Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Философиялық ұғымдар мен терминдерді оқып-білу, жоғарғы оқу орындарында философия ғылымын оқытудың тиімді формасы, оқу және 15 страница



НАНЫМ – субъектінің жағдайы, ол жеке адамның рухани дүниесімен тығыз байланысты болады, идеяларда бейнеленетін, объект туралы белгілі бір ақпарат хабарының негізінде пайда болады, басқа да сезімдермен қатар наным сезімімен қосарласып, адам қызметінің мотиві, стимулы, мақсаты және бағдары болып табылады. Философия мен психология тарихында наным теориясы үш түрге бөлінеді: көбінесе сезім ретінде қарастырылатын эмоциялық наным (Юм, Джеймс және т.б.); интеллектінің феномені ретінде түсіндірілетін интеллектуалдық наным (Дж, Ст. Миль, Гегель және т.б.); ерік атрибуты деп танылатын ерік наным (Декарт, Фихте және т.б.). Наным жеке және қоғамдық сананың қажетті элементі, адамдар іс-әрекетінің маңызды кезеңі болып табылады. Наным объектілері – табиғи және әлеуметтік өмір шындығының фактілері, құбылыстары және даму тенденциялары - субъектіге сезімдік жағынан берілмеген және мүмкіндік түрінде ғана көрінеді. Бұл орайда наным объектісі шын мәнінде бейнелі, эмоциялы деп саналады. Индивид, әлеуметтік топ және тұтас алғанда қоғам наным субъектісі бола алады. Наным объектіні ғана емес, сонымен қатар негізінен алғанда оған субъектінің қатынасын, ал сол арқылы субъектінің қоғамдық болмысын, оның қажеттері мен мүдделерін де көрсетеді. Наным феноменінің пайда болуында діни наным ерекше жағдай болып табылады, діни нанымды қоғамның өмір сүруінің өзіне тән жағдайлары туғызады. Теология діни нанымды адам жанының ажырағысыз қасиеті немесе құдай берген рахат деп біледі. Бұл күйінде наным парасатқа, білімге қарсы қойылады.

НАТУРАЛИЗМ – философиялық позиция, барлық бар болып отырғанды табиғатпен теңестіреді, табиғатты болмыстың бөлігі ретінде түсінуді терістейді және теориялық түсіндіруден жаратылыстан тыстың бәрін шығарып тастайды.

НАТУРФИЛОСОФИЯ – табиғат философиясы. Оның ерекшелігі – табиғатқа тұтас күйінде қарап, оны үстірт пайымдау арқылы түсіндіру. Жаратылыстану мен натурфилософия арасындағы шеп, натурфилософияның басқа философия жүйесіндегі орны сияқты философия тарихында өзгеріп отырады. Ертеде натурфилософия іс жүзінде жаратылыстанумен астасып ежелгі грек философиясында әдетте, физика деп аталады. Ежелгі натурфилософияға табиғатты қисынды және жанды біртұтас нәрсе деп антикалық стихиялы диалектикалық түсіндіру және микрокосмос (адам) пен макрокосмос (табиғат) ұқсастығының идеясы жатады (Гилозоим). Натурфилософияның құрамдас бөлігі – космология мен космонения. Натурфилософия элементтері тіпті орта ғасырлардағы схоластикаға тән, олардың мәні негізінен аристотельдік натурфилософия мен космология принциптерін, сондай-ақ неоплотонизмдегі жарық метафизикасын әлемнің геоцентрисиік бейнесіне бейімдеу болды. Қайта өрлеу дәуірінде натурфилософия табиғаттың схоластикалық бейнесіне қарсы күресте көне, негізінен, натурфилософия ұғымдары мен принциптерін сақтады, бірақ табиғи – ғылыми білімнің неғұрлым жоғарғы дәрежесіне сүйеніп, бірқатар терең материалистік және диалект. идеяларды дамыды.



НЕГІЗ – белгілі бір құбылыстың (нәтиженің) өмір сүруіне және оны айқындауға алғышарт жасайтын қажетті жағдай. Негізді анықтау, талқылау және одан нәтиже шығару процесі негіздеу делінеді. Философия мен нақты ғылымдар тарихы негізді іздестіру кезеңі болып табылады, әрі соның көмегімен табиғатты және қоғамдағы құбылыстарды түсіндіруге ұмтылады. Диалектикалық логика жүйесінің категориясы ретінде негізді Гегель түбірлі зерттейді. Оның көзқарасы бойынша негіз дегеніміз орныққан, шешімін тапқан қарама-қарсылық. Гегель қарама-қарсылықты шешу, сайып келгенде негіздің абсолютті іс-әрекетіне және абсолютті негізге әкелетінін анықтады. Гегельден кейінгі буржуазиялық философияда негіз категориясы негізінен жалпы логикалық аспект ретінде қарастырылды. (Шопенгауэр, Вунд, Зигвард, Витгенштейн т.б.). Негіз диалектикасында және нәтижеге жаңа көзқарас негізінен шындыққа сүйенеді, негіздеудің көрініс беруіне жағдай жасайтын формальды негізді және деректерді іріктеу мен оларға түсінік беруде субъективизмді жоққа шығаратын жан-жақты талдау процесіне арқа сүйеуге меңзейді. Заттардың шынайы негізіне олардың мәнін толық шешу арқылы, ішкі қозғалысы мен даму заңдылықтарындағы қарама-қайшылықтарды айқындау арқылы ғана қол жеткізуге болады.

НЕОГЕГЕЛЬШІЛДІК – идеалистік философиялық бағыт, ол 19 ғ. 2-жартысында Англия мен АҚШ-та жаратылыстық-тарихи материализм мен позитивизмге қарсы, дін мен спекулятивті философияны (Г.Х.Грин, Ф.Г.Брэдли, Дж.Ройс, Дж.Э. Мак-Таггарт және т.б) қорғау үшін пайда болды. Неогегельшілдік 19 ғ. басы мен 20 ғ. аяғында марксизмге қарсы бағыт алып, Италияда (Кроче, Джентиле), Ресейде (И.А.Ильин), Нидерландыда (Г.Болланд) тарады. Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында және одан кейін неміс неогегельшілдік идеялар (Г.Глокнер, Р.Кронер, Т.Литт) қалыптасты. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін экзистенциализммен (Ж.Валь, Ипполит, А.Қожев) қосыла отырып, Францияда тарады. Неогегельшілдікке диалектикадан бас тарту немесе оны тек сана саласында ғана қолдану және Гегельді өмір философиясы рухында иррационалдық тұрғыдан пайымдау тән. 30 жылдары неогегельшілдікті Маркузе құрмет тұтты. Қарама-қайшылық мәселесін неогегельшілдер әрқалай шешті: қарама-қайшылықтарды «ымыраластырудан» бастап, мәселені шешудің мүмкіндіктерін мүлде жоққа шығаруға дейін (А.Либерттің «трагедиялық диалектикасы»). Әлеуметтануда неогегельшілдердің кейбір өкілдері Гегельдің рух философиясының кертартпа жақтарын отаршылдық мемлекет саясатында (Б.Бозанкет), одан соң қоғамдағы таптарды татуластыру құралы ретінде фашистік корпоративті мемлекетті «негіздеу» үшін пайдаланады. Бүгінгі күнде қызметін жойған неогегельшілдік орталық 1930 жылы «Халықаралық гегельдік одақ» болып құрылған.

НЕОКАНТШЫЛДЫҚ 19 ғ. 2-жартысында Германияда «Қантқа қарай, кейін!» ұранымен (О.Либман, Ф.Ланге) пайда болған идеалистік ағым. Ол сонда-ақ Францияда (Ш.Ренувье, О.Амлен), Италияда (К.Кантони) және Ресейде (Введенский, Челпанов, «жария марксизм» ағымы) тарады. Неокантшылдық Кант философиясының материалистік және диалектикалық элементтерін жоққа шығарып, оның идеалистік және метафизикикалық белгілерін қайта жанғыртып, дамытады. «Өзіндік зат» мүлдем лақтырылып тасталады немесе субъективтік идеалистік тұрғыдан «шегіне жеткен түсінік», немесе таным (сезімдік белгілері априорлық жасалған деп таңылуы), мақсатты ұмтылыс ретінде түсіндіріледі. Неокантианшылдық немістің екі мектебі: марбургтік (Коген, П.Наторп, Кассирер) және фрейбургтік немесе баден (Виндельбанд, Риккерт) мектептерінде үлкен маңызға ие болды. Оның алғашқысы ғылыми пайымдаулар мен философиялық категорияларды логикалық конструкция ретінде түсіндіре отырып, оның идеалистік тұжырымдалуына ерекше көніл бөлді. Екіншісінің назарында – Канттың практикалық және теориялық сана туралы ілімінің негізінде жаратылыстық және қоғамдық ғылымдардың қарама-қарсылығын және әлеуметтік құбылыстарды ғылыми тұрғыдан танудың мүмкін еместігін, яғни бұған аксиологиялық-нормативтік және телелогиялық тұрғыдан ғана қарау мүмкін екендігін дәлелдеу. Неокантшылдық марксизмге қарсы бағыттағы ревизионизм ретінде қолданылып, ІІ Интернационал (Бернштейн, М.Адлер, К.Форлендер) оппортунистерінің ресми философиялық догмасы дәрежесіне дейін жетті. Ленин мен Плеханов неокантшылдық ревизионизмге тойтара соққы берді. Г.Файхингердің көзқарасының негізінде марбург мектебінің неокантшылдық ілімі неопозитивистердің вена үйірмесіндегі конвенционализмнің қайнар көзі болды, ал Кассирер көзқарасының дамуы философиялық антропологияның семиотикалық тәсіліне алып келді. Германияда бұл ілімнің ықпалының төмендеуіне Н.Гартманның «сыни онтологиясы» әсер етті. Қазіргі күнде неокантшылдықтың қайталануы аксиологияның кейбір ағымдарында өз ықпалын жойған жоқ. Танымда эмпирикалық ұғымдардағы «теориялық салмақтылық» уәжін жоғары қоятын сыншыл рационализм өкілдері неокантшылдық бағытқа жақын.

НЕОПЛАТОНИЗМ ілімініңнегізін салушыАммоний Саккас өзінің артынан ешқандай жазбаша дерек қалдырмағанмен, оның көзқарасы бойынша неоплатонизмдегі негізгі белгілер: платонизм мен аристотелизмді қиыстыру, жанның заттылығы туралы стоиктердің ілімін сынау, рухани бастаманың біржақтылығн мойындау. Неоплатонизм өзінің тарихи дамуынада мынадай кезеңдер мен мектептерге бөлінді: 1) римдік мектеп (3 ғ.) спекулятивтік-теориялық жүйені жасады, негізін салушы – Плотин, өкілдері: Амелий, Порфирий. 2) кішіазиялық неоплатонизм (4 ғ.) – спекулятивтік теориядан бас тартпай-ақ практикалық мистиканы алға қойды. Екі мектептен тұрды: сириялық (Ямвлих, Феодор Асинский, Сопатр Апамейский, Дексипп) және перғамдық (Эдемий Каппадокийский, Юлиан, Салмостий). 3) Жүйелеуші-түсіндіруші неоплатонизм (5-6 ғ.ғ.) афиналық және александриялық мектептердің негінде жасалынды. Афиналық мектептің (Плутарх Афинский, Сириан, Прокл, Дамаскин, Симпликий) теориялық ынтасы жоғары болды. 529 жылы император Юстиниан неоплатонизмді оқытуға қарсы болып, афиналық мектеп жабылады. Александриялық мектеп (Гипатия, Асклепиодот, Аммоний, Иоанн Филофон, Олимпиодор) Платоннан гөрі Аристотельге бағдарлары жақын болды. Кейіннен неоплатонизм христиандық философияға (Августин, Боэций, Эриуген) және араб тіліндегі философияға (әл-Кинди, әл-Фараби, т.б.) өзінің ықпалын тигізді. Неоплатонизмнің белгілері Қайта өрлеу дәуірі (Н.Кузанский, Ф.Патрицци, Дж.Бруно) және жаңа заман (кембридждік платондықтар, спиноза, Лейбниц, Берклий) ойшылдарының көзқарастарынан көрініс тапты. 18 ғ. соңында неоплатонизм дәстүрін жалғастыру тоқтайды.

НЕОПОЗИТИВИЗМ (логикалық позитивизм) – позитивизмнің қазіргі заманға формасы. Философияны табиғи және жасанды тілдерді сараптаушы қызмет түрі ретінде түсіне отырып, неопозитивистер белгілік-символдық құралдардың ғылыми танымдық рөлін, білімді математизациялау мүмкіндігін, ғылымның теориялық аппараты мен эмпирикалық базисінің арақатынасын анықтауда белгілі бір нәтижелерге жетті. Олар ғылыми білімдерді тексерудің негізгі принциптері ретінде верификация, фальсификация және конвенция принциптерін ұсынды. Көрнекті өкілдері К.Поппер, И.Лакатос, Т.Кун, Б.Рассел, Л.Витгенштейн, Р.Карнап.

НЕОПРОТЕСТАНТИЗМ – бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Европада (К.Барт, Э.Бруннер), 30 ж. АҚШ-та (Рейнгольд және Ричард Нибурилер, П.Тиллих және т.б.) кеңінен тараған буржуазиялық діни ілімдегі бағыт (Диалектикалық теология). Неопротестантизм либералдық христиандықты қатал сынға алып, абсолюттік әмір иесі құдай мен өзінің мүмкіндігі жағынан шектеулі адамды біріне-бірін қарсы қойды. Неотомизмдегі құдай болмысы мәңгі заң делінген ұғым, неопротестанттық философиялық ілімде құдай өзінің еркін ерікті түрде орындайтын субъект деп алмастырылды. Неопротестанттық көзқарас тұрғысынан адамның жердегі болмысы құдайға қарсы және оның еркіне қайшы келеді, адамның жоюға келмейтін күнәһарлығы да осында. Бұл бағыттың өкілдері адамды «құдайға қарсы бүлік шығарушы», тарихты өзі жасаушы тәуелсіз тұлға деп қарастырады. Неопротестанттар өз этикасында христиандық моральды әлеуметтік практикада «іске аспайтын мүмкіндік» ретінде қарастырды.

НЕОРАЕАЛИЗМ – 20ғ. ағылшын-американ философиясындағы ағым. Негізгі өкілдері: Англияда–Мур, Рассел (қызметінің бастапқы кезеңінде), Александер, Ч.Д.Броуд; АҚШ-та–Р.Б.Перри, У.П.Монтэгю және т.б. Германияда – Ф.Брентано, Н.Гартман және т.б. Неореализмнің таным теориясының негізінде бейнелеудің материалистік теориясына қарсы бағытталған «дуализм» ретінде сыналған «тәуелсіздіктің иманенттігі» идеясы, танылуға тиіс заттың тікелей санада болу мүмкіндігін, бірақ соған қарамастан өзінің өмір сүруі мен табиғат тұрғысынан алғанда танымға қатыссыздығын мойындау жатыр. Неореалистік танымның бір теориясы «эпистемологиялық монизм» - мысалы, Расселде тәжірибедегі «тәуелсіз элементтердің»махистік тұжырымымен және физикалық пен психикалықтың «функционалдық» өзгешелігімен байланысты. Онтологияда неореализм «идеяалды өмір сүретін» қасиетке ие жалпы ұғымдардың жиынтығын, сондай-ақ нәрселердің өздерін құрайтын қатынастардың тәуелсіздігін мойындайды («сыртқы қатынастар теориясы»). Неореализмнің гносеологиялық мәні – жалпылықтың жеке заттардан алшақтауы, сондай-ақ логикалық байланыстар мен ұғымдарды онтологизациялау. Неореализмде сондай-ақ әмбебаптық философиялық жүйені идеалистік тұрғыдан түсіну теориясын дамытудың негізінде дамыған «космологиялық» бағыт та бар (Александердің эмерджентік эволюция теориясы, Уайтхедтің «үрдіс философиясы», Я.Х.Смэтстің холизмі).

НЕОФРЕЙДИЗМ – адамды, қоғамдық институттар құрылымындағы оның орны мен рөлін зерттеуде психоаналитикалық қағидаларға негізделген қазіргі буржуазиялық философиядағы бағыт. Неофрейдизм өзiнiң тұйықталушылығы мен кeлeшeксіздігі байқалған фрейдизмнің кейбір жағдайларын қайта қарау нәтижесінде 30-жылдары пайда болды. Неофрейдистер (К.Хорни, Г.Салливэн, Фромм) классикалық психикалық талдаудың қақтығыс ситуацияларын тудыратын, санадан тыс болатын механизмдер мен психика құрылымын ұғындырудың, жүйке ауруының жыныс қозушылықтан пайда болуы және өлім инстинкті туралы болжамдардың бірқатар тұжырымдары мен қорытындыларын сынға алды. Дегенмен, әpбip жанға о баста тән адам қызметінің иррационалдық ceбeбi мен қоса психикалық талдаудың маңызды схемалары және қоғамдық құрылымды зерттеудің психоаналитикалық әдici өзінің маңыздылығын неофрейдизмде сақтай алады. Жеке адамның ішкі тіл қақтығыстарының туындауына елеулі түрде әсер ететін әлеуметтік және мәдени процестерге мән бере отырып, неофрейдизм өкілдері адамның ішкі әлемі көкжиегін кеңейткен санадан тыс әрекеттердің фрейдтік тұжырымдарына сүйенеді. Классикалық психикалық талдау адамның өмip cүpyi және оның қалай өмір сүру кepeктiгi және не істeyгe тиістігі ту­ралы мәселелерге кең жауап бере алған жоқ. Неофрейдистер осы олқылықты толтырғысы келеді. Олар адам өзінің даралығын жоғалтатын, сыртқы дүниеден және өзінен жатқа айналатын, адамдық өлшемдерден арылатын, жеке адамның азғындауының және қоғамдық мүдде мен жеке мүдде арасындағы қайшылықтардың себептерін аша алмайтын қазіргі батыс қоғамына сын көзбен қарайды. Адамның жаттануының әртүрлі формаларын жою үміті жеке адамның санасында сыни элементтерді тудыруға және өмірік қасиеттер мен мұраттарды қалыптастыруға жағдай жасайтын «гуманистік психикалық талдауға» жүктеледі. Дегемен, жеке адамды сауықтыру арқылы қоғамды сауықтырудың психикалык-аналитикалық pәciмi утопия болып қалмақ, ал оған негізделген дерексіз-гуманистік жол келешексіз буржузиялық қоғамдағы жеке адамның ұсақталуының дағдарысын жоюға қабілетсіз.

НИГИЛИЗМ (латынша nihil – ештеңе) – мәдениет құндылықтарын, адамгершілікті, мемлекетті жоққа шығару. Батыста философиялық және этикалық нигилизм «уақытты, өткен дәуірді» терістеу ретінде көрініс табады. «Нигилизм» ұғымын ғылыми айналымға енгізген неміс жазушысы және фмлософы Ф.Г.Якоби (1743 - 1819). А.Шопенгауер нигилистік сипаттағы дүниеге толғаусыз қатынастың буддалық теориясын жасайды. Ницше бұл теорияны өзінше қабылдап, нигилизмді «барлық құндылықтарды қайта қарау» ретінде түсінуді ұсынды. Ницше нигилизмді христиан моральының, гуманизмнің дағдарысы ретінде қарастырды. М.Хайдегер «Құдай өлді, Ницше сөздері» (1950) еңбегінде: «Ницше нигилизмді тарих барысында жүзеге асқан процесс ретінде түсінеді», – деп, бұл процесті жоғарғы құндылықтардың құнсыздануы ретінде қарастырды. Құндылықтарды қайта қарау идеологиясы кейіннен француз экзистенциалистерінің (Сартр, Камю) тұлғадан тыс моральдық императивтерден арылу идеяларында өз жалғастарын тапты.

НИКОЛАЙ Кузанский(1401-1464); шын аты – Николай Кребс немесе Крипфс, Кузанский деген атты туған жері Куза на Мозеле деген атаудан алған, неміс философы, схоластикадан гуманизмге және ерте капиталистік қоғамның жаңа ғылымға өту кезеңінің ғалымы және дінтанушысы. Гейдельберг, Падуя, Кельн университеттерінде білім алған. Онда платоншылар, оккамистер, аверроистер философиясымен танысады. Өзін дін жолына бағыштап, 1448 жылы Римнің католик шіркеуінің кардиналы болып тағайындалады. Кузанский математикамен, астрономиямен шұғылданып, күнтізбеге өзгеріс енгізуді ұсынады, Орталық және Шығыс Еуропаның картасын жасайды. Кузанский ортағасырлық ойдың әмбебаптығын тұжырымдап қана қоймай, жаңа дәуірдің алғашқы философы болды. Өмірдегі барлық заттар және оқиғаларды біртұтас деп, дүниенің мәңгі қозғалыста өзгерістерге ұшырайтыны жөніндегі диалектикалық ойды дамытты. Қозғалыстың себебі ішкі қайшылықтардың және қарама-қарсылықтың сәйкес келуі деп білді. Кузанский дін өкілі болғандықтан, дүние тағдырын шешуде тәңір болмысына басты орын берді. Кузанскийдің көзқарасы бойынша, дүние – құдіреттің бір көрінісі, танып білуге болатын шексіздік. Бұл жағынан Кузанский әлемнің кеңістіктегі шектілігі мен оның орталығы – Жер деп қарайтын ортағасырлық ескі түсініктен анағұрлым озық болды. Кузанскийдің ғылыми – философиялық көзқарастары «Ұйғарымдар туралы» (1430), «Күнтізбені түзету» (1436), «Сенім ымыралығы туралы» (1453), «Компендий» (1463) т.б. еңбектерінде көрініс тапқан.

НИРВАНА – «жоғалу», «сөну». Күнделікті өмір бітпейтін күйбең тіршілікке, азап-қасіретке толы бақытсыз болмыс, ал нивана – осы азап-қасірет шегуден, карма заңының негізінде қайта туылудан құтылып, сананың өшуі, болмыстың арамдықтан тазаруы. Адамның бұл күйін сипаттап жеткізу қиын, үнді ойшылдарының өздері нирвананы логикадан және уақыттан тыс деп қарастырады. Әдетте нирвана ұғымын рахат ұғымы арқылы ұғынуға тырысуға болады, бірақ рахат түйсікпен, сезіммен байланысты күй, ал нивана – абсолютте түйсіктер де, сана да, жігер де жоқ, ол зұлымдық пен құмарлықтардың тынышталуы, сезінбеудің толық дәрежесіне жету.

НИЦШЕ Фридрих (1844-1900) – неміс философы, волюнтаризмнің, өкілі және қазіргі иррационализмнің негізін салушылардың бipi. Классикалық философиялық категориялар - «материя» мен «рухтың» орнына Ницше «билеуге epiк» (күшке, мықтылыққа) ретінде «өмірді» кояды. «Билеуге ерік» Ницшеге құбылыс мәнінің критерийі болып та­былады: «Не жақсы?» - «Билеу санасын, билікті қажетсінуді, адамдағы биліктің өзін шыңдайтын нәрсеніің бәpi жақсы». «Не жаман?» «Әлсіздіктен туындайтынның бәpi жаман». Ницше танымды осы тұрғыда бағалай отырып, оны тек «билеудің қаруы» болғанда ғана бар деп есептейді. Ол ғылым заңдарынан жалаң «пайдалы жалғандықты», ал ақиқаттан - пайдалы адасуды көреді. Гносеологиялық релятивизм этикадағы «барлық игілікті қайта бағалаумен» айқындалады, ол «ерекше адам» идеясына орай; «құлдық моральдің» «билеуші мораліне» қарсы қоюмен аяқталады. Ницше әлеуметтік идеалды жокқа шығарады, өйткені одан «құлдардың моральдағы көтерілісін» көреді. Христиандықты олар адамдардың құдай алдындағы теңдігі және «билеу еркін» жойып, өзін-өзі кемсітушілігі үшін қабылдамайды. Ницше діни аңыздар жиынтығын «жанның мәңгілік» қалдығы ретінде «құдай өлімі» мен «мәңгі қайта оралу» туралы аңыздармен алмастырады. Ницше философиясының әлеуметтік негіздері төңкерісшіл жұмысшы қозғалысын өpicтeтyгe бағытталған империалистік буржуазиялық әрекетімен байланысты. Ницшенің жекелеген әлеуметтік – сыни еңбектері кейбір көрнекті жазушылар мен ойшылдарға (Т. Манн, Г. Ибсен, Швейцер) әсер eттi, бipaқ негізгі керітартпалық тұжырымдары оны дамытудың басты бағыты –

неміс фашизмінің идеологиясын анықтап берді. Негізгі еңбектері: «Көңілді ғылым» (1882), «Заратустра солай деген» (1883-85), «Ізгілік пен зұлымдықтың арғы жағы» (1886).

НОМИНАЛИЗМ (латынша nomen – ат, атау) – ортағасырлық философиядағы бағыт, жалпы ұғымдар жеке заттардың атауы ғана деп санады. Ортағасырлық реализмге қарсы бағытталып, нақты өмір сүретін өздеріне тән қасиеттері бар жеке заттар, ал жалпы ұғымдар, универсалийлер ойдың субъективті формалары, жай ғана сөздер, заттардың белгілері мен атаулары ғана, ойлаудан тыс ешқандай объективті шындықты бейнелей алмайды деген пайымдауды ұстанды. 11-14 ғғ. көрнекті номиналистер – Росцелин, Дунс Скотт, У.Оккам. Жаңа заманда номинализм идеалистік негізде Беркли мен Юмның ілімдерінде, қазіргі заманда семантикалық философияда көрініс тапты.

НООСФЕРА, ақыл-парсат сферасы – биосфера дамуындағы, адамның рухани шығармашылығы шешуші мағынаға ие болатын ерекше кезең. Ноосфера ұғымын 20 ғ. 20 ж. Француз философы Э.Леруа енгізді. Араға ондаған жыл салып, ноосфера теориясы Вернадский мен Тейяр де Шарденнің бір кезде іс жүзінде жасалған жұмыстарында өз дамуын тапты. Екі ғалым да дүниетанудың бастау тұсы – Адам, өйткені адамның пайда болуы ғарыштың заттық эволюция процесімен байланысты дегенді негізгі алады. Олар адамның пайда болуын сананың қуатты концентарциясымен, оның өз-өзімен тұйықталуымен байланыстырады, өйткені мұндай қалып дүниеден адамды ерекшелендіретін жеке тұлғаның негізінің пайда болуына бастайды деп есептейді. Бүкіл адамзат бірыңғай тұлғаға біріккенде ноосфераның жасалуы аяқталады. Бірақ эволюция әрі қарай жалғаса, жүре береді. Вернадскийдің пайымдауынша, ол дегеніңіз – планета мен жер айналысы кеңістігінің жаңа қабаттарын қамти отырып саналы түзілуі, ал Т. де Шарден пікірінше, ноосфераның бұдан жоғары эволюциясы адамзаттың Құдаймен қосылуымен қорытындыланатын сапалы өзгерістерге әкеледі. Екі теорияның елеулі ұқсастықтарымен бірге айырмашылықтары да бар: Вернадский ғылыми білімнің пайда болуы мен дамуын тіршілік иесі эволюциясының негізгі векторы деп танып, жоғары бағалады.

НОУМЕН (гр. noumenon) – мәнге тек ақыл-ой арқылы ғана (ой-өріс) қол жеткізуге болатындығын білдіретін, Феноменгекереғар термин. Платон бұл терминді алғаш қолдана отырып, ноуменді өз бетінше өмір сүретін шындық және ойша бағдарлау пәні деп тұжырымдады. Кантта ноумен екі түрлі мағынада қарастырылады; проблематикалық теріс түсінік түріндегі («Таза ақыл-ойға сын») ноумен. Мұнда ол интеллектуалдық интуицияның, талқылаудың объектісі ретінде көрінеді, ал «Практикалық ақыл-парасатқа сында» Кант ноумен туралы дұрыс түсініктің мүмкіндігіне меңзейді, бұл жерде ноумен – сезім-түйсіктен тысқары, пайымдаудың объектісі болып келеді. Бұл күйдегі ноуменге адам өрісі жетпейді, өйткені, Канттың қорытындысы бойынша, адамның аңдау-пайымдау қабілеті тек сезім-түйсікке байланысты.


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 52 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>