|
Дауыл – ең көп тараған табиғат апаттарының бірі. Әсіресе, бұл жел, мұзда, теңізде, тауда өте қауіпті. Кез келген қатты жел қыста дауылмен, жазда шаңды, құмды дауылымен байқалады.
Егер ашық жерде жел қатты тұрса, тез арада тығылу қажет.
Жазық немесе құрлық далада – жерге жатып, тастан, қалың қамыстардан ұстап алу қажет. Киімнің алдың жауып, тыныс алу жолдарын шаң мен құмнан сақтану үшін, орап алу қажет. Өзімен бірге фляга су алып алу қажет.
Тауда – болған жағдайда, шың басынан, асудан аулақ кеткен абзал.
Қауіпсіз орындарда тығылу – ну орманда, үлкен қорғандардың артына жасырыну қажет. Сонымен қатар, тасты және қауіпті аймақтардан алыс жүру қажет.
Құйын -өте қауіпті. Құйын жылдмдығы 100 м/с дейін жетеді, ең тез жылдамдығы 30-40 км/сағ. Құйынмен бірге аспанға ұшқан шыбықтар, майда тастар және т.б. нәрселердің ұшуы адамдарға қаупті тудырады.
Құйынның дауылдан айырмашылығы, ол кіші болып келеді, сондықтан оған кез болмау мүмкіншіліктері бар. Тек қана құйынның бағытын және жылдамдығын анықтап, қарсы бағытта жүру қажет. Құйынға кезіккен жағдайда кез келген жерге қадалған заттан ұстап, бетті, әсіресе, көзді қолмен не болмаса матамен жабу қажет. Егер құйын, боран, дауылболады дегенді болжамшылардан естісеңіз, үйдің ауласындағы барлық заттарды жерге қағып, қатайтып қою қажет. Әсіресе, бұл салмағы аз үй соғуға қажетті заттарға: татқтайша, фанерлерді, шифрларды ұшырып алып кетпейтіндей етіп байлау қажет. Бұл заттарды бір-біріне байлап, жерге нықтап қою қажет. Оларды сарайларға тығып, ұшып кетпейтіндей орында орналастру қажет. Жел тұратын бетке қарап тұрған терезені фанерлермен немесе тақтайшалармен жапқан абзал.
Алдын ала электр құралдарын сөндіріңіз, керосин шамын алыңыз. Сонымен қатар, құрғақ таменқ ішпес үшін, артық балонмен газ плитасын алыңыз.
Сондай-ақ, үйіңізге артығымен тамақ, су, ал қас кезінде көбірек отын жинап қойыңыз.
Дауыл, құйын құйын жақындап келе жатқаннан, үйіңіздің жағдайы нашар, дауылға төзбейд деген жағдайда, погребті паналаңыз (төсенгеш, жылы киім, су, тамақ, шырақ, міндеттті түрде күрек пен балта алыңыз).
АБАЙЛАҢЫЗ: СУ
Құтқарушылардың тәжірибесіне сүйенсек, бақытсыздыққа көбіне балалар, мастар мен қатар денсаулығы дұрыс және жүзуді жақсы білетіндер де ұшырайды.
Суға түскенде қандай жағдайларды жасамау керек:
· белгі қойылған жерден аспаңдар!
· рұқсат етілмеген жерде шомылмаңдар;
· балалар шомылғанда қараусыз қалдырмаңдар;
· шомылғанда камера, доп, тақталарды пайдаланбаңыздар;
· суда бұзықтық жасамаңдар;
· өтірік дабыл көтермеңдер;
· өтіп жатқан кеме, катер мен қайықтардан секірмеңіздер;
· таныс емес жерде шомылмаңдар.
Егер сіз қайықта болсаңыз:
· техникалық жағдайы нашар, қараусыз қалоған қайықтарды пайдаланбаңыз;
· құтқарушы құралсыз суға түспеңіз;
· техниклық құжатта көрсетілгеннен артық жүк пен азаматтарды алмаңыз!
· мас күйде суда жүзбеңіз!
· қайықтың мұрындығы мен шетіне отырмаңыз!
· жүзу барысында бір орыннан екіншісіне, бір қайықтан басқа қайыққа ауыспаңыз;
· қайықтан сүңгіуге секірмеңіз;
· қараңғы уақытта жүзу құралдарын пайдаланбаңыз!
14 жасқа дейінгі балаларға үлкендердің бақылауынсыз жүзу құралдарын пайдалануға тиым салынады.
Ыстық күн мен құмда «қыздырынып» болған соң салқын суға түсуге асықпаңыз.
Температураның тез ауытқуы қан тамырының қысқаруына, құлап қалуға әкеп соқтырады.
Егер бақытсыздық болған жағдайда есіңізде болсын! Зардап шеккен адамға тынысы тоқтағаннан кейін 6 минуттан кешікпей өмірге қайтаруға болады.
Зардап шегушінің басын бір жағына бұрып, аузын құмнан т.б. тазарту қажет, тыныс жолдары мен асқазанынан суды шығару қажет, осының барлығын 10 секунд ішінде істеу керек. Қан қысымының жиілігі мен тынысын анықтау қажет. |
Білулеріңіз тиіс:
Сіңір тартылғанда не істеу керек:
· саусақтарыңызды жұдырығыңызға тең жинап, сермеп, қайта жинаңыз.
· аяғыңызды бауырыңызға жинап, сіңір тартылған аяғыңызды өзіңізге қарай қатты тартыңыз;
Егер сіңір тартылуы қоймасы, онда аталғандарды қайталау керек.
Егер сіз су иіріміне тап болсаңыз:
Суға басыңызды батырып, ауаны көп жұтып, ағысқа қарай қатты көтеріліп, су бетіне жүзіп шығыңыз.
Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 1786 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Су тасқын, сел | | | Мұз үстіндегі жол ерекшеліктері. |