайдаға асырылып кейіннен жерлерді рекультивациялануы тиіс.

Жер қойнауын қорғау, сақтау шаралары мұнай және газ скважиналарын және кен орнының объектілерін тұрғызу кезіндегі барлық негізгі технологиялық процестердің маңызды элементі және құрамында бөлігі болып табылаы.

Жер қойнауын қорғау шаралары мыналарды қамтуы қажет:

- төгілуді, ашық атқылауды, грифон түзілуін, скважина оқпанының қирауын, жуу сұйығының жытылуын және тағы басқа қиындықтарды болдырмайтын шаралар жиыны;

- жер асты және жер үсті құрылғыларының максималды саңылаусыздығын қамтамасыз ету;

- коррозияға қарсы жобаланған шараларды іске асыру;

- биогенді күкірт редукциясының түзілуін ескерту үшін айдалатын суды оның пайда болуын болдырмайтын реагенттермен өңдеу керек;

- қабатқа су айдау үшін ағынды суларды пайдалана отырып сумен қамтамасыз етудің тұйықталған жүйесін енгізу.

 

5.2 СКВАЖИНАНЫ ӨҢДЕУ КЕЗІНДЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ

ҚОРҒАУ

 

 

Мұнай және газ кәсіпшіліктері қоршаған ортаны және оның бөлек аймақтарын ластау бойынша потенциалды қауіпті болып қалуда. Олардың қоршаған ортаның негізгі қоспаларына мүмкін әсер етуі (ауа, су, топырақ, адам, өсімдіктер жіне жануарлар әлемі) табиғи көмірсутектердің, олардың спутниктерінің ұлылығымен технологиялық процестерде қолданылатын химиялық заттардың үлкен әртүрлілігімен, сондай - ақ, мұнай мен газды өндірудің, оларды дайындаудың, тасымалдаудың, сақтаудың және өңдеудің ұлғаюы көлемімен сипатталады.

Қазіргі кезде табиғатты қорғау талаптары мен қоғамдық сананың өсуіне байланысты көп көңіл скважиналарды пайдалану және газды кешендерді орналастыру кезінде аз қалдықты және қалдықсыз технологиялық процестерге, қоршаған ортаға зиянды жерін елеулі төмендететін немесе болғызбайтын, табиғи ресурстарды толық және кешенді пайдалануды қамтамасыз ететін құрастырылған өндірістің дамуына бөлінеді. Сондықтан мұнай кенорнын орналастыру жобасында қорғау құрастырылған: ауа атмосферасын, табиғи суаттарды, топырақты.

Бір мезгілде бұзылған жерлер мен жердің су қабатын, олардың мүмкін ластануы және апатты шығарылуларымен байланысты бұзылуды қалпына келтіру, су қорын тиімді пайдалану және қорғау қарастырылу қажет.

Табиғи сақтау бөлігін жетілдіру қоршаған ортаны қорғауға шығындардың өсуін талап етеді.

Өзен кенорнының аймақтық - географиялық жағдайларының өзгешеліктері, орналасқан ауданның аз сулануынан тұрады, кәсіпшілік объектілеріне Каспий теңізі жағалауының орналасу жақындығы ауа атмосферасын, су қоймаларын және топырақты ластанудан берік сақтау, табиғи қорды және ауаны салқындату жүйелік тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін ғылыми техникалық шешімдер кешенін қолдану қажеттігі туады.

Скважинаны ыссы сумен өңдеу кезінде қоршаған ортаны қорғау бойынша шараларды орындау үшін:

-ЦА-320-ны саңылаулы тіректі арматурамен және жоғарғы мөкпен жабдықтау қажет:

-ЦА-320-ның шығыс және қабылдау құбыры өңдеу кезінде тұрақты саңылаусыздықпен қамтамасыз етілуі тиіс.

Скважинадан өндірілетін өнім мұнайдан, газдан, судан және әртүрлі өлшенген заттардан тұратын қоспа болып табылады. Мұнайда болатын қабат суы зиянды қоспа болып табылады және оның болуы скважинаның түбіне жер асты суларының түсуімен байланысты. Мұнай мен қабат суы бірге қозғалған кезде араласып, дисперсияланады. Бір сұйықтың екінші сұйыққа бөлшектелу процесінің нәтижесінде тұрақтылығы әртүрлі деңгейдегі эмульсиялар пайда болады. Эммульсияның түзілуіне мұнайда болатын асфальтендер, смолалар, парафиндер және скважинаның жер асты жабдықтары мен пайдалану тізбегінде АСПТ түрінде шөгінделетін механикалық қоспалар айтарлықтай әсер етеді.

Скважинаны ыссы сумен өңдеу кезінде мұнайдың, судың және әртүрлі өлшенген заттардың төгілуін жою технологиялық жүйенің барлығы бойынша тек саңылаулы жабдықтар мен арнайы техниканы қолданумен ғана қамтамасыз етіледі. Мұнай, мұнай көмірсутектері мен қабат сулары ауаға, суға, топыраққа, өсімдіктер жануарлар әлеміне, адамға қауіпті әсер туғызуы мүмкін.

Мұнай төгілген кезде төгілген мұнайды жинау бойынша тез арада шаралар жүргізіп, майланған топырақты «ӨМГ» ӨФ-ның полигонына көму қажет.

Қабат суларының бөлінуі кезінде жерге техникалық, қажетті жағдайларда биологиялық рекультивация жүргізу қажет.

Қоршаған ортаны қорғау бойынша мәселелердің барлығы барлық мұнай кәсіпшілік жабдықтарының жұмыс беріктілігін жоғарылату бойынша тиімді технологиялық шараларды енгізу арқылы шешілуі тиіс.

ЦА-320-ның шығыс және қабылдау құбырын біріктіру және ажырату жұмыстары кезінде өнімдері (АСПТ, су - мұнайлы эмульсия, ілеспе өндірілетін су, мұнай) топыраққа төгілген жағдайда ластанған топырақты арнайы полигондарға көмумен жерге рекультивация жүргізілуі тиіс.

Скважинаны ыссы сумен өңдеу бойынша жұмыстар мен операциялардың барлығын Қазақстан Республикасының мұнай - газ кәсіпшілігіндегі техника қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бойынша нұсқаулардың талаптары мен ережелерін толық сақтаумен жүргізу қажет.

 

 

5.3 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ЖАҚСАРТУ МАҚСАТЫНДА

ЖАСАҚТАЛҒАН ШАРАЛАР ЖӘНЕ ОНЫҢ ОРЫНДАЛЫСЫ

 

 

2006 жылы №8 МГӨК бойынша экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында жасақталған шаралар және олардың орындалуы 5.1 кестеде көрсетілген. Бұл шараларға келесілер кіреді: жер ресурстарын қорғау, атмосфералық ауаны қорғау, су ресурстарын қорғау, радиациялық қауіпсіздік.

Жер ресурстарын қорғау жұмыстарына 5 шара жасақталды.

Оған күнделікті жұмыстар бойынша 4 шара, ал 1 шара ай сайын жұмыстары бойынша.

Кәсіпшіліктегі экологиялық талаптарды сақтау жұмыстары күнделікті жүргізілу керек. Орындауға жауапты кәсіпшілік бастығы, ал орындалуын бақылайтын эколог.

Жер мониторингі шарасы ай сайын жүргізілуі керек. Орындауға жауапты эколабораториясы, ал орындалуын бақылайтын эколог.

Жерді ластаудан қорғау, өндірістік қалдықтардың және мұнайдың төгілуін болдырмау жұмыстары күнделікті жүргізілуі керек. Орындауға жауапты кәсіпшілік бастығы, ал орындалуын бақылайтын эколог.

Бұзылған жерді тазалау және рекультивациялау жұмыстары күнделікті жүргізіледі. Орындалуға жауапты кәсіпшілік бастығы, ал орындалуын бақылайтын эколог.

Мемлекеттік бақылау органдарынан берілген тапсырмаларды орындау жұмыстары күнделікті жүргізілуі керек. Орындауға жауапты кәсіпшілк бастығы, орындалуын бақылаушы эколог.

Атмосфералық ауаны қорғау жұмыстарына 5 шара жасақталды.

Оған ластайтын заттарға орнатылған нормативтерді сақтауға бақылау инструкциясын өткізу жұмыстары тек 2-ші және 4-ші тақсан бойынша жүргізілуі керек. Орындауға жауапты эколабораториясы, ал орындалуын бақылаушы эколог.

Зиянды химиялық заттарды тастауға рұқсат алу үшін құжаттарды дайындау жұмыстары қаңтар – ақпан айларында жүргізілуі керек. Орындауға жауапты эколог, ал орындалуын бақылаушы ӨФ «ӨМГ» бас эколог.

Ластайтын заттарды лақтыруын төмендету бойынша шаралардың орындалуын қадағалау жұмыстары күнделікті орындалу қажет. Орындауға жауапты кәсіпшілік бастығы, ал орындалуын бақылаушы эколог.

Мемлекеттік бақылау органдарынан берілген тапсырмаларды орындау жұмыстары күнделікті жүргізілуі керек. Орындауға жауапты кәсіпшілк бастығы, орындалуын бақылаушы эколог.

Мұнай және суды қызыратын технологиялық пештерді тексеру жұмыстары 1-ші және 4-ші тоқсандарда өткізілуі керек. Орындауға жауапты бас механик, ал орындалуын бақылаушы бас инженер.

Су ресурстарын қорғау мақсатында 4 шара жасақталды.

Оларға: Мемлекеттік бақылау органдарынан берілген тапсырмаларды орындау жұмыстары күнделікті жүргізілуі керек. Орындауға жауапты кәсіпшілк бастығы, орындалуын бақылаушы эколог.

Жер асты суларының маниторингі шарасы әр тоқсан бойынша жүргізіледі. Орынаудға жауапты эколабораториясы, орындалуын бақылаушы эколог.

Су есептеуін жүргізу жұмыстары күнделікті жүргізілуі керек. Орынауға жауапты ҚҚСК – 1және5 (қабат қысымын сақтау кәсіпшілігі) бастығы, ал орындалуын бақылаушы эколог.

Суды қорғау шараларын жүргізу жұмыстары күнделікті өткізілуі керек. Орындауға жауапты ҚҚСК – 1 және 5 бастығы, ал орындалуын бақылаушы эколог.

Радиоциялық қауіпсіздікті сақтау мақсатында 3 шара жасақталды.

Оған Мемлекеттік бақылау органдарынан берілген тапсырмаларды орындау жұмыстары күнделікті жүргізілуі керек. Орындауға жауапты кәсіпшілк бастығы, орындалуын бақылаушы эколог.

Аймақтардың радиоциялық жағдайына бақылау жүргізу жұмыстары күнделікті өткізілуі керек. Орындауға жауапты кәсіпшілік бастығы, ал орындалуын бақылаушы эколог.

Шекті жіберілетін нормалардан жоғарлауын анықтаған кезінде технологиялық жабдықтарға радиоциялық қауіпсіздік белгілерді орнату жұмыстары күнделікті жүргізілуі керек. Орындауға жауапты кәсіпшілік бастығы, ал орындалуын бақылаушы эколог.

Бұл шаралар уақытылы орындалып отырды.

 

6 ЕҢБЕК ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ БӨЛІМ

 

 

6.2 ЕҢБЕК ГИГИЕНАСЫ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК САНИТАРИЯ

 

 

Еңбек гигиенасы деп жұмысшылардың организміне еңбек қызметі мен өндірістік ортаның әсер етуін және ұйымның денсаулық жағдайын зерттейтін ғылым саласын атайды.

Өндірістік санитария еңбек гигиенасының ғылыми жағдайларын тәжірибелік қолдану үшін арналған және ол келесідей сұрақтарды шешумен айналысады: мекеме мен жабдықтарды пайдалану және сақтау; жұмыс орындарында, өндірістік бөлмелерде және мекеменің территориясында еңбектің қалыпты жағдайларын қамтамасыз ететін талаптарды шығару.

Өндірістік санитария мен еңбек гигиенасы жұмысшылардың денсаулығына жағымсыз әсер ететін факторларды жоюға және өндірісте жұмыстың қалыпты жағдайларын тудыруға бағытталған.

Адамның енсаулығына өндірістік ортаның макроклиматтық жағдайлары айтарлықтай әсер етеді, олар қоршаған ауаның температурасынан, оның ылғалдылығынан, қозғалу жылдамдығынан жиналады.

Өндірісте шамамен уақыттың үштен бір бөлігіне жұмыс жасайтын адамдар өндірістік ортамен өзара байланыста болады. Өндіріс жағдайында технологиялық процестерді (скважинаны бұрғылау, мұнай өндіру, дайындау, тасымалдау, сақтау) және тағы басқа өндірістік процестерді жүзеге асыру кезінде ауаға зияны көмірсутекті газар мен булар бөлініп, шу, діріл пайда болып, температура мен ылғалдылық жоғарылауы немесе төмендеуі мүмкін. Бұл факторлар әртүрлі үйлестіктерде кездесуі мүмкін және егер оларды дер кезінде жоймаса жеке қорғаныс құралдары болған жағдайа да белгілі бір кездерде аамның организміне жағымсыз әсер етулер болуы мүмкін.

Еңбек жағдайының зияны әсерін болдырмау үшін мекемелере үнемі негізгі өндірістік факторларды сандық бағалау бойынша жұмыстар жүргізіледі. Алынған көрсеткіштерді санитарлық нормаларың жіберілетін шекті мәндерімен салыстыра отырып, еңбек жағайларын жақсарту бойыншашаралар шығарылады, осылайша жұмыс орындарының аймақтарының санитарлы – техникалық жағайы нормативті жағдайларға сәйкес келтіріледі.

Адамның организміне микроклиматтық факторларың әрекеті оның жұмыс қабілеттілігіне және еңбек өнімділігіне әсер етеді. Мысалы, жұмыс аймағын қоршайтын ауаның жоғары температурасы адамның өмірлік маңызы органдары мен жүйелеріне жағымсыз әсер етіп, олардың қалыпты қызметінің бұзылуын тудыруы мүмкін.

Адам -50 - ден +50˚С - ке дейінгі ауа температурасының ауытқуына төзе алады.

Организмнің қалыпты өмірлік қызметінің нәтижесінде онда үнемі жылу алмасу жүреді. Жылу тотығу процестерінің әсерінен пайда болады, олардың 2/3 - і бұлшық еттердегі тотығу процестеріне түседі. Жылудың берілуі үш жолмен жүреді: конвекция, радиация және тердің булануымен.

Қоршаған ауаның температурасы төмен болған кезде адамның организмінде тотығу процестері күшейіп, ішкі жылу өнімдері ұлғаяды, осының есебінен дененің тұрақты температурасы сақталады.

Желдету ауасына жарылыс қауіпті және улы газдар, булар, шаңдар түсуі мүмкін өндірістік бөлмелерде еңбектің қалыпты санитарлық -гигиеналық жағдайларын тудырады.Желдету табиғи немесе жасанды болуы мүмкін.

Табиғи желдету кезінде ауаның алмасуы бөлмеде немесе одан тыс ауа температурасының әртүрлілігінің нәтижесінде жүреді, осының әсерінен қыздырылған ауа сыртқа шығарылады, сондай - ақ желдік арын қолданылады.

Әдетте табиғи желдету артық жылу бөлінетін өндірістік бөлмелерде қоланылады. Қыдырылған ауа зиянды заттарымен бірге терезелер, аэрациялық фонарьлар арқылы жойылады.

Желдеткіштерді қолданусыз ауаның көп көлемін беру мүмкіншілігі - аэрацияның артықшылығы. Оның кемшіліктеріне әсердің тұрақсыздылығы, ауаның жеткіліксіз алмасуы, жұмыс бөлмелеріне ластанған ауаның түсу мүмкіншілігі, онымен сыртқы атмосфераның ластануы жүреді.

Жасанды немесе механикалық желдету жалпы алмасатын және жергілікті болып табылады. Жергілікті желдету кезінде зиянды заттар ауланып, олардың бөліну орындарынан жойылады. Жалпы алмасатын желдету кезінде ауаның алмасуы барлық бөлмелерде жүреді.

Механикалық желдетудің негізгі элементтері - желдеткіштер, калориферлер.

Желдету жүйелері ағынды, тартылатын және ағынды - тартылатын болып үшке ажыратылаы.

Желдетудың көмегімен өндірістік бөлмелердің жұмыс аймағындағы ияны заттардың қауіпті концентрациясы төмендетіліп, жіберілетін шекті мәнге дейін келтіріледі.

Мұнай және газ кәсіпшіліктерінде өндірістік бөлмелер қазіргі таңдағы нормаларға сәйкес ауа ортасының қажетті жағдайларын тудыратын табиғи, механикалық және аралас желдетумен жабдықталады.

Мекеме территориясын, өндірістік бөлмелер мен жұмыс орындарын тиімді жарықтандырудың өте маңызды гигиеналық мәні бар. Территорияның, жолдардың, қондырғылардың, баспалдақтардың жеткіліксіз немесе дұрыс емес жарықтандырылуы жұмысшылардың құлауына және ауыр қайғылы оқиғаларға әкеліп соқтырады.

Өндірістік аймақтарды жарықтандыру табиғи және жасанды болуы мүмкін.

Табиғи жарықтандыру бүйірлік, жоғарғы және аралас болады. Біріншіге сыртқы қабырғалардағы терезелер арқылы жарықтандыру, екіншіге - жарықтық фонарьлар арқылы жарықтандыру, үшіншіге - жарықтық фонарьлар мен терезелер арқылы жарықтандыру жатады.

Өндірістік аймақтарды жасаны жарықтандыру «Табиғи және жасанды жарықтандыру» СН және П 11-4-79 - бен регламентацияланады.Онда сандық, сондай - ақ сапалық сипаттамалар келтіріледі, олар еңбектің қалыпты жағдайларын тудыру үшін аса маңызды болып табылады.

Мұнай және газ кәсіпшілігіндегі технологиялық процестер топыраққа, су көздеріне және атмосфераға айтарлықтай мөлшере ауа мен суды ластайтын өндірістік қалдықтарың лақтырылуымен қатар жүреді. Құрамында улы органикалық және неорганикалық заттарв бар ластанған ағынды суларды лақтыру балықтар мен өсімдіктер байлықтарының жойылуына әкеліп соқтырады, ауыл шаруашылығы үшін, кәсіпшілікті сумен қамтамасыз ету үшін су көздерін мқолдану мүмкіншілігін шектейі, бұл өз кезегінде халық шаруашылығына үлкен зиян тигізеді.

Атмосфера мен су көздерінің тазалығын сақтаудың негізгі мақсаты – адамдардың өмірін сауықтандырумен байланысты әлеуметтік мәселе.

Атмосфералық ауаны қорғауды күшейту мақсатында технологиялық процестер, жабықтар мен тасымалдау құралдары толық жетілдіріліп, шикізат пен жанармайдың сапасы жақсартылып, кәсіпшілік және тағы басқа қалдықтарды тазалау үшін тиімділігі жоғары қондырғылар енгізілетін болады.

 

 

6.2 ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

 

 

Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы:

- қызметкер жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындауға міндетті уақыт жұмыс уақыты болып есептіледі;

- жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс;

- жеке еңбек шартында тараптардың келісімі бойынша жұмыс уақытының ұзақтығы азырақ көзделуі мүмкін.

Қызметкерлердің жекеленген санаттары үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы:

- он төрт жастан он алты жасқа дейінгі қызметкерлер үшін – аптасына 24 сағаттан, ал он алтыдан он сегіз жасқа дейін – аптасына 36 сағаттан аспайтын;

- ауыр дене жұмыстарында және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін – аптасына 36 сағаттан аспайтын болып белгіленеді.

Жұмыс істеу жұмыс уақытының ұзақтығын қысқартуға құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен қызметтердің тізімін, сондай-ақ еңбек жағдайлары зиянды және ауыр, қауіпті жұмыстардың тізбесін еңбек жөніндегі уәкілеттік орган белгілейді.

Қызметкерлер үшін екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді. Бес күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың ұзақтығы жұмыс берушінің актісімен немесе жұмыстың ерекшелігін, еңбек ұжымының пікірін ескеріп және жұмыс аптасының белгіленген ұзақтығын сақтай отырып, жұмыс беруші бекітетін ауысым кестесімен белгіленеді.

Өндірістің сипаты мен жұмыс жағдайлары бойынша бес күндік жұмыс аптасын енгізу орынсыз ұйымдарда бір күндік демалысы бар алты күндік жұмыс аптасы белгіленеді. Алты күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда – 7 сағаттан аспауға, апталық норма 36 сағат болғанда – 6 сағаттан және апталық норма 24 сағат болғанда – 4 сағаттан аспауға тиіс.

Бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасын еңбек немесе ұжымдық шарттардың талаптарымен жұмыс беруші белгілейді.

Түнгі уақыттағы жұмыс:

- 22 сағаттан бастап таңғы 6-ға дейінгі уақыт түнгі уақыт болып есептіледі;

- жүкті әйелдерді түнгі уақытта жұмыс істеуге тартуға олардың келісімімен ғана жол беріледі;

- түнгі уақытта жұмыс істеуге он сегіз жасқа толмаған адамдар мен түнгі уақытта жұмыс істеуге тыйым салатын медициналық қорытындысы болған жағдайда өзге де адамдар жіберіледі.

Мерзімнен тыс жұмыстарды шектеу:

- осы Заңның 45-бабында белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығынан тыс жұмыстар мерзімнен тыс жұмыстар деп есептелінеді;

- мерзімнен тыс жұмыстарға тартуға, осыЗаңның 51-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, қезметкердің келісімімен ғана жол беріледі.

- мерзімнен тыс жұмыстарға он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер жіберілмейді.

Әрбір қызметкер үшін мерзімнен тыс жұмыстар бір күнтізбелік күн ішінде екі сағаттан (ауыр дене жұмыстарындажәне еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарда – бір сағаттан) аспауға тиіс.

Еңбек жағдайлары өте зиянды және өте қауіпті кезде мерзімнен тыс жұмыстарға тыйым салынады.

Қызметкердің келісімінсіз мерзімнен тыс жұмыстарға ерекше жағдайларда ғана:

- елдің қорғанысы үшін, сондай-ақ төтенше жағдайларды немесе дүлей апаттарды, өндірістік аварияларды болғызбау немесе олардың заодаптарын дереу жою үшін қажетті жұмыстарды жүргізу кезінде;

- сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, жылыту, жарық беру, канализация, көлік, байланыс жөніндегі қоғамдық қажетті жұмыстарды жүргізу кезінде – олардың дұрыс жұмыс істеуіне бұзатын кездейсоқ немесе күтпеген жағдайларды жою үшін;

- егер жұмыс үзілісті көтермейтін болса, ауыстырушы қызметкер келмей қалған кезде осы Заңның 50-бабында көзделген сағаттар санынан аспайтын уақытқа жұмысты жалғастыру үшін жол беріледі.

Жұмыс уақытының есебінде:

- жұмыс беруші қызметкердің сол жұмыс берушіде нақты жұмыс істеген жұмыс уақытының есеб жүзеге асыру тиіс.

- өндіріс жағдайлары бойынша қызметкерлердің белгілі бір санаты үшін белгіленген апта сайынғы жұмыс уақытының сақталуы мүмкін емес, үздіксіз жұмыс істейтін ұйымдарда, жекелеген өндірістерде, цехтарда, учаскелерде, бөлімшелерде және кейбір жұмыс түрлерінде есепті кезең ішінде жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына осы Заңда белгіленген қалыпты жұмыс сағаттары мерзімінен аспауға тиісті жағдайда жұмыс уақытының жиынтық есебін жүргізуге жол беріледі.

- жиынтық есеп жағдайында жұмыс уақытының күн сайынғы немесе апта сайынғы ұзақтығы жұмыс күні немесе апта сағаттарының нормасынан артық немесе кем болуы мүмкін;

- есепті кезең ішіндегі жұмыс уақыты сағаттарының жиынтығы осы кезеңдегі сағаттардың нормасына тең болмауы мүмкін;

- жұмыс уақытының жиынтық есебін жасаған қызметкерлердің осы санаты үшін белгіленген орташа жұмыс күні мен жұмыс аптасының ұзақтығы сақталуға тиісті шектегі кезең есепті кезең болып таңылады.

 


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 211 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тектоника| С 25.07.2011 по 05.08. 2011

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.066 сек.)