Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

28 апталық жүктілігі бар 27 жастағы әйел гриппке қарсы вакцинация алмаған.Жүктіліктің 20-22 аптасында ЖРВИ өткерген, жоғарғы 19 страница



 

Қантты диабеттің компенсациясына сәйкес болатын гликозилирленген гемоглобин (НbА1c) деңгейін көрсетіңіз:

C) <7,5%

 

М. атты 35 жастағы науқас әйел қатты күйзелістен кейін аса тершеңдік, ашушаңдық пайда болып, салмақ жоғалтқанын айтады. Объективті: бойы – 170 см, салмағы – 55 кг. Терінің айқын гипергидрозы, созған қол саусақтарының треморы. Жүрек шекаралары солға ығысқан, тондары күшейген, жүрек ұшында систолалық шу, ЖСЖ – минутына 150 рет, АҚ - 140/70 мм с.б. Қалқанша бездің 2 дәрежелі ұлғаюы. Негізгі зат алмасу 20 пайызға артқан. Ашқарынға гликемия - 6,3 ммоль/л. Қандағы холестерин - 7,0 ммоль/л. Неғұрлым деректі зерттеу тәсілі:

А) Т3, Т4, тиреотроптық гормонды зерттеу

 

40 жастағы науқас әйелді бір жыл бойы АҚ 220/120 мм с.б. дейін тұрақты көтерілуі, басының ауыруы, аяқтардың кезеңді күрт әлсіздігі, тырысулар, полиурия, жүрек тұсында ауырсыну ұстамалары мазалауда. ААФ ингибиторлары мен гипотиазид әсер етпеген. Компьютерлік томографияда – оң жақ бүйрек үсті безінің ұлғаюы. Неғұрлым мүмкін диагноз:

C) Кон синдромы

 

Қабылдау бөліміне қантты диабеттің 1 типімен сырқаттанған науқас жеткізілді, салғырт, дел-сал тері жамылғысы құрғақ, тынысы шулы, ацетонның шамалы иісі бар, жүрек тондары әлсіз, тахикардия 110 рет мин. бірлі-екілі экстрасистолалар, АҚ 80/60 мм с.б., тілі құрғақ, ішін пальпациялағанда эпигастрий аймағында ауырсыну, олигоурия. Шұғыл көмекті тағайындаңыз:

B) Сағатына 10-12 ЕД қысқа әсерлі инсулин мен басқа көктамырға кристаллоидтарды енгізу

 

Қабылдау бөліміне гипертониялық кризбен (АҚ 280/130 мм с.б.) 39 жастағы науқас жеткізілді. Бір жыл аралығында АҚ ұстама тәрізді жоғарылауы байқалады, криздер қобалжу, тахикардия, діріл, бұлшықеттік тартылулармен қатар болады. Криз көп мөлшерде зәр бөлумен аяқталады. Криздердің біреуінде 9,6 ммоль/л дейін гипергликемия анықталған. Шұғыл көмек көрсетіңіз:

D) Фентоламин

 

57 жасар әйел, артық салмағы бар, 2-ші типті қантты диабетінен емделуде. Күніне 500 мг сиофор қабылдайды, диета сақтайды. (1200ккал/күніне). Айдың соңында оң жақ қабырға астындағы ауруды сезе бастады. ЧСС- 84 мин. АҚ-150/85 мм рт.ст. Бауыры қабырға доғасынан 3-4 см шығыңқы,орташа тығыздықта. Аш қарынға гликемиясы 9,2 -9,5 ммоль/л, 2 сағ.тамақтан кейін – 12,0 -14,2 ммоль/л. Эндокринолог - дәрігердің тактикасы:



A) Cиофор дозасын сол қалпында қалдыру

 

Науқас Н. 65 жаста, жүрек айну, құсу, айқын әлсіздік, ұйқышылдық, терінің қышыну, диурездің азаюы мазалайды. Анамнезі: созылмалы пиелонефритпен 18 жыл ауырады. Объективті: жалпы жағдайы ауыр. Тері жабындысы боз сарғыш реңді, құрғақ, тырнақ іздері бар. Беті ісінген. Қанда: эритроцит - 2,5х1012/л, гемоглобин - 75 г/л, лейкоцит – 8,9х109/л, ЭТЖ – 15 мм/с. БХА: креатинин - 117 мкмоль/л, мочевина - 10,5 ммоль/л, жалпы ақуыз - 65 г/л. Барынша қажет зерттеу:

C) шумақша фильтрациясының жылдамдығы

 

Науқас А. 31 жаста, бел тұсының орташа қарқынды, тартып ауырсынуына, дене қызуы 37,60С көретілуіне, жиі кіші дәретке шығуына шағым айтып түсті. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Қабағы ісінкі. Жүрек тоны тұйықталған, ырғақты. АҚ - 130/80 мм с.б. ЖСЖ – 80 рет/мин. Қанда: эритроцит - 3,5х1012/л, гемоглобин - 130 г/л, лейкоцит – 12х109/л, ЭТЖ – 20 мм/с. Несепте: салыстырмалы тығыздығы. - 1012, ақуыз - 0,066 г/л, лейкоцит – 25-30 көру аймақта, бактериурия. Келесі зерттеу әдісін жүргізу қажет:

C) несептің бактериологиялық егуі

 

Ер кісі 27 жаста, 4 жылдан бері гломерулонефритпен ауырады. Бел тұсының ауырсынуына, бас айналуына, тәбеттің және еңбекке қабілетінің төмендеуіне, ұйқының бұзылуына шағым айтады. Жағдайының нашарлауын салқын тиюімен байланыстырады. Объективті: АҚ - 180/100 мм с.б. Қанда: креатинин – 120 мкмоль/л (норма 60-130 мкмоль/л), калий – 3,4 мкмоль/л (3,5-5 мкмоль/л). Несепте: салыстырмалы тығыздығы - 1020, ақуыз – 4,5 г/л, эритроцит - 3-5 көру аймақта, лейкоцит - 15-17 көру аймақта. Барынша тиімді емдік бағдарлама:

C) Дезагреганттар+антикоагулянттар+цитостатиктер+ААФ (АПФ) ингибиторы

 

Науқас 40 жаста, бел тұсының ауырсынуына, шапқа берілуіне, несеп шығарғанда ашыуына, жүрек айнуына, құсуына шағым айтады. Қанда: лейкоцит-8,6 мың, ЭТЖ-24 мм/с. БХА: мочевина-9,2 ммоль/л, креатинин-0,120 ммоль/л. Неспте: салыстырмалы тығыздығы -1018, лейкоцит - 5-6 көру аймақта, эритроцит-20-25 көру аймақта, оксалаттар +++, фосфаттар ++. Барынша тиімді емі:

D) Спазмолитиктер

 

74 жастағы науқас төс артының тыныспен байланыссыз, ұстамалы күшейген сығып ауырсынуына шағымданды. Нитроглицеринді қабылдау нәтиже бермеді. Ең қажетті тексеру:

C) ЭКГ, тропонин Т

 

Еркек 40 жаста, эпигастрий аймағының ұзақ уақыт ауырсынуна, ауырсынудың арқаға берілуі және оң жақ қабырға астының қатты ауырсынуына шағымданады. УДЗ-де: асқазан асты безі өзгерген және созылмалы холецистит көріністері. Берілген патологияда төмендегі лабораториялық көрсеткіштер ақпаратты болады:

D) Қанда және зәрде амилаза деңгейі

 

Жігіт 18 жаста, анамнезінде бір аптадан бері ауырады. Ангинадан кейін бет аймагында, денесінде ісінулер пайда болған. Объективті: АҚ - 140/90 мм. с.б. Зәр анализінде: салыстырмалы тығыздығы - 1020, белок - 8,4 г/л, лейкоциттер - 4-6 көру алаңында, эритроциттер -5-6 көру алаңында.

Сіздің диагнозыныз:

B) Жедел гломерулонефрит

 

26 жастағы науқас дене қызуының 5 күн бойы көтерілуіне шағымданды. Жедел ауырған. Ауру дене қызуының жоғарылауы, қатты тершеңдіктен басталған. Өз бетімен цефазолин 1,0х3 рет б/е қабылдаған, әсері болмаған. Қарағанда мойынының сол жақ лимфа түйіндерінің ұлғаюы, бадамша бездерінің ұлғаюы мен қызаруы байқалды. Қан талдауында: Hb 90 г/л, Эр. 3,3х1012/л, ТК 0,9; Лейк. 13,0х109/л (эозинофильдер 6%, базофильдер 2%, таяқша/ядролылар 14%; с/я 67%, лимфоциттер 1%, моноциттер – 10%), ЭТЖ 60 мм/сағ. Стернальді пункцияда Березовский-Рид-Штернберг клеткалары анықталды. Сіздің диагнозыныз:

Е) Лимфогранулематоз

 

34 жастағы әйел балтыр табан буындарының ауырсынуын, ісінуін, балтырда майда нүктелi бөртпелердің пайда болуын байқаған. Қанда: тромбоциттер - 180х109/л, қан кету уақыты – 4 мин, қан ұйындысының ретракциясы өзгермеген, протромбин индексi - 90%, АЧТВ – 45с, фибриноген - 5 г/л. Зәрде: белок - 0, 05г/л, эритроциттер – 50 к/а.

Сіздің диагнозыныз:

А) Геморрагиялық васкулит

 

Науқас 20 жаста, 5тәуліктен бері ауырады, дене қызуының бірінші күнінен бастап көтерілуіне, әлсіздікке, шаршағыштыққа, тамағының жыбырлауына, жөтелуге шағымданады. өз бетінше аспирин, сульфадимезин қабылдаған. Ауруының 4-ші күні эпигастрии аймағында ауырсыну, жүрек айну, тәбетінің кенеттен төмендеуі, зәрінің қараюы пайда болды. Объективті: науқас әлсіз, бозғылт, ақ қабық және ауыз қуысының шырышты қабығы сарғайған. Бауыр қабырға доғасынан 1см төмен пальпацияланады. Пульс 1 мин 64 рет, АҚ- 100/60. Қанның б/х анализінде: АЛАТ 1740 нмоль с/л, жалпы билирубин -60,2 мкмоль/л, тура билирубин -42,4 мкмоль/л. Диагноз қоюда келесі қадам болып табылады:

С) Вирусты гепаттитке маркерлер

 

47 жастағы әйел қабылдау бөліміне жалпы әлсіздікке, бас айналуға, жүрек қағуға шағымданып түсті. Соңғы 1 жылда менструациясы 10 күннен, көп мөлшерде келеді. Объективті: тері жамылғысы және сілемейлі қабығы қабаты бозғылт, тырнақтары жолақтанған және сынғыш, шаштары көп түседі, тахикардия минутына 100 рет, АҚ 110/60 мм.с.б. Қанда: гемоглобин - 62 г/л, эритроциттер - 2,6 х 1012/л, түстік көрсеткіш - 0,7, ЭТЖ - 36 мм/сағат, лейкоциттер - 5,8х109/л, тромбоциттер - 420 х 109/л. Гинеколог: жатыр миомасы, 12 апта. Хирургиялық жолмен емдеу ұсынылды. Аталғандардың қайсысы науқасты жүргізу тактикасының ең тиімдісі болып табылады:

В) Темір препараттарын парентералды енгізу

 

Ер адам 68 жаста, қабылдау бөліміне айқын жалпы әлсіздікке, ентігуге, жүрек қағуға, аяқтарында «мақта тәрізді» сезімнің болуына шағымданып түсті. 6 жыл бұрын ойық жара ауруына байланысты асқазанның резекциясы жасалған. Объективті: тері жамылғысы және шырышты қабаттары бозарған, сарғыш реңкілі. Қанда: гемоглобин - 46 г/л, эритроциттер – 1,3 х 109/л, лейкоциттер - 2,3х109/л, түстік көрсеткіші – 1,1, ЭТЖ - 41 мм/сағат, базофилдер– 1%, эозинофилдер – 4%, таяқша ядролы нейтрофилдер – 6%, сегмент ядролы нейтрофилдер – 65%, лимфоциттер – 16%, моноциттер – 8%, тромбоциттер – 110 х 109/л. Миелограммада: мегалобласты тип бойынша қан өндірілу. Аталған емдеу тактикасының ішінде төмендегіні қолданған жөн:

D) В12 витаминінің препараттары

 

53 жастағы науқас әйел жүрек тұсындағы шаншып ауырсынуға, аяқ бармақтарының шаншуы, тері қышуы, үдемелі әлсіздік. Объективті: плеториялық синдром. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, ЖСЖ минутына 74 рет, АҚ-180/110 мм с. б. Бауыры – қабырға доғасынан шықпаған, ауырсынбайды, консистенциясы жұмсақ-эластикалық; көк бауыры 8 х 6 см. Қанда: эр-5,0 млн., Нв-165 г/л, ТК-0,9, лейк-9,3 мың, таяқша-7%, сегм-60%, эоз-4%, лимф-25%, мон-4%, тромб-400 мың, ЭТЖ-1 мм/сағ. Неғұрлым тиімді тактика:

Е) Қан ағызу + дезагреганттар

 

30 жастағы науқас әйел әлсіздікке, ентігуге, жүрек қағуына, соңғы жарты жылда меноррагияларға шағымданады. Объективті: терісі мен шырышты қабаттары бозғылт, тырнақтардың көлденең жолақтығы, койлонихиялар. Жүрек ұшында систолалық шу, тахикардия. Қанда: эр-3,0 млн., Нв-92 г/л, ТК-0,77, лейк-4,2 мың, тромб-192 мың. ЭТЖ-22 мм/сағ, анизоцитоз, пойкилоцитоз. Миелограммада сидеробластар-12%. Неғұрлым тиімді тактика:

В) Сорбифер тәулігіне 200 мг 3 ай бойы

 

Созылмалы вирусты гепатитпен ауыратын науқастың лабораторлы зерттеулерінде келесі өзгерістер анықталған: билирубин 35 мкмоль/л, Тимол сынамасы 8 бірлік, Алт 1,2 ммоль/л, АСТ 0,9 ммоль/л, серологиялық тексерулерде Hbs Ag және HBC Ab IgG оң, НВV – ДНК, HBeAg және HBC Ab IgМ теріс. Науқасқа қандай ем жүргізілмейді:

С) Интерферон

С. деген 48 жастағы науқас оң қолға берілетін оң қабырға астындағы ауыру сезімі, өт қоспасымен құсыққа шағымданып түсті. Ауырғанына-18 жыл. Об-ті: тамақтануы жоғары, көзінің ақ қабығы сарғыш, оң қабырға астында ауыру сезімі, бауыры ұлғаймаған, Ортнер симптомы оң. Қанында: лейк-12 мың, ЭТЖ-33 мм/сағ. Өттің алғашқы үш порцияларында -кілегей, лейкоциттер, ал IV порциясында-лямблиялар. Ем тағайындаңыз:

D) Фуразолидон

 

Дәріге жоғары тәуелділіктің келесі жанама әсері:

А) Тоқтату синдромы

 

Тез әсер ететін дәрілік заттың жанама әсері. Кай топқа жатады:

А) Канцерегенді

 

Дәріге тәуелділікті болдырмас үшін, үнемы нитрат интервалы болу керек:

А) 8-12 сағат

 

Нитроглицериннің әсер ету узақтығы(неше минутта)

А) 1-2минут

 

Гентамицинді қандай дәрімен комбинация жасағанда улы әсері көбейеді

А) Фуросемид

 

Терапияның кең әсерлігі бұл:

А) Минималді терапиялық диапозон мен плазмадағы дәрінің улы концентрациясы

 

Ішімдікті үнемі үлкен дозада қабылдағанда мыналарға алып келеді:

А) Бауырда метаболизм төмендеуі

 

Никотин мына жағдайға алып келеді:

А) Бауырдағы метаболизм жоғарлауына

 

Бас ми жүесінін қан айналым бұзылысы ишемия түрінде 12 сағат бойы реополиглюкин 400мл т/і тамшылатып тәулігіне 1 рет тағайындалған. Осы жағдайда эффективті антиоксидативті тандаңыз:

А) Церебролизин

 

Науқас Д 53 жаста.

Диагноз: ШИА. Тұрақты стенокардия. ФК инфарктан кейнгісі. Кардиосклероз. Шыбыр аритмиясы. Созылмалы қан айналым жетімсіздігі. Строфантин, дигоксин, фуросемид, панангин қабылдаған. Яяқ астынан дене қызуы 38,4С котеріліп жөтел ентігу өкпеде крепитация н/б.

Рентгенограмада: өкпесінің оң жақ төменгі бөлігінде инфильтрация анықталған.Еміне гентамицин, сульфокамфокаин, супрастин қосқан.

Мына тағайындалған комплекті терапиясын науқасқа қандай жаман әсер туады?

А) Гентамицин нефротоксикалық эффектісі фуросемид комбинациясы мен қолданғанда

 

Амиодаронның жағымды әсерін көрсетіңіз:

а) брадикардия б) артериалды гипотензия в) бронхоспазм

г) тахикардия д) қалқанша безінің функциясының бұзылысы

е) ығыстырылған ақсақтық ж) АВ блокада

А) а,б,д,ж

 

15 жылдан бері сахарный диабетпен ауырады,инсулин алу мөлшері 70ед 1сут, гликимияның деңгейі 7,5-8,6ммоль/л соңғы кездері АД 170/90 -180/100мм.рт.ст көтеріліп жұр.Емдеуші дәрігерідің обзидан тәулігіне 120мг тағайындаумен асқынғанын айтады. Қандай жағымсыз жағдайды күтуге болады ДЗ кезінде.

a) гипергликимиялық комаға түсу б) жүрекшілік жетіспеушілік в) гипогликимиялық комаға түсу г) ортостатикалық гипотензия д) гипертензия

А) б,в

 

ЖИА-жедел трансмуральды алдыңғы қалқаның миокард инфарктісі диагнозы бар науқаста жиі қарыншалық экстрасистолиялар дамыды. Тез арада енгізу керек:

С) кордарон+

 

Асистолияның дамуы пропранолмен қосып... енгізгенде дамуы мүмкін.

С) верапамилді+

 

Науқастағы асматикалық ұстама жағдайының қауіпті белгілері болып табылады:

С) РаСО2төмендеуі+

 

Шоктан кейін полиорганді жетіспеушілік дамуының патофизиологиялық негізі:

Е) капиллярлардың қайтымсыз құрсауы+

 

«Электро-механикалық диссоциация» термині түсіндіріледі....

С) жүрек жиырылуының болмауы кезінде электрлік белсенділігінің

сақталуы+

 

Ересек адам ағзасының қанша пайызын су құрайды?

С) 60%

Өкпенің диссеминирленген зақымдану синромын қою үшін ең кең тараған және қол жетерлік әдіс:

С) рентгенологиясық зерттеу

 

36 жастағы науқас ер кісі бетінің, бел тұсының, аяқтарының ауырсынуы ісінуіне шағымданады. Анамнезінде - туберкулез. Зәр анализі: сал. тығ. -1020, белок-10,4 г/л, лейк-2-3 көру аймағында. Диагнозды дәлелдеуде неғұрлым деректі тәсіл:

E) Тік ішектің шырышты қабатының биопсиясы

 

32 жастағы науқас әйел кешкілікте қалтырауға, әлсіздікке, тәбетінің болмауына, шөлдеуге шағымданады. Объективті: оң жақта белден ұрғылау симптомы оң. Қан анализі: лейк. – 8,5х109/л, ЭТЖ 28 мм/сағ. Зәр анализі: сал. тығ. 1008, лейк. – көру аймағында 8,12, бактериялар ++. Бүйректі УД зерттеу кезінде неғұрлым мүмкін өзгерістер:

E) Тамырлық суреттің деформациясы

 

42 жастағы ер адам, қойшы дене температурасының жоғарылауына, бас ауыруына, жалпы әлсіздікке, шаршағыштыққа, тітіркенгіштікке, тізе және тобық буынындағы ауыру сезіміне, аяқ – қолының бозаруына шағымданады. ЖҚА лейкоциттер – 3,4х109, лимфоциттер – 43%, ЭТЖ – 24 мм/сағ. Рентгенограммада: қос тізе буындарында субхондральды пластинканың кей жерлерінің қалыңдауы, тобығының сүйек жиектерінің үшкірленуі. Диагнозды дәлелдеуге қажет зерттеу:

D) Хедллсон және Райт реакциялары;

 

20 жасар ер жігіттің рентгенограммасында оң өкпенің барлық өкпе тінінің инфильтрациясы анықталады. 1-2-ші қабырға аралықта тығыздалған өкпеде 2 ірі қуыстар байқалады. Қуыстың ішкі қабырғасы тегіс емес, аздаған сұйықтығы бар. Сол өкпенің орта бөлігінде көптеген пішіні әр түрлі өлшемдегі ошақтар, бір-біріне жабысып ірі конгломератқа айналған. Орталықтағы ағзалар бір-біріне ығыспаған, сол өкпенің түбірі инфильтрацияланған, лимфа түйіндері бірден ұлғайған.

Рентгенограмма қай ауруға тән?

В) Жедел оң жақты тотальды казеозды пневмония ыдырау фазасында және сол өкпенің жайылуы. Сол өкпе түбірінің лимфа түйіндеріне процестің таралуы.

 

40 жастағы науқас әйел тамақтан кейін пайда болатын, жатқанда күшейетін төс артындағы ауырсынуға; қыжылдауға, қышқылмен және ішкен тамақпен құсуға шағымданады. рН-метрияда гиперсекреция анықталады. Рентгенде: өңеш өтпелі, асқазанның кардия бөлігінің артқы көкірек қуысына шығуы және контрастық заттың асқазаннан өңешке өтуі байқалады. Неғұрлым мүмкін диагноз:

E) Диафрагманың өңештік тесігінің жарығы

 

Балалар туберкулезiн ерте анықтау үшiн... сынамасы қолданылады.

А) 2 ТБ Манту

 

Аймақтық дәрігерге науқас бақылануға келген. Анамнезінде туберкулезге қарсы диспансердің хирургия бөлімшесінде оң өкпенің жоғарғы бөлігінің 2 сегментінде орналасқан ыдырау сатысындағы туберкулемаға байланысты операция жасалынған.

Қандай тексеру жүргізу керек:

С) Компьютерлі томография

 

Науқас 25 жаста. Жағдайы өте ауыр. Кеуде сарайы мүшелерінің жалпы шолу рентгенограммасында екі өкпенің барлық алаңдарында симметриялы орналасқан аз интенсивті, бір-біріне қосылмайтын көптеген ошақты қараюлар анықталған. Сіздің болжам диагнозыңыз:

Е) Милиарлы туберкулез

 

22 жастағы медицина институтының студенті, шағымы жоқ, профилактикалық тексеру барысында кеуде сарайы мүшелерінің жалпы шолу рентгенограммасында сол өкпенің жоғарғы бөлігінде шеттері айқын емес аз интенсивті ошақты қараю анықталған. Бактерияскопияда қақырығы таза.

Сіздің алғашқы диагнозыңыз:

С) Ошақты туберкулез

 

Науқас әйел ес-түссiз реанимация бөлiмiнде жатыр. 1 жыл бұрын денi сау бала туған. бұрын туберкулезбен ауырмаған. өкпесiнде тыныс қатаң, тыныс алу жиiлiгi минутына 36 рет. Сiзге... диагноз қоюға көмек бере алмайды.

А) жұлын сұйықтығының анализi

 

Комплекстi терапия тұрақты абацилдену және қуыстардың 1 жылдан кейiн жабылуына әкелдi. Науқас инженер бағдарламашы болып жұмыс iстейдi. Ендi науқас... керек.

А) жұмысқа жiберiлуi

Моторлы (козғалу) афазия ненің зақымдануымен байланысты.

D) Брок аймағы (44 өрiс)

 

Сырқатта VII және XII бас сүйек нервтерiнiң орталықтан зақымдану белгiлерi сол жақта, сол қолының ұшы сiресiп, сал болып қалған. Зақымдану ошағы... орналасқан.

A) Мидың оң жақ бөлігінде

 

Iсiк мидың қай жерінде орналасса атаксия, бұлшық ет серпiмдiлiгiнiң жойылуы, буын буынға бөле сөйлеу және нистагм пайда болады.

C) Мишықта

 

Мидың артқы артерия бассейiнi зонасында болатын ишемиялық инсультқа тән:

B) Гемианопсия, гемиатаксия, амнестикалық афазия, ауырсыну, гемианестезия, алексия

 

45 жасар науқас әйел физикалық жүктемеден кейін пайда болған интенсивті бас аурумен, жүрек айнумен және қайталамалы құсумен ауруханаға түскен. Сырқаттанғанға дейін өзін дені сау сезінген.Тексерген кезде есі анық, артериальды қан қысымы -160/100 мм сын.бағ., пульс –минутына 70 рет соғады, ырғағы дұрыс. Неврологиялық статус; жарықтан қорқу, мойын бұлшық етінің ригидтілігі оң мәнді, парездер және басқа неврологиялық бұзылыстар жоқ.

1. Неврологиялық синдром?

2. Болжамды клиникалық диагноз?

3. Қосымша зерттеулер?

C) Менингеальды синдром, субарахноидальды қан құйылу, люмбальды пункция, бас миының КТ-сы.

 

52 жасар науқаста суықтап аурудан кейін бел аймағында оң жақты балтырдың ішкі беткейіне және санның алдыңғы беткейіне берілген сыздап ауырсыну пайда болған. Обьективті: бел аймағында бұлшықет тығыздығы,бел лордозының тегістелуі,ауырсыну салдарынан алдыңғы артқы бағытттарда бел бөлімінің қозғалысының шектелуі. Мацкевич және Вассерман сиптомдары оң жақты оң нәтижелі.Оң жақты тізе рефлексі төмендеген.Оң балтырдың ішкі қырында гипоалгезия. Омыртқаның бел бөлімінің рентгенограммасында:L4-L5 дискілерінің биіктігінен төмендеуімен жүретін остеохондроз белгілері.Бел лордозының тығыздығы. 1) Диагноз қоюңыз. 2) Емін тағайындаңыз.

А) Омыртқа остеохондрозы, екіншілік түбіршікті синдроммен жүретін, жедел оң жақты радикулопатия L3-L4. 2.Омыртқа иммобилизациясы, анальгетиктер, рефлексотерапия, стероидты емес қабынуға қарсы препараттар, витаминотерапия (әсіресе В тобындағы витаминдер), физиотерапия.

 

Сананың өшу формасы:

А) Cопор

 

Науқас 65 жаста, ер адам, есте сақтау қабілетінің бұзылысына, жазу, сөйлеу бұзылысына шағымданады, кеңістікті бағдарлауы бұзылған. Өзіне сын тағады,көңіл-күйі төмен, кемшілігіне байланысты қысылып, ыңғайсызданады.

Алғашқы диагноз:

B) Альцгеймер ауруы

 

Науқас 43 жаста, сонғы 3 жылда спирттік ішімдіктерді шамадан артық қабылдауда, соңғы тоқтаусыз ішуі 12 күнге созылған өздігінен 2 күн бұрын спирттік ішімдік ішуді тоқтатқан, осы уақыттан бастап мазасызданып түнде ұйықтамай, қорқынышты түстер мазалап ұйықтай алмаған, таныс емес дауыстар, айқайлаған адамдардың дауысын, атылған оқ дауысы естілген. Қабылдау кезінде қорқыныш сезімі сақталған.

Жедел психотикалық бұзылыстың қай түрі сипатталған:

B) Галлюциноз

 

Науқас 35жаста туыстарының айтуынша соңғы 1 ай көлемінде науқастың мінез-құлқы күрт өзгерген, ешкіммен сөйлеспейді айналасындағы адамдармен араласпайды, жүзінен көніл-күйінің жоқтығы байқалған соңғы 5-6 күн көлемінде уақытын төсекте өткізуде, кереуетінен тұрмаған, төсектік қалпы тізесімен – кеудесін бүгіп жатады, тамақ ішпейді, жуынбайды, үлкен және кіші дәретін астына жібереді.

Болжам диагноз:

D) Шизофрения, кататониялық формасы

 

Науқсас 30 ер адам опийынды нашақорлықпен (героин) зардап шегеді, соңғы 3 күнде героин қабылдамаған. Шағымы денесінің дел салдығы, сүйектерінің сырқырап ауырсынуы, ұйқыздық, іш өту, әлсіздік, жасаурау.


Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 67 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.042 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>