Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стратегиясы –ҚазаҚстан дамуыныҢ айҚын жолы

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған дәстүрлі Жолдауын жариялады. Барша Қазақстан азаматтары аса зор ықылыспен қабыл алған биылғы Жолдау «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты кең ауқымды тақырыпты қамтыды.

Терең мағынаға ие әрбір жаңа Жолдау - бұл ең алдымен егемен еліміздің ертеңгі жарқын болашағына бастар басты бағыт. Сөз жоқ, Ел­басының бұған дейінгі әрбір Жолдауының өзі – құнды да маңызды стра­те­гиялық құжат.

Биылғы Жолдаудың өзегі «Қазақстан-2050» стратегиясын» жүзеге асыруға негізделгендіктен, қоғамдағы әр салаға аса жоғары міндеттер жүктеліп отыр. Бұл жолы да Мемлекет басшысы дәстүрлі Жолдауында халықты толғандырып жүрген түйткілді проблемаларға айрықша мән беріп, келелі мәселелерге ерекше тоқталды. Елбасының индустриалды-инновациялық бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы халықты еңбекпен қамту, заманға лайық сапалы білім беру, ғылым мен экономиканы дамыту, ұлттық патриотизмге серпін беру, жаңа технологияларды игеру сынды маңызды мәселелерді көздеген нақты тапсырмалары көптің көкейіндегі ойды дөп басты.

Жолдау барысында, былтырғы жылы Қазақстанның 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еткендігін атап өткен Мемлекет басшысы: «Соның ішіндегі ең басты мақсат - елімізді дамыған 30 елдің арасына енгізу. Ол мәңгілік Қазақстан жобасы. Ел тарихына нық қадам басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті болып табылады»,- деп атап өтті. Сондай-ақ Президент еліміз 22 жылдың ішінде қыруар іс тындырғанын баса айта келе: «Біз үлгілі дамудың өзіндік моделін қалыптастырдық. Әрбір отандастарымыздың жүрегінде еліне деген шексіз мақтаныш сезімін ояттық. Қазақстандықтар ертеңіне, елдің болашағына сеніммен қарайтын болды. Біздің айқын бағытымыз саналатын «Қазақстан-2050» стратегиясы - елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан», - деп тұжырымдады.

Экономикалық мәселелерге басымдық берілген Елбасы Жолдауында алдағы уақытта жалпы ішкі өнімдегі инвестиция ауқымын бүгінгі 8-18 пайыздан 30 пайызға дейін жеткізу қажеттілігі айтылды. Осы орайда Елбасы экономиканың жаңа жоғары технологиялық салаларын құру мен ғылымды қаржыландыруды арттыру қажеттілгін де нақтылады. Президент еліміздің индустриалды-инновациялық даму бағытын экономикалық әлеуетімізді арттыруға негіздеу барысын жетілдіре отырып, Үкіметке ауыл шаруашылығын мейлінше жандандыруды және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құрғақшылыққа төзімді, гендік модификацияланған дақылдарды енгізу, тәжірибелік агроинновациялық кластерлер құру мәселесін қарастыруды, жалпы аграрлық ғылымды дамытуды тапсырды.

Жолдауда айтылғандай Елбасы Үкіметке 2015 жылдың 1 шілдесінен азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа моделін жасап, енгізу тапсырылды. Осы орайда алдағы уақытта білім беру саласы қызметкерлерінің жалақысын - 29 пайызға дейін арттыру көзделді. Бұған қоса 2050 жылға дейін Қазақстанға ұлттық білім берудің барлық буындарын жақсарту бойынша елеулі жұмыстар бар. Мемлекет басшысының айтуынша, 2050 жылға дейін Қазақстанға ұлттық білім берудің барлық буындарын жақсарту бойынша айтулы жұмыстар атқарылмақ. Сондықтан да жастардың орта техникалық білім алуының мемлекетпен кепілдендірілген ұлттық жүйесіне көшу қарастырылмақ.

Президент Жолдауында Жастар саясаты мәселесі мен олардың озық білім алуын қамтамасыз ету жайы да назардан тыс қалған жоқ. Елбасы жоғары үлгерімі бар студенттерді қолдаудың тиімді жүйесін құру қажеттілігіне тоқталып, Үкіметке 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап шәкіртақы көлемін 25 пайызға арттыруды қамтамасыз етуді тапсырды. Бүгінгі күні біртұтас қазақ қоғамын, оның ішінде негізінен жастарды жұмылдырған «Қазақстан 2050» стратегиясы елдің жалпыұлттық идеясына айналып отырғандығын да ерекше атап өткеніміз жөн

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жаңғыруы – Қазақстан дамуының ең бас­ты бағыты саналады. Ал адами капиталға қатысты сапаның ар­туы, оның ішінде білім сапасы мен ғылыми ізденіс нәтижелерін жоғарылату Президент Жолдауының басты өзегі. Жолдауда жүктелген міндеттер, не­гізінен, жаһандық дағдарыс салдарынан туындап отырған түрлі қауіптерден Қазақ­­станның мүддесін қорғау жолын аңғартады. Бір айта кетерлігі Елбасы анықтап бер­ген мемлекеттік бағдарламалар мен аясы кең мега­жобалар өзіміздің ішкі жағдайымызға ғана емес, белгілі бір дәрежеде өзге де әріптес елдермен қарым-қатынасымыздың дамуына сер­пін берері сөзсіз.

Жолдау барысында 2050 жылға дейін Қазақстан өмір сүру үшін ең қауіпсіз және қолайлы және қауіпсіз ел болуы тиіс деп мәлімдеген Елбасы: «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды. Қазақ тілін даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн. Мәңгілік Ел - ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. «Қазақстан-2050» - Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол» - деп атап өтті. Осы орайда Президент «Қазақстан-2050» Стратегиясы жол сілтейтін шамшырақ ретінде еліміздің негізгі мақсаттарын жоғалтпай, адамдардың күнделікті өмірінің проблемаларын шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Бұл тұрғыда жыл сайын ел азаматтарының әл-ауқатын арттыруға ықпал жасайтындығын жеткізді.

Жолдауда көтерілген ауқымды мәселелер Қазақ ұлттық аграрлық университеті ұжымының алдында жаңа міндеттерді айқындайды. Бүгінде мемлекеттің берген жаңа мүмкіндіктерін пайдалана отырып, университетіміз әлемдік дең­гейдегі зерттеу университетіне трансформа­циялануға жұмылуда. Бұл орайда ғылымға негізделген инновациялық іс-шараларды жүзеге асыру білікті ғалымдар мен ізденімпаз студенттерімізге жүктеліп отырғаны белгілі. Қазіргі күні біздің университетіміз еліміздегі аграрлық сала мамандарын даярлайтын алдыңғы қатарлы жоғары оқу орны саналады. Сондықтан да Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ұжымы Елбасының агрокешенінің алдына қойған міндеттерін өте жақсы түсініп отыр.

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректораты, профессор-оқытушылар, студенттер, магистранттар және қызметкерлер ұжымы ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтің Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында айтылған өзекті мәселелерге кеңінен қолдау білдіріп, ондағы нақтыланған міндеттемелер мен тапсырмалардың жүзеге асырылу жолында аянбай қызмет ете бермек.

 

Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің ректоры,

ҚР ҰҒА вице-президенті,


Дата добавления: 2015-07-10; просмотров: 80 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Рметті отандастар!| To students

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)