Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Философиялық ұғымдар мен терминдерді оқып-білу, жоғарғы оқу орындарында философия ғылымын оқытудың тиімді формасы, оқу және 20 страница



СТОИЦИЗМ – антика заманының белгілі мектебі. Стоицимнің ұзақ тарихы бар. Стоицизмнің өкілдері болып Зенон Китионский, Сенека, Марк Аврелий, т.б. саналады. Стоиктарға адамға, оның жеке тұлғасына деген қызығу тән болды. Олар құдайлық пен адамдықтың арасындағы қарым-қатынас, өлген жанның тіршілік етуі проблемаларын қарастырды. Олар ең алғаш болып «ұят» ұғымын моральдың іргелі ұғымы ретінде және адамның «жігері» ұғымын моральдық іс-әрекеттің механизмі ретінде қарастырды.

СТРУКТУРАЛИЗМ ЖӘНЕ ПОСТСТРУКТУРАЛИЗМ – қазіргі заманғы философиялық және гуманитарлық білімдегі мәдениет құбылыстарының көптүрлілігінің астарында объективті өмір сүретін логикалық құрылымдарды іздеумен байланысты бағыттардың жалпы атауы. Структурализм өзінің негізгі міндеті деп тұрақты логикалық құрылымдарды, яғни объектілердің тұрақты байланыстарын іздеуді есептейді.Структализмнің жалғасы және өзіндік сыны постструктурализм болды, ол субъектінің құрылымдарға редукциясы мүмкін емес деп тұжырымдады, бұл адамға субъект ретінде оралуды білдіреді.

СУБЛИМАЦИЯ – психологияда аффектілік құмарлықтарды әлеуметтік қызметтің және мәдени шығармашылықтың мақсаттарын қайта өзгертетін және аударатын психикалық процесс.

СУБСТАНЦИЯ (латынша – substantia – негізінде жатқан) – өзгермейтін, мызғымайтын, бастауы басқада емес, өзінде, басқа арқылы емес, өзінің арқасында, өзінде өмір сүретін, бәрінің негізінде жатқан нәрсе.

СУБСТРАТ (лат. sub-түпкі жәпе tum-құрылыс) – бірліктің, тұтастықтың негізі, әртүрлі заттардың және жеке бір зат қасиеттерінің, нәрселер мен олардың жиынтығының түпкі біртектілігі (субстанция).

СУБЪЕКТ ЖӘНЕ ОБЪЕКТ (лат. subjektum – бастауыш және objektum – зат) – философиялық категориялар. Субъект ұғымы алғашқыда (Аристотель) субстанциямен деңгейлес келетін қалып пен әрекеттің қасиетін білдірді.17 ғ. бастап бұл ұғымдар гносеологиялық мазмұнда берілді. Қазіргі күнгі түсінік бойынша субъект – белсенді әрекет етуші және дүниені танушы, саналы және ерікті индивид немесе әлеуметтік топ; объект – субъектінің танымдық және басқа да әрекеттерінің бағыталу нысанасы.



СУБЪЕКТИВТІК ИДЕАЛИЗМ – объективті шындықтың субъективті бейнесі, адамның мақсатқа негізделген қызметі процесінде туындайды, сананы табиғаттан тыс өмір сүріп, әрекет етеді деп қарастырады. Сезіну, уайым, көңіл-күй, субъектінің іс-әрекетінің жиынтықтарын субъективті идеализм әлемнің бөлінбес тынысы деп санайды. Себебі олар дүниенің діңгегі «мен», «менің санам», «менің сезімім» деп санайды. Мен бар жерде, дейді субъективтік идеалистер, дүние бар, мен жоқ болсам, дүние де жоқ дегенді айтады. Оған жататындар: Дж. Беркли, И. Фихте, Д. Юм, И. Кант, махистер, неопозитивистер мен экзистенциалистер. Субъективті идеализмнің шегіне жеткен түрі солипсизм.

СХОЛАСТИКА (грек. scholasticos – мектептік) – христиандық діни сенімді рационалды тұрғыдан негіздеп және жүйелеуге бетбұрыс жасаған схоластардың ортағасырлық «мектептік философиясы». Ол үшін олар антикалық философияны (Платон және әсіресе, Аристотель) пайдаланды. Схоластардың философиясы білімнің дінге қатынасы төңірегінде қалыптасты. Схоластар ақылдан діни сенімді жоғары қойды. Олардың талас пікірі жалпылық пен жекелік қатынасы. Философия тарихында бұл таласты әмбебаптар, яғни универсалдар (лат. Unuversalia – жалпылық), яғни жалпылық ұғымының табиғаты жайлы айтыс деп атайды. Схоластика тарихы бірнеше кезеңдерге бөлінді: Алғашқы кезеңіне (9-13 ғғ.) неоплатонизм тән, өкілдері: Эриуген, Ансельм Кентерберийский, Ибн-Рушд, Ибн-Сина, Маймонид; Классикалық кезеңде (14-15 ғғ.) «христиандық аристотелизм» үстемдік етті, өкілдері: Ұлы Альберт, Ф.Аквинский; Соңғы кезең (15-16 ғғ.) католиктік (Ф.Суарес) және протестанттық (Ф.Меланхтон) діни ілімдердің арасындағы талас-пікір ушыға келе, католиктік шіркеудің Реформацияға қарсы күресін туғызды. Кейінгі ғасырларда схоластиканың ықпалы төмендейді, Жаңа замандағы жаңа идеялар (Декарт, Гоббс, Локк, Кат, Гегель) оны мүлдем жоққа шығарады. Бірақ 19 ғасырда схоластика қайтадан жанданады, католиктік (томизм, платондық-августиандық, францийстік) және протестанттық (неміс филологы Ф.Меланхтонның ілімін қайта жаңғыртушылар) философиялық түрлі мектептер біріге бастайды.

СЦИЕНТИЗМ (лат. scientia және ағылш. science – білім, ғылым) – қоғам өмірі мен мәдениет жүйесінде ғылымның рөлін абсолюттендіре қарастыратын концепция. Сциентизм негізінен жаратылыстану және нақты ғылымдарды ғана мойындайды.

-Т-

ТАНТРИЗМ (tantra – айла-әдіс) – индуизмнің брахмандық емес ортодоскальдық бағыты

ТАНЫМ ТЕОРИЯСЫ немесе гносеология – танымдық қызмет процесіндегі субъект пен объектінің өзара қатынасын, шындыққа білімнің қатынасын, адамның дүниені тану мүмкіндігін, ақиқаттың критерилерін және білімнің дәлелдігін зерттейтін философияның бөлімі. Яғни, таным процесінің заңдылықтарын зерттеуді таным теориясы деп атайды. Философияның негізгі мәселесін дұрыс немесе теріс шешуге байланысты екі түрлі таным теориясы: материалистік және иделистік түрі қалыптасты. Материалистік таным теориясы айналадағы материалистік шындықтың адам санасында бейнелену теориясы болып табылады. Бейнелеу теориясының мәні мынада: заттар, құбылыстар мен процестер және олардың қасиеттері мен маңызды байланыстары танып-білуші субъектіден тәуелсіз өмір сүреді. Философиядағы тиянақты идеалистік ағым жалпы алғанда дүниені танып-білуге болатындығын мойындайды. Бұл ретте, мысалы Р.Декарттың, Г.Лейбництің, Г.Гегельдің жүйелі ой-пікірлерін атап өтуге болады. Алайда, Гегель дүниені танып-білуді «абсолюттік идеяның» өзін-өзі танып-білу жолындағы бір сатысы ретінде ғана қарастырады. Ал субъективті идеалистер дүниені түйсіктер мен ой-өрістің әр түрлі жиынтығы деп қарайтын болғандықтан, олардың дүниені танып-білу туралы пікірлері субъектінің өзін-өзі танып-білуіне келіп саяды.

Танымда сезімдік және рационалдық танымның деңгейлері болады. Сезімдік таным үш негізгі формада жүзеге асады: түйсік, қабылдау, елестету. Сезімдік таным танымның бірінші және қажетті сатысы болып табылады, бірақ ол заттардың құбылыстардың ішкі мәнін түсінуге мүмкіндік бермейді. Ол міндетті жоғарғы түрі абстрактілі ойлау болып табылатын танымның келесі рационалды түріне көтеріліп барып шешуге болады. Дамыту процесі үш түрлі негізгі формалар арқылы өтетін ойлау мазмұны құрады: ұғым, пікір, ой түйіндеу. Танымның сезімдік және рационалды жақтарының бірлігі – құбылыс түсінігінен мән түсінігіне өту процесі, яғни, сана мен тәжірбие арасындағы қайшылықтарды шешу арқылы сапалық секіруге ұқсатуға болады.

ТАРИХ ФИЛОСОФИЯСЫ – адамзат дамуының негізгі бағыттарындағы тарихтың мәнін, оның заңдылықтарын, ондағы проблемалар төңірегінде зерттеу жасайтын білім саласы. Философия тарихы негізінен өз бастамасын антика заманынан алады, Жаңа заманда Виконың және 18 ғ. ағартушыларының (Вольтер, Гердер, Кондорсе, Монтескье) еңбектерінде қарастырылды. Августин Блаженныйдан бері келе жатқан тарихты түсіндірудің теологиялық қағидаларына ағартушылар қарсы шығып, себептілік идеясын, прогресс теориясын негіздеп, тарихи процестің тұтастық идеясын енгізіп, географиялық және әлеуметтік ортаның адамға ықпалын анықтады. Гегельдің тарих философиясы ілімі буржуазиялық сипатқа ие болды. Ол тарихты – идея мен рухтың өзіндік ішкі даму процесіне қажетті тұтас және заңды құбылыс деп қарастырды. Марксистік тарихи материализмнің негізінде тарих пен оның заңдылықтары ғылыми философиялық тұрғыдан пайымдалды. 20 ғ. тарих философиясында Тойнби мен Шпенглердің батыс өркениеті өзінің құлдырау шегіне жеткендігі туралы концепциялары орын алды. Кейінгі кезде тарих философиясында У.Ростоудың концепцияларында (Теорияның экономикалық өсу деңгейлері) оптимистік нұсқалар келтіріліп жүр. Қайткенмен де көптеген буржуазиялық әлеуметтанушылар мен тарихнамашылар тарихты философиялық тұрғыдан пайымдауға қарсы шығып, оны кездейсоқтықтардың хаостық ауысуы деп санайды да, керісінше себептілік, заңдылық, прогресс ұғымдарын жоққа шығарады.

ТЕЙЯР ДЕ ШАРДЕН Пьер (1881-1955) – француздың палеонтолог ғалымы, философы және теологы. 1899 ж. иезуиттер орденінің мүшесі, 1911ж. қасиетті діншіл. Тейяр де Шарденнің адам және әлем туралы көзқарастары ортодоксальды томизм іліміне ұқсамайды, өйткені ол «христиандық эволюционизм» концепциясын қалыптастырды. Әлемнің эволюциялық даму ерекшеліктерін ескермеуге тырысқан діни ілімдерден өзгеше түсініктеме бергені үшін Тейяр де Шарденді шіркеу басшылары сабақ беруден аластатып, философиялық-теологиялық шығармаларын жарық көрсетуге тыйым салған болатын. Дегенмен, 1960 ж. бастап оның көзқарастарын көптеген модернистік ағымдардың өкілдері кең қолдана бастады. Тейяр де Шарден адамның пайда болуына алып келген әлемнің эволюциясын діни тәжірбие мен ғалымның қол жеткізген жаңалықтарын біріктіре отырып анықтауға тырысты, сөйтіп, «ғылыми феноменологияны» жасамақшы болды. Күрделі ұйымдастырылған сана мен руханилық иесі адамды Тейяр де Шарден бүгін ғарыштың алдын-ала жоспарланған эволюциялық дамуының нәтижесі деп түсіндірді. Тейяр де Шарден концепциясына пантеизм, яғни бүкіл тіршілікке ыдыратылған Құдай идеясы тән. Тейяр де Шарден бойынша, Құдай – «универсуум құрылымының» әрбір бөлшегінде ерекше рухани күш-жігер түрінде көрсетілген, ол эволюцияның қозғаушы және бағыттаушы күші болып табылады. Тейяр де Шарденнің тарихи-философиялық көзқарастарына оптимизм, гуманизм, христиандық либирализм тән. Ол болашақта христиан діні мен гуманизм, ғылым мен мистика бірігіп, қазіргі заманның қауіп-қатеріне төтеп берер жол табады деп сенген. Негізгі шығармасы: «Адам феномені».

ТЕИЗМ (гр. Theos-құдай) – ақыл-ойы мен ерігі бар және жұмбақ түрде барлық материалдық және рухани процестерге ықпал ететін жаратылыстан тыс тіршілік иесі ретіндегі жеке құдайды мойындайтын діни-философиялық ілім. Дүниеде болып жатқанның бәрін теизм құдайдың құдіреті деп қарастырады. Жаратылыс заңдылығын да теизм жаратқанның жазмышымен байланыстырады. Деизгде қарағанда теизм барлық дұниежүзілік оқиғаларға құдайдың өзі тікелей қатынасатындығын уағыздайды, ал пантеизмге қарағанда құдайдың дүниеден тыс және одан жоғары өмір сүретінін мойындайды. Теизм – клерикализм, теология және фидеизмнің идеологиялық негізі. Теизм ғылым мен ғылыми дүние-танымға мүлдем кереғар.

ТЕОЛОГИЯ (грек. theos – құдай, logos - ілім) – Құдай туралы діни ілім. Теология Құдайдың өзі мен оның әрекеттерінің мәнін анықтайтын діни шығармалар жинағынан тұрады. Теология бір жағынан, Құдайдың адамдарға арнайы өзі түсірген кітаптарының – киелі мәтіндерінің арқасында, екінші жағынан, діни-идеалистік сарындағы философияның болуының арқасында мүмкін. Теологияны христиан шіркеуі, иудаистік немесе мұсылмандық қауым сынды әлеуметтік ұйымдардан тысқары қарастыруға болмайды, өйткені тыңдаушысы жоқ «Құдай сөзі» болмақ емес. Мыс., христиан теологиясы Інжілге, алғашқы дүниежүзілік соборлар қаулылары мен «шіркеу аталарының» ілімдеріне сүйенеді. Христиан теологиясы діни ілімге, догматтық діни ілімге, парасаттық діни ілімге, шіркеу туралы ілімге, т.б. бөлінеді.

ТЕОРИЯ – дүниедегі заттар, құбылыстар, процестер, олардың қасиеттері мен байланыстары туралы ғылыми білім сан алуан түрде бейнеленеді. Солардың ішіндегі ең елеулісі – теория.

ТЕОЦЕНТРИЗМ (грек. theos – құдай) – дүниенің бастамасы мен себебі жалғыз құдай деп қарастыратын, орта ғасырларда еуропа елдерінде кеңінен тараған христиан философиясындағы түсінік. Ол барлық бастамалардың белсенді және жаратушы негізі, дүниежаратылысының орталығы.

ТЕРІСТЕУ – белгілі бір зат пен құбылыстың қайшылықтарын ашу, оларды шешудің жолдарын анықтау, жаңа сапаның пайда болуына мүмкіндік туғызу.

ТЕХНИКА (грек. techne - өнер, шеберлік, машық, кәсіп) – қоғам мен табиғатты байланыстырып жатқан феномен. Техниканы кең және тар мағынасында қарастыруға болады: тар мағынасында техника – индустрия, өндіріс, кәсіп дегенді білдіреді (экономикалық Т., өндірістік Т., әскери Т., машина – жабдықтар тұрмыстық Т., т.б), кең мағынасында техника деп өнерді, шеберлік түрін айтады (ойлау Т., бейнелеу Т., би-өлең Т., т.б). Техниканың мәні адамға аз күш жұмсатып, көп нәтижеге жеткізуде жатыр. Техника мәдениеттің негізін қалайды. Адам техникаға өзінің адам ретінде қалыптасуымен қарыздар. Бірақ Н. Бердяевтің «Техника туралы сұрақ адамзат пен оның мәдениетінің тағдыры туралы сұрақ» дегенін естен шығармаған дұрыс. Расында да, қазіргі техниканың даму қарқыны, оның игі әсерімен қатар, кері ықпалының көбеюі арқылы бар адам баласын ойландырмай қоймайды. Батыста техниканы философиялық – мәдениеттанушылық ізденістердің нысанасына айналдыру И.Бекманның «Технология туралы нұсқау немесе мануфактура, фабрика және шеберлікті тану» (1777 ж), Э.Каптың «Техника философиясының негіздері» (1877 ж) атты шығармаларының дүниеге келуімен байланысты жүріп отырды. Бұл екеуінің техника концепциясы «органопроециялық» сипатқа ие болды, өйткені олар техниканы адамның өз органдарын, дене ағзаларын табиғи материалға проекциялау нәтижесі деп түсіндірді. Мыс., экскаватор – үлкен алақан уысы; автомобиль – желаяқ және т.б. Техника тақырыбын Дессауэр, Хайдеггер, Ясперс шығармаларынан да көптеп кездестіреміз. Мыс., Хайдеггердің айтуы бойынша, Техника – адамның өзін-өзі жүзеге асыру тәсілі әрі сол арқылы болмыс қыр-сырын, жұмбағын шешу жолы.

ТЕХНИКА ФИЛОСОФИЯСЫ – қазіргі замандағы техника феноменің философиялық-методологиялық және көзқарастың зерттеу бағыты. Техника философиясы техникалық білімінің құрылымы мен динамикасын сараптау, техникалық ғылымдардың методологиясы проблемаларын, сонымен қатар, адамның шындықты техникалық игеруінің гносеологиялық және антропологиялық аспектілерін зерттейді. Қазіргі уақытта техника философиялық контексте кешенді, күрделі, көп аспектілі, қайшылықты құбылыс және адамзат өркениеті дамуының факторы ретінде қарастырылады.

ТЕХНИЦИЗМ – техниканы қоғам тағдырын анықтауыш күш деп түсіндіретін әлеуметтік-психологиялық нұсқау және саяси-қоғамдық ой бағыты. Техницизм қоғамдағы елеулі өзгерістер тікелей техниканың әсерімен жүзеге асады деп ұғындырады. Техницизм идеологиясы адамзат үшін техниканың дамуы қашанда ізгілік деген үстірт көзқарасқа негізделген. Техницизм идеологиясының мәдениеттанушылар, әлеуметтанушылар ілімдерінде кездесуін олардың адамзат мәдениетінің тарихи негізгі сатыларын техниканың белгілі бір аспектілерімен байланысты қарастыруларынан байқаймыз. Мыс., олардың бірі (Дж.Ленский) мәдени кезеңдерді еңбек құрамының өзгерісімен байланыстырса, келесісі қуат көзінің өзгерісімен, үшіншісі, (Л.М.Мак-Люэн) қарым-қатынас, ақпарат алмасу құралдарының өзгерісімен байланыстырады.

ТЕХНОКРАТИЯ (гр. fechne- кәсіп, өнер, kratos – өкімет, билеу) 1) Қазіргі қоғамға енетін мемлекеттік-монополиялық өндірістің жоғарғы басшылығының әлеуметтік тобы. 2) 20 ғ. 20 жылдары американдық экономистер Г.Скотт пен Т. Веблен негізін қалаған социологиялық ілім. Бұл ілімді жақтаушылар техника мамандарының саяси өкімет орнату қажеттігін насихаттады, әлеуметтік өмірде техниканың рөлін асыра дәріптеді және индивидтерді (жеке адамдарды) қазіргі технология мен «машиналар құлы» ретінде қарастырды. Технократияның теоретиктері қазіргі қоғамды басқаратын капиталистік емес менеджерлер (Д.Бэрнхем) немесе кең тұрғыдан алғанда –«техноқұрылым» (Дж. К.Гэлбрейт), яғни қарапайым инженерлерден бастап ірі фирмалардың бас директорына дейінгі мамандардың сатылық бірлестігі деп есептеп, саяси жүйенің міндетті қызметінде жеке меншіктің рөлін жоққа шығарады.

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДЕТЕРМИНИЗМ – қоғамдық-экономикалық құрылымдардың дамуындағы шешуші фактор-өндірістің техникалық және технологиялық жақтарын өзгерту деп тұжырымдайтын метологиялық ұстаным.

ТЕХНОФОБИЯ (грек.techne –техника, fobia – қорқыныш) – техникалық іс-әрекеттер мен объектілердің жаттанған дүниесін адамның өз болмысына қауіп төндіретін құбылыс ретінде қабылдауын бейнелейтін ұғым. Тағы бір анықтамасы, техникалық прогресті теріс қабылдау, техникаға үміт артудан гөрі оның әкелер қауіп-қатерінен үрку, техниканы адамның жауы деп санау. Технофобия идеологиясы адамзатты жөн-жосықсыз тұтынушылық жолында техниканың құлы болып, соның бір тетігіне айналып кетуден сақтандырудан туындайды. Технофобия адамның жеке басының тұлғалық ерекшеліктерін техника жоққа шығарады деп үрейлендіреді. М.Голдман, Дж. Форестер, Д.Медоуз өздерінің технофобиялық концепцияларында экологиялық кризис себептерін ғылыми-техникалық революциядан табады. Олар технологиялардың дамуын осы қазіргі деңгейден ары асырмау керек, тек сонда ғана әлемде табиғат мен техника арсындағы тепе-теңдікті («глобальды тепе-теңдікті») қалыптастыруға болады деп түсіндіреді.

ТОЛАНД Джон(1670-1722) – ағылшын материалист-философы, еркін ой жолындағы күрескер. Дінді деистік сынаудан бастаған Толланд атеизм айқындамасына түсті: ол жанның мәңгілігін, о дүниедегі үлесті дүниенің жаратылуын теріске шығарды «қасиетті» кітаптарды құдайдың шығармағанын дәлелдеді, діннің жердегі жағдайлардан шыққанын түсіндіруге әрекеттер жасады және т. б. Толандтың «Құпиясы ашылған христиан діні» (1696) деген кітабы дін басыларының ашу-ызасын туғызып, өртеліп жіберілді. Толандтың сіңірген басты еңбегі оның материя мен қозғалыстың бірлігі туралы, қозғалыс материяның мәнді және ажырағысыз қасиеті деген ілімінде болып табылады. Толанд қозғалысты материяның негізгі қасиеті деп санамаған Спинозаны, сондай-ақ қозғалысты құдай жасайды деп білген Ньютон мен Декартты осы тұрғыдан сынға алды. Толанд бойынша, материя мәңгілік және жойылмайды, ғалам шетсіз-шексіз. Алайда Толанд механикалық материализм шеңберінен аса алмайды: ол кездейсоқты теріске шығарды, ойлауды мидағы заттардың таза физикалық қозғалысы деп білді; материяның қозғалысын оның саналық өзгерісімен байланыстырмайды.

ТОЛҒАУ – қазақ фольклорының дәстүрлі жанры. Ақын толғауда өзінің ой толғанысын, уақытқа, заманға, оқиғаға, құбылысқа көзқарасын білірді. Ол – ақынның философиялық поэтикалық монологы. Автор сезім түйсігін, ой-пікірін, өмірлік тәжрибесін қорытып, сыршылдықпен, ұлағатты салиқалы жыр жолдарымен толғайды. Ақынның өзі жөнінде айтып алып (шабыт шақыру үшін), өткен-кеткенді, төңіректі шешу (қорытындыға тыңдаушыны дайындау үшін) ақырында негізгі ой-пікірін жинақтап түйіп айтуы көптеген толғаулардың композициялық шарты болып келеді. Толғаудың дидактикалық шешендік, шежірелік, патриоттық сарынды түрлері болады.

ТОЛСТОЙ Лев Николаевич (1828-1910) – орыс жазушысы және ойшылы. Өзінің шығармашылығы мен ілімінде ең алдымен Ресейдің реформадан кейінгі даму дәуірінің (1861-1905) «шаруа буржуазиясының революциясы» ретінде «бүкіл бірінші орыс революциясын, оның күші мен оның әлсіздігінің» тарихи ерекшелігін бейнеледі. Оның көзқарасының «айшықты» қайшылықтары: бірінші жағынан, капитализмді, ресми шіркеуді, мемелекеттің халыққа қарсы пиғылын аяусыз сынауы, екіншіден, бойсұғушылықты, зұлымдыққа қарсы шықпауды, талғағыш формасын уағыздауы – осыдан шығады. Толстойдың діни-философиялық көзқарастарына христиандықпен қоса буддалық, ежелгі Шығыс діни жүйелері мен Руссо, Шопенгауэр және славянофилдердің идеялары ықпал етті. Толстой ілімінің негізінде көбінесе этикалық-рационалистік тұрғыдан түсіндірген нанымдық ұғым жатыр: наным деген адамның не екенін және оның өмірінің мағынасы неде екенін білу. Адам өмірінің мағынасын ол жатсынуды жеңіп шығу мен адамдардың махаббат пен еркін қауышуында, әр адам өз бойында құдіретті бастаманы жете түсіну арқылы олардың құдаймен жақындасуында деп білді. Толстойдың пікірінше, озбырлық формасы ретінде мемлекет, жеке меншік, шіркеу, халыққа жат барлық өркениет осы идеалдың іске асуына кедергі болады, әлеуметтік кеселге ұрындырады. Ақырында ол мемлекеттілікті теріске шығарып (анархизм), ғылым мен мәдениеттің мәнін төмендетті, қарапайымдылыққа шақырып, шаруа еңбегі мен қауымдық дәріптеуге келіп тірелді. Толстой адам тек рухани-жеке басының тауқыметінен құдайға (жақсылыққа немесе «дүниежүзілік көрінбес бастамаға») құлдық еткенде ғана азат болады деп үйретті. Әлеуметтік тарихи процесс құдайдың құдіретімен (провиденциализм) жолға қойылады және бұқараның іс-әрекеті арқылы іске асады: жеке адам, тіпті патшаның өзі де тарихтың құралы (фатализм) болып табылады. Адамзаттың жоғары мақсаты жер бетінде «құдай патшалығын» орнатуда деп түсінген Толстой өнердің негізі эстетикалық идея емес, парасатты-діни идея болуы тиіс деген тұжырымға тоқталды. Негізгі шығармалары: «Соғыс пен бейбітшілік», «Анна Каренина», «Жандану» және т.б. бұқаралық әділетсіздікке, әлеуметтік теңсіздік пен қанауға қарсы наразылығын білдірген гуманды көзқарастарынан байқалады.

ТОМИЗМ – христиандық ортағасырлардағы Фома (Томас) Аквинский негізін қалаған діни-философиялық ілім. Ол өзінің әлемнің жаратылысы туралы ілімінде діни көзқарасын былай білдірді: жаратылыс идеясы, материяның болмысын жоққа шығару; жаратылыстың өзі жасалған әлемнің алдында болмыстың жоқтығын көрсетеді. Жер жүзіндегі жаратылыстың түкке тұрмайтындығын мойындау – ортағасырлық көзқарастың үстемдік құрушы идеясы еді. Томизм ілімі 19 ғ. (неотомизм) католик шіркеуінің ресми идеологиясы болып жарияланды.


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 45 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>