Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

28 апталық жүктілігі бар 27 жастағы әйел гриппке қарсы вакцинация алмаған.Жүктіліктің 20-22 аптасында ЖРВИ өткерген, жоғарғы 10 страница



C) Эхокардиография

 

Жоспарлы электроимпульсті терапияны нәтижелі жүргізу үшін неғұрлым тиімді:

B) Іс-шара жүргізгенге дейін антикоагулянттар тағайындау

 

68 жастағы науқас тыныштықта және аздаған физикалық күштемеде пайда болатын төс артындағы басып ауырсынуға, ентігуге шағымданады. Анамнезінде –миокард инфаркты болған. ЖСЖ – минутына 62 рет. АҚҚ – 110/60 мм. с.б.б. Тропонин I - 0 нг/мл. ЭКГ – коронарлық созылмалы жетіспеушілік белгілері. Неғұрлым тиімді тағайындау:

B) Кардикет

 

А. атты, 47 жастағы науқас ірі ошақты артқыдиафрагмальды миокард инфарктымен ауруханаға түсті. Науқастың жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия, ЖСЖ-минутына 110 рет. АҚҚ-150/100 мм с.б.б. ЭхоКГ: гипокинезия аймағы анықталады. Тромболитиктерді тағайындау неғұрлым тиімді:

A) Алғашқы 6 сағатта

 

Науқас 34 жаста, бас ауыруына, бас айналуына, талуға шағымданады. Объективті: жүрек табанында, төстің оң жағында систоланың ортасында ең жақсы естілетін дөрекі систолалық шу, мойын тамырларына өткізіледі. Вальсальва сынамасында шу азаяды және және тыныс алғанда өзгермейді ЭКГ: сол қарыншаның гипертрофиясы. Рентгенде: жүректің конфигурациясы «жүзген үйрек» тәрізді. Неғұрлым тиімді тактика:

D) Қолқалық қақпақшаны протездеу

 

Науқастың беті амимикалы, ауыз қуысы тарылған, аузының айналасында кисет тәрізді қыртыстар, саусақтардың дистальды фалангалары қысқарған, жұтынуы қиындаған. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі зерттеу:

C) Тропоизомеразаға (SCL-70) антиденелерді анықтау

 

Жүйелі қызыл жегімен ауыратын 34 жастағы науқас, тәулігіне 20 мг преднизолон қабылдайды, қызбаға, бетіндегі эритемалық бөртпелерге, ісінулерге, бас ауыруына, есте сақтау қабілетінің нашарлауына, парестезияларға шағымданады. Тексергенде нефротикалық синдром, лейкопения, нативті ДНК-ға антиденелердің жоғары деңгейі анықталды. Аурудың өршуін эндометритпен асқынған медициналық түсік тастаумен байланыстырады. Неғұрлым тиімді тактика:



B) Метил-преднизолонмен пульс-терапия

 

23 жастағы бойжеткен көз өткірлігінің нашарлауына, әлсіздікке, дене қызуының 37,2оС дейін көтерілуіне, талуға шағымданады. Тексергенде сол жақ ұйқы және бұғана үсті артерияларында систолалық шу анықталды. Сол жақ кәрі жілік артериясында пульс анықталмайды. ЭТЖ 22 мм/сағ. Неғұрлым тиімді тактика:

A) индометацин + стугерон

 

Гипербилирубинемия неғұрлым тән:

E) Созылмалы панкреатиттің псевдотуморозды формасына

 

Науқас 40 жаста тамақтан кейін пайда болатын, жатқан кезде күшейетін төс артындағы ауырсынуға, қыжылдауға, қышқылмен және ішкен тамақпен құсуға шағымданады. рН-метрияда гиперсекреция анықталады. Рентгенде: өңеш өтімді, кардиальды бөліктің кеуде қуысына шығуы және контрастты заттың асқазаннан өңешке қарай керу өтуі байқалады. Неғұрлым мүмкін диагноз:

E) Диафрагманың өңештік тесігінің жарығы

 

45 жастағы науқас асқазанэзофагеальды-рефлюксті ауруымен ұзақ уақыт ауырады, по поводу которой постоянно принимает протон помпасының ингибиторын үнемі қабылдайды. Соңғы 2 апта бойы тәулігіне 2-3 ретке дейін сұйық, көбікті нәжістің болуы және іштің құрылдауы мазалайды. Емдік ашығу және левомицетин көмектеспеген. Диагнозды нақтылаудың неғұрлым деректі әдісі:

E) Нәжісті бактериялогиялық зерттеу

 

45 жастағы науқасты 10 жыл бойы жұтынудың кезеңді бұзылуы, әсіресе қатты тамақты жұтудың қиындауы, мазалайды. Жұтынуды жеңілдету мақсатында тамақтану кезінде денесін артқа қарай шалқайтуға мәжбүр болады. Сонымен қатар, құсуға, физикалық күштемеге байланыссыз пайда болатын төс артындағы ауырсынуға шағымданады. Науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Неғұрлым тиімді емдеу тактикасы:

E) Нифедипин

 

Науқас 28 жаста, екі жақты аднекситке байланысты антибактериялық массивті терапия курсын 24 күн бойы қабылдағаннан кейін, кенеттен ішінің төменгі жағында және бүйір бөліктерінде толғақ тәрізді ауырсыну, тәулігіне 6 ретке дейін су тәрізді сұйық нәжіс, дене қызуының 38одейін көтерілуі пайда болды. Тексергенде: іші жұмсақ, пальпацияда тоқ ішек бойында ауырсыну анықталады. Анализдерінде: Нв 124 г/л, лейкоциттер 1 мкл-де 12 мың, лейкоциттік формуланың солға ығысуы т/я 12%, ЭТЖ 35 мм/сағ. Неғұрлым тиімді тактика:

C) Ванкомицин + метронидазол + бацитрацин

 

72 жастағы науқасты эпигастрий аймағында тұйық керіп ауырсыну, тамақ ішкеннен кейін асқазанының аса толу сезімінің пайда болуы; шіріген иіспен кекіру; метеоризм; іш өтумен кезектесетін іш қату мазалайды. Объективті: төмен нәрлі; терісі бозғылт және құрғақ, тырнақтары сынғыш, ангулярлы стоматит белгілері. Неғұрлым тиімді емдеу тактикасы:

E) Табиғи асқазан сөлі + панзинорм + мильгамма

 

32 жастағы науқас тісін жұлғаннан кейін пайда болған көлемді қан кетуге шағымданады. Анамнезінде мұрыннан қан кетулер. Объективті: теріде петехиялар және экхимоздар. Қанда: эр-2,9 млн, Нв-77 г/л, ТК-0,8, лейк-4,2 мың, тромб-28 мың. ЭТЖ-17 мм/сағ. Қан кету ұзақтығы-24 мин, қан ұю уақыты-4 мин. Миелограмма: мегакариоциттерден тромбопластинкалардың бөлінуінің бұзылуы. Неғұрлым мүмкін диагноз:

E) Иммунды тромбоцитопения

 

53 жастағы науқас жүрек аймағындағы шаншып ауырсынуға, аяқ бармақтарындағы шаншуға, тері қышуына, үдемелі әлсіздікке шағымданады. Объективті: плеториялық синдром. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, ЖСЖ минутына 74 рет, АҚҚ-180/110 мм с.б.б. Бауыры – қабырға доғасынан шықпайды, ауырсынбайды, консистенциясы жұмсақ-эластикалық; көк бауыры 8 х 6 см. Қанда: эр-5,0 млн., Нв-165 г/л, ТК-0,9, лейк-9,3 мың, т-7%, сегм-60%, эоз-4%, лимф-25%, мон-4%, тромб-400 мың, ЭТЖ-1 мм/сағ. Неғұрлым тиімді тактика:

A) Қан ағызу + дезагреганттар

 

40 жастағы науқас ІІІ дәрежелі үсу белгілерімен түсті. Объективті: тежелген, бозғылт. Терісі «мәрмәр», акроцианоз. Жүрек тондары тұйық, ЖСЖ 120 рет/мин. Пульс жіп тәрізді, аритмиялы. АҚҚ 85/55 мм с.б.б. Қанда: эр-2,3 млн., Нв-63 г/л, тромб-150 мың. Гемостаз жүйесін зерттеу: қан ұю уақыты4 мин, тромбоциттер 430 мың, фибриноген-4,1 г/л, этанол және протаминсульфатты тесттер оң. Фибрин деградациясы өнімдерінің және антитромбина III деңгейі жоғарылаған. Неғұрлым тиімді тактика:

D) Гепарин + жаңа мұздатылған плазма

 

2 типті қант диабеті компенсациясының неғұрлым мүмкін критерийі:

E) Глюкозаның ашқарынғы қандағы деңгейі < 7,0 ммоль/л

Науқас 17 жаста, дене салмағының жоғарылауына, бір жыл бойы менструация циклінің бұзылуына шағымданады. Сүт бездерінің, ішінің, санының терісінде қошқыт түсті стриялар. АҚҚ - 140/90 мм с.б.б. Глюкозаға толеранттылық тестті: аш қарынға – 4,5 ммоль/л; глюкозамен жүктеме жасалғаннан кейін 2 сағат өткенде – 8,6 ммоль/л. КТ: екі жақ бүйрек үсті безінің гиперплазиясы. Қандағы кортизол деңгейі сағат 8-де -1060 нг/л (қалыптыда – 260-720 нг/л), сағат 14-те -1250 нг/л. Неғұрлым мүмкін диагноз:

B) Иценко-Кушинг ауруы

 

Науқас АҚҚ 300/130 мм с.б.б. дейін көтерілуімен қабылдау бөліміне жеткізілді. Криз тахикардиямен, полидипсиямен, бұлшық еттік дірілдеумен, қорқыныш сезімімен бірге өтеді. Қан анализінде: глюкоза 20 ммоль/л дейін. Неғұрлым мүмкін диагноз:

C) Феохромоцитома

 

К. атты науқас, 24 жаста айқын салмақ тастағанына (бір ай ішінде 9 кг), аузының құрғауына, шөлдеуге, жиі зәр шығаруына, жүрек айнуына, тәбетінің нашарлауына шағымданады. Объективті: терісі құрғақ, алақандары және табандары сарғыш реңді, фурункулез. Зәр анализінде қант - 2,9% және ацетон. Неғұрлым тиімді тағайындау:

D) қысқа әсерлі инсулин

 

17 жастағы жасөспірімде І дәрежелі эндемиялық зоб. Эутиреоидты. Неғұрлым тиімді емдеу тактикасы:

E) күніне 200 мкг мөлшерде йод препараттарын 6 ай бойы

 

45 жастағы науқаста АҚҚ 200/110 мм с.б.б. дейін тұрақты көтерілуі, бұлшық еттік әлсіздік, тырысулар, жиі зәр шығару мазалайды. Осы симптомдар мазалағанына бір жыл болған. Компьютерлі томограммада сол жақ бүйрек үсті безінің үлкеюі анықталған. Неғұрлым тиімді тағайындау:

E) Верошпирон

 

Науқас 32 жаста, бел аймағындағы ауырсынуға, жиі зәр шығаруға шағымданады. 5 жыл бұрын босанғаннан кейінгі кезеңде бел аймағындағы ауырсыну, қызба, дизурия болған. Объективті: температурасы 370С, белден ұрғылау симптомы екі жақта да оң. Қанда: лейк. – 6,1 мың, ЭТЖ – 20 мм/сағ. Зәр анализі: сал. тығ. -1005, белок – 0,033 г/л, лейкоциттер бүкіл көру аймағында, эритроциттер – сілтісізденген және өзгермеген к/а 3- 5. Нечипоренко сынамасы: эр – 1000, лейк – 20000, сафронинмен бояғанда –Штернгеймер-Мальбин жасушалары. Неғұрлым мүмкін диагноз:

B) Пиелонефрит

 

36 жастағы науқасты бетінің, бел аймағының, аяқтарының ісінуі мазалайды. Анамнезінде - туберкулез. Зәр анализі: сал. тығ. -1020, белок-10,4 г/л, лейк-2-3 к/а. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі әдіс:

E) Тік ішек шырышты қабатының биопсиясы

 

М. атты науқас, 47 жаста, айқын әлсіздікке, бас ауыруына, шөлдеуге, тәбетінің нашарлауына, арықтауына, аяқтарындағы ісінулерге шағымданады. Об-ті: төмен нәрлі, терісі сарғыш реңді бозғылт, беті ісіңкіреген, балтыры, табандары ісінген. Қанда: эр-2,0 млн, Нв-70 г/л., лейк-5,7 мың, ЭТЖ - 20 мм/сағ. Қандағы қант – 11,4 ммоль/л. Зәр анализі: сал. тығ.-1012, белок-1,5 г/л, лейк-4-5 к/а, эр-18- 20 к/а. Неғұрлым тиімді тағайындау:

C) Дезагреганттар

 

В. атты, 42 жастағы науқаста бүйрек функциясының созылмалы жетіспеушілігі, АҚҚ - 200/ 120 мм с.б.б., креатинин - 0,670 ммоль/л, мочевина - 6,1 ммоль/л. Неғұрлым тиімді тактика:

D) Гемодиализ

 

В12-тапшылықты анемиямен ауыратын науқастың миелограммасына неғұрлым тән көрініс:

D) Қан түзудің мегалобластты типі

 

Науқас 35 жаста, оң қабырға доғасы астындағы ауырлық сезіміне, үлкен дәретінің тұрақсыздығына, жүрек айнуына, әлсіздікке шағымданады. Объективті: конъюнктивасы субиктерлі; бауыры қабырға доғасынан 2 см шығып тұр, шеті доғалданған, консистенциясы жұмсақ-эластикалы, пальпацияда сезімтал. Көк бауыры пальпацияланбайды, перкуторлық өлшемі 6 х 4 см. Анализінде: ЭТЖ-21 мм/сағ, жалпы билирубин 58,8 ммоль/л, тікелей билирубин 42,4 ммоль/л, тимол сынамасы – 8 ед., АЛТ- 1,64 ммоль/л, АСТ-1,2 ммоль/л. Иммуноферментті анализ: IgM, HBcorAg анықталған. Гепатиттің ауырлық дәрежесін көрсететін неғұрлым мүмкін көрсеткіш:

D) Трансаминазалар деңгейі

 

Науқас 19 жаста, ұнды және жармалы тамақтарды ішкеннен кейін сұрғылт түсті ботқа тәрізді нәжістің жиі бөлінуіне (күніне 8 ретке дейін); әлсіздікке, арықтауына шағымданады. Объективті: шаштарының түскіштігі, тырнақтарының сынғыштығы және қатпарлануы, сүйектерінің ауырсынуы, полигиповитаминоз белгілері анықталады. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі әдіс:

A) d-ксилозамен сынама

 

30 жастағы науқас, гриппен ауырғаннан кейін бұлшық еттерінің ауырсынуы әлсіздігі, қабақтарының ісінуі, аздаған физикалық жүктемеде ентігу, даусының міңгірлеп шығуы, дисфагия пайда болды. Объективті: епсіз жүріс, периорбитальды ісіну («көзілдірік»симптомы), бетінде, мойнында, арқасында эритемалық бөртпелер. Пальпацияда иық және сан бұлшық еттері ауырсынады, белсенді қозғалысы шектелген. Жүрек шекаралары үлкейген, тондары тұйық, ЖСЖ-100 рет/мин. АҚҚ-140/90 мм с.б.б.. Қанда: эритроциттер - 4,5 млн., Нв-110 г/л, лейкоциттер - 7 мың, ЭТЖ-66 мм/сағ. Неғұрлым деректі зерттеу әдісі:

A) Креатинфосфокиназаны анықтау

 

Науқас 56 жаста, созылмалы маскүнемдікпен және өкпенің созылмалы обструкциялық ауруымен ауырады, қиын бөлінетін, тұтқыр, күйген еттің иісі шығатын және қарақат желесі тәрізді қақырықпен жөтелге шағымданады. Объективті: айқын интоксикация, ентігу, өкпеде аздаған сырылдар. Рентгенограммада: «жайылған торлы өкпе» феномені, көптеген бронхоэктаздар, қалдық қуыстар, пневмосклероз. Қақырық анализінде неғұрлым болуы мүмкін қоздырғыш:

B) Клебсиелла

 

Науқас 32 жаста, әлсіздікке, тәбетінің жойылуына, терісінің және шырышты қабаттарының сарғаюына, тері қышуына шағымданады. Анамнезінде – созылмалы гепатит В. Объективті: бауыры қабырға доғасынан 2 см шығып тұр, ауырсынады; көк бауыры 6х4 см. Анализінде: АЛТ – 2,45 ммоль/л, АСТ – 1,2 ммоль/л, жалпы билирубин – 65 ммоль/л, тікелей – 46 ммоль/л, тимол. сынамасы – 7 ед. Емді таңдауда неғұрлым деректі зерттеу:

E) Полимеразалық тізбекті реакция

 

52 жастағы ер адам, маскүнем, ішінің жоғарғы бөлігіндегі және кіндік аймағында ауырсыну, жүрек айну, қуырылған тамақты көтере алмау мазалағанына 3 жыл болған. Соңғы жылда диарея болғандықтан 6 кг салмақ тастаған. Майлы тамақты мүлдем қабылдамай, диетаны сақтағанда науқастың жағдайы жақсарады. Науқасқа №5 диета, креон қабылдау ұсынылады. Креонның мөлшерін таңдауға көмектесетін неғұрлым деректі зерттеу::

C) Копрограмма

 

С. атты науқас, 32 жаста, әлсіздікке, аздаған физикалық күштемеде пайда болатын айқын ентігуге және жүрек қағуына шағымданады. Анамнезінде: қанағыштық, жоғарғы тыныс жолдарының рецидивті инфекциялары. Гемограммада: Нв – 70 г/л, эритроциттер – 3,5х1012/л, лейкоциттер – 2,5х109/л, тромбоциттер – 65х10х9/л. Стернальды пункция: сүйек кемігі аз жасушалы. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі зерттеу:

D) Трепанобиопсия

 

Науқас 50 жаста, жүрек аймағында күйдіріп ауырсыну, ыстықтау сазімі, аменорея мазалайды. Объективті: терісінің гиперемиясы және гипергидрозы. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия. ЖСЖ 100 рет/мин. АҚҚ - 140/85 мм с.б.б. ЭКГ: синусты тахикардия.ТV1-V4 тісшесінің инверсиясы. Науқас седативті препараттар, бета-блакаторлар қабылдаған, бірақ жағадайы онша жақсармаған. Емдеу тәсілін реттеуде неғұрлым деректі зерттеу әдісі: – 100/0/0. Неғұрлым тиімді тағайындау:

D) Кольпоцитограмма

 

24 жастағы науқас, босанғаннан кейін кенеттен қызба, қалтыру, қалың тер пайда болды. Анамнезінде жағымсыз иісті жатырмаңындағы судың уақытынан бұрын ағып кетуі. Қанда: анемия, лейкоцитоз солға ығысумен, ЭТЖ жылдамдауы, тромбоциттердің спонтанды агрегациясының жоғарылауы, этанол тесттің оң мәнді болуы. Антибактериялық және дезинтоксикациялық терапия. 4-күні терісінде петехиялы бөртпелер пайда болды, жатырдан қан кету дамыды. Науқастың қанында неғұрлым анықталуы мүмкін:

E) РФМК жоғарылауы

 

Науқас 26 жаста, бетінің және аяқтарының ісінуі, белінің және ұсақ буындарының ауырсынуы, дене қызуының 37,5оС дейін көтерілуі мазалайды. Ауруын теңізге жиі түсумен байланыстырады. Қанда: Нв-81 г/л, эр-2,8 млн., лейк-3,2 мың, тромб – 136 мың, ЭТЖ - 40 мм/сағ, СРБ+++. Зәр анализі: белок – 3,1 г/л, лейк. -10 к/а, эр. – 20 – 25 к/а, гиалинді цилиндрлер- 10 к/а. Дезагреганттармен және спазмолитиктермен емдеу нәтижесіз. Емді реттеуде неғұрлым тиімді зерттеу:

C) Антинуклеарлы антиденелер

 

К. атты науқас, 17 жаста, дене қызуының 37,6°С дейін көтерілуіне, тізе және білезік буындарындағы ауырсынуғаә әлсіздікке шағымданады. Баспамен ауырғаннан кейін 10 күн өткенде ауырған. Объективті: тізе және білезік буындарының үстіндегі терісі гиперемияланған, ісінген, қозғалғанда буындарында ауырсыну байқаладых. Анализінде: лейкоцитоз, СРБ+++, диспротеинемия. Стероидты емес қабынуға қарсы препараттармен емдеу курсын өткен, нәтижесі шамалы. Емді реттеуде неғұрлым деректі зерттеу:

A) АСЛ-О, АСГ

 

Қарапайым жасырын клиникалық зерттеу:

B) Тағайындалған емді науқас білмейді

 

Жүректің ревматизмдік созылмалы ауруымен ауыратын, жүрек қызметінің жетіспеушілігі, қарыншалар дилатациясы, жыпылық аритмиясы, шоқырақ ырғағы және іркілісті сырылдар анықталған науқастарды емдеу бағдарламасында неғұрлым тиімді тағайындау:

E) Жүрек гликозидтері

20 жастағы науқасты жарты жыл бұрын тізе және білезік буындарының ісіңкіреуі және ауырсынуы мазалаған. Бір ай бұрын кеуде клеткасында, бел омыртқалары аймағында, сол жақ жамбас-сан буынында ауырсыну пайда болған. Объективті: омыртқалар бойында ауырсыну анықталады, омыртқада және сол жақ жамбас-сан буынында бүгілу шектелген, сол жақ төс-бұғана байламында деформация; ирит белгілері. Неғұрлым тиімді тактика:

B) Глюкокортикоидтар

 

30 жастағы науқас әлсіздікке, ентігуге, жүрек қағуына, соңғы алты айда меноррагиялардың болуына шағымданады. Объективті: терісі және шырышты қабаты бозғылт, тырнақтары көлденең жолақты, койлонихиялар. Жүрек ұшында систолалық шу, тахикардия. Қанда: эр-3,0 млн., Нв-92 г/л, ТК-0,7, лейк-4,2 тмың, тромб-192 мың. ЭТЖ-22 мм/сағ, анизоцитоз, пойкилоцитоз. Сары сулық темір – 11 мкмоль/л. Неғұрлым тиімді тактика:

A) Сорбифер тәулігіне 200 мг 3 ай бойы Нв деңгейі қалыптанғанша

 

Науқас 28 жаста, диабеттік кетоацидоздық кома жағдайында ауруханаға жеткізілді. Ең алдымен тағайындау тиімді:

E) 0,9% натрий хлоридін

 

Бүйрек функциясының жіті жетіспеушілігінің ерте олигуриялық сатысында неғұрлым тиімді тағайындау:

C) Диуретиктер

 

Науқас 46 жаста, екінші қабатқа көтерілгенде пайда болатын төс артындағы қысып ауырсынуға және ентігуге шағымданады. Дәрігер тәулігіне 100 мг аспиринді күн ара ішуді тағайындады. Бір айдан кейін науқаста эпигастрий аймағында ауырсыну пайда болған. ЭФГДС жүргізілген: эрозиялық гастродуоденит. Неғұрлым тиімді тактика:

A) аспириннің орнына тиклопидин

 

Артериялық гипертензиямен ауратын науқаста 2 жыл бұрын миокард инфаркты болған, эналаприл тәулігіне 10 мг қабылдайды. Емдеу барысында аз өнімді ауыр жөтел пайда болған. Неғұрлым тиімді тактика:

D Эналаприлдің орнына карведилол

 

43 жастағы науқасты дене қызуының 38,5°С дейін көтерілуі, қалтырау, тершеңдік, миалгиялар, аз өнімді жөтел мазалайды. Объективті: жартайы орташа ауырлықта. Өкпеде әлсіз тыныс, базальды бөліктерде – крепитация. Рентгенде: екі жақ өкпеде инфильтрация. Қанда: лейкоциттер - 15,5 мың, ЭТЖ - 33 мм/сағ. Сыртқы тыныс қызметін зерттегенде рестрикциялық типті тыныс жетіспеушілігі анықталған. Көлемді антибактериялық терапия нәтижесіз болған. Неғұрлым тиімді тағайындау:

E) Глюкокортикостероидтар

 

40 жастағы науқасты ентігу, тұншығу ұстамалары, ісінулер мазалайды. Объективті: өкпеде дауыссыз ылғалды сырылдар; жүрек шекаралары үлкейген, тондары тұйық, жүрек ұшында – систолалық шу; жыпылық аритмиясы, тахисистолалық форма. ЭхоКГ: сол қарыншаның соңғы-диастолалық өлшемі- 8,2. Айдау фракциясы-21%. Неғұрлым тиімді тактика:

D) Перифериялық вазодилататорлар

 

48 жастағы науқас инфекциялық эндокардитке байланысты ауруханада емделуде. Фебрильді лихорадка мазалағанына бір апта болған, қолқалық жіті жетіспеушілік барысында жүрек қызметінің шамасыздық белгілері үдей түскен, қақпақщадағы вегетациялар өлшемі 10 мм-ден көп жоғарылаған, өкпе артериясының ұсақ тамырларының тромбоэмболиясы дамыған. Неғұрлым тиімді тактика:

E) Операция жасау

 

Науқас 26 жаста, гриппен ауырғаннан кейін 2 апта өткенде ентігу, жүрек аймағында ауырсыну, дене қызуының көтерілуі мазалайды. Қарағанда: ортопноэ, балтырының ісінуі. Өкпеде іркілісті сырылдар, ТЖ-минутына 32 рет. Кардиомегалия. Жүрек тондары тұйық, III тон естіледі, жүрек ұшында систолалық шу, жыпылық аритмиясы. ЖСЖ – минутына 110 рет. АҚҚ - 100/60 мм с.б.б. Бауыры 3 см-ге үлкейген. Қанда: лейкоцитоз, ЭТЖ жылдамдауы, кардиоспецификалық ферменттердің жоғарылауы. ЭКГ: АВ-блокада I дәрежелі, қарыншалық жиі экстрасистолалар. ЭхоКГ: сол қарыншаның үлкеюі, айдау фракциясы - 40%. Неғұрлым ттиімді тактика:

A) Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар

 

В. атты 32жастағы науқас, гемофилия А, екі жақ тізе буыны жүрген кезде ауырады, 30 минутқа созылатын таңертеңгілік құрысу, буындардағы қозғалыстың айқын шектелуі. Қарағанда буындары үлшкейген, деформацияланған. Тізе буындары патологиясын визуализациялауда неғұрлым бірінші жүргізілетін әдіс:

A) УДЗ

 

Науқас 46 жаста, жұтынудың қиындауына, құсуға, төс артындағы кезеңді ауырсынуға шағымданады, өңешті рентгендік зерттеу жүргізілген. Өңеште барий қоспасының іркілуі, өңештің айқын кеңуі, кардия бөлігінде тарылуы, перистальтикасының болмауы анықталады. Неғұрлым мүмкін диагноз:

B) Кардия ахалазиясы

 

Науқас 52 жаста бел аймағында, қабырғаларында және төсінде ауырсынуға; әлсіздікке, тәбетінің болмауына, арықтауға шағымданады. Гемограммада: Нв – 85 г/л, ЭТЖ 78 мм/сағ. Миелограммада: миелоидты өсіндінің гиперплазиясы, плазмалық жасушалар - 17%. Омыртқалар рентгенографиясында неғұрлым мүмкін ЕМЕС өзгеріс:

E) Остеофитоз

 

Науқас 50 жаста, әлсіздкке, аздаған физикалық жүктемеде пайда болатын ентігуге және жүрек қағуына, бір ай ішінде 5 кг салмақ тастауына шағымданады. Гемограммада: Нв – 85 г/л, эритроциттер 4,5х10х12/л, ЭТЖ 32 мм/сағ. Нәжісті жасырын қанға зерттеу реакциясы – оң. Неғұрлым деректі ЕМЕС зерттеу:

E) ЭРПХГ

 

Науқас 32 жаста, кешкі уақытта мазалайтын қалтырауға, әлсіздікке, тәбеттің болмауына, шөлдеуге шағымданады. Объективті: белден ұрғылау симптомы оң жақта «+». Қанда: лейк. – 8,5х109/л, ЭТЖ 28 мм/сағ. Зәр анализінде: сал. тығ. 1008, лейк. – 8,12 к/а, бактериялар ++. Бүйректі удбтрадыбыстық зерттегенде неғұрлым болуы мүмкін өзгеріс:


Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 168 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.028 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>