Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

А.Дуйсенбаева

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Алматы қаласының білім басқармасы

МКҚМ«Алматы мемлекттік политехникалық колледжі»

  Бекітемін Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ___________М.Джайдаров ______________ 2014 жыл

 

 

ДІСТЕМЕЛІК ТАЛДАМА

" Жұлдызды староста" атты топ басшылар арасындағы

байқау сценарийі

 

Растырған

А.Дуйсенбаева

 

"РЭБ және ТМ" кафедра отырысында қаралды 01 қыркүйек _ 2014 жыл Хаттама №1 Кафедра меңгерушісі___________М. Урынгалиева      

 

 

 

 

Тақырыбы: " Жұлдызды староста" атты байқау

Мақсаты: топбасшылар мәртебесін көтеріп, топ басшысы мен топ кураторы, топтағы студенттер арасындағы байланысты нығайту.Студенттердің бір бірін құрметтеуге, сыйлауға үйрету, топ басшысының жұмысының маңыздылығын түсіндіру. Топ басшылырының қабілеттерін жетілдіріп, ынталандыру.

 

Көрнекілік: Қанатты сөздер, гүлдер, шарлар.

 

Барысы:

1-жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, ардақты да асыл жанды ұстаздар, колледжіміздің алғыр да талапты студенттері!

2-жүргізуші: Ассалаумағалейкум, бүгінгі кештің қонақтары! Бүгінгі колледжіміздің қабырғасында өткелі отырған 3 курс старосталары арасындағы: " Жұлдызды староста" атты байқауға қош келдіңіздер!

3 жүргізуші: Бұл байқау көңілге жылы шуақ орнатып, колледж қабырғасындағы ерекше сәттерді, қызу еңбекті еске түсіретін шырайлы күн. Студенттер қауымы, сіздердің еркеліктеріңізді көтеріп, әрбір қылықтарыңыз үшін сөз де естіп жүрген топбасшылардың еңбектерін жоғары бағалап,мақтан тұтарлық кез келді!

4-жүргізуші: Өзінің бос уақытын топқа арнап, әр минутын кестеге салып, есептеп жүрген старосталар үшін колледжде өткен әрбір күн ерекше қымбат екені даусыз! Бүгін біз Колледжіміздің рухани өмірінде жаңа жұлдыздар жанып, жаңа есімдердің жарқырағанына куә боламыз.

1 жүргізуші:

Жеңіске деген үмітіңмен намыс жігерің қолда

Еңбегің, сәніңе тамсанған жүректерді жаула

Сүрінбе жолдан тайма

Жеңуді ғана ойла

Тек Жұлдыздай жайна, Бұлбұлдай сайра жет арманға!

2-жүргізуші:

Жұлдызы сен жарқыраған тобыңның

Жұлдызы сен оттай жанған Колледждің

Гүл қызы сен әсем ажар, мүсінің

Үлгісі сен көркем қазақ қызының

 

3-жүргізуші: Өзің қандай болсаң - өмір сондай - деп Қадыр Мырза Әлі ағамыз айтқандай, қазіргі заман талабына сай білімді де алғыр жастарымыздың барлығы көңілді қуантады.

4-жүргізуші: Олай болса өздерін лидерлік қырынан танытып жүрген әр бөлімінің намысын қорғауға келген старосталарымызды арамызға шақырайық!

1. Есептеуіш техника бөлімі

Арсаланова Айдана Құрманғазықызы

1-жүргізуші:

2. Бағдарламалау бөлімі

Абдикеримова Айдана Ергалимовна

2-жүргізуші:

3. РЭС және ТМ бөлімі

Амангелді Гулдана Ержанқызы

3-жүргізуші:

4.КОГ бөлімі

Олжас

4-жүргізуші:

1. Есептеуіш техника бөлімі

Абдижанан Еламан Ержанұлы

1-жүргізуші:

2. Бағдарламалау бөлімі

Омарбек Динара Шамшадинқызы

2-жүргізуші:

3. РЭС және ТМ бөлімі

Жарылқасын Еркеназым Серікқызы

 

Шақырылған қатысушылар сахнаға сырттан кіреді.Әр қатысушы арнайы түсірілген бейнероликпен шақырылады.(суреті, бөлімі, бөлім меңгерушісінің пікірі, топ студенттерінің тілегі, кураторы таныстырылады)

3-жүргізуші:

Келешек қой осылар, барға шүкір,

Алдарында ақ қанат арманы тұр.

Жүректері лүпілдеп тебіреніп,

Бәрі бүгін Жұлдызды староста болғалы тұр!

 

4 жүргізуші:

Ал осы Жұлдызды старостаны анықтайтын әділ қазы алқасымен таныс болайық!

1

2

3

3 жүргізуші:

Байқауды бастамас бұрын әдемі әнге кезек берсек! Ортада...............

1 жүргізуші:

Алдарында сан тарау жолдары тұр,
Бірер жылда мықты маман болғалы тұр.
Сайыста сынауға өздерін келді, міне,
Келген қауым, қол соғып, қолда бүгін.

2-жүргізуші:

«Қатты тәртiп көрсе бала күнiнде,

Өнерiмен қуантады түбiнде.

Бала ненi бiлсе жастан, ұядан–

Әрқашанда соны таныр қиядан, деген екен Жүсіп Баласағұн атамыз!

Жастайынан тәртіп көрген бұл қыз- жігіттер, колледжімізде де өздерін жақсы жақтарын көрсетуде олай болса, таныстыру кезегіне кезек берейік!

1. Таныстыру (2мин)

1 жүргізуші:

Таныстыру кезеңін бағалауға кезек берейік!

Бағалау нәтижелерін дауыстап айту

3 жүргізуші:

Староста - ол дос, ол топ студенттеріне тек жақсылық ойлап, қиындықта қымсынбай көмек көрсетеді, жанын салып жақсылық жасайды.
4-жүргізуші:

Староста – ол жолдас, ол әрқашан да топпен бірге, көпшілікпен араласып жүреді, қатар құрбысындай қатарлас өмір сүреді.

3 жүргізуші: Ия,Мира!

Айта берсек староста еңбегіне тіл жетпейді! Ендігі кезекті интелектуалды сайысқа берсек!

"Жұлдызды сәт " ойыны!

4 жүргізуші:

Жұлдызды сәт ойынынан жинаған ұпай санымен таныс болайық!

Бағалау нәтижелерін дауыстап айту

1 жүргізуші:

Ашық аспан аясында,

Жарық жұлдыз сөнбесін.

Құдай жар боп сіздерге,

Білімдерің шынар көкке өрлесін!

2 жүргізуші:

Қатысушыларымыздың дайындығына бірер минит беріп,

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй

Жүрекке түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй, - деп Абай атамыз жырлағандай, күмбірлеген қазақтың қара домбырасымен ортаға РЭС бөлімінің студенті Сәшкеев Сәдуді шақырайық!

Күй Еркесылқым

1 жүргізуші: Байқауды ары қарай жалғастырайық! Келесі кезең: Өнерлі топ өрге жүзер!

Жарқыраған жұлдыздар

Дүниенің тірегі.

Жандүниеңді байытар

Әсемдіктің іреңі.

Жалғасып жатқан өмірдің,

Маңызы сендер жұлдыздар.

Әр адамның құлпын ашып

Жүректерге жол табар.

Әр старостаның бойында өз тобының құлпын ашатын сиқырлы кілті болады!

3Жүргізуші:

Олай болса, алдын ала таңдалған жереби бойынша старосталар өз тобының қолдауымен өнерлерін көрсетпек!

1.80жылдар стилінде(ән, би)

2.РЭП стилінде(ән, би)

3.Индия стилінде(ән, би немесе кино көріністері)

4.Махаббат ертегісі (Еңлік -Кебек, Қозы -Баян, Ләйлі -Мәжнүн)

5.Орыс стилінде (частушка биімен)

1Жүргізуші:

Өнерлі топ өрге жүзер кезеңінен жинаған ұпай санымен таныс болайық!

Бағалау нәтижелерін дауыстап айту

3Жүргізуші:

Топбасшы жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай жақсы шын бақытын тапса адам – дей келе, байқауымызды жалғастырайық!

4 жүргізуші:

Келесі кезең ситуациялық жағдайлар!

2 жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қонақтар және колледжіміздің абыройын асқақтатар студенттер қауымы!
Бүгінгі «Жұлдызды староста» атты байқауымызды қорытындылау кезі келіп жетті!

Әділ қазы алқасы өз шешімін шығарса дейміз!

Шешім қандай болса да, айтарымыз:

І жүргізуші:

Бел-белестер мойытпасын өзіңді
Арман қуған жастық шақтың кезінде
Сабырлы бол адамдықтан аттамай
Жеңе біл азамат бол төзімді,- дейміз!

 

3 жүргізуші:

Марапаттау кезеңі.

Гран При (Мадақтама, сертификат 5000 теңгеге)

Номинациялар: (естелік сыйлықтар)

· Ізденімпаз староста

· Жаңашыл староста

· Көңілді староста

· Өнерлі староста

1 жүргізуші:

Қандай ғажап, қарашы жан-жағыңа,
Күміс күлкі сыймай тұр, қара мұнда,

2 жүргізуші:
Куратордан бақытты бар ма екен жан.
Қол жеткізген аңсаған арманына.

Сөз кезегін Жұлдызды старостаның топ жетекшісіне береміз!

3 жүргізуші:

Кір шалмасын жаңа ашылған көңілдерің
Ақтаңдар колледж артқан сенімдерін!

4 жүргізуші:

Тереңдесін күннен күнге білімдерің

Болашақта мақтан тұтсын сені елің,- деп, бүгінгі кешімізді аяқтаймыз!

 

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет!

 

1.В стиле 80-х

2.В стиле РЭП

3.В стиле Индийского кино

4.Махаббат ертегісі (Еңлік -Кебек, Қозы -Баян, Ләйлі -Мәжнүн)

5.Орыс стилінде (частушка биімен)

 


Дата добавления: 2015-07-10; просмотров: 238 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
РАСЧЕТ ТРУДОВОЙ ПЕНСИИ ПО СТАРОСТИ| Причины насморка

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.023 сек.)