Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Философиялық ұғымдар мен терминдерді оқып-білу, жоғарғы оқу орындарында философия ғылымын оқытудың тиімді формасы, оқу және 11 страница



ИУДАИЗМ (көне грек. Ἰουδαϊσμός), «иудейлік дін» (Иуда тізесі деген ұғымды білдіреді) – еврей халықтарының ұлттық және этикалық дүниетанымы мен діні, адамзат баласының тарихындағы ең көне монотеистік діндердің бірі.

ЙОГА (санскр. – байланыс, ойды жинақтау, бірлесу, тәртіп, терең ой) – көне және ортағасыр үнді философиясының жүйесі. Йоганың негізгі Патанджали, Упанишад йога және Титада жүйеге келтірілген. Йога жанды дүние құбылыстары әсерінен азат етуді көздейді. Ондағы мақсат – санадан, өзін өзі танудан арылып, абсолюттік тыныштыққа жету не жеке жанды абсолюттікке, Құдайға жақындату. Олар адамның тынысын, демін, тамақтануын реттеудің ережесін жасады. Йогтар екі түрге бөлінеді: бірі - өмірден безу, екіншісі – этикалық қатаң тәртіпке жүгініп, өзін тек қыспақта ұстау. Йога идеясы 20 ғ. мәдениетіне қарқынды ене бастады. Йоганы түсіндірудің жолдары қай кезеңде болсын көне бастауларға апарады. Йоганы хатха-йога, джанана раджа, бхакти, карма-йога деген бес бағытқа бөліп қарастырады. Джанана азаттыққа жетудің негізгі әдісі деп дүние құбылыстарының себеп-салдарлық ағысының мәнін тануды айтады, хатха-йога денешынықтыру арқылы қуат, күш алуды ұстанады. Білімсіздіктен арылған жан өзін ерікті сезінеді. Раджа-джанананың теориясына сүйене отырып, сыртқы дүниеден қол үзу мақсатымен, адамның ұстамдылығын жетілдірудің психикалық және физикалық әдіс жолдарының жүйесін қарастырады. Өзін-өзі терең тану өліммен тынады. Бхакти азат болудың негізгі жолы деп «жоғарғыға» жан-тәнімен беріліп, сонымен бірігіп кетуді айтады. Бхакти карма-йогамен тығыз байланысты. Карма қоғамға адал қызмет теіп, сол қызметтің жемісінен біржола бас тартуды уағыздайды. Ғасырлық тәжірбиесі бар йоганың практикасы күні бүгінге дейін Үндістанда кең тараған.

 

-К-

КАЛАМ (арабша калам – сөз) – ортағасырлық мұсылман философиясының бағыты, ислам дінінің принциптерін, негізгі көзқарастарын зерттеп, түсіндіруді және қорғауды мақсат еткен. Каламды спекулятивтік теология деп те атайды, бұл жерде спекуляция деген тәжірибеден тыс жатқан заттар туралы білімге ойлау арқылы жетуді білдіреді.



КАЛЬВИН Жан – ФранциядағыРеформация қайраткерлерінің бірі. 1536 жылдан бастап Женеваға қоныстанып, онда іс жүзінде қаланың диктаторына айналды (1541), ақсүйектер билігін шіркеуге бағындыруға қол жеткізді. Кальвин негізін салған протестантизм жүйесі – кальвинизм – сол кездегі буржуазияның «ең батыл бөлігінің» талаптарын білдіреді. Калвинизмнің негізі бір адамдарды «жебеуді» ал екіншілерін «айыптауды» құдайдың алдын ала анықтап қоятыны туралы ілім. Бірақ бұл идея белсенді қызметті бекерге шығармады. Өйткені Кальвин боійынша діндар адам өз тағдырын білмесе де, өзінің жеке өміріндегі жетістіктері арқылы өзін құдай қалаған адам» екенін дәлелдей алады. Кальвинизм бастапқы қор жинау дәуіріндегі буржуазиялық кәсіпкерлікті ақтады. Бұл ұқьптылықтың ең жақсы ізгілігі деп жариялауынан, дүниелік аскетизмді уағыздауынан анық көрінді. Кальвин қалыпты ойлау қабілеті барларды осы тұрғыдан жазғырды. Негізгі еңбегі: «Христиан дініне уағыздау» (1536).

КАМЮ Альбер (1913-1960) – француз жазушысы, философ. Экзистенциализм бағытының өкілі ретінде Камю нигилистік көзқарастағы «абсурд, мағынасыздық философиясынан»моралистік гуманизмге дейін көтерілді.Камюдің танымында ең қайғылы қасірет 20 ғ. «құдайдың өлімі», яғни адамзат баласының парықсыз өмір сүруі, сондықтан өмір сүрудің өзі мән-мағынасын жоғалтты дегенмен астасады. Мұндай мағынасыз ғасырда кездейсоқтық қана үстемдік етеді. Камюдің көзқарасы бойынша, адам санасы мен дүние-әлемдегі қайшылық қақтығысынан мағынасыздық туады. Адамзат қоғамындағы мағынасыздық – Камю концепциясының негізгі принципі. Бұл идея бойынша, бүкіл дүние мағынасыздықтан тұрады. Сондықтан адам баласы да мағынасыз тіршілік етуге, мақсатсыз өмір сүруге мәжбүр деп ұйғарады. Камю сол мағынасыздықтан құтылудың екі жолы бар деп тұжырым, қорытынды жасайды. Біреуі - өзін-өзі өлтіру, екіншісі – бүлікшілік. Камю бүлікшілікті абстракті адамның санасыздық пен мағынасыздыққа қарсы наразылық білдіруі деп түсінеді. Алайда бұл бүлікшілдік төңкерісшілдік мағынасында емес, керісінше, жер бетіндегі мағынасыздық «хаосқа» қарамай, оған қарсы рухыңды берік ұстап, өмір сүру дейді. Камюдің философиялық және көркем шығармашылығын Батыс Еуропадағы рухани атмосферадағы тоқыраудың көрінісі деп тануға болады. Камюдің «Бөтен» (1942) повесі, «Сизиф туралы миф» (1942) филосолфиялық эссесі, «Оба» (1947) роман-притчасы, «Құлдырау» (1956), «Патшалық және қуғындалу» (1957) әңгімелер жинағы, т.б. еңбектері жарық көрген.

КАНТ Иммануил (1724-1804) – неміс философы, ғұлама ғалым, неміс классикалық философия идеализмінің іргетасын қалаушы. Трансцендентальды идеализмнің ізашары. Кант шығармаларында өзгеше төрт кезең дараланады, олар: 1) Табиғи-ғылыми кезең, ол «Жалпыға бірдей жаратылыстану тарихы және аспан теориясы» туындысымен аяқталды. Оның негізгі мұраты – табиғаттың даму идеясы. Ол метафизизикалық көзқарасқа алғашқы соққы болды; 2) Метафизикалық кезең, онда Кант гносеологияға қадам басты және Сведенборг мистикасын сынға алды. («Аруақшыл адамның қиялы», «Сезім дүниесі мен парасат дүниесінің формасы мен негіздері туралы»); 3) Сын кезеңі. Іс жүзінде мұнда гносеология жасалады және таным теориясына субъект және оның қызметі енгізіледі. Бұл кезең «Таза ақылға сыннан» басталып, содан соң «Қандай да болсын болашақ метафизикаға пролегомендер», «Космополиттік сипаттағы жалпыға бірдей тарих идеялары», «Мораль метафизикасының негіздері», «Жаратылыстану ғылымыныц метафизикалық бастапқы негіздері», «Практикалық ақылға сын», «Пайымдау қабілетін сын», «Таза ақыл шеңберіндегі дін» атты еңбектерде әрі қарай жалғастырылды; Кейбір философтар Канттың осы еңбектерінен кейін философияның бүкіл тарихын сынға дейінгі кезең және сыншылдық кезең деп бөледі, мұның өзі оның жалпы философияға орасан зор дәрежеде ықпал еткендігін көрсетеді; 4) Кант шығармашылығының соңғы кезеңі логика, педагогика, физикалық география және антропология туралы лекциялардың жариялануымен сипатталады. Мұнда ол гносеология мен табиғат метафизикасының арасындағы байланыстырушы буынды табуға тырысты.

КАРМА – «іс-әрекет», көне Үнді философиясының ұғымы. Ең мардымсыз деген іс-әрекеттің өзі бүкіл өмір ағымына әсер етеді де, бұл себеп, жақын уақытта болсын, не біраз уақыт өткен соң болсын, - міндетті түрде салдар туғызады, ол жақсы немесе жаман болуы мүмкін. Жағымды істердің нәтижесінде бақыт пайда болады, ал жағымсыз істер азап, қасірет әкеледі. Осы адамгершілік заңдылығы карма деп аталады.

КАРТЕЗИЙШІЛДІК ( Декарт есімінің лат. транскрипциясы ) – Декарттың, әсіресе оның ізбасарларының пір тұтқан ілімі. 17-18 ғ.ғ. француз және нидерланд философтары арасында көп таралған картезийшілдік мектеп екі бағытқа: Декарттың табиғатты механистік-материалистік түсінуіне қосылған прогресшіл бағытқа (Г. Леруа, Ламетри, Кабанис) және Декарттың идеалистік метафизикасына сүйенген бағытқа (окказионализм, Мальбранш) бөлінеді.

КАССИРЕР Эрнст (1874-1945) – неміс философы. Неоканттық Марбург мектебінің өкілі. Кассирер – ерекше бір мәдениет философиясын қалыптастырушы. Кассирер тұжырымы бойынша, кванттық саладағы теориялық тұтас бірлікте көрініс тапқан «мәдениет әлемі» өмір сүреді. Өнердің түрлі салаларын Кассирер «символдық формалар» деп танып (тіл, миф, дін, өнер, ғылым, тарих), оларды бір-бірінен өзгеше, біріктіруге келмейтін білім салалары деп есептейді. Өнер символизмінің ең жоғарғы сатысы ретінде адамды ең биік мағынадағы адам ұғымына көтереді. Кассирер идеясының мәдениеттанудың, эстетиканың, символизмнің дамуына жағымды ықпалы болды. Кассирердің мәдениеттану, эстетика, символизм туралы ойлары «Ақиқат және таным» (1912), «Символикалық формалардың философиясы» (1923-31), «Адам туралы тәжірбие. Адамзат мәдениеті философиясына кіріспе» (1986), т.б. еңбектерінде көрініс тапқан.

КАСТА – үнді қоғамында тарихи пайда болған жабық әлеуметтік топ. Оны кейде варна деп те атайды. Негізінен кастаның 4 түрі бар: Брахмандар (ақтар) – ой еңбегі, негізінен діни қызметкерлер, ел басқарушылар. Кшатрилер (қызылдар) – жауынгерлік іспен айналысушылар. Вайшьилер (сарылар) – еңбекшілер, негізінен, егін егу, мал бағу, қолөнермен айналысушылар. Шудралар (қаралар) – ең ауыр, кір жумыстармен айналысатындар. Тарихи алғы үш каста б.з.б. 1500 жылдары Үнді еліне басқа жақтан келген арий тайпалары. Шудралар – жергілікті сол жерде пайда болған аборигендер болып есептеледі (ab origine – лат. басынан бастап). Әрбір кастанын өзінің әдет-ғұрыптары және басқа касталармен қандай қатынаста болу керек жөніндегі ережелері бар. Үлкен касталардың өзі іштей әртүрлі топтарға бөлінеді. Басқа жақтан келген адамдар бірде-бір кастаның ішіне кіре алмағаннан кейін, өзінше дербес каста болып қалыптаса бастайды. Касталық қоғам қалай пайда болғаны, оған әкелген қандай себептердің болғаны белгісіз болса да, оның негізінде жатқан 3 принципті көрсетуге болады. Олар: Әрбір кастаның ішкі тазалығы және басқалардың сол тазалықты бұзу мүмкіншілігінен пайда болатын үрей, қорқыныш сезімі; Касталық қоғамның пирамидальдық құрылымы. Әр каста өзінен төмен жатқан топтарға жоғарыдан қарап, өзінің қадірлігін сезінуге мүмкіндік алады. Реинкарнация, яғни адамның жан дүниесінің келесі өмірде ауысып кету мүмкіндігі. Әрбір адамның негізгі құндылығы сол өзі туып-өскен каста болғаннан кейін, индустар қоғамның саяси өміріне, жерге, билікке онша көп мән бермеген. Үнді еліне жер ауып келген басқа халықтар ерекше каста болып, өзінің әдет-ғұрыптарын, тілін сақтауға жақсы мүмкіндік алып, сол қоғамның ерекше құрамдас бөлігі ретінде жеңіл сіңісіп кетеді.

КАТАРСИС (гр. katharsis- тазарту) өнердің адамға эстетикалық ықпалын сипаттайтын ежелгі грек эстетикасындағы ұғым. Катарсис сөзін гректер көп мағынада: діни, этикалық, физиологиялық мағыналарда қолданды. Аристотель өзінің еңбегі «Поэтикада» трагедияны жанашырлық білдіру мен үрей туғызу арқылы құштарлық сезімінен тазартатынын атап өтті. «Политикада» ол музыка арқылы «адамдардың әлдеқалай тазаратынын және ләззатпен байланысты бойын жеңілдететінін» айтады. Байтақ әдебиетте катарсис пен оның мән-мағынасы туралы бірегей пікір жоқ.

КАТЕГОРИЯ – шындықтың, пікірлердің және ұғымдардың жалпы және қарапайым формалары, олардан басқа ұғымдар туындайды. Сонымен қатар, категориялар таным объектілері болмысының алғашқы және негізгі формалары.

КАТЕГОРИЯЛЫҚ ИМПЕРАТИВ – Кант философиясының ұғымы, жалпыға бірдей, жеке принципке (максима) қарама-қарсы, міндетті түрде орындалуға тиіс мінез-құлықтық ереже. Кант этикасындағы адамгершілік заңын сипаттайтын философиялық термин. Кант бұйыру формасында жасалатын ұсынысты императив (лат. іmperativus — әмірлі) деп атады. Канттың пікірінше, императив не болжамдық, не категориялық болуы мумкін. Біріншісі көкейдегі мақсатқа (мыс, утилитарлық пайдаға ұмтылуға) байланысты (құрал ретіндегі) бұйыруды білдіреді; «екіншісі үзілді-кесілді бұйырады. Императивтің екі түрінің бұл айырмашылығын Кант «Әдет-ғұрып метафизикасына негіз қалау» (1785) деген еңбегінде баяндап берді. Категориялық императив әркімге ереже бойынша әрекет етуді телиді, бұл орайда әрекет етуші оның жалпыға бірдей заң болуын қадағалауы керек. «Категориялық императив» ұғымы – метафизикалық ұғым, өйткені Кантта ол бар нәрсеге болуы тиіс нәрсені абсолютті түрде қарсы қоюды білдіреді. Бұлайша қарама-қарсы қою Кант тұсындағы неміс бюргерлігінің іс жүзінде дәрменсіздігін көрсетеді, ол бюргерлік теориялық принциптерді олардың негізінде жатқан практикалық таптық мүдделерден бөліп алып, бұл прициптерді «ұғымдар мен моральдық постулаттардың таза идеологиялық анықтамалары» деп қарады.

КАТОЛИКТІК (гр. каtһоlікоs - ғаламдық) – негізінен Батыс Европа мен Латын Амерекасы елдерінде таралған христиан дінінің бір түрі. Католицизмнің ерекшеліктері: қасиетті рухтың жеке құдайдан ғана емес, бала-құдайдан да шыққанын мойындау, Рим папасының Христиан наместнигі ретіндегі үстемдігі туралы, папаның пәктігі және т.б. туралы догматтары. Католицизмнің православиядан діни және ережелік айырмашылықтары: дінбасыларының некелеспеуі (целибат), марианизмнің ерекше дамуы (құдай-анаға табыну) және т.б. Католицизм орталығы — Ватикан, католиктік партияларға, кәсіп-одақтарға, жастар және әйелдер ұйымдарына, оқу орындарына, баспасөзге, баспаларға және т. б. ерекше ықпал жасап отырады. Қазіргі Католицизм өзінің діни ілімін жаратылыстану деректерімен байланыстыруға, католиктік «әлеуметтік доктринаны» жариялау жолымен әлеуметтік-саяси өмірге ықпал етуге әрекет жасады. Соңғы жылдарда католицизмде, өзінің бұқара арасындағы позицияларын нығайтуға бағытталған және католиктік догматтар мен мінәжат етуді жаңғыртудан, мінәжәт етуді жергілікті тілдерде жүргізуден, Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінде жергілікті халықтан дін басыларын даярлаудан, шіркеуді «саясатсыздандыру» ұранынан және т. б. тенденциялар байқалуда. Бұқараның көңіл-күйін ескере отырып, католик дінінің көптеген өкілдері әлеуметтік реформаларды және салиқалы, реалистік саяси бағытты жақтауда, мұның өзі, мысалы Рим папаларының кейбір энцикликаларынан айқын керінді. Неотомизм католицизмнің ресми философиясы (XIII Лев папаның энцикликасы «Этерни патрис», 1879) болып табылады.

КЕҢІСТІК – материя болмысының формасы, оның көлемін, барлық материалдық жүйелердегі элементтердің өзара әсерін және болмыстық кеңістіктік-универсалдық, жалпы категорияларын сипаттайды. Кеңістік бір уақытта бірге өмір сүріп отырған объектілердің орналасу тәртібін білдіреді. Дүниенің құрылымдық қасиеттерін, материалдық объектілердің және жүйелердің, оларды құрайтын бөлшектердің аумағын, басқа заттардың, денелердің, құбылыстар мен процестердің арасындағы алатын орнын, олардың өзара орналасуы мен байланысын сипаттайтын ұғым.

КИНИКТЕР – б.з.б. 4 ғ. негізін Антисфен қалаған антикалық философиядағы сократтық кезеңдегі мектептердің бірі. Бұл бағыттың көрнекті өкілдері Синоптан шыққан Диоген, Кратет. Олардың идеялары құлиеленушілік қоғамдық құрылыста демократиялық ұстанымға негізделді. Жалпыға бірдей қоғамның заңдылықтарынан бас тартып, кез-келген қоғамда өздерінің ғана ережелерімен өмір сүруге, жалғыздық пен кедейшілікте, басқарушы тап өкілдері мен идеалистік философиялық ілімдерді сынға ала отырып, байлық пен рухани құндылықтардан бас тартты.

КЛЕРИКАЛИЗМ (латынша clericalis – шіркеулік) – католик шіркеуі мен оның басшысының беделін көтеруге және күшейтуге бағытталған талпыныстар жиынтығы.

КОГЕРЕНТТІК АҚИҚАТ – ғылымда ашылған жаңа деректердің негізінде жасалған белгілі бір тұжырымдардың бұрынғы өмір сүріп жатқан теорияға сәйкес келуі. Егерде жаңа ашылған ғылыми жаңалықтарды ескі теорияның шеңберінде түсіне алмасақ, яғни олар бір-біріне когерентті болмаса, онда ғылымның сол саласында дағдарыс басталып, жаңа ізденістерге жол ашылады.

КОНТ Огюст (1798-1857) – француз философы, позитивизмнің негізін қалаушы. Сен-Симонның хатшысы және қызметкері (1818-1824). Конттың «позитивтік философиясының» бастапқы тезисі - ғылымның құбылыстардың сыртқы келбетін суреттеумен шектеулі жөніндегі талап. Конт осы тезиске сүйене отырып, «метафизика», яғни құбылыстардың мәні туралы ілім жойылуға тиіс дейді. Конт ауқымды ғылыми-жаратылыстану материалдарын синтездеуге тырысты, алайда бұл әрекет Конттың философиялық айқындамасына (субъективтік идеализм және агностицизм) байланысты ғылымның бұрмалануына апарып соқтырды. Табиғатты тану тарихын Конт үш сатыға бөлді: осы сатылардың әрқайсысы дүниетанымның белгілі бір типіне: теологиялық метафизика және позитивтік дүниетанымға сай келді. Бірінші, теологиялық кезеңде адам ақыл-ойы құбылыстарды жаратылыстан тыс күштердің, тәңірінің ықпалымен түсіндіруге тырысты. Метафизикалық дүниетаным, Конт бойынша, теологиялық дүниетанымның өзгерген түрі, мұнда барлық құбылыстардың негізі абстрактылы метафизика мәселелелерде деп біледі. Теологиялық және метафизикалық дүниетанымның орнына, Конт бойынша, «позитивтік әдіс» келеді, ал ол «абсолютті білімнен» (ең алдымен материализмнен және объективті идеализмнен) бас тартуды қажет етеді. Конттың үш мүшелі формуласы ғылым мен философияның шын мәніндегі тарихын бұрмалап көрсетті: одан, мәселен, адам ойының дамуындағы тұтас бір кезең – ежелгі дәуір түсіп қалды. Сайып келгенде мұның өзі Сен-Симоннан алған диалектикалық үштікке анайы түрде еліктеу болды. Өзінің үш мүшелік схемасын Конт ғылымдарды саралау, азаматтық тарихты жүйелеу үшін пайдаланды. Конттың социологиясына («социология» терминін енгізген сол) қоғамды түсіндірудегі ғылымға жат биологиялық қөзқарас тән болды. Оның социология ілімінің негізгі идеясы – буржуазиялық құрылысты революциялық жолмен өзгертудің еш нәтиже бермейтіндігін дәріптеу болды. Капитализм, Конт бойынша, адамзат тарихының эволюциясын аяқтайды. Ол құдайға құлшылық етудің абстрактылы құдіретті күш иесімен алмастырылған «жаңа» дінді насихаттау – әлеуметтік үйлесім орнату құралы деп есептеді. Негізгі шығармасы: «Позитивтік философия курсы» (1830-1842).

КОНТРМӘДЕНИЕТ – мәдениеттануда сырқы күштердің мәдениетке ықпалын айқындайтын термин.

КОНФОРМИЗМ (лат. тәрізді, ұқсас, сәйкес) – ықпалы күшті, үлгілі стеоротипке сынмен қарамай еріп кету, бейімделген, пассивті әлеуметтік іс-әрекет түрі.

КОНФУЦИЙ – б.з.б. 551-479 ж.ж. өмір сүрген, көне Қытай философиясының ең көрнекті өкілі, «қызмет етушілер философиясы» деген атауға ие болған философиялық мектептің – Конфуцийшілдіктің негізін салушы. Бұл мектеп алғашында жу – «ғалым-интеллектуалдар мектебінің ілімі» деп аталды. Өзінің филоофиялық мектебін Конфуций өмірлік тәжірбие жинақтап, адамға қажетті алты өнерді – салттарды білу, музыканы түсіну, садақ ата білу, күйме арба айдау, жаза және санай білу істерін меңгерген, әбден кемелденген жасында құрды деп есептеледі. Өзінің қоғамадағы рөлін Конфуций өте қарапайым бағалап, өзін жаңа ілімді жасаушы емес, көне данышпандардың «Шу цзин» және «Ши цзин» кітаптарындағы даналығын халыққа жеткізуші ғанамын деп түсінген. «Лунь юй» («Әңгімелер мен пікірлер») еңбегі Конфуций туындысы ретінде қабылданады. Оның негізгі мазмұны – мемлекет пен жеке адамды жан-жақты жетілдіру жолдарын көрсету. Конфуцийдің пікірінше, мемлекеттің жақсы болмағы оны құрап отырған адамдарға байланысты, сондықтан да жеке адамның міндеті – мемлекетке, өзіне жоғары тұрған адамға қызмет ету.

КОНЦЕПТУАЛИЗМ ( conceptus – лат. сөзі, ұғым) схоластикалық философияның бағыты, өкілдері – Абеляр, Иоанн Солисберийский және т.б. Жалпы ұғымдар жөніндегі пікірталаста концептуалистер номиналистер сияқты ортағасырлық реализм ілімін сынға алып, жалпы ұғымдардың нақты заттардан тәуелсіз өмір сүретінін жоққа шығарды, бірақ олардың номиналистерден айырмашылығы, концептілер ақиқатты танудың ерекше формасы, деп тұжырымдап, жалпы ұғымдардың ақыл-ойда өмір сүруін мойындауы. Басқаша айтқанда, жалпы ұғымдар бөлек өмір сүре алмай, болмыстық орны болмағанмен, бірақ олар тек қана заттарға қойылған ат емес, негізінде ақыл-оймен қорытылған заттардың жалпы қасиеттерін бейнелейді. Жаңа заманда концептуалистік ұстанымға Дж. Локктың көзқарасы жақын болды.

КОПЕРНИК Николай (1473-1543) – поляк астраномы және философы, әлемнің гелиоцентрлік жүйесін жасаушы. Ғылым тарихында Коперник ілімі шын мәніндегі революциялық іс болды, сол арқылы табиғатты зерттеу істері өзінің діннен тәуелсіз екенін паш етті. Жердің Күнді айналуы туралы және Жердің бір тәулік ішінде өз кіндігін айналып шығуы туралы Коперник теориясы Птоломейдің геоцентрлік жүйесінен және «құдайдың қалаулысы» ретіндегі Жер туралы оған негізделген діни түсініктерден қол үзуді білдіреді. Бұл теория Аристотелден бері келе жатқан және схоластика пайдаланылған аспан мен жер денелерінің қозғалыстарын бір-біріне қарсы қоюды жоққа шығарып, дүниені құдай жаратқаны туралы шіркеу аңызына соққы берді, болашақта Күн жүйесінің табиғи пайда болуы мен дамуы туралы ілімнің дүниеге келуін жеделдетті. Коперниктің жаңалықтары кескілескен күрес объектісіне айналды; шіркеу оларды айыптап қудалаумен болды, Коперник заманының және одан кейінгі дәуірлердің озық ойшылдары оларды өздерінің жауынгерлік туына айналдырып, одан әрі дамытты. Бруно, Галилей мәселен барлық жұлдыздардың біртұтас «сфера» және Күннің ғарыштың дәл ортасында орналасуы сияқты Коперник жүйесінің жансақ қағидаларына түзету енгізді. Коперниктің атомизм жетістіктерімен және ертедегі адамдардың астрономиялық болжамдарымен (әлемнің гелиоцентрлік және геоцентрлік жүйелері) таныс екендігінің айғағы болды. Сонымен, негізгі идеясы: Аристотель-Птолемей теориясын терістеу немесе дүниенің гелиоцентристік жүйесін ашу: 1.Жер дүниенің қозғалмайтын орталығы емес, ол өзінің осі мен айналады. 2.Дүниенің ортасы-Күн, Жер, осы күнді айналады. 3. Ай Жердің серігі. Коперник ашқан жаңалықтар дүниенің жаңа бейнесін қалыптастыруға талпыныс жасады. Негізгі еңбегі: «Аспан денелерінің айналуы туралы» кітабы (1543).


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 56 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>