Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Философиялық ұғымдар мен терминдерді оқып-білу, жоғарғы оқу орындарында философия ғылымын оқытудың тиімді формасы, оқу және 9 страница



ДИСКУРСИВТІ (лат. diskursus – пайымдау) – пайымдық, логикалық, тікелей емес, сезімдік, тікелей, интуитивтіден өзгеше түрдегі пайымдық, жанамалылық, логикалық, демонстративтік. Ақиқаттарды жанамалық емес (интуитивтік) және жанамалық (айғақтар негізінде қабылданатын) деп бөлу Платон мен Аристотельде, ал дискурсивтік термині Фома Аквинскийде кездеседі. Метафизиктер ойлаудың дискурсивтік ролін не теріске шығарады, не оны әсіреледі (Вольф және басқ.). Жаңа философия дискурсивтіктің таным тұрғысында маңызды роль атқаратынын мойындайды.

ДОГМАТИЗМ (грек. dogma – пікір, ілім, шешім) – қатып қалған ұғым мен пікірді жақтайтын, тәжірбие мен ғылымда жаңалықтарды мойындамайтын, шығармашылық даму мен ақиқаттың нақтылығын шектейтін принцип, ойлау әдісі. Догматизм ұғымының тарихы діни түсініктердің дамуымен байланысты, яғни, діни догматтарға сенуді талап етіп, оны сынау мүмкін еместігін, ондағы талаптар сенушілердің барлығына міндетті екендігін түсіндіру.

ДУАЛИЗМ (лат. dualis – екі жақты) – Дүниенің бастамасы материалдық және идеалдық негізде қатар пайда болған деген көзқарасты ұстана отырып, монизмге қарсы тұрады. Дуализм материализм мен идеализмді біріктіруге тырысады. Дуализм ілімі әсіресе Декарт пен Кант философияларына тән.

ДУНС СКОТ Иоанн (1265-1308) – ортағасырлық философ-схоласт, францискандық бағытты ұстанған монах. Оксфорд және Парижде білім алған. Оксфорд, Париж және Кельн университеттерінде дәріс берген. Скоттың ілімі доминикандық схоластика мен Фома Аквинскийдің теологиялық жүйесіне қарсы болған. Уильям де Ла Мардың көзқарасын жақтап, Скотт өзінің теологиялық – философиялық ілімінде ақылды емес, ерік-жігерді жоғары қойып, нағыз индетерминистік ұстанымда болған. Теология Дунс Скотт үшін жанға дауа бола алатын «тәжірбиелік даналық» іспеттес. Оның онтологиясы бойыншы, абстрактілік-жалпылық болмыстан, жеке, неғұрлым жетілген болмысқа қарай ауысу акценті байқалады. Осылайша, жалпылық емес, жеке зат (haec ceitas) басты, алғашқы болып табылады. Дунс Скоттың ілімі ортағасырлық мәдениеттің дүниетанымдық дағдарысын байқатады. Бірақ бұл тұйық жүйе интеллектуалдық жолда емес, мистикалық жолда өз орнын тапқандай болды. Дунс Скоттың идеясынан Уильям Оккамның және оккамистердің көзқарастары өз жалғасын тапты. Өмірінде көптеген еңбектер жазып қалтырған, шығармаларының толық жинағы 12 томнан құралады. Негізінен, Аристотельдің, Порфирийдің және Петр Ломбардтың шығармаларына түсініктеме берген. Негізгі шығармасы: Opera omnia..., v. 1 – Civitas Vaticana, 1950.



ДҮНИЕГЕ КӨЗҚАРАС – жеке дамның, әлеуметтік топтың, таптың немесе тұтас қоғам қызметінің бағытын және шындыққа деген қатынасын айқындайтын принциптердің, көзқарастардың мақсат-мұраттар мен сенімдер жүйесі. Дүниеге көзқарас қоғамдық саланың барлық формаларына қатысты элементтерден құралады: онда философия ғылымы саяси, адамгершілік және эстетикалық көзқарастар үлкен роль атқарады. Ғылыми білімдер дүниеге көзқарас жүйесіне ене отырып, адамның не­месе бүкіл топтың қоршаған әлеуметтік және табиғат шындықтарын бағдарлау мақсаттарьна қызмет етеді; Сонымен қатар ғылым адамды әртүрлі нанымдар мен адасулардан құтқарып, оның шындық болмысты ақыл-ой арқылы тануына жағдай жасайды. Адамгершілік принциптері мен нормалары адамдар арасындағы қарым-қатынастар мен олардың мінез-құлықтарын реттей отырып, эстетикалық көзқарастармен қатар қоршаған ортаға, қызмет формаларына, оның мақсаттары мен нәтижелеріне деген мүдделілігін анықтайды. Барлық антагонистік қоғамдарда дүниеге көзқарасты қалыптастыруда дін үлкен роль атқарады. Философиялық козқарастар мен сенімдер бүкіл дүниеге көзқарас жүйесінің негізін құрады. Философия дүниеге көзқарас қағидаларын түсініп-ұғыну саралау және негіздеу қызметін атқарады; ол ғылым мен практиканың жинақталған мәліметтерін теориялық жағынан қорытындылап, оларды шындықтың объективтік және белгілі бір тарихи көрінісі түрінде бейнелеуге тырысады. Дүниеге көзқарастың ең басты зерттеу объектісі философияның негізгі мәселесі. Осы мәселенің шешіміне байланысты дүниеге көзқарастың негізгі екі көрінісін анықтауға болады: олар материалистік және идеалистік дүниеге көзқарас қоғамдық болмыстың бейнеленуі болып табылады.

ДҮНИЕНІҢ ДІНИ БЕЙНЕСІ – негізгі элементі – жалғыз Құдай бейнесі (монотеистік діндер) немесе құдайлар санының көптігі (политеистік діндер). Қай уақытта болмасын, барлық діндер біздің эмпирикалық шындық өз бетімен өмір сүре алмайды және өзін-өзі қамтамасыз ете алмайды, тек жаратылған, себебі ол екінші, нағыз, ақиқат шындықтың – Құдайдың жемісі, проекциясы деп есептейді.

ДҮНИЕНІҢ ҒЫЛЫМИ БЕЙНЕСІ – шындықтың жалпы қасиеттері мен заңдылықтары туралы түсініктердің іргелі ғылыми түсініктерді, принциптерді және теорияларды жалпы қорыту мен синтездеу нәтижесінде құрастырылған тұтас бейнесі.

ДҮНИЕНІҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ БЕЙНЕСІ – көптүрлі. Бірақ бәрі адам және дүние қатынасының төңірегінде қалыптастырылған. Бұл қатынас материалистік немесе идеалистік, диалектикалық немесе метафизикалық, объективтік немесе субъективтік тұрғыдан түсінілуі мүмкін.

ДҮНИЕТАНЫМ – адамдар мен табиғатқа, жалпы құндылықтарға, моральдық нормаға тұлғаның жалпы қатынасын білдіретін негізгі сенім, қалып, таным немесе қоғам мүшелерімен ортақ көзқарас қалыптастырып, қоршаған ортамен қатынас қалыптастыруындағы негізгі өлшем. Дүниетаным – адамның дүниені ақиқатпен теориялық және практикалық жағынан бірлікте тану мақсатындағы рухани-практикалық тәсілі. Дүниетанымда тұтас адамзат әлемі моделі сияқты мәдениет категорияларының жүйесі көрініс тапқан.

ДХАРМА (санскрит – dharma) – бірнеше мағынаға ие ұғым. Ең әуелі Будда ілімі, рухани білімнің квинэссенциясы дегенді білдіреді, ар-ұждан, адамгершілік ілімі, әділеттілік, міндет, заң, табиғи, діни қағида және тағы басқа ұғымдарды біріктіреді. Төмен Дхарма қарапайым деңгейдегі құбылыстардың әрекетін, ал Жоғарғы Дхарма болмыс заңдылықтарының асқақ деңгейде әрекет етуін түсіндіреді. Тағы бір мағынасы – болмыстың элементтері. Әлемдік процесс – себептерден туындайтын және өшуге бағыт алған нәзік, өткінші 72 дхарма-элементтердің өзара әсер етуі және оның соңғы нәтижесі – абсолюттік тыныш күйге, сөнуге жету.

ДІН ФИЛОСОФИЯСЫ – кең мағынасында – дінге қатысты философиялық ұстанымдардың, оның табиғаты мен функциялары туралы концепциялардың, құдайшылдықтың өмір сүруінің философиялық негіздемелерінің, сонымен қатар, оның табиғаты және дүние мен адамға қатынасы туралы философиялық пайымдаулардың жиынтығы; тар мағынасында – құдайшылдық пен дін туралы автономдық пайымдау, философиялық пайымдаудың ерекше типі.

ДЮРКГЕЙМ Эмиль (1858-1917) – француз әлеуметтанушысы және философы, позитивист, Конттің ізбасары, Сорбон профессоры. Дюркгеймнің пайымдауынша, социология заңдары қоғамдық және адамның психикасы заңдарынан айырмашылығы бар ерекше рухани реалдылық ретінде зерттеуге тиісті, қандай қоғам болмасын жалпыға ортақ түсініктерге негізделеді, ғалым әлеуметтік деректермен – адам санасына өз ықтиярынсыз қоғамдық ортаның күштеп енгізетін (құқықтық, моральдық, діни сенімдер, әдет-ғұрыптар және т.б.) бірлескен ұжымдық түсініктермен істес болады. Қоғамдық дамуды Дюркгейм 3 фактордың әсері арқылы түсіндіреді: халықтың қоныстануының тығыздығы, қатынас жолының дамуы, бірлескен коллективтік сана. Кез келген қоғамға әлеуметтік ынтымақтастық тән. Қауымдық құрлыс кезінде ынтымақтастық қан тектесіне негізделген қарапайым түрде болды. Қазіргі дүниеде ынтымақтастық қоғамдық еңбекті бөлісіп істеуге, яғни күн көрісті қаражат табуға, таптық бірауыздылыққа негізделген «органикалық сипат» алды. Дінді Дюркгейм қоғамдық өмірдің маңызды жағы деп есептеген. Дюркгеймнің пікірі бойынша, қоғам өз-өзіне дін арқылы табынады, өзін-өзі дін арқылы құдіретті етеді. Негізгі шығармалары: «Қоғамдық еңбек бөлінісі туралы» (1893), «Әлеуметтану әдісі» (1895), «Діни өмірдің қарапайым формалары»(1912).

-Е-

ЕЛЕСТЕТУ – қазіргі сәтте сезім мүшелеріне тікелей әсер етпейтін, бірақ бұрын олар белгілі бір формада қабылданған заттың сезімдік бейнесі. 1) ертеректе қабылданған заттың немесе құбылыстың бейнесі; 2) елестету арқылы жасалған бейне.

ЕҢБЕК – бұл «ең алдымен... адамның өз іс-әрекеті арқылы бір-бірімен және табиғатпен зат алмасуына жанама әсер етіп, оны реттеп және бақылап отыратын процесс» (Маркс К., Энгельс Ф. 23-т. 188-б.). Еңбек адамның табиғатқа белгілі бір көзқарасы. Сыртқы табиғатты өзгерте отырып, адам сонымен бірге өз табиғатын да өзгертеді. Сыртқы табиғаттың өзгеруі дегеніміз ең алдымен заттарды адам қажетіне бейімдеу. Еңбек мынадай карапайым сәттерді қамтиды: 1) мақсатты іс-әрекетті немесе еңбектің өзін; 2) еңбек затын; 3) еңбек құралдарын, 4) еңбектің нәтижесін. Еңбектің табиғатты өзгертетін қарапайым сәттері дайын түрінде берілмей, еңбектің өзімен жасалған жағдайда ғана пісіп-жетіледі. Егер қоғамда еңбек негізінен алғанда физикалық тіршілікті сақтау үшін жасалатын болса, онда бұл тарихи процесс толық аяқталмайды. Тарихи дамудың түрлі типтері (таптарға дейінгі, таптық және тапсыз) негізінде және әртүрлі қоғамдық-экономикалық формациаларда еңбек әрқилы формаларда көрінеді.

ЕРЕСЬТЕР – (грек. hairesis-ерекше сенім ілімі) – қандай да бір діннің ресми сенім көзқарастарын жоққа шығарып, оған оппозициялық немесе жаугершілік бағытта болу. Алғашқы христиандық ересьтер – монтанизм, иудеохристиандық, гностиктер 2-3 ғғ. христиандық догматтардың шарттарына қарсы ағымдар болды. 4-5 ғғ. христиандық Рим империясының мемлекетттік дініне айналған кезде – ариандық, несториандық, монофизиттер қалыптасты. Ересьтердің көтерілісі (құдайсүйгендер, вальдендер, альбигойлар, беггардтар, табориттер) ортағасырларда феодалдық қоғамда католиктік шіркеудің билігі үстем болған кезде кеңінен бел алады. Ересьтер негізінен шіркеу тарапынан қолдау көрсетіліп отыратын фелдалдарға қарсы бағытталған бұқара халықтың әлеуметтік көтерілісі болды, кейін олар капиталистік қоғамда діни секталарға айналып кетті.

ЕРІК – адамның белгілі бір іс әрекетті атқаруға деген саналы құлшынысы. Идеализм ерікті сыртқы ықпал мен жағдайларға тәуелсіз және объективті қажеттілікпен байланысты қасиет емес, қайта адамның идиалистік тұрғыдан көрінетін, «азат» еркінің көрінісі ретіндегі іс-әрекеті мен қимылы түрінде қарастырады. Шынына келгенде адамның ерік қызметінің көзі объективті дүние, адамның дүниені өзгертуге бағытталған және табиғаттың объективті заңдарына негізделген нақты – практикалық іс-әрекет болып табылады. Субъектің ішкі жағдайларының шоғырлануы арқылы (қажеттері, мүдделері, талап-тілектері, білімі және т.б.) бейнеленген объективті дүние оның әртүрлі мақсаттар қоюына, шешімдер қабылдануына, белгілі бір қимылдар жасауына мүмкіндік туғызады. Субъектінің талап-тілегін ғана негізге ала отырып тандау жасайтын (волюнтаризм, экзистенциализм) ерік емес, объективті қажеттілікке сәйкес тандау жасайтын ерік азат болады. Энгельстің айтуынша, ерік азаттығы – істі біле отырып шешім қабылдау қабілеті. Шопенгауэр мен оның ізбасарларының философиясында ерік – дүниенің көзсіз соқыр, ой-санасыз, мақсат-мүддесіз бастапқы негізі, яғни, Кант іліміндегі «өзіндік заттың» бір көрінісі.

ЕУРОПОЦЕНТРИЗМ – философия мен мәдениеттануда ғылым, өнер, философия, әдебиеттің құндылықтары тек Еуропада ғана пайда болды деп тұжырымдайтын концепция.

-Ж-

ЖАҒДАЙ – заттың өзін қоршаған құбылыстарымен қызметін көрсететін философиялық категория, ол зат осы құбылыстарға байланысты ғана өмір сүре алады. Заттың өзі шартты нәрсе, ал жағдай –затқа сырттай салыстырмалы объективті дүниенің алуан түрлілігі сияқты көрінеді. Табиғат заңдарын білгеннен кейін адамдар өз іс-әрекетіне қолайлы жағдайлар жасап, қолайсыздарын жояды. Жағдай құбылыстар мен процестерге ықпал жасай отырып, өзі де солардың ықпалына ұшырайды. Мәс., адамдардың материалдық және рухани өмірінің белгілі бір жағдайында пайда болған қандай болмасын осы жағдайдың өзін одан әрі түбірімен өзгертеді.

ЖАН (грекше psyche, латынша anima) – көне грек философтарының түсінігінде дене мен материяға қарама-қарсы субстанция, психикалық құбылыстардың, сезімдер мен ұмтылыстардың, тірі мақұлықтың негізі және оның санасының талпыныстарының жиынтығы.

ЖАРАЛЫСТАНУ – табиғат туралы ғылым; тұтас алынған жаралыстану ғылымдарының жиынтығы; адам ілім-білімнің негізгі үш саласының бірі (қоғам және ой-толғам туралы ғылымдармен қатар). Жаралыстану - өнеркәсіп және ауыл шаруашылық техникасы мен медицинаның теориялық негізі; философиялық материализм мен табиғатты диалектикалық тұрғыдан ұғынудың табиғи ғылымы – іргетасы. Жаралыстанудың зерттеу объектісі материяның әралуан түрлері мен олардың табиғаттағы қозғалыс формалары, олардың байланыстары мен заңдылықтары. Өзінің мазмұны және табиғат құбылыстарын зерттеу әдістері жағынан жаралыстану – эмпирикалық және теориялық болып, ал өз объектісінің сипаты бойынша - өзіне өлі табиғаттың қозғалу формаларын (мех., физ., хим. және т.б.) тақырып ететін органикалық емес және тіршілік құбылыстарын тақырып ететін органикалық болып бөлінуі мүмкін. Жаралыстанудың ішкі құрылымы, ғалымдардың саралануы осымен анықталады. Табиғат туралы ғылымды яғни «физикалық» ғылымды, әлемнің бейнесін әзірлеуге қатыса отырып, жаралыстану негізінен өзінің теориялық жағынан (ұғым, категория, заңдар, теория, болжам), сондай-ақ ғылым зерттеулерінің тәсілдері мен әдістерін әзірлеуі жағынан философиямен ұштасады; ол философияның дамуына тікелей ықпал етеді, табиғат туралы ғылым ретінде ашылған жаңалықтарға байланысты материализм формаларының ауысуына заңды түрде себепші болады. Екінші жағынан жаралыстану техникамен, өндіріс процессімен мейлінше тығыз байланысты.

ЖАТТАНУ – бастапқы бірліктің бұзылуының нәтижесінде қалыптасатын, субъект табиғатының жұтаңдануында, өзгеруіне, бұрмалануына әкелетін субъект пен оның қандай да бір функциясының арасындағы қатынастар; сонымен қатар, осы бірліктің бұзылу процесі. Сонынмен қатар, жаттану – өздері жасаған, өз іс-әрекеті туындыларының адамдарға үстемдік етуі, адамдарға қарсы тұратын жау (жат) күшке айналуын білдіретін ұғым. Адамдардың практикалық және рухани қызметі нәтижелерінің қоғамдық қатынастар немесе қалыптасқан, дәстүрлер мен ұғымдардың дамуының құралы болудың орнына, керісінше, адамдарды өз дамуының құралына айналдыруы. Жаттануды алғаш байқап, ол туралы ой айтқан XVIII ғ.француз (Руссо) және неміс (Шиллер, Гете) ағартушылары болды. Жаттану проблемасын зерттеу кейіннен неміс классикалық философиясында жалғасты. Әсіресе Гегель философиясында жаттану идеясы кең орын алды.

ЖАҺАНДЫҚ ПРОБЛЕМАЛАР – бір-бірімен тығыз экономикалық, ғылыми-техникалық, саяси, мәдени байланыстағы біртұтас адамзат қауымдастығының қалыптасуы. Жаһандану үрдісі әртүрлі елдермен жақындасу, бүкіл адамзаттың ортақ тағдырын сезіну, ұлттық мәдениет жетістіктері, жаңа технологиялармен алмасуға әкеледі. Сонымен қатар жаһандану үрдісі біршама бүкіладамзаттық теріс салдары бар проблемаларды тудырды. Мысалы: 1) дүние-жүзілік термоядорлық соғысқа жол бермеу, қарусыздандыру және халықаралық қатынастардың бейбіт негізінде дамуы үшін жағдайлар жасау; 2) бүгінгі қалыптасқан тәндік-сезімдік өмір бағыт негізінде тойымсыздық, табиғи ресурстарды өлшемсіз пайдалану, қоршаған ортаны ластау – адамзатты болашақ экологиялық апатқа әкелу мүмкін, сондықтан табиғи ресурстарды ұтымды және кешенді пайдалану; 3) демографиялық мәселелер, яғни жер бетіндегі халықтың тым тез қарқынмен өсуі; 4) жер бетіндегі әлеуметтік әділетсіздіктің ең сұмдық көріністері – ашаршылық пен қайшылықты болдырмау, бұл «Солтүстік пен оңтүстік» проблемасы – дамыған елдер мен дамып келе жатқан елдердің арасындағы қайшылықтан көрініс табуда. Жалпылай келе, экватордан жоғары орналасқан елдердің даму қарқыны мен өмір сүру деңгейі төмен жатқан елдерден анағұрлым биік. Дамыған елдерде тойымсыздық жолына түскен 6 млрд. тұрып жатса, жер бетінде осы күнге дейін тағы 1 млрд. жуық адам, басқа қажеттіліктерді өтеуді айтпағанда, күнбе-күн азық-түлікке жарымай отыр, ал 75 млн. адам аштықтың зардабынан жыл сайын дүниеден кетеді. 5) білім беру мәселесі – халықтың білім деңгейін көтермей, бүгінгі технологияларды игеру мүмкін емес; 6) Денсаулықты сақтау мәселесі – бүгінгі таңда адамзаттың қоршаған ортаны түбегейлі өзгертуі мен адамдардың денсаулығы төмендеуінің арасындағы байланыстың анықталуы: жүрек, бүйрек, бауыр, мұрыннан қан кету, СПИД, қатерлі ісік, депрессия (жүйкені тозуы), жұқпалы аурулар «цивилизация аурулары» деген атқа ие болып отыр. Жаһандану мәселелерін шешу жолдарын зерттеуде, негізінен, екі бағыт қалыптасты. Олар: технооптимизм (Дж.Гельбрайт, Р.Арон, Д.Бэлл, Ж.Фурастье, А.Тофлер) және технописсимизм (Г.Маркузе, К.Лоренц, Д.Гудмен, т.б.).

ЖЕРҰЙЫҚ – Асан қайғының іздеген жер жаннаты. Ол жердің суы сүт, шөбі шүйгін, топырағы май, тасы алтын, халық зардабы, қырғын-соғыс, бай мен кедей бөліністері жоқ елді мекен. «Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман» деген түсінік береді.

ЖҮЙЕ - өзара қатынастар мен байланыстарда болатын, белгілі бір тұтастықты, бірлікті құрайтын элементтер жиынтығы. Жүйе ұғымы қазіргі философияда, ғылымда, техникада және практикалық іс-әрекеттері маңызды роль атқарады. Жүйелі шешім және жүйелердің жалпы теориясы салаларында 20 ғ. ортасынан бастап қарқынды зерттеулер жүргізілуде. Жүйе ұғымының ертеден келе жатқан тарихы бар. Бүтін өзінің бөліктерінің қосындыларынан үлкен деген тезис ежелгі кездің өзінде-ақ қалыптасқан. Стоиктер Ж. дүние әлемінің тәртібі (реттілігі) деп түсіндірген. Философияның даму тарихында жүйенің өзіндік ерекшеліктерін ашуға ежелден (Платон, Аристотель) бастап көп көңіл бөлініп келеді. Танымның жүйелі екендігін Кант ерекше атап көрсеткен: бұл бағытты Шеллинг пен Гегель онан әрі дамытты. 17-19 ғ. жеке ғылымдарда жүйенің нақтылы типтері (геометриялық, механикалық және басқа жүйелер) зерттелген. 20 ғ-дың ортасында кибернетика және соған байланысты ғылыми және техникалық пәндердің топтары басқару жүйесінің үлкен күрделі жүйе механизмдерін түсінуде зор маңызға ие болды. Тұтастық, элемент, жүйенің жүйесі, байланыс, қатынас, құрылым және басқа ұғымдар мен жүйе ұғымы тағыз байланысты.

ЖЫРАУ – қазақ дәстүрлі поэзиясының басты өкілі, топ алдында сөз сөйлеуші, қобыз, домбырамен сүйемелдеп жыр шығарушы ерен тұлға, хан мен билердің ақылгөйі, хан ордасындағы халық жаршысы. Бізге белгілі жыраулар поэзиясы қазақ пен ноғай айырылысқан заманнан бері пайда болып, Махамбет пен Зарзаман (14-18 ғ.ғ.) өкілдерінің шығармашылығында шарықтау шегіне жетеді. Жыраулар поэзиясын грек антиктік заманындағы эпикалық дәстүрмен, Еуропадағы ортағасырлық рыцарлық әдебиеттің құбылысымен салыстыруға болады. Айырмасы біздегі жыраулық поэзия авторлық поэзия және таза жыр-дастан поэзиясы емес, дәстүрлі танымдағы лирика, онда асқақ елсүйгіш сезімін романтикалық дәрежеге, имани ұстаным деңгейіне көтерген. Жыраулық поэзия көшпенділер тірлігінің жағдайында сахнасыз театр, риторика, софистика, дәстүрлі өмір философиясы қызметін атқарған.

 

-З-

ЗАҢ – құбылыстардың жүйелі түрде өзгеруіне себепші болатын оның ішкі, мәнді және тұрақты байланысы. Заңды білу негізінде процесс барысын дұрыс болжауға болады. Заң ұғымы жүйенің өзгерісіндегі тұрақты тенденцияны немесе бағдарды қамтамасыз ететін мазмұны жағынан өзара байланысқан. Заң ұғымы заңдар жиынтығы болып табылатын заңдылық ұғымына жақын. Сонымен бірге заң мәннің бір қырын білдіреді, мәнді теорияда тану эмпирикалық деректерден зерттеп отырған процестердің заңдарын тұжырымдауға көшумен сәйкес келеді. Заң дегеніміз – мәнді нәрсенің универсум қозғалысында бейнеленуі. Заңның объетивтік дүниедегі типтері өте көп. Заңдардың бірі объекті қасиеттерінің арасындағы өзара функционалдық байланысты (мыс., масса мен энергияның өзара байланысы заңын) басқалары – кең көлемді системалардағы материалдық объектілердің араларындағы өзара байланысты (мыс., электромагниттік және гравитациялық өзара әрекет заңын), системалар арасындағы немесе системалардың даму барысындағы әртүрлі күй-жайлары мен кезеңдерінің өзара байланысын (мыс., антропияның өрбу заңы, сандық өзгерістердің сапалық өзгерістерге өту заңы т.б.) көрсетеді. Сонымен қатар заңдар жалпылық дәрежесі мен әрекет ету аясы бойынша ажыратылады. Жекелеген немесе ерекше заңдар денелердің нақты физикалық, химиялық немесе биологиялық қасиеттерінің арасындағы байланысты көрсетеді. Жалпы заң материяның универсалды қасиеттері мен атрибуттарының арасындағы өзара байланысты сипаттайды. Олар материяның барлық белгілі құрылымдық деңгейлерінде байқалады және басқа ғылымдардың жетістіктерін қорыту негізінде диалектикалық негізде зерттеледі. Дүниедегі барлық құбылыстар белгілі бір заңға бағынады, яғни бәрі де объективтік заңда шартталған. Себептердің әртүрлі формалары мен заңы бар. Егер жүйенің алдыңғы күй-жайлары, оның кейінгі күй-жайларын алдын ала анықтайтын болса, онда мұндай жүйенің өзгеруі бірыңғай себептерге, динамикалық заңға бағынады. Егер күрделі жүйедегі алдыңғы күй-жайлар, кейінгі күй-жайларды бірыңғай анықтамаса, онда мұндай жүйенің өзгеруі ықтималды-статистикалық заңға бағынады. Табиғаттағы заңдар материалдық денелердің объективті өзара әрекеті нәтижесінде, санының қатысынсыз іске асады. Қоғамда барлық әлеуметтік заңдар адамдардың саналы іс-әрекетінің субъективтік факторының арқасында іске асады. Заңның іске асуы қажетті жағдайлардың болу, болмауына тәуелді. Жағдайлар жасау заң туындайтын салдардың мүмкіндік аясынан шындық аясына өтуін қамтамасыз етеді. Бұл жерде адамдар заңды жасамайды, тек өздерінің қажеттіктері мен мүдделеріне сәйкес заң қолдану аясын шектейді немесе кеңейтеді. Ал заң заттардың қасиеттерінің немесе дамудың әртүрлі тенденцияларының қажетті, мәнді, ішкі қатынастарының көрінісі ретінде адамдардың санасынан тыс, объективті болады.


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 46 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>