Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

28 апталық жүктілігі бар 27 жастағы әйел гриппке қарсы вакцинация алмаған.Жүктіліктің 20-22 аптасында ЖРВИ өткерген, жоғарғы 9 страница



A) Интоксикациялық психоз,галлюцинациялық синдром

 

26 жастағы ер адам қайталамалы құсу, әлсіздік, эпигастральды аймактағы ауыру сезіміне, 15 ретке дейін сұйық көп мөлшерде нәжіске шағымданып жұқпалы аурулар ауруханасына келді. Эпиданамнезінде: кеше кешкісін гриль тауығын жеген. Қарап тексергенде: температура – 36,0°С, әлсіз, шөлдеу мазалайды. АҚҚ – 85/60 мм сын.бағ. Пульсі минутына – 95 рет. Іші жұмсақ, кіндік аймағындағы ауыру сезімі байқалады. Қарынның тітіркену симптомдары жоқ. Нәжісі сұйық, сасық иісті, жасыл түсті.Таң ертеңнен бері кіші дәретке бармаған. Қандай емдік шара бірінші кезекте жүргізілуі тиіс?

E) Тамыр ішілік регидратация

 

48 жастағы әйел адам, балтыр бұлшық еттеріндегі қатты ауыру сезіміне, дене қызуының жоғарылауына, бастың ауыруына, белдің ауыруына. Жедел ауырған. Анамнезінде: жаз бойы табиғатқа шығып демалған, Қапшағай көлінде шомылған.Қарап тексергенде: жағдайы ауыр, дене қызуы – 39,9ºС. Денесі мен қолдарында аздаған петехиальді бөртпе байқалады. Барлық лимфа түйіндері ұлғайған. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5 см-ге төмен анықталады. Зәрінің түсі – қанық-сары. Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?

C) Лептоспироз

 

47 жастағы ер адам, ауруының 4-ші күні қаралды. Шағымдары: дене қызуының 39,0ºС-қа дейін жоғарылауы, бастың ауыруы, ұйқысыздық. Анамнезінде: алыс жолға жүретін жүк тасымалдайтын көлік жүргізушісі болып жұмыс істейді. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр. Эйфориялы, қозған. Беті қызарған. Көз склерасының тамырлары инъекцияланған. Денесі мен аяқ-қолдарында көптеген розеолезді-петехиальді бөртпе байқалады. Жүрек тондары бәсеңдеген, ЖСЖ-140 с 1 мин. АҚҚ-120/80 мм.с.б. Тонометрді шешкенде манжетінің орнында теріде петехиялар көрінеді. Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?

E) Эпидемиялық бөртпе сүзегі

 

32 жастағы ер адам, ауруханаға 10 - желтоқсанда, ауруының 4-ші күні түскен. Шағымдары: дене қызуының 38,8ºС-қа дейін жоғарылауы, қалтырау, бастың ауыруы, жұтынған кездегі тамағының ауруы, іштің ауруы, 3 рет іші өткен. Жер үйде тұрады, үйінде кеміргіштер бар. Жағдайы ауыр. Денесінде көптеген дақты-папулезді бөртпе байқалады. Көз склералары аздап сарғайған. Аңқасында: шырышты қабаты қызарған, бадамша бездері ұлғайған, жабындылар жоқ. Мойын, жақ асты, қолтық, лимфа түйіндері үлкейген. Оң жақ илеоцекальды аймақта ауру сезімі анықталады. Іш пердесінің тітіркену симптомы күмәнді. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5 см-ге төмен шығып тұр. Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?



A) Иерсиниоз

 

19 жастағы студент 3-ші қаңтарда ауруының 2-ші күні ауруханаға түсті. Шағымдары: дене қызуының 40,0ºС-қа дейін жоғарылауы, басының қатты ауыруы, жеңілдік әкелмейтін құсу. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр. Есі анық, көзін жұмып жатыр. Аңқада: жұтқыншақтың артқы қабырғасының жайылған гиперемиясы мен түйіршектенуі анықталады. Тері жабындылары ыстық. Пальпация кезінде ауру сезіміне байланысты ыңырсиды. Аяқтарында аздаған петехиальды бөртпе көрінеді. Қанның жалпы анализінде: лейк.-25×109/л, таяқша ядролы нейтр.-11%, сегмент ядролы нейтр.-72%, лимф.-5%, мон.-5%.

Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?

D) Менингококкты инфекция

 

Үндістаннан келген медицина университетінің студентінде дене қызуының жоғары сандарға дейін ұстама тәрізді жоғарылауы, қалтыраулар, айқын тершеңдік болған, көз склераларының сарғыштығы байқалған, бауыры мен көк бауыры ұлғайған. Қан жағындысында микроскопиялық әдіспен Pl. Vivax қарапайымдылары анықталған. 3 күн бойы делагил қабылдаған.

Ауру рецидивтерін алдын алу үшін қандай дәрі қолдану керек?

C) Мефлохин

 

45 жастағы ер адам қарқынды терапия бөліміне айқын әлсіздікке, жүрек айнуына, кофе түстес құсуға, ұйқының нашарлауына, қорқынышты түстер көруіне шағымданып түсті. Екі апта бойы ауырады: алғашқы күндері жүрек айнуы, құсу, тәбетінің жоғалуы, буындарының ауыруы байқалған. 2 ай бұрын жарақат себебімен операция жасалынған және қан құйылған. Жағдайы ауыр, ауызынан бауырлық иіс сезіледі, тері мен шырышты қабаттарының сарғыштығы өте айқын. Ұйқышылдық, адинамия байқалады. Бауыр пальпациялағанда сезілмейді. Перкуссиялағанда бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 2,0 см-ге жоғары анықталады. Зәр шығару төмендеген, зәрі қоңыр түсті. Науқаста қандай асқынудың дамуы ең ықтимал?

C) Бауыр жедел энцефалопатиясы

 

Ер адам, 31 жаста, жұқпалы аурулар ауруханасына терісі мен көз склераларының сарғаюына шағымданып түскен. Бір аптадан бері ауырады, тәбеті жоғалып, жүрегі айныған, құсқан. Кеше терісі мен көз склераларының сарғайғанын байқаған. Жағдайы аздап жақсарған. 4 жастағы баласы баратын бала бақшада сарғаю синдромымен ауырған балалар болған. Жалпы жағдайы орташа аурлықта. Тері жабындысы және көзге көрінетін шырышты қабаттары сарғайған. Бауырының төменгі қыры қабырға доғасынан 2,0 см-ге төмен анықталады, консистенциясы тығыз. Нәжісі түссіз. Зәрі қоңыр түсті. АЛТ-440 Ед/л, АСТ 240 Ед/л, жалпы билирубин - 65.0 ммоль/л, тікелей - 48.0 ммоль/л.

Қай лабораторлы көрсеткіш алғашқы диагноздың дұрыстығын дәлелдейді?

C) Anti - HAV IgM

 

ҚР ДСМ-ң №92 бұйрығы бойынша (12 ақпан 2012 жылығы) вирусқа қарсы терапия үрдістің белсенділігіне және вирусты жүктемесіне байланыссыз қай аурумен ауырған науқастарға міндетті түрде тағайындалады:

C) Созылмалы вирусты гепатит С

 

65- жастағы әйел адам стационарға түсті. 2 күн бойы дене қызуы 39,50С дейін көтерілген, басы аурған, әлсіздік, сол жақ балтырындағы қызару, ісіну, ауру сезімі мазалаған. Анамнезінде артериалды гипертония, қант диабеті. Жағдайы интоксикация салдарынан ауыр, дене қызуы 40,00С, пульсі 130 рет бір мин., АҚҚ 90/50 мм. сб., кешегі кештен бері кіші дәреті болмаған, сол жақ балтырында айқын шекарасы бар «оттың жалындары тәрізді» терісінің айқын гиперемияланған эритемасы, тері астылық шел қабатының ісінуі байқалады, ауыратын перефериялық валигі анықталады, ұстағанда ыстық

Науқасқа бірінші кезекте не тағайындау керек?

B) Преднизолон

 

36 жастағы әйел Оңтүстік Қазақстан обылысының тұрғыны стационарға жатқызылды. 8 күн бойы жоғары қызба, басының ауруы, әлсіздік, ұйықысыздық байқалған..Жағдайы ауыр, дене қызуы 39,00С, науқас тежелген, сұрақтарға бір бағытта жауап береді, сөйлегісі келмейді. Терісі бозарған, ішінің жоғарғы бөлігінде біркелкі элементік розеолезді-папулезді бөртпе.Тілі құрғақтау, бетін коңырқай-сұр жабынды жапқан, шеттерінде тісттердің ізі бар. Іші жұмсақ, оң жақ мықын аймағында азадаған ауру сезімі анықталады, перкуторлық дыбысы осы жерде тұйықталған, бауыры +1,0 см, эластикалы. Қандай дәріні тағайындаған ең тиімді?

A) Левомицетин

 

42 жастағы ер адамды Маңғыстау облыстық ауруханасының қабылдау бөлімшесіне алып келген. Шағымдары: дене қызуының 39-40С дейін көтерілуі, қалтырау, денесінің сырқырауы, басының қатты ауруы, кеуде қуысының оң жақ тұсындағы ауру сезімі, құрғақ жөтел. Кеше кешке ауырған. 3 күн бұрын ауру түйені бауыздауға қатысқанда қолын кесіп алған. Науқастың жағдайы айқын интоксикация белгілері салдарынан ауыр. ТЖ –минутына 30 рет. Пульсі – минутына 140 рет, АҚҚ-80/50 мм/сағ. Кеуде қуысының оң жағында құрғақ сырылдар естіледі. Рентгенограммада – оң жақта инфильтраттар анықталады. Гемограммада: лейкоциттері – 24х109/л, таяқша ядролы нейтрофилдер-14%, сегментті ядролы нейтрофилдер – 82%, лимфоциттер – 2%, моноциттер -2%. Күні бойы кіші дәретке бармаған. Қандай емдік шараны бірінші кезекте көрсетеді?

E) Көк тамырға тұзды ерітіндерді еңгізу

 

45 жастағы ер адам аудандық аурухананың қабылдау бөлімшесіне оң қолының ортаңғы саусағында жараның пайда болуына шағымданып келген. Кәуап пісіруші болып жұмыс істейді. 5 күн бұрын дене қызуы жоғарлаған. Ауырғанына 4 күн болғанда саусағындағы жараны байқап қалады, бір апта бұрын ет өңдегенде қолын кесіп алғанын есіне түсірді. Жарасы ауырмайды, бірақ қолы шынтағына дейін ісінген. Жағдайы орташа дәрежелі. Оң қолының ортаңғы саусағында бөліндісі бар жара байқалады, айналасында гиперемия сақинасы мен ісіну бар. Оң жақтық қолтық лимфадениті. Лейкоциттер – 20х109/л, таяқша ядролы нейтрофильдері-4%, сегмент ядролы нейтрофилдері – 88%, лимфоциттер – 6%, моноциттер -2%. Қандай диагноз ең ықтимал болады?

E) Түйнеме, терілік түрі

 

16 жастағы бозбала дене қызуының 39-40С дейін көтерілуіне, қалтырауға, денесінің сырқырауына, басының қатты ауруына, сол жақ шап аймағындағы айқын ауру сезіміне шағымданады. Жайлаудағы мал шаруашылығында шопан болып жұмыс істейді, кейде далада түнеуге тура келеді. 2 күн бұрын жедел ауырған. Жағдайы айқын улану белгілерінің салдарынан ауыр. Аяғында жәндектердің шаққан іздері мен қасыған орындары көрінеді. Сол жақ шап аймағындағы лимфа түйіндері 4х3 см дейін ұлғайған, тығыз, қатты ауырады, периаденит анықталып, үстіндегі терісі қызарған. Лейк. – 20х109/л, таяқша ядролы нейтроф. -4%, сегментядролы нейтроф. – 88%, лимф. – 6%, мон. -2%.

Қандай емдік шараны бірінші ретте көрсету керек?

B) Антибиотиктерді көк тамырға еңгізу

 

29 жастағы ер адам бастың қатты ауруына, қайталамалы құсуға шағымданып ауруханаға түсті. 7 күн бұрын ауырған, құлақ маңы сілекей бездерінің ісінуі пайда болған. Жанұялық дәрігер төсектік тәртіп, патогенетикалық ем тағайындап кетеді. Барлық күндері жоғары қызба мазалаған. Кеше қатты басы ауырып, жеңілдік әкелмейтін құсу пайда болды. 6 ай бұрын басының жарақаттануы болған. Жағдайы ауыр дәрежеде, дене қызуы 39ºС. Пальпация кезінде сілекей бездері аздап ұлғайған, бірақ ауырмайды. Лейкоциттер саны - 5.4 х 109/л, ЭТЖ 4 мм/сағ. Қандай зерттеуді бірінші ретті жүргізу қажет?

A) Неврологиялық бөлімшіге жодама беру

 

22 жастағы жүкті әйел жүктілікті үзу туралы сұрақты шешу үшін кеңеске мынандай зерттеу нәтижелерімен жіберілді: лейк. – 4,8 х109/л, таяқша ядролы нейтроф. – 1%, сегментядролы нейтроф. – 58%, лимф. – 26%, мон. -2%, ЭТЖ - 30 мм/ч. Кіші жамбас органдарының УДЗ – 9-10 апталық жатырлық жүктілік, ИФА қызамық вирусының Ag қарсы IgG классы Ab «оң» анықталды. Шағымы жоқ. Анамнезінде балалық шағында бөртпемен өтетің жұқпалы аурумен ауырған. Қарап тексергенде: t- 36,40С, ауыз – жұтқыншақта шырышты қабаты қалыпты түстес, энантема жоқ. Тері қабаты таза, бөртпелері жоқ. Лимфа түйіндері ұлғаймаған. Жатыр қозбаған. Жыныс жолдарынан бөліністер жоқ.

Сіздің жүкті әйелге беретін нұсқауыңыз?

E) Жүктілікті сақтауға нұсқау беру

 

40- жастағы әйел ес түссіз жағдайда стационарға түсті. Жақындарының айтуы бойынша, 3 күннен бері ауырады: әлсіздік, дене қызуының көтерлуі, бас ауру, аяқтағы әлсіздік мазалаған. Бүгін есі тежелген. Қарап тексергенде: есі сопор, шүйде бұлшық еттінің ригидтілігі +4 см, Керниг симптомы екі жақтан оң, ернінде инфильтрацияланған негізде топтасқан іріңді везикулалар байқалады. Жұлыннан алынған сұйықтықта цитоз 140 жасуша мл3, лимфоциттер 80%, нейтрофилдер 20%. Ауырғанынан бірнеше күн бұрын күйзеліс жағдайы болған.

Қандай этиотропты дәріні тағайындаған дұрыс?

C) Ацикловир

 

Әйел адам 30 жаста мал дәрігері, басының үнемі ауыруына, мойын омыртқаларының, оң жақ тізе буынындағы ауру сезіміне, тершеңдікке, қызбаға шағымданады. Бірақ дене қызуы 37,5оС аспайтынын байқады. Ұзақ уақыт неврологта «Остеохондроз» диагнозымен емделген, бірақ емінің нәтижесі болмаған. Кеше беттің асимметриясы пайда болған. Жылағыш. Менингеалді белгілері «+-», сол жақ тізе буыны ісінген, қозғалысы шектелген. Гемограммада: лейкоциттер - 4,8 х 10 9/л, эоэ. – 1%, с/я – 52%, лимф – 40%, моноц. – 7%, ЭТЖ – 20 мм/сағ. Райт реакциясы 1:100. Қандай зерттеуді бірінші ретті жүргізу қажет?

С) Жұлын пункциясы

 

Ер адам 25 жаста, стационарға ауруының 3 күні түскен. Жедел ауырған: дене қызуы 39о C дейін көтеріліп, бастың самай аймағының ауруы және көз алмасының, тамақтың ауруы, мұрынның бітелуі, дененің қақсауы, сүйектегі және буындағы ауру сезімі мазалайды. Қараған кезде: беттің ісінуі және қызаруы, склераның қан тамырларының инъекциясы, құрғақ жөтел, ентігу байқалады. Өкпенің төменгі бөлігінде әлсіз тыныс, құрғақ сырылдар естіледі. ЖСЖ-92\мин., ТЖ-30 мин., АҚҚ-100/60 мм.с.б. Гемограммада: лейкоциттер- 3,5х 109, HB -120 г/л, эритр-3,38, тром-225, т/я-6%,с/я-56%, мон-8%, лимф-30%, ЭТЖ-15 мм/с. Науқаста қандай асқыну дамыған?

C) Вирусты пневмония

 

Ер кісі, 44 жаста терапевтке ауызындағы құрғақтыққа, көзінің нашар көруіне, заттардың екеу болып көрінуіне, тыныс алуының қиындауына шағымданып келді. Кеше қонақта майонез қосылған салат, етті тағамдар, маринадталған саңырауқұлақ жеген, спиртті ішімдіктер ішкен. Түскен кезде есі анық, екі қабақтың птозы, мидриаз, қылилық анықталады. Дауысы мыңғырлаған. Дене температурасы 37,0С. Жүрек тондары бәсеңдеген. Пульсі-118 соқ/мин, АҚҚ 100/70 мм с.б., Өкпесінде: төменгі аймақта тынысы әлсіреген. Іші аздап кепкен, ішек перистальтикасы естілмейді. Қандай шараны бірінші кезекте орындау керек?

В) Асқазанды зондпен жуу

 

Ер адам 35 жаста участкелік дәрігерге мынандай шағымдармен келді: дене қызуының 37,0-37,8°С дейін көтерілуіне, әсіресе кешкі уақыттарда, терлегіштік, әлсіздік, қақырықпен жөтел, соңғы бірнеше ай бойы күшейуіне. Бір жыл бұрын бас бостандығынан айырылу жерінен оралған. Құрылыста әр түрлі жұмыс істейді. Рентгенологиялық зерттеу кезінде өкпенің сол жақ бөлігінде ыдырай бастаған ошақты инфильтраттар анықталды. Қанды АИВ-ке қарсы антиденелерге зерттеу кезінде оң нәтиже анықталған. Осы науқасқа қатысты қай шара бірінші кезекте орындалуы тиіс?

E) Қанды ИФА да АИВ-инфекциясына қайта тексеру

 

Әйел адам 28 жаста, жұқпалы аурулар бөлімшесіне мынандай шағымдармен түсті: айқын әлсіздікке, тәбеттің жоқ болуына, үнемі жүрегінің айнуына. 10 күннен бері ауырады, 2 күн бұрын сарғаю пайда болған, әлсіздік күшейген, құсу болған, терінің айқын қышуы қосылған әсерінен ұықысы бұзылған. 2 ай бұрын босанған, қан кетуіне байланысты қан препараттары құйылған. Қараған кезде: әлсіз, айқын сарғыштық, теріде қасыну іздері байқалады. Бауыры 2,5 см ұлғайған. Үлкен дәреті түссіз. Зәрі қоңыр түсті. Қандай клиникалық көрініс осы аурудың ауырлық дәрежесін көрсетеді?

E) Улану белгілері

 

35 жастағы ер адам, басының қатты ауыруына, дене қызуының көтерілуіне, ұйқысының бұзылуына, тәбітінің жоғалуына шағымданады. Анамнезінде: бір апта бұрын ауырған, температурасы субфебрильді, әлсіздік, басының ауруының үдеуі мазалайды. Кеше кешке дене температурасы 39,0º-40,0ºС дейін көтерілген, 3 рет іші өткен. Қарап тексергенде: адинамиялы, енжар. Тері жабындылары бозғылт, іш аймағында - бірең-сараң ашық қызыл түсті бөртпе элементтері анықталады. Бауыры 1,5 см ұлғайған. Жүрек тондары әлсіз, ЖСЖ – 78 соғ./мин. АҚҚ 110/70 мм с.б. Тілі құрғақ, қоңырқай-сұр жабындымен жабылған, шеттері мен ұшы жабындыдан таза. Іші кепкен. Қандай диагноз ең ықтимал болады?

B) Іш сүзегі

 

Ер адам, 20 жаста, жедел ауырған: температурасы 40°С дейін жоғарылап, басы ауырған, көп рет құсқан, айқын әлсіздік пен денесінің қақсап ауыруы мазалаған. Ауруының 1-ші күні-ақ табанында, балтырында, санында көптеген геморрагиялық бөртпелер пайда болған. Қарағанда: жағдайы ауыр. АҚҚ: 100/60 мм сын.бағ., пульсі минутына 100 рет. Гемограммада: лейк. – 28х109/л., миелоцит – 7 %, т/я-16%, с/я-46%, мон.-8%, лимф.-23%, тромб. – 225х109, ЭТЖ - 30 мм/сағ. Кезекші дәрігер науқасқа төмендегідей ем тағайындады, емді қабылдағаннан кейін науқастың жағдайы бірден нашарлады; бет бозғыл болып, салқын тер пайда болып, АҚ -60/40 мм с.б. төмендеп, пульс сезімейді. Дәрігердің қандай тағайындаған емінен науқастың жағдайы нашарлады?

B) Пенициллин 24 млн/тәулігіне бұлшық етке

 

Бронх демікпесінің ұстамасы және демікпелік статустың бірінші сатысы арасында ажыратпа диагноз жүргізгенде неғұрлым маңызды белгі:

E) бета 2-агонистерге рефрактерлік

 

Бронхоэктаз ауруымен ауыратын науқас қатты жөтелгеннен кейін кенеттен кеуде клеткасының оң жағында ауырсыну және ентігу пайда болды. Қарағанда: оң жақ кеуде клеткасы тыныс алуда қалыңқы және қабырға аралықтары томпайған; перкуссияда - тимпанит. Неғұрлым мүмкін асқыну:

B) Пневмоторакс

 

48 жастағы науқасты мөлшері тәулігіне 50 мл дейінгі шырышты іріңді қақырықпен жөтел, дене қызуының 38°С дейін көтерілуі, ентігу мазалайды. Алғаш рет 6-7 жыл бұрын ауырған, аурудың өршуі соңғы 2 жылда жылына 3-4 ретке дейін жиілеген. Өкпесінде әлсіз тыныс, барлық алаңында құрғақ және әртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі. Неғұрлым мүмкін диагноз:

E) Созылмалы іріңді бронхит

 

Аурудың жіті ағымы, ылғалды сырылдар, рентгенограммада өкпенің ортаңғы-төменгі бөліктерінде орташа интенсивті инфильтрациялық көлеңкелер, тез оң нәтижелі динамика неғұрлым тән:

A) Саркоидозға

 

Әйел адам, 25 жаста, жүктіліктің 8-10 аптасы, қиын бөлінетін шырышты-іріңді қақырықпен жөтелге, дене қызуының 37° дейін көтерілуіне шағымданады. Суық тигеннен кейін жедел түрде ауырған. Сол жақ жауырын аралығында құрғақ сырылдар естіледі. Жалпы қан анализі өзгеріссіз. Неғұрлым тиімді емдеу тактикасы:

C) Лазолван, теплое питье

 

Науқас 53 жаста, жоғарғы бөліктің пневмониясы диагнозы қойылған. Қақырықта алтынды стафилококк анықталған. 2 апта өткенде науқастың қызуы көтеріліп, мөлшері 100 мл дейінгі жағымсыз иісті қақырық шыға бастаған. Рентгенде оң жақ өкпенің барлық жоғарғы бөлігін қамтыған деструкциялық үдеріс анықталған. Оң жақ өкпенің зақымданған бөлігінің резекциясы жасалынған. Опреациядан кейінгі кезеңде неғұрлым тиімді препарат:

D) Левофлоксацин

 

Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруымен ауыратын 65 жастағы науқас ентігудің, жөтелдің күшейе түсуіне, жасыл-сары түсті қақырық көлемінің көбеюіне, субфебрильді температураға шағымданады. Объективті: ТЖ – минутына 28 рет, ЖСЖ – минутына 92 рет. Аускультацияда: қатаң тыныс, құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Неғұрлым тиімді тағайындау:

B) Кларитромицин per os

 

М. атты, 48 жастағы науқас тәулігіне 5-6 ретке дейін мазалайтын тұншығу қстамаларына, шырышты көбікті қақырықпен жөтелге шағымданады, тұншығу ұстамасы түн сайын мазалайды. Қарғанда: ТАЖ – минутына 26 рет. Тыныс шығарудың пиктік жылдамдығы - 55%. Неғұрлым мүмкін диагноз:

A) Бронх демікпесі, ауыр дәрежесі, өршуі, ТЖ II

 

К. атты, 45 жастағы науқас, тыныс шығарудың қиындауымен айқын ентігуге, жүрек қағуына, әлсіздікке шағымданады. Объективті: ТАЖ минутына 25 рет, ЖСЖ минутына 95 рет, АҚҚ 100/70 мм с.б.б., өкпе аускультациясында – өкпенің барлық алаңында әлсіз тыныс, жайылған ысқырықты сырылдар, тыныс шығарудың пиктік жылдамдығы – қалыпты деңгейден 50%. Неғұрлым мүмкін диагноз:

B) Бронх демікпесі, орташа ауырлық дәрежесі, өршуі, ТЖ II

 

38 жастағы науқасты тұншығу ұстамасы, экспираторлық ентігу ұзақ уақыт бойы мазалайды. Тұншығу ұстамаларын беротекпен емдейді, 2 жыл бойы тәулігіне 10 мг преднизолон қабылдайды. Тыныс шығарудың пиктік жылдамдығы - 65%. Осы науқас үшін неғұрлым тиімді базисті терапия:

C) Будесонид

 

Науқас 42 жаста, бронх демікспесімен ауырады, аптасына бірнеше рет мазалайтын тұншығу ұстамаларына шағымданады. Дипроспан инъекциясынан кейін бір айға жуық уақыт бойы тұншығу ұстамалары болмаған. Дәрігерге қаралар алдында жөтел және беротекпен басылмаған ентігу пайда болған. Түнде жағдайы нашарлаған. Қарағанда: науқас мәжбүрлік қалыпта, ентігу айқын, дистанциялық сырылдар естіледі. Неғұрлым тиімді емдеу тактикасы:

E) метилпреднизолон 120 мг, фенотерол к\т, оттегі

 

Артериялық гипертензия, көлемді протеинурия, шумақты фильтрацияның төмендеуі неғұрлым тән:

C) Гломерулонефритке

 

27 жастағы науқас жүрек қағу ұстамаларына және төс артындағы қысу сезіміне, естен тану кезеңдеріне шағымданумен кардиология бөлімшесіне жатқызылды. Объективті: дене бітімі астениялық, жүрек тондары аздап тұйықталған, ырғақты. ЖСЖ – минутына 88 рет. АҚҚ – 90/60 мм с.б.б. ЭКГ- ST V2-V3 сегментінің элевациясы. Тропонин Т өзгермеген. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі зерттеу әдісі:

E) ЭКГ тәуліктік мониторлау

Науқас 45 жаста қалтыраумен фебрильді қызбаға; жөтелге, қан түкіруге; буындардағы және бел аймағындағы ауырсынуға шағымданады. Анамнезінде - фурункулез. Қарағанда: терісі «сүт қосылған кофе» түсті, аяқтарында – петехиялы бөртпелер; «барабан таяқшалары» және «сағат шынысы». Симптомдары анықталады. Тексергенде: эритроциттер - 2,9 мың, Нв – 92 г/л, лейкоциттер – 22 мың, ЭТЖ – 46 мм/сағ, диспротеинемия, протеинурия. Рентгенограммада – оң жақ өкпеде сына тәрізді көлеңке. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі зерттеу әдісі:


Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 133 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.024 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>