Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Философиялық ұғымдар мен терминдерді оқып-білу, жоғарғы оқу орындарында философия ғылымын оқытудың тиімді формасы, оқу және 19 страница



РУХАНИ МӘДЕНИЕТ – ғылым жетістіктері,әдебиет және өнер туындылары, қоғамдық идеялар мен теориялар, тіл, адамдардың саяси өмірге араласу дағдылары, адамгершілік сапалары мен қоғамдық мінез-құлық әдеттері, құқықтық қатынастар, діни көзқарастар, адамдарды ғылым, әдебиет, өнер жетістіктеріне тарту әдістерінің жиынтығы. Мәдениет адам бойындағы адамдықтың өлшемін, қоғамдық тіршілік иесі ретіндегі адам дамуының сипатын білдіреді. Әрине, мәдениетті материалдық және рухани деп бөлу салыстырмалы сипатқа ие.

-С-

САБАҚТАСТЫҚ – жалпылық байланыс пен дамудың арақатынасын бейнелейтін материалистік диалектика ұғымы.

САЛЫСТЫРМАЛЫҚ ТЕОРИЯСЫ — 1905 ж. (арнайы теория) және 1910 ж. (жалпы теория) Энштейн тұжырымдаған кеңістік пен уақыттың физикалық теориясы. Ол Галилей — Ньютонның классикалық салыстырмалы деп аталатын принципінен келіп шығады. Бұл принцип бойынша, механикалық процестер бірі екіншісіне қарағанда түзу сызықты және бірқалыпты қозғалатын инерциалды жүйелерде біртектес жүреді. Оптика меп электродинамиканың дамуы осы принципті жарықтың, яғни электромагниттік толқындардың таралуына да (жарық жылдамдығының жүйе қозғалысьна тәуелсіздігі) қолдануға болатынына және абсалюттік уақыт, абсалюттік бірімезгілділік, сондай-ақ, абсалюттік кеңістік ұғымдарынан бас тарту қорытындысына әкелді..Салыстырмалық теориясы—классикалық механиканы рационалды қорытушы және механика принциптерінің қолдану өрісін денелердің жарық жылдамдығына жақын жылдамдықпен қозғалысына дейін кеңітуші теория ретінде қалыптасты. Философияның идеалистік және позитивистік бағыттары салыстырмалық теорияның ғылымның субъективтік сипаты және физикалық процестердің бақылаушыға байланыстылығының дәлелі ретінде пайдаланғысы келді. Бірақ салыстырмалық теориясынемесе релятивистік механиканы ғылыми білімнің объективтілігін жоққа шығаратын философиялық релятивизммен шатастыруға болмайды. Салыстырмалық теориясы реалдық шындықты бейнелейтін, классикалық механикадан гөрі адекватты теория.



САН – материяның негізгі ұғымының бірі. Қарапайым түрде алғашқы қоғамдарда-ақ пайда болған. Кейін қолданыс аясы кеңейіп әрі жалпыланады.

САНА – объективті шындықты бейнелеудің жоғарғы, адамға ғана тән формасы, адамдардың қоғамдық-тарихи қызметінің жалпы формалары арқылы көрінетін дүниеге және өзіне қатынасы тәсілі.

САНСАРА – азап-қасіретке толы қайта туылудың, өмір мен өлімнің үздіксіз процесі. Сансараның тамыры – білместікте, сондықтан одан құтылу жолы – нирванаға ену.

САНКХЬЯ – Үнді философиясында б.з.б. 6 ғ. пайда болды. Ол философия бойынша дүние екі бастамадан тұрады: бірі – зат, екіншісі – жан. Ол екеуі біріне бірі себепкер, біріне бірі бастама. Олардан басқа ешқандай себепкер жоқ.

САПА – объектіні анықтаушы, заттың, құбылыстың, процестің тұтастығын, өз-өзімен тепе-теңдігін білдіреді.

САРТР Жан Поль (1905-1980) – француз философы, жазушы, атеистік экзистенциализмнің негізін салушылардың бірі. Сартрдың философиялық көзқарастарының қалыптасуына феноменология мен экзистенциализм ерекше ықпал етті. Сондықтан да оның шығармаларында С.Кьеркегор, З.Фрейд, Э.Гуссерль, М.Хайдеггердің алатын орны зор. Сартр экзистенциалистік гуменизм қағидаларын қалыптастыруды өзіндік мақсат деп таныған, сондықтан да оның шығармаларының орталық мәселелері қашанда адаммен, оның әлемге, басқа да өзі сияқты жандарға, Құдайға деген қатынасымен байланысты. Экзистенциализмнің «тіршілік (экзистенция) мәннен бұрын тұрады» деген негізгі идеясын бетке ұстаған Сартр адам тіршілігін шынайы болмыс деп түсінеді. «Адам субъективтілігі әлемінен, адамның өзіндік әлемінен басқа еш әлем жоқ», - дейді Сартр «Экзистенциализм дегеніміз гуманизм» атты шығармасында. Адами шындықта болмыстың үш көрініс түрі бар: «өзіндік болмыс», «өзі үшін болмыс» және «басқа үшін болмыс». Осылардың үшеуі де өмір сүрудің қарапайым нақтылығын құрастырады, тек абстракты түрде ғана ажыратылады. Адам тіршілігі, яғни экзистенциясы рационалды тануға келмейді, сондықтан да ол ешқашан зертеу объектісі бола алмайды да, өйткені ол, біріншіден, өзіндік біртуар жеке даралық, сол себепті жалпы мәнділікке ұмтылмайды; екіншіден, экзистенция – біздің әрқайсымыз, өзіміз. Экзистенция күнделікті өмірдің сезімі мен тілегінен, сенімі мен қаупінен, тәжірбиесі мен үмітінен, қамы мен мұқтажынан құралады. Олай болса, экзистенцияға біз ғылымда қалыптасқан дәстүрлі объективтілік тұрғысынан қарай алмаймыз, оған өнерге жақын суреттеу әдісі ғана лайық келеді. Сондықтан болар, Сартр өзінің көқарасын жүйелі философиялық трактаттар арқылы ғана емес, көркем шығармалық туындылары – романдар, пьесалар, эсселер, т.б. арқылы жеткізуге тырысты. Оның философиялық және көркем әдебиеттік шығармалары жеке тұлғаның қадір-қасиеті, құндылығы, шығармашылық мүмкіншілігі туралы көп сөз қозғайды. Саяси көзқарастары жағынан Сартр демократизм, марксизм, волюнтаризм эклектикасын құрайды.

САТЬЯ – джайнизм іліміндегі ұғым: әрқашанда ол қандай қиын болса да шындықты айту.

СӘЙКЕС КЕЛУ ПРИНЦИПІ — ғылым дамуының негізгі методологиялық принциптерінің бірі. Оның философиялық мәні таным процесінің диалектикасын, салыстырмалы шындықтан абсолюттілікке, яғни барынша толық шындыққа ауысуын білдіреді. Оны алғаш рет 1913 жылы Бор енгізген. Сәйкес келу принципіне орай бір табиғи ғылыми теория екіншісін ауыстырғанда олардың арасында айырмашылық қана емес, сонымен бірге математикалық дәлдікпен өрнектелетін тығыз байланыс, сабақтастық байқалады. Ескінің орнын басқан жаңа теория өзінен бұрынғыны мүлде шығарып тастамайды, қайта белгілі бір формада оны ұстап тұрады. Осыған орай кейінгі теориядан алғашқысына қарай кері алмасу арасында айтарлықтай маңызды айырмашылық жоқ тұста олар бір-бірімен үйлесуі мүмкін. Сәйкес келу принципі релятивизмнің қисынсыз екендігін көрсетеді.

СЕКІРІС – ескі сападан жаңа сапаға өтудің жалпы түрі, ішкі қайшылықтың шешуші әдісі.

СЕМАНТИКА – тіл білімі мен логиканың саласы, онда мәнмен, мағынамен және белгілер мен белгілік сөйлемдердің интерпретациясымен байланысты проблемалар зерттеледі.

СЕНЕКА Луций Анней (шамамен 4 ғ.) – көне римдік философ, ақын және мемлекеттік қайраткер, стоиктік платонизмнің өкілі, өз заманының дарынды шешені. Жоғарғы сенаторлық сословиенің өкіліне жатты. 57 ж. консул лауазымына ие болады. Неронның ұстазы. Сенеканың философиясы – стоицизмнің, платонизмнің, эпикуреизмнің және пифагореизмнің синтезі, монотеизмге ұласқан өзіндік пантеизм сипатында болды. Сенека бойынша дүниедегінің барлығы денелі, яғни заттық, адамның жаны да, Құдай да сезімдік сипатқа ие. Бізге жеткен негізгі философиялық еңбектері: «Луцилийге жазған адамгершілік хаттар», «Мейірімділік туралы», «Жақсылық туралы» және т.б.

СЕНСУАЛИЗМ – таным теориясындағы бағыт, сезімдікті нақты танымның басты формасы және танымның барлық мазмұны сезім мүшелерінің қызметінен туындайды деп есептейді.

СИЛЛОГИСТИКА – силлогистикалық ойша пайымдау әдісі, философия тарихында бірінші болып Аристотель дедукцияның логикалық жүйесі ретінде қалыптастырды. Мысалы: «Егер кез-келген металл ток өткізгіш және кейбір сұйықтық – металл, онда кейбір сұйықтық та ток өткізгіш». Силлогизм субъективті-предикативтік құрылымдық қос үш пікірді жасаушы үш терминнен тұрады: екі алғышарт және қорытынды. Силлогизмде пайымдау сапасына қарай – бекіту немесе теріске шығару және санына қарай – жалпы немесе жеке деп бөлінеді.

СИМВОЛ – материялдық заттардың, оқиғалардың, сонымен қатар, сезімдік бейнелердың тікелей, сезімдік-денелік болмыстан өзгеше идеалдық мазмұнды білдіру қабылетін көрсететін ұғым.

СИНТОИЗМ – жапон еліндегі діни сенім. Синто – жапон діни нанымдарының қытайша жиынтық атауы. Синтоизм еуропа ғылымында қалыптасқан атау, жапондықтардың өзі оны «каминомити» («құдайлар жолы») деп атайды. 8 ғ-да «Кодзики», «Никонги» деген жинақтарға біріктіріліп, өзінің бастапқы үлгісінде біздің заманымызға жеткен мифологияға негізделеді. Оларда барша әлемді жаратушы құдайлар түсінігі жоқ. Көне мифтердегі «нами құдайлары» әлем жаратылғаннан кейін келіп, жер дүниені тәртіпке келтіруші құдайлар десе де болады. Синтошылар табиғат күштерінің бәрінен, тау-тастан, орман-тоғайлардан құдай сипатын көреді, олардың әрқайсысының өз камиі, яғни рухы бар деп сенеді. Синтоизмнің басты сипатының бірі императорларды құдай дәрежесіне дейін көтеріп, қастерлеу. Аңыз бойынша б.з.б 660ж 11 ақпанда тұңғыш таққа отырған Дзимму Нинигидің шөбересі саналады. 1868ж осы Дзимму императордың билікке келген күнінен басталатын жапон жыл санау жүйесі енгізілген. Императордың тақ мұрагерін сайлау және оның үйленуі, т.б. сарай рәсімдері синтоизм ережелеріне сай жүргізіледі. Синтоизм храмдары сыртқы дарбазадан соң 3 қатар қоршалған алаң түрінде болып келеді. Оның ішіне жуынып, тазаланатын хауыз жабдықталған. Мінәжат рәсімін атқаратын басты орын 3-ші қоршаудың ішінде. Елдегі мыңдаған храмдардың ішіндегі Бас храм Исэ қаласында. Ол 7 ғ. тұрғызылған. Синтоизмнің дін қызметшілері 8 сатыға бөлінеді. Олар діни орынға мұрагерлік жолмен ие болады. Храмдарда дін қызметкері өз атынан немесе әлдебір ками атынан уағыз айтады. Әншілер, музыканттар мен бишілер қызмет етеді, салт-дәстүр берік сақталады. Синтоизмнің басты мейрамдары - желтоқсанның соңғы күніндегі арылу мерекесі. Синтоизм догматикасы мейлінше қарапайым және мұнда құдай жөнінде айқын орнықты түсінік жоқ. Күнә, жаза, о дүние туралы ілімдері солғын. Адамшылық нормалары көбіне конфуцийшілдік қағидалармен, ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлермен, қатаң тәртіппен реттеледі.

СКЕПТИЦИЗМ (грек. skeptikos – қарастыратын, зерттейтін, сынайтын) – объективтік шындықты танудың мүмкіндігіне күмән келтіретін философиялық концепция. Скептицизмнен агностицизм және нигилизм туындайды. Скептицизм ескі қоғамдық илеалдар құлдырап, жаңа қоғамдық көзқарастар енді ғана қалыптасып келе жатқан қоғамның даму кезеңдеріне тән сипат. Скептицизм тарихта б.з.б. 4 ғ. дүниені түсіндіру мақсатында түрлі философиялық қарсылас пайымдауларға тап болған, антикалық қоғамның дағдарыс шағында пайда болды. Скептицизм Пирронның, Аркесилдің, Карнеадтың, Энесидемнің ілімдерінде кеңінен дамыды. Көпшілік қабылдаған дәлелденген білімнің мүмкіндігіне күмәндану антикалық скептицизмнің этикалық концепциясының өзегі болды. Скептицизм сонымен қатар, ортағасырлық діни дүниетаным мен догматтық идеологияны сынға алды. Монтеннің, Шарронның, Бейльдің еңбектерінде теологтардың аргументтеріне күмән келтіріліп, материалистік түсінікті игеруге бетбұрыстар жасалынды. Ал Паскаль, Юм, Кант және т.б. ақылдың мүмкіндігін мүлдем шектеген болатын. Қазіргі философияда скептицизмнің міндетін позитивизм атқарып келеді.

СЛАВЯНОФИЛЬДЕР – 19 ғ. орыс қоғамдық ой-пікіріндегі консервативті саяси және діни-философиялық ағымның өкілдері. Ол ағымның өкілдерінің айтуы бойынша, Ресейдің Батыс Еуропамен салыстырғанда өзіндік ерекше даму жолы бар деп қарастырылады. Славяншылдықтың негізін қалаушылар – И.В.Киреевский (1806-1856), А.С.Хомяков (1804-1860), К.С.Аксаков (1817-1860, Ю.Ф.Самарин (1819-1876), т.б. Славянофильдердің алғашқы идеялары әдебиетте 1839 ж. көрініс тауып, 1940-1950 жж. ары қарай дамыды. Славянофильдердің пайда болуына Ресейдің рухани өмірінде «батысшылдық» идеялық ағымының таралуы басты себепкер еді. Славяншылдықтың негізінде орыс мәдениетінің, тарихи дамуының, әлеуметтік-экономикалық құрылысының өзіндік қасиеттері туралы көзқарастар тұр. Славянофильдер православиені, қауымдық құрылысты, орыс халқының көнбістік, төзімділік қасиеттерін, таптық жіктелудің шиеленіспегендігін орыс тарихының, орыс діннің ерекшелігі деп есептейді. Славянофильдер көп еңбектерінде шынайы ақиқат дін ретінде тек православиені қарастыру керек деген асыра сілтеушілікпен де айналысты. Сөйтіп, тіпті, православие дініне бас ұратын орыс халқының етегінен ұстаған жағдайда ғана басқа бұратана халықтар болашақтан үміт күте алады деген колонистік көзқарастарды да кеңінен уағыздап отырады. Қазан төңкерісінен кейін (1917 ж.) славянофильдер көбінде шет елдерге қоныс теуіп, сондағы орыс эмирциясының арасында таралды.

СОБОРШЫЛДЫҚ – алғашқыдаШіркеу соборшылдығы принципі ұғымын білдірді, ғылымға орыс философы А.С.Хомяков енгізген, 19 ғ. славянофилдер дамытты. Кейінірек бұл ұғымның мағынасы кеңейіп, бірлестік пен қоғамдастықтың ішіндегі моральдық-этикалық нормалардың жиынтығын, барлық өмірлік әдет-ғұрыптарды қамтыды. Соборшылдық «жеке бас бақыты» деген ұғымға қарсы шығып, оны жоққа шығаруға тырысады. Бұл түсінік «жалғыз адам бақытты бола алмайды» деген тоқтамға келген.

СОЗЫЛЫҢҚЫЛЫҚ – кеңістіктің көлемін анықтайтын ең маңызды қасиеттің бірі. Заттар мен құбылыстардың белгілі бір байланысының тұрақтылығы мен салыстырмалы тұрақытылық сәтін анықтайтын ұғым.

СОКРАТ (Socrates, б.з.б. 469-399) – ежелгі грек философы. Ол Афинада туып-өскен, жасынан мүсіншілікпен айналысқан, кейіннен философ, қоғам қайраткері дәрежесіне көтерілді. Сократ жазба мұра қалдырмаған. Сондықтан көптеген зерттеушілер Сократ өмірде болмаған, ертедегі ой-пікірдің жиынтығы сияқты бейне деп есептейді. Дегенмен, бірқатар ғалымдар (А.Лосев, В.Асмус, Ф.Кессиди, т.б) көптеген деректер келтіріп, бұл пікірдің қате екендігн дәлелдеді. Оның Платон, Антисфен, Аристипп, Евклид сияқты көптеген шәкірттері болған. Сондықтан да ол жайлы әртүрлі аңыздар мен жорамалдар көп. Сократ ілімі философиядағы адам мәселесін көтеріп, адамның өзін-өзі тануы арқылы ақиқатты тануға үндеді. Сократ ежелгі натурфилософияны дәйексіз деп тауып, адамның жан дүниесіне үңілуі арқылы әлемді танып, жаратылыс сырын іздеуге шақырды. Сократтың «Сен алдымен өзіңді-өзің таны» және «Менің білетінім ештеңе білмейтінім, өзгелер мұны да білмейді» деуі рационалды танымнан гөрі иррационалды танымды алдыға шығарып, абсолюттік ақиқаттың ұлықтығын, оны танудағы адамның өлшеулі ақылының шектеулі екеніне нұсқайды. Сократ ақиқатты мақсат етпеген білімді жалаң ілімге балап, оны ешкімге пайда бермейтін, адамды бұзатын ілім деп білді. Яғни, сөз бен істің бірлігіне, ілімге лайық амал істеуге, ақиқат мақсаттан таймауға шақырды. Білімнің мәніне жетуге және ол мәнді ізгілік деп бағалап, соған лайық өмір сүруге шақырды. Философия тарихында Сократ өзінің есімімен аталатын әдісін қалдырды. Ол диалогтық пікірталас әдісі (майевтика) – шындықты табу жолын көрсетті. Мүлтіксіз ақиқат ілімнің иесімін деген менмендіктен бас тартқан ол, өзін адамдық ақиқатқа құштарлықты оятушы деп қана білді. Сократтың саяси қоғамдық ой-пікірі билік пен өкіметті басқаруға ұжданды, әділетті, тәжірибелі, парасатты адамдар лайықты дегенге саяды.

СОЛИПСИЗМ (лат. solus – жалғыз, ipse - өзі) – объективті дүние тек адам мен адамның санасына тәуелді өмір сүреді деп қарастыратын субъективті-идеалистік теория. Көрнекті өкілдері: Беркли, Фихте. Солипсизмнің гносеологиялық негізі сезінуді таным процесінің көзі ретінде қарастыруында. Солипсизмді «Материализм және эмпириокритицизм» атты еңбегінде Ленин сынға алады.

СОЛОВЬЕВ Владимир Сергеевич (1853-1900) – орыстың идеалистік философы және дінтанушы, публицист және ақын. Мәскеу университетінде білім алған. Соловьевтің көзқарасының қалыптасуына христиандық әдебиет, неоплатонизм, теософия және т.б. діни-философиялық жүйелер елеулі ықпал еткен. Көбінесе неміс философтары (Бёме, Шеллинг, Гегель, Шопенгауэр) мен славянофильдердің ықпалы зор болды. Соловьевтің діни философиясы «құдайадамдық жалпыбірлік» тұжырымдамасын негіздеуге бағытталған ғылым мен діннің синтезі іспетті өзіндік «тұтас білім» жүйесін құруымен ерекшеленеді. Соловьев жалпыбірлік идеясын жасауда славянофильдік алқалы жиналыстық (соборность) идеясын басшылыққа алып, одан ары жылжиды. Жалпыбірліктің негізігі ұстанымы – «Барлығы бір Құдайдың құзырында біріккен». Жалпыбірлік – жаратушы мен жаратылушының бірлігі. Соловьевтің құдайы «ғарыштық ақыл» ретінде көрінеді. Барлық өзгерістердің тікелей субъектісі ретінде жалпыбірлік идеясын қажет ететін әлемдік жан қызметі айтылады. Бұл идея София даналығ атына ие болды. Оның ілімін сондай-ақ софиология деп атайды. Дүниенің негізі мен мәні – «әлем жаны» - София, оны Соловьев Құдайға, дүние мен адамға бірлік беретін жаратушы мен жаратылушы арасындағы байланыс дәнекері ретінде қарастырылады. Негізгі еңбектері: «Құдайыадами туралы оқу», «Теократияның бүгіні мен тарихы», «Ресей және әлемдік шіркеу», «Жақсылықты ақтау», т.б.

СОПЫЛЫҚ ДҮНИЕТАНЫМ – исламда13-9 ғғ. пайда болған діни-мистикалық ілім. Сопылық ілімнің ислам әлемінде кең таралуы Джами, Руми, әл Фараби, әл-Ғазали, Хафиз, О.Хайям секілді исламның классикалық кезеңінің ойшылдарына байланысты. Сопылық ілім адамды жетілдірудің жеке-дара діни-мистикалық жүйесі болғасын, онда эзотерикалық сипат басым. Сопылық жолға түсу алдымен ұстаз табудан басталады. Кейін ұстаздың бақылауымен мүрит психофизикалық жаттығуларға көшіп, сопылық танымның ілімдік негіздерін ұғынуға көшеді. Сопылық тәжірбие арқылы күнделікті білімнің сыңаржақтылығын түсініп, шәкірт дүниені өзгеше тани бастайды: әртүрлі заттардың, дүниенің төрт бұрышының қарама-қайшылығы сыдырылып, бірлігі айқындала береді. Бұл бірліктің негізі ретінде сопымен байланысқа түскен Ақиқат көрінеді. Сопылық жолға түскендер танымның үш сатысынан өтеді: шариатты тану, тарихатқа түсу, хақиқатқа жетіп, «фана» болу. Орта Азияға кең тараған Қожа Ахмет Иасауидің ілімі бойынша, сопылықтың төртінші сатысы бар, ол – мағрипатқа жету. Христиан дінімен салыстырғанда, исламның Құдайы тұлғасыз болғандықтан, сопылықта микрокосм макрокосмда жоғалады. Әл-Халладж, әл-Бистамилар өздерін Хақпен теңеген. Бірақ сопылық тұрғысынан «фана» - буддизмдегідей жолдың ақыры емес, адам жанының мәңгілік ғұмырға көшуі. Сопылық жолының өзге діндермен ұқсастығы оның көп мәдени ықпалдан өтуін айғақтап, көптеген философиялық және танымдық сауалдар туындатады. Қазіргі араб ғалымдары Еуропадағы көптеген рыцарлық, масондық (қасиетті Августин, Ассиздік Франциск, Фома Аквинский, Дунс Скотт және т.б.) христиан философтарын еуропалық сопылық дәстүрге жатқызады. Орта Азия мен Қазақстанда ортағасырдан бері сопылықтың Иасауи және нақышбандиалар бағыттары таралған.

СОФИСТИКА – даму үстіндегі объектінің кездейсоқ бір жағын, белгілі бір қасиетін негіз етіп алады да, сол арқылы пікір түйіндейтін әдіс. Антикалық философияда бұл әдіс – ақталуда және даулы мәселелерді шешуде қате пікірлерді, яғни софизмдерді пайдаланып, формальды шындық ретінде көрсетуге қолданылды. Софистер (Протагор, Горгий, Гиппий, т.б.) риторикаға (әдемі сөйлеу өнері) үйрететін ұстаздар болған. Олардың басты қағидасы – өз позицияңды дәлеледей білу. Софистер объективтілік ақиқатқа ұмтылған жоқ, осы үшін Сократта, Платонда оларды сынға алды. Протагор «Адам – барлық заттардың мөлшері» деп санаған.

СОЦИУМ – тұрмыс-тіршіліктің, мекен-жайының бірлігімен сипатталатын, осыған байланысты ортақ мәдениетке ие тұрақты қауымдастық.

СПЕНСЕР Герберт (1820-1903) – британдық философ және әлеуметтанушы, позитивизмнің негізін қалаушылардың бірі, либерализм идеологы. Спенсер өзінің білімдарлығымен және еңбекқорлығымен ерекшеленді. Артынан қалтырған мұра өте зор. Оның философиялық көзқарасының қалыптасуына ықпал еткендер Юм, Конт, Милль болды, А.Смит пен Т.Р. Мальтустың еңбектері де Спенсердің әлеуметтік дүниетанымын кеңейтті. Эволюционизм принципі негізінде барлық ғылымдардың энциклопедиялық синетезі тұрғысынан жасалған іргелі он томдығы 1862-1896 жж. басылып шықты. Бұл еңбекке енген шығармалары: «Негізгі бастама» (1862), «Биология негіздері» (1864-1867), «Психология негіздері» (1870-1872), үш томдық «Әлеуметтану негіздері» (1876-1896), «Зерттеу пәні Әлеуметтану» (1903), «Этика негіздері» (1879-1893). Спенсердің эволюция жайындағы тұғырнамасы оның әлеуметтік көзқарасын білдіріп, қоғамның органикалық теориясы тұрғысынан қаралды, ол қоғамдық өмірді биологиялық ұғымдардың көмегімен талдауға талпынған. Спенсер социализмге қарсы болған.

СПИНОЗА Барух (Бенедикт) (1632-77) – нидерландық философ. Ф.Бэкон және Р.Декарт сияқты Спиноза үшін де білімнің мақсаты табиғатты игеру және адам жанын жетілдіру болды. Әсіресе, Декарттың математикалық жаратылыстану көзқарасы мен рационалдық әдісін жалғастырып, детерменизмді қолдап, теологияға қарсы болған. Спиноза өзінің онтологиялық көзқарасы бойынша пантеистік ілімді ұстанып, Құдай мен табиғаттың құдіреттілігін теңестіріп, екеуіне де бірегейлік, мәңгілік және шексіздік субстанциялары тән деген тұжырымға келген. Оның ойынша субстанция бөлінбейді. Екінші жағынан, бір-бірінен бөлінген, сезім арқылы бізге берілген шектелген жеке заттар мен құбылыстар. Спиноза нақтылы заттарды субстанцияның тудырған «модустары» ретінде қарайды. Субстанцияның модустардан басқа бірнеше атрибуттары (қасиеттері) бар. Олар – созылу және ойлау. Сонымен, Р.Декарттың екі субстанциясы Б.Спинозаның бір субстанциясының екі негізгі қасиеттеріне айналады. Спиноза өзінің философиясын еркіндік туралы іліммен толықтырып, қажеттіліктің тұзағындағы адам қалайша еркін бола алады деген мәселені көтеріп, жауап беруга тырысады. Негізгі еңбектері: «Декарт философиясының негздері» (1663), «Діни-саяси трактат» (1670), «Геометриялық жолмен дәлелденген этика» (1677), «Ақыл-ойды жетілдіру жөніндегі трактат» (1677).


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 42 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>