Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Философиялық ұғымдар мен терминдерді оқып-білу, жоғарғы оқу орындарында философия ғылымын оқытудың тиімді формасы, оқу және 21 страница



ТОП – қоғамдағы алатын орны мен мақсаты бір болып келетін әлеуметтік ұйым.

ТРАКТАТ (лат. tracatus – талқылау, tracto – зерттеймін) – қандай да бір жеке мәселені, жеке проблемены түбегейлі зерттеп баяндайтын ғылыми жұмыс. Трактат деп философиялық тақырыптағы зерттеулерді жиі айтады. Мысалы: Әл-Фарабидің «Ғылымдардың шығуы», «Ғылымдар классификациясы» т.б.

ТРАНСЦЕНДЕНТАЛЬДЫҚ – таным мүмкіндіктерінің априорлық (тәжербиеден тыс немесе тәжірибеге дейін)жағларына жатады

ТРАНСЦЕНДЕНТТІК – схолостикалық философияда туындаған термин, сезімдік тәжірибе шекарасынан шығатынның бәрін сипаттайды; діни және метафизикалық таным пәні.

ТРАНСЦЕНЗУС – адамның практикалық өмірде субъективтіліктен объективтілікке, сананың деңгейінен объективтік өмір дәрежесіне қарай өту барысын айтады. Кант бойынша трансцензус білімде емес, сенімде ғана болатын құбылыс. Юм оны мүлде жоққа шығарды. Лениннің пікірінше, трансцензус идеясы құбылыс пен «өзіндік зат» арасындағы принципиальдық шек деген ұғымды білдірді.

ТРИАДА (гр. trias – үштік) – дамудың үштігі, үш сатылылығы. «Триада» ұғымын алғаш рет Платон және неоплатоншылдар (әсіресе Прокл) қолданды. Ол кейіннен классикалық неміс философиясында жан-жақты дамытылды (әсіресе Гегельде). Гегельше кез келген даму процесі үш сатыны басып өтеді: тезис, антитезис, синтез. Әрбір саты өз алдындағыны теріске шығарады да оның қарсыласына айналады, ал синтез болса антитезисті теріске шығарып қана қоймай, сонымен бірге өзінің алдындағы дамудың екі сатысының кейбір белгілерін өз бойына сіңіреді. Синтез, өз кезегінде, келесі жаңа триаданың басы болып табылады және тезис жүріп өткен жол қайта басталған кезде триадада дамудың неғұрлым жетілген, ерекше баспалдағы көрінеді. Гегель триаданы абсолюттендірді және өз ұйғарымдарын елеместен философиялық жүйе жасаудың формальды тәсіліне, ұғымның үш сатылы даму схемасына айналдырды. Триаданың рационалды мазмұны философияда даму процесіне баға беруде пайдаланылды.

ТҰЛҒА – қоғамдық қатынастардағы индивид, біртуар Мен ретінде алынған жеке адам. Тұлға ұғымы «индивид», «адам» ұғымдарымен салыстырыла анықталады. «Адам» ұғымы барлық адамдарға тән қасиеттер мен қабілеттерге мінездеме беру үшін қолданылады. Бұл ұғым адамның жануарлардан, өсімдіктерден, машиналардан, т.б. айырмасын атап көрсетеді. Индивид – адамзаттың дара өкілі, адамдық ақыл, ерік-жігер, көзқарас, т.б. да әлеуметтік-психологиялық сипаттармен анықталушы жан иесі. Тұлға болып туылмайды, тұлға болып өсу барысында қалыптасады. Жас нәресте – адам, бірақ жеке тұлға емес, себебі ол өзінің іс-әрекеті үшін әлі жауап бере алмайды. Тұлға болу дегеніміз – өзінің ешкімге ұқсамайтындай бірегей ішкі рухани дүниесін құрай білу, қалыпты дамып, өмір тәжірбиесі мен өзіндік қасиетке ие болу, әлеуметтік ортадан өз орнын таба білу. Адамның тұлғалық қасиеттері оның іс-әрекеттегі белсенділігінің өрістеуіне ықпал етеді. Адамның белсенді қимыл-әрекеті оның мінез-құлқынан, ниет-тілегі мен бағыт-бағдарынан айқын байқалады, сөйтіп, жеке адамның ішкі дүниесінің сыры, жан сарайы сыртқа бөлініп тұрады. Тұлғаның қасиетті құпиясы оның еркін рухында жатыр. Соның арқасында адам өзіне дейінгі ұрпақтар мұрасын – мәдениетті жасампаз түрде қайта қарап, өзгертеді. Тұлғаның шынайы айқындалатын саласы – адамгершілік, мораль. Сыртқы мақсаттарға бет бұрмай, өзінің рухани еріктілігін ізгі ықтиярымен тоғыстыра білу – тұлғаны танытушы іс. Осы жайында неміс классикалық философиясының ірі тұлғасы Кант былай деген: «Адамзатқа, оның ішінде өзіңе де, басқаларға да барлық уақытта мақсатқа жетудің тек бір құралы емес, тек мақсат деп қатынас жасап әрекет істе». Тұлғаны зерттеуде З.Фрейд, К.Юнг, Н.Бердяев, А.Камю, Ж.Сартр, М.Хайдеггер, К.Ясперс, Х.Ортега-и-Гассет, Э.Фромм, М.Бубер, т.б. көп үлес қосты.



ТҮЙСІК – сезім мүшелеріне тікелей ықпал жасайтын материалдық заттар мен құбылыстың жеке сапаларының, қасиеттерінің, жақтарының мида бейнеленуі болып табылады.

ТҮСІНУ (ұғыну) – шындықты игерудің санаға тән формасы; оның мәні нәрселердің мазмұнын ашып, қайта жаңғыртуда. Мұнда адамды қоршаған шындық дүние, ең алдымен әлеуметтік-мәдени және сондай-ақ табиғи орта «адам дүниесі» нәрселерінің өзара бай­ланысты жүйесіне айналады. Түсінудің басты қызметі жеке адам­ның қоғамда, тарихта және мәдениетте өзін дұрыс ұстауы мен саналы мінез-құлқын қамтамасыз етумен байланысты болады. Түсіну адамдардың қатынас жасау процесінде, түрліше мәдениеттердің қарым-қатынасында дамиды. Түсінудің ғылымға дейінгі бастапқы түрлері тілді, басқа адамдардың түсінігін игеру (пікірлесу, көніл білдipy), әлеуметтік нормаларды, белгілірді, рәміздерді түciнy — тікелей өмip процесінде қалыптасады. Ғылымда түсіну арнаулы методологиялық ережелерді пайдалануды талап етеді де түciндipy түрінде көрінеді. Ғылыми-теориялық түсіндірудің түрлеріне мыналар жатады: өткен замандарды түсіндіру (тарихи түсіндіру); бөтен мәдени рәміздер мен метаформаларды түсіндіру, ертедегі текстерді аудару, түсіндіру (филологиялық түсіндіру); тіршіліктің басқа формаларын, мәдениетін, нормалары мен байлықтарын түсіндіру (Әлеуметтік антропологиялық зерттеулердегі түсіндіру), микрообъектілерді және ғылыми теориялардағы формализмдерді түсіндіру (жаратылыстанудағы түсіндіру).

ТІЛ — кез келген табиғи құбылыстың адамның ic-әрекеті процесінде танымдық және коммуникативтік (қарым-қатынас)міндетін атқаратын белгілер жүйесі Тіл табиғи да, жасанды да болуы мүмкін. Күнделікті өмірде ойды бейнелеу формасы және адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы қызметін атқаратын тіл табиғи тіл делінеді. Жасанды тілдi адамдар белгілі бip аясы шағын қажеттер үшін жасайды (математикалық, символика тілі, физикалық теориялар тiлi, әр алуан дабыл жүйелері және т. б.).

-У-

УАҚЫТ – материя болмысының жалпы формасы, атрибуты, болмыстың ұзақтығын және дүниедегі барлық материалдық жүйелер мен процестердің жағдайларының ауысу реттілігін білдіреді.

УАҚЫТ ЖӘНЕ КЕҢІСТІК — материяның негізгі өмір сүру формалары. Философияның көңіл аударатын мәселесі, ең алдымен. Уақыт пен кеңістіктің материяға қатынасы, яғни уақыт пен кеңістік шындық па әлде санада ғана өмір сүретін таза абстракт па деген мәселе. Идеалист-философтар уақыт пен кеңістіктің материяға тәуелділігін жоққа шығарып, оларды не жеке адам санасының формасы ретінде (Беркли, Юм, Мах) немесе сезімдік қабылдаудың тажірибеге дейінгі априорлық формасы түрінде (Кант), не болмаса абсолюттік рух категориясы ретінде (Гегель) қарастырады. Материализм уақыт пен кеңістіктің объективтік, материалдық сипатын атап көрсетеді. Уақыт пен кеңістіктің материядан ажырағысыз екендігі олардың жалпылығы мен әмбебаптығынан көрінеді. Кеңістік бір мезгілде қатар өмір сүретін объектілердің орналасу ретін көрсетеді. Ал уақыт бірінен соң бірі болатын құбылыстардың өмір сүру ретін белгілейді, яғни кез келген материалдық процесс бір бағытта - өткеннен болашаққа қарай дамиды. Маркс пен Энгельс уақыт пен кеңістіктің үнемі қозғалыстағы материямен жай сыртқы байланысын ғана мойындамайды, сондай-ақ қозғалыс уақыт пен кеңістіктің мәні болып табылады, демек, материя, қозғалыс, уақыт пен кеңістік бірінен бірі бөлінбейтін бірлікте екендігін мойындайды. Бұл идея қазіргі заман физикасында толық дәлелденді.

УНИВЕРСАЛИЙЛЕР – (лат. universalis – жалпы) – орта ғасырлық философиядағы жалпы идеяларды білдіретін ұғым. Схоластардың талас пікірі – жалпылық пен жалқылық қатынасы. Философия тарихында бұл таласты әмбебаптар, яғни универсалдар, яғни жалпылық ұғымның табиғаты жайлы айтыс, талас деп атайды. Мұны шешудің түрлі жолдары айтылды. Біреуі – жалпы ұғым - әмбебаптар адам санасынан тыс өмір сүретін шындық деп түсіндіреді. Яғни, заттардың рухани құндылықтары ретінде жалпы түсініктер нақты болады. Бұл көзқарасты жақтаушылар реалистер деп аталды. Реализм өкілдері – А.Больштетский, Ф.Аквинский, Р.Луллий, т.б. Бұған қарама-қарсы екінші пікір бойынша әмбебаптар адамнан, нақты заттардан тыс өмір сүрмейді. Бұл тек нақты заттарды қорыту арқылы пайда болған жалпылық ұғым. Бұл пікір бойынша «жалпы адам» дүниеде жоқ, адам қашанда нақты бейне. Ал «адам» деп жалпы айту – тек нақты адамдардың бәріне тең, ортақ ұғым. Бұл пікірді жақтаушыларды «номиналистер» деп атады (лат. nomina – атау). Номинализм бағытының өкілдері – Р.Бэкон, У.Оккам, Н.Оразмский, т.б.

УНИВЕРСАЛИЗМ – жан-жақтылық, көпқырлылық, бәрін қамтушы білім, тұтастыққа ұмтылу,универсумды тұтас ретінде қарастыратын, осы тұтастан жекені бөліп шығарып,түсіндіруге және ұғынуға тырысатын ойлау түрі.

УПАНИШАДТАР – веда тарауларының бірі, ғасырлар бойы жинақталған ведалық әнұранға көне үнділік діни-философиялық түсініктеме. Упанишадтардың ең ежелгісі б.з.б. 7 ғ. жатады. Ведтік құдайлар упанишадтарда философия мазмұнына сай шектеледі, адам мен дүние-әлемнің аллегориялық бейнесі түрінде түсіндіріледі. Жан дүниесінің басқа жаққа ұшып кететіндігіне баса назар аударылады. Жоғары реалдық табиғаты тұрғысындағы мәселелерге упанишадтар, қалған нәрселердің де айқындығына сая отырып, идеалистік жауап береді: барша заттардың қайдан пайда болғандығы, олардың пайда болғаннан кейін қайда өмір сүретіндігі және олардың жойылып біткеннен кейін қайда кететіндігі; бұл дүниенің рухани бастауы брахман, ол адамның рухани мәні – атманмен барабар. Жердегі жаңадан туып-өліп жататын тұйықталған тамұқтан арылу үшін адам упинишадтар бойынша, өзінің жан-дүниесінің (атман) даралығы туралы брахманмен бірілікте ой тұңғиығына шомуы керек. Упинишадтарда материалистік идея көріністері де болды. Бұл идея бойынша, дүниенің алғашқы бастауы су, ауа, сәуле, кеңістік және уақыт; адам өлгеннен кейін оның жаны өмір сүре алмайды деп есептелінді. Бадараянның (б. з. 2 ғ.), кейіннен Шанкараның (8 ғ.) упанишадтарға жазған түсіндірмелері Ведантаның негізі болып саналады.

УРБАНИЗАЦИЯ – (лат.urbanus – қалалық) – қалалардың және қала тұрғындарының көбею процесі. Урбанизация тұрғындардың белгілі бір кеңістікте шоғырлануына, ғылым мен мәдениет институттарының бір орында жинақталуына әкеледі.

УТИЛИТАРИЗМ (лат. utilitas-пайда) – өнегелі іс-әрекеттің пайдалылығын мойындайтын буржуазиялық этикалық теория. Утилитаризм негізін қалаған және негізгі принциптерін анықтаған Бентам болды. Ол адамдарға олардың жеке мүдделерін қанағаттандыра отырып, «көп адамға үлкен бақыт сыйлау» принципін ұстанды. Бұл жерде іс-әрекеттің үлгі - өнегелігінің нәтижесі математикалық түрде есептелініп, көнелген қуаныш пен шеккен жаңа арақатынасымен айқындалады. Милль утилитаризмге ақыл-ой рахатын тәндік рахаттан жоғары қою принципін енгізді. Утилитаризм сонымен бірге мемлекет функциясын ұғындырудың негізінде орын алған. «Пайда принципін» таным теориясына ойыстыру прагматизмнің пайда болуына ықпал етті. 20 ғ-дың 60 ж. утилитаризм қоғамның апологетикалық концепцияларында қайта жаңғырды.

УТОПИЯ ЖӘНЕ АНТИУТОПИЯ (гр. u - ештемеде емес, жоқ және topos-орын, «еш жерде жоқ орын»). Утопия және антиутопия ойша құрылған және көбінесе статистикалық әлеуметтік идеал ойша жүзеге асырылған, ойдан шығарылған қоғам. Бұл мұраттың практика жүзінде іске аспайтындығы анықталғаннан кейін «Утопия және антиутопия» ұғымы метафизикалық түр алды және кез келген ғылымда негізсіз тұжырымдардың синониміне (әлеуметтік, техникалық т.б.) айналды. Утопиялық түсінік ежелгі грек ақыны Гесиодтың (б. з. з. 8-7 ғ.) «Алтын ғасырынан» бастап, әлеуметтік ой-сана тарихымен қатар жасасып келеді. Утопия белгілерін Плотонның «Мемлекет», Августиннің «Құдай қаласы туралы», әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы», 12 ғ. италиян ойшылы Иоахим Флорскийдің «Апокалипсиске түсінік», Асан Қайғының «Жерұйық», Т.Мордың «Утопия», Т.Компанелланың «Күн қаласы» шығармаларынан да табуға болады. «Утопия және антиутопия» ұғымын Т. Мор енгізген. Утопия және антиутопия бір жағынан әлеуметтік құрылыстың, оны тудыратын себептердің кейбір ерешеліктерін айқындайды. Утопия және антиутопия арнасында 19 ғ. ортасына дейін социалистік қоғамдық идеал дамып отырды (Утопиялық социализм). Социалистік революция жеңісінен кейін орнаған жаңа қоғам құрылысындағы дағдарыстан кейін батыс идеологиясы мен мәдениетінде «Утопия және антиутопия» ұғымы жаңа түрге енді. Дж. Оруэлл мен О. Хакслидің «1984 жыл» және «Осындай әсем, жаңа әлем» сынды еңбектерінде, А.Азимов, Р.Брэдберидің «сатиралық, фантастикалық» романдары үлгісінде антиутопиялық көзқарастар пайда болды. Антиутопияда тарихи мұраттардың дағдарысы, революциялық күрестің мәнсіздігі, әлеуметтік кеселдің жойылмайтындығы сөз болады. Ғылым мен техника ғаламдық проблемаларды шешудің, әділетті әлеуметтік кұрылыс орнатудың негізгі күші емес, керісінше, мәдениетке қас, азаматты құлдықта ұстаудың құралы есебінде көрсетіледі.

-Ұ-

ҰҒЫМ – дүниені танып-білу сатысындағы белгілі бip тұтастықта қарастырылып отырған заттың мәнін оның қалыптасу тәсілін анықтау арқылы олардың теориялық танымның формасы. Ұғым ойлаудың логикалық формаларының бірі, ұғымда шындықтың заттары мен құбылыстары және олардың арасындағы байланыстар олардың жалпы және ерекше қасиеттерін анықтау арқылы жалпы түрде бейнеленеді. Бүкіл ойлау процесі ұғымдар туғызу, оларды жүйеге келтіру және пайдалану жолымен қалыптастыру. Ұғымның қалыптасуы, бейнелендірудің cезімдік формаларынан оған өтyi күрделі процесс: мұнда дүниені тануды салыстыру, талдау мен синтез, абстракциялау, идеализациялау, жалпылау сияқты әдістеpi және ой-қорытындысының айтарлықтай формалары қолданылады. Бeлгілi бip зат туралы әртүрлі абстрактілі түсініктердің синтезінің бipлiгi нақты ұғымды береді. Оның таным үшін маңызы өте зор. Шынына келгенде ұғымның көмегімен шындықтың мәнін ашып, маңызды жақтарын бөліп алып, зерттеу арқылы оны әлдеқайда тереңірек танып білу icкe асады.

ҰЖДАН – адамның ішкі тұңғиық жанын да, сыртқы мінез-құлқы мен тәртібін реттеуші, бақылаушы құралы міндетін атқарушы, оның тұлғалық негізін анықтаушы қасиеті. Шәкәрім де ар-ұят, ұжданды адамның қалғып кетпеуін қадағалайтын, оның санасына үнемі қозғау салып отыратын мазасыз, тыныш таптырмайтын қасиет деп қарастырды.

ҰҚСАСТЫҚ – бір заттың қандай да бір қасиетінің басқа заттардың бойынан табылуын айтамыз.

ҰЛТ – ортақ тілі, мәдениеті, біріктіруші салт-дәстүрлері мен діні бар адамдардың әлеуметтік бірлестігі.

-Ү-

ҮЙЛЕСІМДІЛІК – бүтіннің бөлшектерінің өзара үндесуі, белгілі бір тәртібін, көптүрліктің біртұтастығын, объектінің формасы мен мазмұны арасындағы сәйкестікті анықтайтын категория.

-Ф-

ФАЛЕС (Fhales) – (шамамен б.з.б.624-547) ежелгі грек философы, антикалық және жалпы еуропалық философияның бастауында тұрған Милет мектебінің негізін қалаушы. Кіші Азияның Милет қаласынан шыққан Фалес аңыз бойынша жас кезінде Таяу Шығыс елдерін (Вавилон,Мысыр) көп аралап, абыздардың тәрбиесінде болған. Оның философиядағы ілімі, негізінен табиғатқа негізделген стихиялық-материалистік бағытта құрылған. Ол жаратылыс судан шыққан және барлығы суға айналады деп түсіндіреді. Ол б.з.б. 585ж. болған Күннің тұтылуын есептеп болжағаны үшін барлық жерге таралған. Сол үшін Египет абыздарынан ол Оракул (Көреген) деген атақ алған. Фалестің пікірінше, Әлемде барлық заттар Судан пайда болған. Бәрі судан туындаған. Суды салқындатып, мұздатсаң қатты денеге, жылытып, ысытсаң буға айналады. Сусыз тіршілік жоқ. Дүние негізі Су деген. Фалестің айтуы бойынша, Дүние – жанды құбылыс, оның дәлелін магниттің тарту күшінен көрген.

ФАЛЛИБИЛИЗМ (ағылш. fallible – қателікке ұрынған, кінәлі) – таным процесіндегі қателіктерінің өспелі нақтылықпен алғандағы түбегейлі мүмкіндік беретін идеясы, постпозитивизм бағыты. Фаллибилизм принципі Поппердің толеранттылық принципімен сәйкес.

ФАЛСАФА (грек сөзі философияның арабша аталуы) – антикалық философиялық пайымдауды үлгі еткен араб ойшылдарының философиясы.

ФАЛЬСИФИКАЦИЯ (лат. falsus – жалған, facio – жасау) – ғылыми қоғамдастықтарда қабылданған іргелі теорияларға сәйкестендіру мақсатында, тәжірбиелік және теориялық тексерулердің нәтижесінде болжамдардың жалғандығын айқындайтын ғылыми процедура немесе әрекет. Поппер бойынша, фальцификация принципі ғылым және философия дифференцациясының сыни негізі түрінде жүреді.

ФАТАЛИЗМ (лат. fatum – тағдыр, fatalis – қашып құтылмайтын) – антидиалектикалық дүниетанымдық тұжырымдама. Фатализмге сәйкес дүниеде орын алатын барлық құбылыстар мен процестер алдын-ала белгіленіп қойылған, яғни әлемде тағдыр, жазмыштың бұлтартпас үкімі жүреді. Ендеше, бұл әлемде бостандыққа, шығармашылыққа орын қалмайды, бәрі де қажеттіліктің үстемдігіне бағындырылған. Дүниедегі заттар мен құбылыстар, оқиғалар мен жағдайлар реті о баста, алдын-ала белгіленіп, «маңдайға жазылып» қойылған. Фатализмнің варианттары көп, бірақ солардың бәріне ортақ нәрсе – орын алып отыратын жағдай қисыны адамға байланысты емес, енднше, оның қолында тұрған жоқ деп қарастырылуы. Теологиялық фатализм тарихтағы оқиғалар мен адам өмірінің қилы жағдайларын Құдайдың құдіретімен анықталады деп түсіндіреді.

ФАЦЗЯ (легистер, «заңшылдар») – Ежелгі Қытайдағы басты идеялық ағымдардың бірі. Фацзяның көрнекті өкілдері – Шань Янь (б.з.б. 390-338), Хань Фэй (б.з.б. 288-233) және т.б. Фацзяны жақтаушылар айырбас сауда қатынастарын дамыту арқылы байыған жаңа ақсүйектердің мүдделерін көксей отырып, рулық құрылыстың сарқыншақтары мен қауымдық – патриархалдық дәстүрге қарсы, елді біріктіру және басқаруды қатаң орталықтандыру жолында батыл күрес жүргізді. Мәселен, Цинь патшалығы тұсында Шан Ян бір сыпыра реформаларды жүзеге асырып, б.з.б. 3 ғ. аяқ кезінде тұңғыш Қытай империясының құрылуына жәрдемдесті. Фацзяның экономикалық және саяси көзқарастарына философиялық негіздемені Хань Фэй жасады. Адамзат қоғамында, сондай-ақ адамдардың іс-қимылына өлшем боларлықтай өз заңдары (фа) болуға тиіс. Ол түрлі әлеуметтік – саяси күштерге қарсы, деспоттық құралдармен елдің қуатын нығайту мен оны гүлдендіру жолындағы күресте мемлекеттің басты қаруы болып табылады. Хань Фэй және фацзяның басқада өкілдері конфуцийшілдікке қарсы болды.

ФЕЙЕРАБЕНД Пол Кар (1924-1994) – ғалым, философ, әдіснамашы. 1958-1989 жылдар аралығында Беркли университетінде профессор, философ қызметін атқарған. Негізгі еңбектері: «Әдіске қарсы», «Еркін қоғамдағы ғылым». Фейерабенд ғылыми таным мен тұжырым процесінде өзінің анархистік көзқарасымен танымал болды. Оның пікірінше, ғылым универсалды әдістерден тұрмайды. Осы пікірін негізге ала отырып, эпистемологиялық анархизмнің негізін қалады. Фейерабендтің көзқарасы кейінірек Томас Кун мен Имре Лакатостың көзқарастарына үлкен әсерін тигізді.

ФЕЙЕРБАХ Людвиг (1804-1872) – классикалық неміс философиясының соңғы өкілі. Оның басты еңбектері: «Христиандықтың мәні», «Болашақ философиясының негізгі қағидалары». Ізбасарлары: Карл Маркс, Фридрих Энгельс. Ол дүниенің материядан тұратынын мойындап, табиғаттың санадан тыс, оған бағынышсыз екенін дәлелдеді. Ол рух пен дене арасының алшақтығын жойды. Фейербах болмысты-бастауыш,сананы баяндауыш деп қарады. Табиғат денелерден, материядан, сезімдік жасайтын құбылыстардан тұрады деді. Табиғат мәңгі және шексіз. Оның ойынша, сана-соның тек көшірмесі. Бірақ ол антропологиялық материализмді қуаттады. «Шындық-идеализмде емес, материализмде емес, шындық тек антропология» деп жазды Фейербах. Ол Христиан дінін де орынды сынады, бірақ діннен біржолата қол үзбеді. «Болашақ филослофияның негізгі қағидалары» еңбегінде қоғамның қозғаушы күші-адамның адамға сүйіспеншілігі, әсіресе, ерлер мен әйелдер махаббаты деп түсінді. Осындай байланысты ол дін деп түсінді.

ФЕМИНИЗМ (лат. femina - әйел) – қоғамдағы әйел рөлі және құқығын кеңейту, сөйтіп оған ерлермен тепе-тең деңгейдегі жағдайлар жасауды талап ететін қоғамдық қозғалыс және рухани ағым. Ұғымды француз тіліне 1840 ж. шамасында француз экономист-философы Ш. Фурье өз еңбектері арқылы енгізген. Бұл ұғым екі деңгейде анықтауды қажет етеді, өйткені феминизм бір жағынан, әйелдердің өзі құқық, бас бостандықтарын қорғау үшін бастаған қоғамдық қозғалысы, екінші жағынан, әйелдің қоғамдағы орнын анықтайтын әлеуметтік – философиялық, социологиялық, психологиялық, мәдениеттанушылық ілімдер жинағы. Қазіргі феминизмде жыныстар қарым-қатынысы мәселесі биліктік қатынас түрі ретінде қарастырылады. Адамзаттың бір бөлігі ғана, яғни еркектер билікті уысына жиып, мәдениет нормалары мен мән-мағыналарын қағидалау еркіне ие болғандықтан, еркектер өз бастарының мүдделерін бүкіл адамзат мүддесі ретінде көрсетеді. Сондықтан жыныстар тепе-теңдігін қамтамасыз ету үшін, бүкіл мәдени құрылым негіздерін өзгерту керек деп түсіндіреді замандас феминистер. Феминизм теориясын жасауға барынша атсалысқан ғалымдар: М.Фуко, Ю.Кристаева, Ж.Бодрийар, Ж.Деррида, Ж.Делез, Ф.Гваттари, Ф.Соллерс, т.б.


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 44 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>