Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Зорлау

1. Зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау –
үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
1) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
2) өлтіру қатерін төндірумен ұласқан, сондай-ақ жәбірленушіге немесе басқа адамдарға қатысты аса қатыгездікпен жасалған;
3) жәбірленушінің соз ауруын жұқтырып алуына әкеп соққан;
4) бірнеше рет жасалған зорлау –
бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар:
1) абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқса;
2) абайсызда жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіруге, оның АИТВ/ЖИТС жұқтырып алуына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса;
3) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалса;
4) төтенше ахуал кезінде немесе жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалса;
5) кәмелетке толмаған адамға қатысты ата-анасы, педагог не оны тәрбиелеу жөніндегі міндеттер Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген өзге де адам жасаса;
6) қылмыстық топ жасаса –
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жыл мерзімге айыра отырып немесе онсыз, ал 5) тармақта көзделген жағдайларда белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар көрінеу жас балаға қатысты жасалса, –
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.

121-бап. Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері

1. Күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып еркек пен еркектің жыныстық қатынасы, әйел мен әйелдің жыныстық қатынасы немесе жәбірленушіге немесе басқа адамдарға жасалған сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер –
үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
1) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
2) өлтіру қатерін төндірумен ұласқан, сондай-ақ жәбірленушіге немесе басқа адамдарға қатысты аса қатыгездікпен жасалған;
3) жәбірленушінің соз ауруын жұқтырып алуына әкеп соққан;
4) бірнеше рет жасалған дәл сол іс-әрекеттер –
бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар:
1) абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқса;
2) абайсызда жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіруге, оның АИТВ/ЖИТС жұқтырып алуына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса;
3) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалса;
4) төтенше ахуал кезінде немесе жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалса;
5) кәмелетке толмаған адамға қатысты ата-анасы, педагог не оны тәрбиелеу жөніндегі міндеттер Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген өзге адам жасаса;
6) қылмыстық топ жасаса –
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жыл мерзімге айыра отырып немесе онсыз, ал 5) тармақта көзделген жағдайларда белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар көрінеу жас балаға қатысты жасалса, –
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.

122-бап. Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас
немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер
жасау

1. Көрінеу он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас, еркек пен еркектің жыныстық қатынасын, әйел мен әйелдің жыныстық қатынасын немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау –
бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Он алты жасқа толмаған адамға қатысты ата-анасы, педагог не оны тәрбиелеу жөніндегі міндеттер Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген өзге адам жасаған дәл сол іс-әрекеттер –
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, бірнеше рет жасалған іс-әрекеттер –
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

123-бап. Жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектiң
жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің
жыныстық қатынас жасауына немесе сексуалдық
сипаттағы өзге де әрекеттерге мәжбүр ету

Адамды бопсалау, оған мүлкiн жою, бүлдiру немесе алып қою қатерін төндіру арқылы не жәбiрленушiнiң материалдық немесе өзгедей тәуелдiлiгiн пайдаланып жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектiң жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттердi жасауға мәжбүр ету –
бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

124-бап. Жас балаларды азғындық жолға түсіру

1. Көрінеу жас балаға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасау –
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Жас балаға қатысты ата-анасы, педагог не оны тәрбиелеу жөніндегі міндеттер Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген өзге адам жасаған дәл сол іс-әрекет –
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, бірнеше рет жасалған іс-әрекеттер –
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

125-бап. Адамды ұрлау

1. Адамды ұрлау –
төрт жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) бiрнеше рет;
3) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып;
4) қаруды немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып;
5) көрiнеу кәмелетке толмаған адамға қатысты;
6) кiнәлi адамға жүктiлiк жағдайда екенi көрінеу белгілі әйелге қатысты;
7) екi немесе одан да көп адамға қатысты;
8) пайдакүнемдiк ниетпен жасалған дәл сол іс-әрекет –
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды:
1) қылмыстық топ жасаса;
2) ұрланған адамды қанау мақсатында жасалса;
3) абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса –
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Ұрланған адамды өз еркiмен босатқан адам, егер оның әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

126-бап. Бас бостандығынан заңсыз айыру

1. Адамды оны ұрлауға байланысты емес бас бостандығынан заңсыз айыру –
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) бiрнеше рет;
3) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып;
4) қаруды немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып;
5) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты;
6) кiнәлi адамға жүктiлiк жағдайда екенi көрiнеу белгiлi әйелге қатысты;
7) екi немесе одан да көп адамға қатысты;
8) пайдакүнемдiк ниетпен;
9) жәбiрленушiнiң материалдық немесе өзгедей тәуелдiлiгiн пайдаланып жасалған дәл сол іс-әрекет –
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды:
1) қылмыстық топ жасаса;
2) заңсыз бас бостандығынан айырылған адамды қанау мақсатында жасалса;
3) абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса –
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

127-бап. Психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру

1. Адамды психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру немесе онда заңсыз ұстау –
үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол іс-әрекет, егер ол:
1) пайдакүнемдiк ниетпен немесе өзге де жеке мүдделілікпен жасалса;
2) адам оларды өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып жасаса;
3) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалса;
4) абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса –
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 223 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Баланы ауыстыру | Бап. Азаптаулар | Бап. Экоцид | Бап. Диверсия | Бап. Тонау 1 страница | Бап. Тонау 2 страница | Бап. Тонау 3 страница | Бап. Тонау 4 страница | Бап. Рейдерлiк | Бап. Адамды кепiлге алу |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Уроки рисования карандашом - Аниме - аниме выражений поэтапно Дата: 09.07.2011| Бап. Жала жабу

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)