Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Философиялық ұғымдар мен терминдерді оқып-білу, жоғарғы оқу орындарында философия ғылымын оқытудың тиімді формасы, оқу және 23 страница



ШАЛКИІЗ Жырау (1465—1560) – қазақ жыраулық өнерінің атасы, Жайықтың шығыс алқабында туған. Мұсылманша терең білімді, са­хара салтымен тамаша тәрбие алған Шалкиіз өмірінің көбі жорық үстінде өтті. Көне дәуірдегі казақ әдебиетінің ең көрнекті өкілі Шалкиіз Дешті Қыпшақтың төрт құбыласын түгел шарлаған, заманынын заңғар ақыны атанып бүкіл өмipiн күреспен өткізген. Өз тұсындағы өміршілердің ешқайсысының да шашбауын көтермей, турашылдығынан танбаған. Шалкиіз туындылары көңілді кернер, доп басар әсерлі, аз сөзге көп мағына сыйғызған даналығымен, серпінді куатымен ерекше. Оның ғасырлар тұңғиығынан өтіп, біздің дәуірге жеткен шағын көлемді толғауларынан көне заман таңбасы, сахара халқының дүниетанымы, адамдық болмыс-бітімі, моральдық, этикалық қағидалары анық көрінеді.

ШАМА – зат пен құбылыстың сандық және сапалық анықтылығының бірлігін білдіретін философиялық категория.

ШАМАНИЗМ – қазақша баламасы бақсылық, бақсыға табыну. Дәстүрлі ой машығының ең көне түрлерінің бірі. Шаманизм дінінің негізгі қағидасы, дүние түгелімен рухтардан тұрады. Жанды, жансыз дүниенің де рухы бар. Шаманизмнің басты мақсаты – бақсының салт-жоралғысы арқылы ауруды магиялық ойлау тәсілімен емдеу. Шаманизм құрбандық шалу жоралғыларын да атқарады. Шаманизм Африка, Солтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка елдерінде таралған. Қазіргі күні ғылымға емдеудің шамандық (англ. core shamanism) жаңа әдісін енгізген американ антропологы Майкл Харнер болды. Оның ойынша кез-келген адам дәстүрлі шаманизм техникасын пайдалана отырып, өзінің санасының қалпын ретке келтіріп, психикалық және физикалық денсаулығын жақсарта алады. Сонымен қатар, Шамандық тәжірбиенің дүниежүзілік «орталық ядросын» жасауға талпыныс жасаған, көзқарасы М.Харнердікімен сәйкес келген Мирч Элиад болды.

ШӘКӘРІМ Құдайбердіұлы (1858-1931) – қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, дін тарихшысы, моралист, тарихтанушы. Жастайынан Абайдың тәрбиесінде болған Шәкәрім ұстазының бүкіл ойларын толық нұсқаландырып, дамытады. Философиялық шығармасы «Үш анық» кітабында Шәкәрім сол кездегі көп еуропалық ағымдардан деректер келтіре отырып, өзі этикалық максимализмге негізделген Ар-ұятты дәріптеу ілімін жасайды.



ШЕКСІЗДІК ЖӘНЕ ШЕКТІЛІК – объективті дүниенің бір-бірімен тығыз байланыстағы қарама-қарсы жақтарын білдіретін категориялар. Шексіздік сипаттары: 1) Әлемнің кеңістікте өмір сүруі, материяның кеңістіктегі құрылымының шексіз алуан түрлілігі, барлық материалдық жүйелердің тұйықталмағандығы; 2) әлемнің уақытта өмір сүруі, материяның жоқтан пайда болмайтындығы мен жойылмайтындығы, оның мәңгілігі; 3) материяның тұңғиықтығы мен сарқылмайтындығы, оның қасиеттерінің, өзара байланыстарының, болмыс формалары мен даму тенденцияларының шексіз алуан түрлілігі: 4) материя құрылысының сапалық әртектілігі, материя құрылымындағы сапалық жағынан әртүрлі деңгейдің шексіз көп болуы олардың әқайсысында материяның әртүрлі ерекше қасиеттерінің салдарынан болады және әртүрлі заңдылықтарға бағынады. Шектілік кеңістік пен уақыттағы барлық шектеулі күйлерді көрсетеді. Әлемдегі қандай болса да нақты сапаның шегі бар, ол белгілі бір өлшем шегінде өмір сүреді. Бірақ шектілік шексіздікпен тығыз байланыста. Әрбір шекті объект өз құрылымы жөнінен сарқылмайды, шекті объектілерді туғызатын материя жоқтан пайда болмайды және жойылмайды, тек бір түрден екіншілеріне өзгере отырып шексіз өмір сүреді. Сөйтіп, шексіздіктің сансыз көп шекті заттар мен құбылыстардан қалыптасатыны сияқты, шектілік те шексіздікті қамтиды. Шексіздік пен шектіліктің қарама-қайшы бірлігі шексіздікті материя қозғалысының қасиеттері мен заңдарындағы жалпыға ортақ және абсолютті ашу арқылы тануды мүмкін етеді.

ШЕЛЛИНГ Фридрих Вильгельм Йозеф (1775 - 1854) – философ, неміс классикалық идеализмінің көрнекті өкілі. Табиғат философиясы мәселесі жөнінде еңбектер сериясын жазған. Онда Канттың идеясы мен Лейбництің тірі монадалар мен табиғаттың дұрыс күштері туралы ілімін саралай отырып, табиғатты түсінуге қайшылықтар арқылы даму идеясын енгізді. «Транцендеталдық идеализм жүйесінде» (1800) Фихтенің субъективті идеализмін өз жүйесінің объективті идеализмімен ұштастыруға тырысты. Еркіндік туралы Шеллинг ілімі «Адам еркінің мәні туралы және осыған байланысты заттар туралы философиялық зерттеулерде» (1809) жан-жақты дамытылды. Фихтемен бірге Шеллинг еркіндікті ұғылған қажеттілік деп түсініп, еркіндік құбылысын жекелеген адамның ерлігі емес, қоғамның жетістігі деп білді. Алайда ақырында өзінің осы көзқарасымен қайшы келіп, Шеллинг еркіндік мәселесін мистификациялап, жеке негіз еркіндіктің түп тамыры, ал ол негіздің көзі «ой жететін дүниеде» деп жариялады. 1815 жылы Шеллингтің дүниеге көзқарасында мистикалық элементтердің мейлінше күшеюімен белгілі. Шеллингтің ықпалы ең алдымен Гегельде және басқа да көптеген жаратылыстанушыларда анық байқалды. Сондай-ақ оның ілімі натурфилософтар және славьяншылар арқылы орыс философиясына да ықпал жасады.

ШЛЕЙЕРМАХЕР Фридрих Эрнст Даниэль (1768-1834) – неміс философы және протестанттық теолог. Берлин университетінің профессоры. Шлейермахердің көзқарасынан Спинозаның, Канттың, Фихтенің, Шеллингтің идеяларының үйлесімділігін аңғаруға болады. Оның философиясы романтикалық, антиағартушылық тенденцияға толы болды. Дін, адамгершілік ұғымдарын субъектінің ішкі көңіл-күйінің жемісі деп таныды. Шлейермахердің пікірі бойынша, барлық қайшылықтарды ымыраға келтіретін, білім арқылы ашылатын «шексіз болмыстың негізі» әлемдік бірлік немесе құдай. Оның діни-философиялық көзқарасы 19 ғ. протестантизм идеологиясына ерекше ықпал етті. Шлейермахер платондық мәселені алғашқылардың бірі болып көтеріп, ұлы философтың шығармаларының түпнұсқалылығын, оның ізбасарларының көзқарасын талдау үшін, оның шығармаларының мәтінін тікелей қайта қарау арқылы герменевтикаға жақындаған болатын. Негізгі еңбектері: «Дін туралы сөз» (1799), «Монологтар» (1810).

ШЛИК Мориц (1882-1936) – австриялық философ, физик, логикалық позитивизмнің ерте кезеңінің өкілі, Вена үйірмесін ұйымдастырушы. Росток (1917-20), Киль (1921-22), Вена (1922-36), Калифорния университеттерінде философия мен физиканың профессоры. «Танымның жалпы теориясы» атты еңбегінде логикалық позитивистердің доктриналарының негізіне айналған, логика, математика және верификационизм принципінің аналитикалық табиғаты туралы идеясын тұжырымдады. Жалпы Логикалық позитивизмнің жалпы концепциясын қорғаумен бірге философияның арнайы мәселелерін (кеңістік пен уақыт, себептілік, ықтималдық) және этиканы (моральдық пікірлердің мәні, ерік бостандығы) позитивтік тұрғыдан талдауға тырысты. Шлик «мазмұнды толық айтып жеткізуге болмайды» деген теория ұсынды. Бұл теория бойынша біздің біліміміздің мазмұны болып табылатын «тікелей тәжірибені» басқа адамға жеткізіп болмайды. Шлик «тәжірибенің құрылымдық схемасын» тіл арқылы ғана бейнелеп жеткізуге болады деп санады. Ол Карнап пен О.Нейраттың конвеционалистік көзқарастарын сынға алған.

ШОҚАЙ Мұстафа аса көрнекті казақтың саяси қайраткері. Өте жас кезінен саясатқа араласқан. Оқып жүргенде тек ғылыми мәселелермен айналыспай, ұлттық күрес жағдайын, отанының болашақ құрылысын терең методологиялық тұрғыдан зерттеп, практикада жүзеге асыруға тырысқан. Басты мақсаты – өлкені автономиялық режимге көшіру, ұлт күресін рухани жағынан күшейту. Бір айта кететін жағдай, қазақ жерінде патшалық империяға қарсы шын мәніндегі мақсатты, барлық әлеуметтік күштерін қамтыған ұлттық саяси – қозғалыс Ақпан төңкерісінен (1917 ж.) кейінгі кезеңде басталды. Жылдың ортасында Алаш партиясының, сосын Түркістан автономиясының (Қоқан), оның артынан Алаш-Орда өкіметінің (Орынбор) құрылуы бұл қозғалыстың нақты нәтижелері болатын. М. Шоқай жас болса да, білімі, тәжірибесі арқылы, Қоқан автономиялық өкіметінің мүшесі, сосын басшысы болып сайланды. Өкінішке орай, өкімет басында болуы ұзаққа созылмай, шет елге кетуге мәжбүр болды. Тыс жерде басталған қоғамдық – саяси қызметі 20 жылдан астам уақытқа созылды. Шет елде философиялық идея мен іс-әрекеттің адамы ретінде қысқа мерзімде танылды. Түркістан ұлттық күресінің көсемі М. Шоқай – құлдықтан азат болу жолындағы жұмысқа тұтасымен берілді. Эмиграцияда жүріп ол алдымен «Жаңа Түркістан» (1927-1931 ж.), содан кейін «Жас Түркістан» (1929-1939 ж.) деген журналдар шығарып тұрған. Басқа көптеген баспасөз бетінде жарияланған жүздеген мақалалары мен еңбектері баршылық. Жарық көрген еңбектерінде (белгілі себептерге байланысты жұмыстарының шыққанынан шықпағаны көп) осы бір алып тұлғаның рухани ізденістері мен философиялық ой-пікірлері, күрескерлік көзқарасы тәнті етеді. Халықтың барлығы бірдей, бірақ саяси тұрғыдан алғанда мәселе басқаша дей келіп, тарихты сыңаржақты таптық тұрғыдан ғана түсінбеу, жалпыадамзаттық, өркениеттік деңгейге көтерілу керек екендігін атап өтеді. Сонымен қатар Түркістан жерінде етек алған халықтың саяси дайындығының бейқамдық деңгейінде көрініс беретіндігін ашып көрсеткен. Сол бейқамдықтан айырылуға, еркіндікке құлаш сермеуге, халықтық саяси оянуына, белсенділік – өмір-қажеттілігі екенін жария етуге тырысқан. (Қараңыз: Мұстафа Шоқай. Түркістанның қилы тағдыры. Алматы, 1992 ж. 126-127-беттер.).

ШОҚАН Уәлиханов(шын есімі Мұхаммедханафия; 1835-1865) –қазақтың ұлы ғалымы, 19 ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. Өзінің қысқа өмірінің шеңберінде ол өте көп істер тындырып, тек қана қазақ халқының өткен тарихын, әдет-ғұрпын, жалпы руханиятын зерттеп қана қоймай, сонымен қатар сол кездегі нақтылы өміршеңді мәселелерге атсалысып, қалың бұқараның мүдделерін аса батылдықпен қорғаған. Шоқанның онтологиялық көзқарасы бойынша адамның күнделікті тәжірбиесінен шығатын, сол кездегі жаратылыстану ғылымдарына сүйенетін материалистік бағытта болды. Табиғат бірінші де, адамның өзі сол табиғаттың төл туындысы деп түсінді. Сонымен қатар, ол «географиялық детерминизм» бағытын ұстады. Оның ойынша, қоғамның дамуына айнала қоршаған ортаның жазықтығы, я болмаса тау-тастағы ауа-райы, жер құнарлығы, т.с.с. факторлар ықпал етеді. Шоқан Уәлихановтың әлеуметтік-саяси, құқықтық көзқарастарына келер болсақ, ойшыл жан-тәнімен халықтың қамын ойлап, «әділетті басқару» жүйесі арқылы «парасатты реформалардың» негізінде халықтың хал-ахуалын өзгертуге болатынына сенген және оған жетудің жолында барлық күш-жігерін салған. Ғалым қазақ халқының рухани өмірін зерттеуге де қомақты үлес қосқан. Оның даналығы – болашақтағы халықтың рухани жаңаруындағы тарихи қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен жыр-дастандардың, аңыздардың, т.с.с. халық туындыларының маңыздылығын ұғып, олардың әртүрлі түпнұсқаларын қағазға түсіріп, болашақ ұрпақтарға қалдыру болды.

ШОПЕНГАУЭР Артур (1788-1860) – неміс ойшылы. Гегельге қарсы шығып, қайрат пен ұғымға негізделген жаңа ілім жасаған. Шопенгауэрдің танымында тірі өмір, өлі дүние құбылыстарының бәрі жігерге негізделген, себебі бәрі бір нәрсеге ұмтылады. Осы ұмтылыстардан пайда болып, жігер мен қатар ұғым қалыптастырады. Шопенгауэр моралистикасы жан ашу, аяу сезіміне негізделіп, Канттың мораль философиясын тереңдетуге тырысқан. Негізгі туындысы: «Әлем қайрат пен ұғым ретінде» (1818 ж.).

ШПЕНГЛЕР Освальд (1880-1936) – немістің идеалист-философы, өмір философиясының өкілі, мәдениет теоретигі, тарихшы, публицист. IIIпенглердің тарих философиясын баяндайтын негізгі шығармасы – «Европаның құлдырауы» (1-2т, 1918-22) – Германия бірінші дүниежүзілік соғыста жеңіліс тапқаннан кейін көп кешікпей жарыққа шықты және зор табысқа жетті. IIIпенглер «ескі пруссиялық рухты», монархияны, дворяндық сословиені және милитаризмді дәріптеді. Шпенглер үшін соғыс – «ең жоғары адам болмысының мәңгілік формасы». Шпенглер тарихи прогресс ұғымын теріске шығарып, тарихты материалистік тұрғыдан түсінуге фатализмді қарама-қарсы қояды. Шпенглер – тарихи релятивизмнің жақтаушысы. Ол бүкіл дүниежүзілік тарихи дамудың заңды бірігіп жоққа шығарады. Онда тарих бірқатар тәуелсіз, қайталанбас, томаға-тұйық циклды «мәдениеттерге», жеке-дара тағдыры бар және пайда болу, гүлдену, күйреу кезеңдерін бастан кешіретін ерекше организмдерге бөлінеді. Тарих философиясының міндеті Шпенглер «мәдениеттің жаны» негізіне алынатын әрбір «мәдениеттің» «морфологиялық құрылымын» тануға әкеліп саяды. Шпенглерге сәйкес, 19 ғ-дан бастап, яғни капитализм жеңгеннен кейін Батыс мәдениеті құлдырау сатысына аяқ басты. Теориялық жағынан Шпенглерге жақын тарих философиясын Тойнби де дәріптеді.

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ – сапалық жаңа, бұрын ешқашан болмаған бірдеңе тудыратын қызмет.

 

-Э-

ЭВДЕМОНИЗМ (гр. eudaimonia – рахат, бақыт) – этиканың гедонизмге жақын методологиялық принципі. Көне дүниенің этикалық теорияларында мейлінше толық көрінеді (Дамокрит, Сократ, Аристотель). Адамгершіліктің басты өлшемін және адамның моральдық мінез-құлқының негізін эвдемонизм бақытқа ұмтылу: жеке адамға – индивидуалистік, қоғамға – әлеуметтік эвдемонизм тән деп санайды. 18 ғ. француз материалистері Гелвеций, Дидро эвдемонизмнің жақтастары болды. Эвдемонистік этика өзінің белсенділігі мен ізгілігі жағынан христиандық бақытқа шақырады, өйткені ол о дүниелік емес осы дүниедегі бақытқа шақырады. Алайда, эвдемонизм бақыт ұғымына әлдебір жалпыадамзаттық, тарихтан жоғары мағына береді, ал антагонистік таптық қоғамда адамның мақсаты туралы бірыңғай ортақ түсінік жоқ және болуы мүмкін емес. Адамның мақсаты әлеуметтік жағынан әрқашан шартты. Сондықтан адамгершілікті эвдемонистік тұрғыдан негіздеу ғылымға сай емес.

ЭВРИСТИКА – анық емес жағдайларда проблемаларды шешу негізгі пәні болып табылатын метод немесе методологиялық пән. Эвристиканың басты проблемасы – қайшылықтарды жою.

ЭКВИВАЛЕНТТІЛІК (лат.aeguivalens - шамалас,мәндес) логикалық-екі пікірдің ақиқаттық маңызының бірдей болатындығын білдіретін қатынас. Эквиваленттілік термині неғұрлым кең мағынасында, тендік типінің алуан түрлі қатынастарын, яғни рефлекстік симметриялық және алмастырушылық қасиеттері бар қатынастарды белгілеу үшін де қолданылады. Мұндай қатынастарға геометриялық фигуралар көлемінің бірдей немесе әр түрлі болуы, көп түрлілік күшінің әр алуан болуы, қандай да болсын жүйелердің изоморфизимі, түзу сызықтардың немесе көлбеулердің паралельдігі мысал бола алады.

ЭКЗИСТЕНЦИАЛИЗМ (өмір сүру философиясы) жалғыз нақты шындық ретінде адам болмысын танитын қазіргі заманғы иррационалистік философиялық бағыт. Экзистенциализмнің жалпы қағидасы – адамның өмір сүруі индивидтің әлеуметтік өмір сүруімен салыстырғанда алғашқы. Ол өз-өзіне сенімсіздікті, адамның дүниедегі жатырқаушылығын бейнелейді. «Болмыс пен әлем, - дейді экзистенциалистер, - адам тіршілігі, уайым, сезім, индивид ойларының ағыны». Экзистенциализмнің басты тақырыбы – адамның рухани әлемі, қазіргі замандағы жеке тұлғаның тағдыры; жеке адам болмысы. Тікелей өмірмәнділік, экзистенционалдық мәселелерге өмір мен өлім мәселесі жатады. Экзистенциализмді философияның ерекше бағыты ретінде қалыптастыру 20 ғ. 20 ж. аяғында өтті. Оның негізін салушылар – неміс философтары М.Хайдеггер мен К.Ясперс. М.Хайдеггер өзінің зерттеу нысанасына қорқыныш, үрей, қамқорлық сияқты түсініктерді алды. Олар сезім, адамның қайғыруы мен эмоциясы әлемін білдіреді. Зиялылық экзистенциализм (М.Хайдеггер, Ж.П.Сартр, А.Камью) мен діни экзистенциализмнің (К.Ясперс, Марсель) ара жіктері бөлініп те қарастырылады, алайда олардың арасындағы айырмашылықтар өте шартты.

ЭКЛЕКТИКА - өзара іштей қабыспайтын, кейде тіпті бір-біріне қарама-қарсы тұрған көзқарастарды, идеяларды, принциптерді жай ғана механикалық түрде біріктіріп, дамудағы объект туралы түйін жасайтын әдіс.

ЭКОЛОГИЯ – (гр. oikos – мекен және logos – ілім, сөз) – организмдердің бір-бірімен және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін ғылым. Экология терминін 1866 ж. Геккель енгізді, ол бұл ұғымды табиғат экономиясы туралы ғылым ретінде түсіндірді. Яғни, экология қоғам мен табиғаттың бір-біріне әсері туралы ғылым деп те түсіндірілді.

ЭКСПЕРИМЕНТ (лат. еxperimentum-үлгі, тәжірибе) – белгілі бір құбылыстарды зерттеу мақсаттарына сәйкес келетін жаңа жағдайлар жасаумен оларға белсене ықпал ету арқылы немесе процестің барысын қажетті бағытта өзгерту арқылы зерттеу. Эксперимент – адамзаттың қоғамдық-тарихи практикасының бір қыры, сондықтан таным көзі және болжамдар мен теориялардың шынайылығының өлшемі болып табылады. Ғылым мен техниканың дамуымен эксперименттің өрісі кеңіп, материалдық дүниенің барған сайын көптеген объектілерін қамтиды. Эксперимент зерттеу объектісін бөліп алуды, оған қажетті жағдайлар жасауды, бөгет болатын барлық факторларды жоюды, объектіге материалдық ықпал ету көздерін немесе шарттарын, тиісті техникалық құрылғыларды қолданып бақылау және өлшеу актілерін қамтиды. Сондықтан эксперименттен объектіге белсенді ықпал етпейтін, жай бақылаудан, сондай-ақ техникалық немесе басқа себептермен дәл осы сәтте жүзеге асырылмайтын процестерді яки жүйелерді, теория жүзінде модельдеу формасы болып табылатын «ой жүзіндегі экспериментті» ажырата білу керек. Қазіргі жағдайда күрделі процестерді немесе конструкцияланатын жүйелерді немесе олардың тех. модельдері бойынша зерттеу - эксперименттің ерекше формасы болып табылады. Ол электронды-есептеу машиналарының көмегімен процестерді теория жүзіндегі модельдеумен толықтырылуы мүмкін. Априоризмнен (Априори) өзгешілігі, диалектикалық материализм экспериментті және бақылауды теориялық түсініктердің көзі деп біледі. Теория экспериментпен салыстырғанда, танымның сапалық жаңа деңгейі болып табылады. Ол ойдың құбылыстар арқылы заңдардың мәнісін түсінуге, оларды неғұрлым терең танып-білуге жол ашады. Эксперименттің күрделі формалары қазіргі кезде теориялар негізінде есептеледі және жобаланады.

ЭКСПЛИКАЦИЯ – дәл емес ұғымды дәлірек ұғыммен ауыстыру. Экспликация термині символдар мен шартты белгілерді бейнелеу үшін қолданылады.

ЭМПИРИЗМ (грекше emperia – тәжірибе) таным процесін тек сезімдік тәжірибемен (эмпирия) байланысты қарастыратын гносеологиялық бағыт, бүкіл ғылым, өмірлік тәжірибе және адамгершілік тәжірибеге ғана негізделуі тиіс деп түсіндіретін методологиялық принцип.

ЭМПИРИОКРИТИЦИЗМ – («тәжірибені сынау»), яғни махизм – негізін Авенариус пен Мах қалаған субъективтік идеалистік ағым. Эмпириокритицизм позитивизмнің бір түрі ретінде («екінші позитивизм») байқалды. «Ойлау жүйесінің экономикасын» танымның негізгі заңы деп есептеп, эмпириокритицизм тәжірибе ұғымын материя (субстанция) ұғымынан, қажеттіліктен, себептіліктен және тәжірибеге «заңсыз» қосылған «априорлық апперцепциядан» (ойлау ұғымдары) «тазартады». Соның салдарынан эмпириокритицизм «бейтарап элементтердің» немесе «иесіз» сезім-түйсіктердің жиынтығы ретіндегі дүние туралы түсінік ұсынады. Принципті координация, яғни субъекті мен объектінің тығыз байланысы туралы ілім шығара отырып эмпириокритицизм субъективтік идеализм жүйесіне айналады. Эмпириокритицизм – философиялық бейтараптылық жөніндегі талапты бүркемеленген берклишілдік пен юмизмнің қайта түлеуі. Эмпириокритицизм сондай-ақ физикадағы метедологиялық дағдарыспен, физикалық идеализм мектебімен байланысты болды. Авенариус және Махпен қатар И.Цетцольд, Ф.Карстаньен, Р.Вилли, Ф.Адлер, А.А.Богданов, В. Базаров т.б. эмпириокритицизмнің өкілдері қатарына жатады. Неопозитивизм эмпириокритицизмнің «антиметафизикалық» ілімінің жалғасы болды.

ЭНГЕЛЬС Фридрих (1820-1895) – Маркспен бірігіп марксизімнің негізін жасаған, ғылыми коммунизм теориясының, диалектикалық, тарихи материализм философиясының іргетасын қалаушы. Гегельшілдер деп аталатын философиялық ағымның сол қанатына кіретін Шеллингтің діни мистикалық көзқарасына, гегельдік диалектикалық қайшылықтарына, консервативтік қорытындыларына сын айтқан. Энгельс көзқарастарына түпкіліктей әсер еткен жағдай Англияда сол кездегі жұмысшы табының өмірі мен тұрмысы болды. 1844-46 жж. Энгельстің «Англиядағы жұмысшы табының жағдайы» деген еңбегі жарыққа шықты. Бұл енбектерінде ол пролетариаттың «тарихи миссиясын» ғылыми түрде дәлелдей отырып, пролетариатты тек қана қорлық көріп жүрген тап емес, ол өзінің бостандығы үшін күрес жүргізіп жатқан тап ретінде көрсетеді. Энгельс маркстік философияның қалыптасуы және дамуына зор үлес қосты. Диалектикалық және тарихи материализмнің идеяларын Энгельс табиғаттану ғылымдарына таратты. Мұндағы негізгі идеялары, материя мен қозғалыстың, кеңістік пен уақыттың ажырамас байланыстылығы, материя формаларының сарқылмастығы атом құрылысының күрделілігі, органикалық емес табиғаттың белгілі бір кезенде пайда болған тірішіліктің қозғалыс формасы екендігі, т.б. ғылымның классификациясын жасауға мүмкіндік берді. Энгельс Ресейдегі төңкерістік қозғалысқа да көңіл бөліп, төңкерістің жақын кезде болатынын болжады және оған үлкен сенім артқан. Өз өмірінің соңғы сәтіне дейін Энгельс Европаның саяси өміріне араласты.


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 38 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>